Рабочая учебная программа страница из 28 Редакция 1



бет10/15
Дата22.09.2023
өлшемі2.23 Mb.
#478294
түріРабочая учебная программа
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Рп Инфекция Е.Руслан 1 курс

Ботулизм [1] - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге болып, уланған консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет

1
1

4.6.

Модуль 4.11. Тырысқақ.
Модуль 4.12. Тырысқақ кезіндегі мейірбикелік процесс.

Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады.
Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.



1
1

4.7.

Модуль 4.13. Эшерихиоз.
Модуль 4.14.Эшерихиоз кезіндегі мейірбикелік процесс

Эшерихиялар –E.coli-Enterobacteriocae тұқымдасқа кіреді. Ұсақ жіпшелері бар, грамм теріс таяқшалар Vestael
Қазіргі күнде E.coli құрамындағы О-антигеннің 170 түрі зерттелінген, соның ішінде 80-нен аса адамға патогенды штаммдардан Эшерихийлардың жіктелуі О-антигенмен патогендік әсері жүргізіледі:

  • энтеротоксигенді (ЭТІТ) – 17 серотоп -06,08, 015, 020, 027 т.б.)

  • энтероинвазивті (ЭИІТ)-028, 032, 0124, 0136, 0144 т.б.)

  • энтеропатогенді (ЭПІТ) І топ-0,55, 0111, 0125, 0142 т.б.)

ІІ топ- 044, 0112, 0114 т.б.)

  • энтерогеморрагиялық (ЭГІТ) 0157; н7 т.б.

  • антигенді құрамы күрделі

  • соматикалық О-антиген

  • беткейлі соматикалық К-антиген




1
1

4.8.

Модуль 4.15. Амебиаз.
Модуль 4.16. Амебиаз кезіндегі Мейірбике ісі

Инфекция көздері:-жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар - транзиторлы бактерия тасымалдаушы Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.
Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.
Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.



1
1

4.9.

Модуль 4.17. Йерсиниоз.
Модуль 4.18. Иерсиниоздағы мейірбикелік процесс.

Негізгі факторлар: инфекциялық, токсикалық, аллергиялық, иммунопатологиялық Ену жолдары-ішек және ауыз қуысының шырышты қабаты (тоқ ішектің бастапқы бөлігімен, мықын ішектің дистальді бөлімі). Патогенез фазалары: қоздырғыштың енуі және біріншілік зақымдалу (энтеральды), аймақтық ошақтарда көрінуі және жалпы реакция (регионарлы), генерализация, гематогенді диссеминация, 2-лік көп ошақты, реактивті аллергиялық және иммунопатологиялық өзгерістер.

1
1

4.10.

Модуль 4.19. А, Е вирустық гепатиттері
Модуль 4.20. А, Е гепатиттері кезіндегі мейірбикелік процесс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет