«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері Жалпы ережелер Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



бет1/27
Дата09.06.2016
өлшемі3.86 Mb.
#125222
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген

«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

гигиеналық нормативтері


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанының, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ қызметі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге байланысты жергілікті билік органдарының әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған.

  2. Жеке және заңды тұлғалар «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылуына жауапты болады.

  3. Нормативтер жасанды немесе табиғаттан шыққан иондаушы сәулеленудің адамға әсер етуінің барлық жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады және иондаушы сәулеленудің рұқсат етілген әсер ету деңгейіндегі негізгі дозалар шегіндегі және адамның сәулеленуін шектеу бойынша басқа да талаптар нысанында «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын регламенттейтін негізгі құжат болып табылады. Ешқандай басқа нормативтік және әдістемелік құжаттар гигиеналық нормативтердің талаптарына қайшы келмеу тиіс.

  4. Нормативтер адамға әсер ететін иондаушы сәулеленудің мынадай түрлеріне:

1) сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайында;

2) радиациялық апаттың нәтижесінде;

3) сәулеленудің табиғи көздерінде;

4) медициналық сәулелену кезінде қолданылады.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары сәулеленудің әрбір түріне қалыптастырылған. Сәулеленудің барлық түрінің жиынтық дозасы радиациялық жағдайды және күтілетін медициналық зардаптарды бағалау, сондай-ақ қорғаныс іс-шаралары мен олардың тиімділігін бағалау үшін қолданылады.


  1. Нормативтердің талаптары сәулелену көздерімен жұмыс істеудің кез келген жағдайында:

1) 10 микрозиверттен (бұдан әрі – мкЗв) аспайтын тиімді жеке жылдық дозада;

2) терідегі 50 миллизиверттен (бұдан әрі – мЗв) аспайтын және көзбұршақтағы 15 мЗв-тен аспайтын эквиваленттік жеке жылдық дозада;

3) 1 адам-зиверттен (бұдан әрі – ад-Зв) аспайтын тиімді ұжымдық жылдық дозада немесе 1 ад-Зв-тен асатын ұжымдық доза кезінде оңтайландыру қағидаты бойынша бағалау ұжымдық дозаны азайтудың орынсыздығын көрсеткенде туындайтын сәулелену көздеріне қолданылмайды.

Нормативтердің талаптары жердің үстіңгі бетіндегі ғарыштық сәулеленуге және іс-жүзінде әсер ету мүмкіндігі жоқ табиғи калийден туындаған адамның ішкі сәулеленуіне қолданылмайды.

Сәулелену көздерін радиациялық бақылаудан босату тізбесі мен тәртібі санитариялық қағидалармен белгіленеді.


  1. Оңтайландыру қағидатын іске асыру кезінде радиациялық қорғауға арналған шығыстарды негіздеу үшін 1 ад-Зв ұжымдық тиімді дозадағы сәулелену халық өмірінің жылының шамамен 1 ад-Зв шығынына тең әлеуетті шығынға әкеп соғады деп қабылданады. Өмір жылының 1 ад-Зв шығынының ақшалай эквивалентінің шамасы ұлттық табыстың кемінде 1 жылдық бір адамға шаққандағы мөлшерінде белгіленеді.

  2. Стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық өмірлік тәуекелі тиісінше былай анықталады:



мұнда r,

R – тиісінше жеке және ұжымдық өмірлік тәуекел;

Е – жеке тиімді доза;

рi(Е)dЕ – i жеке адам үшін жылдық тиімді дозаны Е-ден Е+dЕ-ге дейiн алу ықтималдығы;

rE – бiр стохастикалық әсерге толыққанды өмір кезеңінің ұзақтығын орташа 15 жылға қысқартудың өмірлік тәуекел коэффициенті (өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктен, маңызды тұқым қуалайтын әсерлерден және өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктiң салдарларына зияны бойынша алып келетін өлімге әкеліп соқтырмайтын қатерлі ісіктен), мынаған тең:



өндірістік сәулелену үшін:

жылына Е<200 миллизиверт (бұдан әрі – мЗв/жыл) болғанда rE = 5,6 x 10-2 1/ад-Зв;

Е3200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,1 x 10-2 1/ад-Зв;



халықтың сәулеленуі үшін:

Е<200 мЗв/жыл болғанда rE = 7,3 x 10-2 1/ад-Зв;

Е3200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,5 x 10-1 1/ад-Зв.






  1. Жыл бойы сәулелену кезінде радиациялық қауiпсiздiк мақсаттары үшін детерминделген әсерлерден ауыр салдарлардың пайда болуы нәтижесінде толыққанды өмір кезеңі ұзақтығының жеке қысқару тәуекелі консервативті түрде мынаған тең:



мұнда Pi [D>Д] – i жеке адам үшін көзбен бір жыл бойы жұмыс істеген кезде Д-дан асатын дозамен сәулелену ықтималдығы;

Д - детерминирленген әсер үшін ең төменгі шекті доза.



  1. Аз дозаларда сәулелену нәтижесінде денсаулыққа тиетін зиянды барынша толық бағалау үшін иондаушы сәулеленуге радио сезімталдықпен ерекшеленетін жекелеген ағзалар мен дене тіндерінің, сондай-ақ барлық организмнің толығымен сәулелену әсерлерін мөлшермен ескеретін радиациялық шығын түсінігі пайдаланылады. Әлемде жалпы қабылданған стохастикалық әсер тәуекелінің дозаға тәуелділігінің сызықтық ең төменгі шегі жоқ теориясына сәйкес тәуекел шамасы сәулелену дозасына пропорционал және 1-кестеде келтірілген дозамен радиациялық тәуекелдің сызықтық коэффициенттері арқылы байланысады.


Радиациялық тәуекелдің сызықтық коэффициенттері
1-кесте


Халықтың сәулеленетін тобы

Қатерлі ісіктер тәуекелі коэффициенті,

×10-2 Зв-1



Тұқым қуалаушылық әсерлер тәуекелі коэффициенті, ×10-2 Зв-1

Жиынтығы,

×10-2 Зв-1



Барлық тұрғындар

5,5

0,2

5,7

Ересектер

4,1

0,1

4,2

Персонал мен халық дозаларының шегін белгілеу үшін қолданылатын тәуекел коэффициентінің орташа есеппен алынған шамасы 0,05 Зв-1- ке тең қабылданған.

Ядролық радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды қалыпты пайдалану жағдайларында техногенді сәулелену дозаларының шектері жыл бойы жеке өмірлік тәуекелдің мынадай мәніне қарай персонал үшін 1,0×10-3; халық үшін 5,0×10-5 белгіленеді. Елеусіз аз тәуекел деңгейі 10-6 құрайды.

Әлеуетті сәулелену көздерінен қорғануды негіздеу үшін жыл бойы мынадай жинақталған тәуекел мәндері қабылданады (сәулеленуге әкелетін оқиға ықтималдығының сәулеленумен байланысты өлім ықтималдығына көбейту): персонал 2,0×10-4 , жыл-1; халық 1,0×10-5, жыл-1.



2. Бақыланатын жағдайларда техногендік сәулеленуді шектеуге қойылатын нормативтер


  1. Сәулеленуге шалдығатын адамдар санаты үшін (халық, А және Б топтары персоналы) нормативтердің үш сыныбы белгіленеді:

1) дозалардың негізгі шегі (бұдан әрі – ДШ);

2) дозалардың негiзгi шегінен туындайтын монофакторлық әсердің рұқсат етiлетiн деңгейлері (бір радионуклид үшін, түсу жолдары немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі): жылдық түсім шегі (бұдан әрі – ЖТШ), рұқсат етілген орташа жылдық көлемді белсенділік (бұдан әрі – РЕКБ), орташа жылдық меншiктi белсенділік (бұдан әрі – РЕМБ), эквивалентті доза қуаты (бұдан әрі – ЭДҚ);

3) бақыланатын деңгейлер (дозалар, деңгейлері, белсенділігі, ағындар тығыздығы). Олардың мәндері ұйымдардағы қол жеткізілген радиациялық қауiпсiздiк деңгейін ескереді және радиациялық әсер рұқсат етілген деңгейден төмен болатын жағдайларды қамтамасыз етеді.

Персонал-техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін (А тобы) немесе жұмыс жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын адамдар;



Дозалардың негiзгi шектері
2-кесте


Нормаланатын шамалар1)

Дозалар шектері

А2) тобы персоналы

халық

Тиімді доза

кез келген соңғы 5 жыл iшiндегі орташа жылына 20 мЗв, бiрақ жылына 50 мЗв-тан артық емес

кез келген соңғы 5 жыл ішінде орташа жылына 1 мЗв, бiрақ жылына 5 мЗв артық емес

Көзбұршақтағы 3)

терідегі 4)

буындар мен табандағы жыл бойғы эквивалентті доза


20 мЗв

500 мЗв


500 мЗв


15 мЗв

50 мЗв


50 мЗв



1) барлық нормаланатын шамалар бойынша көрсетiлген шектерге дейін бiр уақытта сәулелеуге жол беріледі;

2) дозалардың негiзгi шектері Б тобы персоналы сәулеленуінің қалған рұқсат етілген деңгейлері сияқты А тобы персоналы үшін 1/4 мәнге тең. Бұдан әрі мәтінде «персонал» санаты үшiн нормативтi мәндер тек А тобы үшін ғана келтіріледі;

3) шаршы сантиметрге 300 миллиграм (бұдан әрі – мг/см2) тереңдіктегі дозаға жатады;

4) қалыңдығы 5 мг/см2 тері қабаты астындағы қалыңдығы 5мг/см2 терінің базальды қабатындағы 1 шаршы сантиметр (бұдан әрі – см2)алаң бойынша орташа мәнге жатады. Алақанда тері қабатының қалыңдығы - 40 мг/см2. Егер терінің кез келген 1 см2 алаңының орташа сәулелену шегінде бұл шек жоғарыламайтын болса, көрсетілген шекпен адам денесінің барлық терісін сәулелеуге жол беріледі. Бет терiсi сәулеленген кездегі дозаның шегі бета-бөлшектерден доза шегінің көзбұршаққа жоғарыламауын қамтамасыз етеді.


  1. Дозалардың негiзгi сәулелену шектеріне табиғи және медициналық сәулелену дозалары, сондай-ақ радиациялық апат салдарларының дозалары кірмейді. Сәулеленудің бұл түрлеріне арнайы шектеулер белгіленеді.

  2. Персонал үшін тиімді доза еңбек қызметі кезеңі ішінде (50 жыл) 1000 мЗв-тен, халық үшін өмір бойы (70 жыл) 70 мЗв-тен аспауы тиіс.

  3. Кәсіпорын әкімшілігі жүктілік дерегі туралы ақпарат алған күннен бастап жүктілік және бала емізу кезеңінде жүкті әйелді иондаушы сәулелену көзімен байланысты емес жұмысқа ауыстыруға міндетті.

  4. Иондаушы сәулеленудің техногенді көздерін қалыпты пайдалану есебінен персоналдың жылдық тиімді сәулелену дозасы 2-кестеде белгіленген дозалар шектерінен аспауы тиіс.

Жылдық тиімді доза дегеніміз күнтізбелік жыл ішінде алынған сыртқы сәулеленудің тиімді дозасының және осы жыл ішінде радионуклидтердің организмге түсуі себепші болған ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді дозасының жиынтығы.

  1. Радионуклидтердің тыныс алу ағзалары арқылы жылдық түсуі және тыныс алатын ауадағы олардың орташа жылдық көлемді белсенділігі осы нормативтерге 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген ЖТШ және РЕКБ-ның сандық мәндерінен аспауы тиіс, мұнда доза шектері жылына персонал үшін 20 мЗв, және тұрғындар үшін жылына 1 мЗв тең деп алынған. Стандарттық емес жағдайларда РЕМБ рұқсат етілген деңгейлері, орташа жылдық персонал РЕКБ және радон ЭТКА-сы персоналдың радиациялық қауіпті аймақта болу уақытын есепке ала отырып есептеу жолымен айқындалады. 1 және 2-қосымшаларда келтірілген дозалық коэффициенттер мәндері, сондай ауа үшін персоналдың ЖТШ, халықтың ЖТШ, персоналдың РЕКБ және халықтың РЕКБ (бұдан әрі – ЖТШперс, ЖТШхал, РЕКБперс, РЕКБхал) белсенділігі бойынша аэродинамикалық медиандық диаметр 1 микрометр және 2,5 тең стандартты геометриялық ауытқу болғанда бөлшектер логарифмді қалыпты таралған аэрозолдар үшін есептелген.

  2. А тобы персоналы үшін радон изотоптарының (222Pn - 220Rn)- 218Po(RaA); 214Pb(RaB), 214Bi(RaC), 212Pb (ThB), 212Bi(ThC) еншілес өнімдерінің ЖТШ және РЕКБ мәндері эквивалентті тепе-тең белсенділік (ЖТШ үшін) және эквивалентті тепе-тең көлемді белсенділік (РЕКА үшін) бірліктерде мынаны құрайды:

ЖТШ: 0,10 ПRaA + 0,52 ПRaB + 0,38 ПRaC = 3,0 МБк

0,91ПThB + 0,09ПThC = 0,68 МБк

РЕКБ: 0,10АRaA + 0,52АRaB + 0,38АRaC = 1200 Бк/м3

0,91АThB + 0,09АThC = 270 Бкм/м3


мұнда:

Пi мен Аi – тиісті радон изотоптарының еншілес өнімдерінің тыныс алу аймағындағы жылдық түсуі және орташа жылдық көлемді белсенділігі.



  1. Сәулелену көздерін пайдалана отырып кәсіптік оқытудан өтетін студенттер мен 16 жастан асқан оқушылар үшін жылдық доза Б тобы персоналы үшін белгіленген мәндерден аспауы тиіс.

  2. Апатты жою немесе болдырмау кезінде А тобы персоналының жоспарланатын жоғары сәулеленуіне тек адамдарды құтқару және (немесе) олардың сәулеленуін болдырмау қажеттілігі болған жағдайда ғана жол беріледі. 30 жастан асқан ер адамдар үшін тек ерікті түрде жазбаша келісімімен, сәулеленудің ықтимал дозасы және адам денсаулығына тигізетін қауіп-қатер туралы хабардар болғаннан кейін ғана, жоспарланатын жоғары сәулеленуге жол беріледі.

  3. Жылына 100 мЗв-ге дейін тиімді дозада және осы нормативтерге 2-кестеде келтірілген екі еселік мәндерден аспайтын эквивалентті дозаларда жоспарланатын жоғары сәулеленуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосымен (облыстық деңгейден төмен емес) келісілгеннен кейін жол беріледі жылына 200 мЗв-ке дейін тиімді дозада және эквивалентті дозаның төрт еселік мәндеріне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрiгерiнiң рұқсатымен жол беріледі.

  4. Мыналар үшін:

1) апат нәтижесінде жыл бойы бұрын сәулеленген немесе 200 мЗв тиімді дозасымен немесе дозаның тиісті шектерінен төрт есе асатын эквивалентті дозамен жоспарланған жоғары сәулеленген жұмыскерлер үшін;

2) сәулелену көздерімен жұмыс істеуге медициналық қарсы айғақтары бар адамдар үшін жоғары сәулеленуге жол берілмейді.



  1. Жыл бойы 100 мЗв -тен асатын тиімді дозадағы сәулеленуге ұшыраған адамдар одан арғы жұмысында жыл бойы 20 мЗв-тен асатын дозада сәулеленуге ұшырамауы тиіс.

Жыл бойы 200 мЗв-тен жоғары тиімді дозамен сәулелену әлеуетті қауiптi ретінде қаралуы тиіс. Осындай сәулеленуге ұшыраған адамдар дереу сәулелену аймағынан шығарылады және медициналық тексерілуге жіберіледі. Бұл адамдарға кейіннен сәулелену көздерімен жұмыс істеуге бiлiктi медициналық комиссияның шешiмi бойынша олардың келісімін ескере отырып, жеке тәртіпте рұқсат етіледі.

  1. Радиоактивтік ластанған аумақтарда жүзеге асырылатын апаттық, құтқару және басқа жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын персоналға жатпайтын адамдар А тобы персоналы ретінде ресімделеді және жұмысқа жiберiледі.



3. Өндiрiстік жағдайларда табиғи сәулеленуден қорғауға қойылатын нормативтер


  1. Персоналды қоса алғанда барлық жұмыскерлердің табиғи сәулелену көздерімен сәулеленудің тиімді дозасы өндiрiстік жағдайларда жылына 5 мЗв-тен аспауы тиіс (кез келген кәсіптер мен өндірістер).

  2. Жұмыс ұзақтығы жылына 2000 сағат (бұдан әрі – сағ/жыл), тыныс алудың орташа жылдамдығы сағатына 1,2 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ) және өндірістік шаңдағы уран және торий қатары радионуклидтерінің радиоактивтік тепе-теңдігі болғанда, монофакторлық әсер кезінде жыл бойы 5 мЗв сәйкес келетін жыл бойғы радиациялық факторлардың орташа мәндері мынаны құрайды:

1) жұмыс орнындағы гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты сағатына 2,5 микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв/сағ);

2) тыныс алу аймағы ауасындағы эквивалентті тепе-тең көлемді белсенділік (бұдан әрі – ЭТКБRn) текше метрге 310 беккерель (бұдан әрі – Бк/м3);

3) тыныс алу аймағы ауасындағы ЭТКБ Th – 68 Бк/м3;

4) килограммға 40/f килобеккерель (бұдан әрі – кБк/кг) өз қатарының мүшелерімен бірге радиоактивті тепе-теңдікте болатын уран-238-дiң өндiрiстiк шаңдағы меншiктi белсенділігі, мұнда f – тыныс алу аймағы ауасының орташа жылдық жалпы шаңдануы, мг/м3;

5) өз қатарының мүшелерімен бірге радиоактивті тепе-теңдікте болатын торий-238-дiң өндiрiстiк шаңдағы меншiктi белсенділігі, 27/f, кБк/кг.

Монофакторлық әсер ету кезінде көрсетілген мәндерге әсер ету факторлары қатынасының жиынтығы 1-ден аспауы тиіс.



  1. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар салынатын аумақтағы учаскелерді таңдау кезінде учаскелер 0,6 мкЗв/сағ. емес, ал радон ағымының тығыздығы топырақ бетінен секундына шаршы метріне 250 миллибеккерель (бұдан әрі – мБк/(м2*с) болатын гамма-фонмен бөлінеді.

  2. Ғарыштық сәулеленудің ұшақ экипаждарына әсерлері өндірістік жағдайлардағы табиғи сәулелену ретінде нормаланады және 5 мЗв/жыл аспауы тиіс.



4. Қалыпты жағдайларда халықтың техногендік және табиғи сәулеленуін шектеуге қойылатын нормативтер


  1. Тамақ өнімдеріндегі, ауыз судағы және атмосфералық ауадағы халықтың 1 мЗв/жыл тең техногендік сәулелену дозасының шегіне және осы шек квоталарына сәйкес келетін радионуклидтердің рұқсат етілген мәндері тамақтану рационы мен ауыз су құрамдауыштары бойынша олардың таралуын есепке ала отырып, сондай-ақ радионуклидтердің тыныс алу ағзалары арқылы түсуін және адамдардың сыртқы сәулеленуін есепке ала отырып радионуклидтердің ас қорыту ағзалары арқылы түсуі кезінде дозалық коэффициенттер мәндері негізінде есептеледі. Халықтың критикалық тобы үшін дозалық коэффициенттер мәндері, тыныс алу ағзалары арқылы РЕКБ және ЖТШ және тамақ қорыту ағзалары арқылы ЖТШ осы нормативтерге 3-қосымшада келтірілген.

  2. Жаңа тұрғын және қоғамдық мақсаттағы ғимараттарды жобалағанда үй-жайлар ауасындағы радон мен торонның еншілес өнiмдерiнің орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемді активтілігі ЭТКБRn + 4,6ЭТКБTn 100 Бк/м3 аспайтындай, ал гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жердегі доза қуатынан 0,2 мкЗв/cағ аспайтындай болып көзделеді.

  3. Пайдаланылып жүрген ғимараттарда тұрғын үй-жайлар ауасындағы радон мен торонның еншілес өнiмдерiнің орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемді белсенділігі 200 Бк/м3 аспауы тиіс. Көлемді белсенділіктің барынша жоғары мәндері болғанда радонның үй-жай ауасына түсуін төмендетуге және үй-жайды желдетуді жақсартуға бағытталған қорғаныш іс-шаралары жүргізіледі. Егер үй-жайлардағы гамма-сәуленің тиімді дозасы қуаты ашық жердегі дозаның қуатынан 0,2 мкЗв/сағ жоғары болса қорғаныш іс-шаралары жүргізіледі.

  4. Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар құрылысына аумақтардың учаскелерiн таңдау кезiнде гамма-фоны 0,3 мкГр/сағ аспайтын және топырақ бетінен радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2´с) артық емес учаскелер бөлiнедi.

  5. Кен орындарында өндiрілетiн немесе өнеркәсіптің жанама өнімдері болып табылатын құрылыс материалдарындағы (шағыл тас, қиыршық тас, құм, бут және араланған тас, цемент және кiрпiш шикізаттары және басқалары) табиғи радионуклидтердің, сондай-ақ құрылыс материалдарын дайындауға пайдаланылатын өнеркәсіп өндірісінің қалдықтары (күл, шлактар) және дайын өнімнің тиімді меншiктi белсенділігі (Атиім) мынадан аспауы тиіс:

1) салынып және қайта жаңартылып жатқан тұрғын және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылатын материалдар үшін (І сынып):

мұнда:

А Ra және А Th – уран және торий қатарындағы басқа мүшелермен радиоактивтік тепе-теңдіктегі 226Rа және 232Th меншiктi белсенділігі, АK - К-40 меншiктi белсенділігі (Бк/кг);

2) елдi мекендер аумақтары мен перспективалы құрылыс аймақтарында жол құрылысында пайдаланылатын материалдар үшін. Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың сыртын өңдеу үшін, оларды пайдаланудың жоспарланған түрі кезінде күтілетін жеке жылдық тиімді сәулелену дозасы 10 мкЗв-тен аспауы тиіс, ал жылдық ұжымдық доза бір ад-Зв-тен аспауы тиіс болатын жағдайларда бұрқақтар, мәдени және басқа да құрылыстар үшін. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, балалар, жасөспірімдер, медицина ұйымдарын салу және ішін әрлеу үшін пайдалануға жол берілмейді (ІІ сынып):

3) елдi мекендерден тыс жердегі жол құрылысында қолданылатын материалдар үшін (ІІІ сынып):

4) 1,5 кБк/кг<Атиім4кБк/кг болғанда (IV сынып) материалдарды пайдалану туралы мәселе әрбір жеке жағдайда бөлек санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының келісімі бойынша шешіледі.

Атиім > 4,0 кБк болғанда материалдарды құрылысқа қолдануға жол берілмейді.



  1. Радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша ауыз су мақсаты үшін суды пайдалануға жарамдылығын алдын ала бағалау меншікті жиынтық альфа (Аα) және бета-белсенділік (Аβ) бойынша беріледі. 0,2 және 1,0 Бк/кг төмен Аα және Аβ мәндері кезінде тиісінше суды одан әрі зерттеу міндетті болып табылмайды. Көрсетілген деңгейлерден асқан жағдайда судағы радионуклидтер құрамына талдау жүргізіледі. Егер суда бірнеше табиғи және техногенді радионуклидтер болса, мына шарттар орындалады:




мұнда АI – судағы I радионуклидтің меншiктi белсенділігі, Бк/кг;

АДі – осы нормативтерге 4-қосымша бойынша тиiсiнше араласу деңгейлері, Бк/кг, ауыз судың радиобелсенділігін төмендету бойынша іс-шаралар міндетті болып табылмайды.



  1. Ауыз судағы 222Rn есебінен адамдардың қиын жолмен сәулеленуі радонның үй-жай ауасына өтуі және радонның еншілес өнімдерінің организмге кейіннен ингаляциялық түсуі болып табылады. Ауыз судағы 222Rn үшін араласу деңгейі 60 Бк/кг құрайды. Жер асты көздерінің ауыз суындағы 222Rn меншікті белсенділігін айқындау орталықтандырылмаған сумен жабдықтауда міндетті болып табылады.

Суда 3H, 14C, 131I, 210Pb, 228Ra, 232Th (әлеуетті қауіптілік бойынша І және ІІ радиациялық объектілердің байқау аймақтарында) болуы мүмкін болған жағдайда бұл радионуклидтердің судағы меншікті белсенділігін айқындау мiндеттi болып табылады.

  1. Тамақ өнімін санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу және халықтың сәулеленуін шектеу осы нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес радионуклидтердің болуын регламенттеу жолымен жүзеге асырылады.

  2. Шайдағы (қара, көк, тақта шай) радионуклидтер цезий 137 бойынша – 400 Бк/кг, стронций 90 бойынша – 200 Бк/кг аспауы тиіс.

  3. Кофедегі (дәнді, ұнтақ, еритін) радионуклидтер цезий 137 бойынша – 300 Бк/кг, стронций 90 бойынша – 100 Бк/кг аспауы тиіс.

  4. Өсімдік негізіндегі, оның ішінде гүл тозаңы (құрғақ шай), сұйық (эликсирлер, бальзамдар, тұнбалар) ББҚ-дағы радионуклидтер цезий 137 бойынша – 200 Бк/кг, стронций 90 бойынша – 100 Бк/кг аспауы тиіс.

  5. Дәрілік өсімдіктердегі (шөптер, қабық, тамыр сабақ, жемістері) радионуклидтер цезий 137 бойынша – 400 Бк/кг, стронций 90 бойынша – 200 Бк/кг аспауы тиіс.

  6. Қолдануға дайын жеміс-жидектерден, көкөністерден, жидектерден жасалған тамақ өнімдері (консервіленген көкөністер, саңырауқұлақтар, қайнатпа, джем, сироп, концентраттар, сусындар, шырындар) радиациялық қауіпсіздікке зерттеуден өтуі тиіс.

  7. Темекідегі және темекі бұйымдарындағы радионуклидтер цезий 137 бойынша – 120 Бк/кг, стронций 90 бойынша – 50 Бк/кг аспауы тиіс.

  8. Қатты отынның (көмірдің) радиобелділігін бағалау:

1) гамма-сәуле дозалары қуатының көрсеткіштерін және учаскенің біртектілігін айқындауды қамтиды. Кен орындары (жер қабаты) учаскелері гамма-сәуленің эквивалентті дозасы қуатының мәні барлық бетте 30 % аспайтын айырмашылықта болғанда біртекті болып саналады;

2) көмір мен күлдің табиғи радионуклидтерінің меншікті белсенділігін.

Қатты отынның радиоактивтілігін алдын ала бағалау кен орнын барлау немесе ашық карьер немесе ұңғыма кенжарындағы жер қабаты үшін аумақтың беткі қабатын түсіру сатысында жүргізіледі.

Жылдық жеке тиімді доза 10 мкЗв-тен, ал ұжымдық жылдық тиімді доза 1 ад-Зв-тен аспауы тиіс.

Шектеулер жүйесін және отынды қауіпсіз пайдалану түрін белгілеу табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігін талдау негізінде жүргізіледі. Уран (радий) және торий радионуклидтерінің меншікті белсенділігінің ең төменгі мәнді меншікті белсенділікке (Скөмір) қатынасының қосындысы мына формула бойынша айқындалады:

мұнда,

Аu(Ra) А(Th) – уран және торий қатарындағы басқа мүшелермен радиоактивті тепе-теңдікте болатын меншікті белсенділік U (226Rа), 232Тһ, тиісінше БК/кг.

1000 – табиғи уран мен торийдің ең төменгі мәнді меншікті белсенділігі (МММА), Бк/кг, осы нормативтерге 5-қосымша.

Скөмір мәніне байланысты көмірдің радиациялық қауіптілік сыныбы белгіленеді:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет