Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет85/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар  –  рухани  жаңғыру»  мақаласы 
12.04.2017. 
2. Гершунский Б.Г. Философия образования ХХI века. М., 2008ж.  
3. Күнқожаев Н. Адамтану. Алматы, 2002ж, 190 б. 
4. https: // egemen.kz 2017. 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 
 
Алибекова Жанар Мырзахановна 
«Шолпан» бөбекжай балабақшасы МКҚК меңгерушісі 
Ордабасы ауданы, Түркістан  облысы 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында  аталмыш  жанғырудың  негізгі  қызметі  мен  ерекшеліктеріне  ой 
жүгіртіп,  бұл  жаңғырудын  маңыздылығына  тоқталды:  Жаңғыру  атаулы 
бұрынғыдай  тарихи  тәжірбие  мен  ұлттық  дәстүрлерге  шекеден  қарамауға 
тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық  дәстүрлерді  табысты 
жаңғырудын маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру 
елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адаса бастайды. Сонымен 
бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі  полюстерін  қиыннан 
қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды»  [1,7бет].  Саяси 
экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы  нәтижелерге 
қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани  қазына, 
жастарды  тәрбиелеу,  олардың  бойына  патриоттық  рухты  сіңіре  білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  мағыз  беруі  -  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерілеуін 
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Өйткені рухани байлықтың 
кемел  болғаны  бұл  жеке  азаматтарымыз  үшін  де,  әрбір  жеке  тұлғадан 
құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үрдіс. Ұлт болашағының 
тарихи  маңызға  ие  болатын  бағдарламасын  жасап,  бағытын  айқындап  өте 
орынды  қорғады.  Қазақстан  дүниежүзінде  дамушы  ел  ретінде  танылып, 
біртұтас  ұлт  болу  үшін  болашаққа  қарай  қадам  басуымыз  керектігін  өте 
орынды  айтты  деп  ойлаймын.  Бүгініміз  бен  болашағымыз  жарқын,  білімді, 
көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің 
салтанат құруы жайлы да тереңнен сөз толғады. Тәуелсіз еліміздің көк туын 
желбіретер ертеңгі азамат, ол бүгінгі бүлдіршіндер. 


173 
 
Бала  білім  мен  тәрбиенің  негізін  балабақшадан  алады,  сондықтан 
жүргізілетін  жұмыс  жоспарымыз  мемлекеттік  стандартқа  сай  дұрыс  болса, 
Қазақстанның болашағына сенімді боламыз. Мектеп жасына дейінгі балалар 
түсінгенін,  қабылдағанын,  естігенін,  көргенін  ой-қимылын  тіл  арқылы 
жеткізеді.  Сондықтан  баланың  өз  ана  тілінде  дамуы,  сөйлеуі,  ойлауы  басты 
мәселе. Адам ағзасының тіршілік ету үшін ауа мен тамақ қаншалықты қажет 
болса,  санасының  жетілуіне  өз  ана  тілі  мен  тарихы  соншалықты  қажет.  Әр 
ұлттың тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекеттің өркендеуі үшін де ана тілі қажет 
екені белгілі. 
      Ұлттық  тарихымыздың  рухани  жаңғыруы  туралы  еліміздің  әрбір 
азаматы  санасын  жаңғыртып  отырса,  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтарды 
қабылдап,  бірнеше  тілді  меңгеріп  отырсақ,  біз  ешнәрседен  ұмытылмайтын 
ұрпақ тәрбиелеп шығаратын едік. Қазіргі таңда өзім басқарып отырған 70-тен 
астам бүлдіршіні бар  «Шолпан»  балабақшасының болашағы жарқын. Алар 
асуы  алда.  Рухани  жаңғыру    аясында  жылдық  жоспар  түзіліп,  сол  жоспар 
бойынша әр түрлі іс-шаралар, ертеңгіліктер мен ашық ұйымдастырылған оқу 
іс-әрекеттері,  семинар  кеңестер  жүйелі  түрде  ұйымдастырылып  тұрады. 
Сапалы білім мен өнегелі тәрбиені әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіру мекеме 
қызметкерлерінің  басты  мақсаты.  Бүгінге  нақты  бағдарлама  жасай  отырып, 
болашаққа  ұмтылу,  жетістікке  жету  жолында  қызмет  етіп  келе  жатқан 
балабақша  қызметкерлерінің  жаңа  педогогикалық  технологияны  меңгеруге 
деген талпыныстары нәтижесінде зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік және 
басқа  да  қабілеттерінің  қалыптасуы  нәтижесінде  оқу-тәрбие  үрдісі  алға 
жылжиды.  Тәрбиешінің  иновациялық  іс-әрекетін  қалыптастыру  –  нақты 
міндет. Жаңа педогогикалық әдіс-тәсілді меңгерген әрбір тәрбиеші баланың 
жан-жақты  дамуына  игі  әсер  етеді.  Бәсекеге  қабілетті  маман  қалыптастыру 
балабақшадан  басталатынын  ескерсек,  балабақша  үшін  келер  күннің 
игілігіндегі атқаратын жұмыстары көп екендігінде дау жоқ.  
Сондай-ақ,  Елбасымыз  өзінің  2012  жылғы  14  желтоқсандағы 
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік 
тідің  позициясын  нығайту  үшін  көп  жұмыс  атқарып  келеді.  Қазақ  тілін 
кеңінен қолдану жөніндегі кешенді  шараларды жүзеге асыруды жалғастыру 
2025  жылға  дейін  әліпбиімізді  латын  қарпіне,  латын  әліпбиіне  көшіруге 
кірісуіміз  керек.  Бұл  –  ұлт  болып  шешуге  тиіс  принципті  мәселе.  Бір  кезде 
тарих  бедерінде  біз  мұндай  қадамды  жасағанбыз.  Менің  ойымша 
Елбасымыздың 
бұл 
Жолдауы, 
еліміздің 
ертеңі, 
ұлт 
болашағы  
бүлдіршіндерімізге  балабақша  жасынан  санасына  сіңіру  деп  қабылдап, 
балабақшада  бүлдіршіндер  арасында  «Өзге  тілдің  бәрін  біл,  өз  тілімізді 
құрметте»  деген  қағидасын  ұстанып  түрлі  іс-шаралар  өткізілуде.  Ұлттық 
мәдениетіміз  деп  болашақ  ұрпақ  бүлдіршіндеріміз  тәртіпке  бағынған  құл 
болмас  дегендей  мәдениетке  тіл  мен  білімді  сауатты  болса,  біз 
Елбасымыздың  қадап  айтқан  қатаң  қағидаларын  қолданып  отырсақ,  рухани 
жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас еді деп ойлаймын. Қазір бәсекелестік 


174 
 
рухани  жаңғыру  үшін  маңызы  зор,  мына  бәсекелестік  заманда  қазір 
балабақшамызда  заман  талабына  сай  оқу  тәрбие  жұмыстарын  атқарып 
келеміз.  Біздің  әрқайысымыздың  басты  тілегіміз    бүлдіршіндеріміздің 
бақытты  балалық  шағы,  лайықты  білім  алуы  және  сүйікті  Отанымыздың 
толыққанды  азаматына  айналуы.  Тек  қана,  білімді  және  тәрбиелі  ұрпақ 
Қазақстан  халқының  мақтанышы  болмақ.  Үш  тілде  білім  алып,  білімге 
сенген  заманда  қапы  қалып  жүрмелік  деп  Абылай  хан  айтқандай  тек  қана 
бүлдіршіндерімізді алға деп тәрбиелейік! 
                                     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет