Көмірдің радиациялық қауіптілік сыныптары
3-кесте
Көмірдің радиациялық қауіптілік сыныбы
|
Радионуклидтердің
меншікті белсенділігінің МММА-ға қатынасы қосындысы, Скөмір
|
Көмірді пайдалану шарттары
|
I
|
≤ 1
|
Шаруашылық қызметте көмірді пайдалануға ешқандай шектеу қойылмайды
|
II
|
> 1
|
Шаруашылық мақсатта көмірді пайдалануға тыйым салынады
|
-
Қатты отынды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланатын объектіге жер учаскесін бөлу кезінде және халық қатты отынды пайдаланған кезде өткізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптау негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы беріледі.
-
Күлдің радиациялық қауіптілік сыныбын және оны құрылыс материалы ретінде қауіпсіз пайдалану түрін белгілеу меншікті тиімді белсенділік көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.
Отынды жағу кезінде қалыптасатын күлдің меншікті тиімді белсенділігін бағалау және болжау көмірді радиациялық сынау нәтижелері бойынша жүргізілуі мүмкін және мына формула бойынша айқындалады:
Акүлтиімд болж. = Акөміртиімд. х Кк +Δкөмір
мұнда Акүлтиімд – көмір сынамасындағы табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі;
Кк - күлдегі радионуклидтер шоғырлануы коэффициенті, мына формула бойынша айқындалады:
мұнда Аd - көмірден күл алу, %;
Δкөмір – айқындаудың абсолютті қателігі Акүлтиімд..
Меншікті белсенділіктің мәніне байланысты радиациялық қауіптілік сыныбы және пайдалану түрі белгіленеді:
Күлдің радиациялық қауіптілік сыныптары
4-кесте
Күлдің радиация-лық қауіптілік сыныбы
|
Радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі, (Акүл тиімді. болж А күл тиімді ) Бк/кг
|
Күлді қауіпсіз пайдалану шарттары
|
I
|
370 дейін
|
Күл салынып жатқан және қайта жаңартылатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылуы мүмкін
|
II
|
370-тен 740-қа дейін
|
Күл елді мекендердің аумақтары және перспективалы құрылыс аймақтары шектерінде жол салғанда, сондай-ақ өндірістік құрылыстар салғанда пайдаланылады
|
III
|
740-тан 1500-ге дейін
|
Күл елді мекендерден тыс жол құрылыстарында пайдаланылуы мүмкін
|
IV
|
1500 артық 4000 дейін
|
Күлді пайдалану мәселесі әр жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының келісімі бойынша жеке шешіледі
|
-
Мұнай және мұнай-су суспензияларын барлау, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу технологиясы технологиялық жабдықтардың және қоршаған орта объектілерінің табиғи радионуклидтармен осы нормативтерде көзделген деңгейлерден жоғары ластану мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Мұнайда табиғи радионуклидтер су үшін 10 араласу деңгейінен (АД) артық емес көлемде болған кезде (4-қосымша) ол шектеусіз пайдаланылуы мүмкін. Су үшін 10 араласу деңгейінен артық радионуклидтер болған кезде мұнай қайта өңдеуге тек оны көрсетілген шамаға дейін (10 АД) тазартқаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін.
-
Мұнай өнімдерін өндіру үдерісінде мұнайлы-газды жиекке айдалатын жер қабаты суындағы табиғи радионуклидтердің құрамы нормаланбайды. Оларды су ағатын жиекке айдағанда немесе жергілікті жердің бедеріне төккенде олардағы ЕРН шоғырлануы су үшін 10 АД аспауы тиіс.
-
Минералды тыңайтқыштардағы және агрохимикаттардағы табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігі мынадан аспауы тиіс:
мұнда Аu және АTh - уран және торий қатарындағы басқа мүшелермен радиобелсенді тепе-теңдіктегі тиісінше уран-238 (радий-226) және торий 232 (торий-228) меншікті белсенділігі.
Минералды тыңайтқыштардағы және агрохимикаттардағы 40К рұқсат етілген құрамы белгіленбейді. Құрамында 40К бар материалдармен жұмыс істегенде 24 және 25-тармақтарда белгіленген табиғи сәулелену көздер есебінен халықтың сәулеленуін шектеу бойынша талаптары сақталуы тиіс.
-
Фосфор тыңайтқыштардағы және мелиоранттардағы табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігі мынадан аспауы тиіс:
мұнда,
Аu және АTh – тиісінше уран және торий қатарының басқа мүшелерімен радиоактивті тепе-теңдіктегі уран-238 (радий-226) және торий -232 (торий-228) меншікті активтілігі.
-
Халықтың және ұйымдар жұмыскерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құрамында табиғи радионуклидтер көп материалдармен жұмыс жасағанда радиациялық бақылау түрлерін және көлемін жоспарлау үшін мынадай сыныптама енгізіледі:
-
I сынып: Атиім 740 Бк/кг
-
II сынып: 0,74 < Атиім. 1,5 кБк/кг
-
III сынып: 1, 5 < А тиім. 4,0 кБк/кг
-
IV сынып: А тиім. ≥ 4, 0 кБк/кг
-
Өндірістік жағдайларда І сынып материалдарымен жұмыс істеу қандай да бір шектеулерсіз жүзеге асырылады.
ІІ, ІІІ, ІV сынып материалдарымен жұмыс кезінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізіледі, оның негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
-
Кәсіпорын құрылыс материалдары, минералды тыңайтқыштар, мелиоранттар мен отын-энергетикалық шикізатының кен орындарын өңдеу басталғанға дейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосынан оның радиациялық қауіптілік дәрежесі мен материалдарды пайдалану жағдайлары туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
5. Медициналық сәулеленуді шектеу бойынша норматив
-
Медициналық сәулелену кезінде пациенттерді радиациялық қорғау барынша аз сәулелену деңгейлерінде тиісті медициналық емшаралардан пайдалы диагностикалық ақпарат және/немесе терапиялық әсер алу қажеттілігіне негізделеді (сәулелік терапия үшін бұл талап дені сау, әдейі сәулелеуге ұшырамайтын ағзалар мен тіндерге қатысты). Пациенттерді радиациялық қорғауды қамтамасыз ету үшін медициналық емшараларды тағайындауды негіздеу және пациенттерді қорғауды оңтайландыру принциптері қолданылады. Іс жүзінде дені сау адамдарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық зерттеулер және ғылыми зерттеулер жүргізген кезде осы адамдардың жылдық тиімді сәулелену дозасы 1 мЗв аспауы тиіс.
-
Пациенттерге (ауыр науқастарға, балаларға) рентгендік-радиологиялық емшараларды орындау кезінде қолдау көрсететін адамдар (рентгендік-радиологиялық бөлімшелердің персоналы емес) жылына 5 мЗв-тен аспайтын дозада сәулеленуге ұшырамауы тиіс. Осындай талаптар радионуклидтік терапия немесе жабық көздерді имплантациялау арқылы брахитерапия курсынан өткен және клиникадан шыққан пациенттермен бірге тұратын ересек адамдардың радиациялық қауіпсіздігіне қойылады. Радионуклидтік терапия немесе брахитерапиядан кейін емханадан шыққан пациенттермен байланыста болатын қалған ересек адамдар, сондай-ақ балалар үшін дозаның шегі жылына 1 мЗв құрайды.
-
Радионуклидтік терапия немесе жабық көздерді имплантациялау арқылы брахитерапия курсынан өтетін пациенттер денеден шығатын гамма-сәуле деңгейі осы нормативтердің 59-тармағының талаптарын қанағаттандыратын жағдайда клиникадан шығарылуы мүмкін. Осы нормативтерге 5-кестеде көрсетілген радионуклидтермен терапиядан кейін денедегі радионуклидтердің енгізілген немесе қалдық активтілігі немесе пациент денесінің жанындағы ауадағы дозаның өлшенген қуаты 5-кестеде келтірілген тиісті мәндерден төмен болғанда пациентті шығаруға жол беріледі. Пациенттерге шығару алдында олар байланысқа түсуі мүмкін отбасы мүшелерін және басқа да адамдарды сәулеленуден қорғау үшін қабылдауы тиіс сақтық шараларына қатысты ауызша және жазбаша нұсқаулар берілуі керек. Осындай талаптар пациенттерді амбулаториялық емдеу режіміне де қойылады.
Радионуклидтік терапиядан немесе жабық көздерді имплантациялау арқылы брахитерапия курсынан кейін ересек пациенттің денесіндегі радионуклидтердің белсенділігі (ГБк) және пациентті клиникадан шығаруға рұқсат етілген дене бетінен 1 м қашықтықтағы эквивалентті доза (мкЗв/сағ) қуаты денеден шығатын гамма-сәуле деңгейі
5-кесте
Радионуклид
|
Жартылай ыдырау кезеңі, тәулік
|
Денедегі белсенділік, ГБк
|
Дозаның қуаты, мкЗв/ч
|
125I1)
|
60,1
|
4
|
10
|
131I
|
8,0
|
0,4
|
20
|
153Sm
|
2,0
|
9
|
100
|
188Re
|
0,7
|
12
|
80
|
1)Қуық асты безі брахитерапиясына арналған импланттар құрамында.
Жыл бойы көп рет емделген жағдайда денедегі белсенділік және дозаның қуаты бір жыл бойғы емдеу курсының санына тең санға дейін бірнеше рет төмендетілген болуы тиіс.
-
Организмінде радионуклидті энергия көзі бар кардиостимулятор бар пациент қайтыс болған жағдайда, дененің кремациясы көзді алғаннан кейін жүргізіледі.
-
Иондаушы сәулелену көздерімен байланысты емшараларды жоспарлау және жүргізу кезінде медицина ұйымында медициналық сәулеленуге ұшырайтын барлық адамдардың дозалары айқындалады және тіркеледі.
6. Радиациялық апат жағдайларында халықтың сәулеленуін шектеу бойынша норматив
-
Егер көзделетін сәулелену дозасы қысқа мерзім (2 тәулік) ішінде олардан жоғарылаған кезде детерминацияланған әсерлер мүмкін болатын деңгейлерге жететін болса қорғаныш іс-шаралары жүргізіледі (осы нормативтерге 6-кесте).
Қорғаныш іс-шаралары қажет сәулеленудің болжанатын деңгейлері
6-кесте
Ағза немесе тін
|
2 тәулік iшiнде ағзада немесе тiнде сiңiрілген доза, Гр
|
Барлық дене
|
1
|
Өкпе
|
6
|
Терi
|
3
|
Қалқанша без
|
5
|
Көзбұршақ
|
2
|
Гонадалар
|
3
|
Ұрық
|
0,1
|
Ауыр детерминделген қаупін тудыратын созылмалы сәулелену деңгейлері
7-кесте
Ағза немесе тін
|
Жылдық сіңірілген доза, Гр
|
Гонадалар
|
0,2
|
Көзбұршақ
|
0,1
|
Қызыл сүйек кемігі
|
0,4
|
-
Өмірінде созылмалы сәулелену әсерін алғанда қорғаныс іс-шаралары қажет, ауыр детерминделген қаупін тудыратын, созылмалы сәулелену жылдық сіңірілген доза деңгейінен асатын болса осы нормативтегі 7-қосымшаға келтірілген.
-
Тұрғындарды уақытша көшіруге арналған араласу деңгейлері мынаны құрайды: уақытша көшірудің басы үшін – айына 30 мЗв, уақытша көшіруді аяқтау үшін айына 10 мЗв. Егер бiр ай ішінде жиналатын доза жыл бойы көрсетiлген деңгейлерден жоғары болатыны болжанатын болса, халықты тұрақты мекенжайға көшiру туралы мәселені шешу керек.
-
Радиацияға қарсы араласу жүргізілген кезде доза шектері (осы нормативтерге 2-кесте) қолданылмайды.
-
Көлемді аумақтың радиациялық ластануына алып келген апаттар кезінде радиациялық жағдайды бақылау және болжау негізінде радиациялық апат аймағы белгіленеді. Радиациялық апат аймағында радиациялық жағдайға бақылау жүргізіледі және халықтың сәулелену деңгейлерiн төмендету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
-
Аумақтың радиоактивті ластануымен ірі радиациялық апат жағдайында халықты қорғау шаралары туралы шешім қабылдау қорғаныш іс-шараларымен алдын алатын болжанатын дозаны және ластану деңгейлерін осы нормативтерге 8-кестеде келтірілген А және Б деңгейлерімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Ластанған өнімдер мен суды тұтынуды шектеу туралы шешімдерді қабылдау шарттары осы нормативтерге 9 және 10-кестелерде келтірілген.
Радиациялық апаттың бастапқы кезеңінде кезек күттірмейтін шешімдерді қабылдауға арналған критерийлер
8-кесте
Қорғау шаралары
|
Алғашқы 10 тәулiк iшiнде алдын алатын доза, мГр
|
барлық денеге
|
қалқанша безi, өкпе, терi
|
А деңгейi
|
Б деңгейi
|
А деңгейi
|
Б деңгейi
|
Баспана
|
5
|
50
|
50
|
500
|
Йод профилактикасы:
ересектер
балалар
|
-
|
-
|
2501)
1001)
|
25001)
10001)
|
Эвакуация
|
50
|
500
|
500
|
5000
| -
тек қалқанша безi үшiн ғана.
Ш ешім қабылдауға арналған критерийлер
9-кесте
Шаралар
|
Алды алынатын тиімді доза, мЗв
|
А деңгейі
|
Б деңгейі
|
Ластанған тамақ өнiмдерi мен ауыз суды тұтынуды шектеу
|
бiрiншi жыл iшiнде 5 одан кейiнгi жылдарда 1/жыл
|
бiрiншi жыл iшiнде 50 одан кейiнгi жылдарда 10/жыл
|
Көшiру
|
бiрiншi жыл iшiнде 50
|
бiрiншi жыл iшiнде 500
|
Көшiрудің барлық уақыты iшiнде 1000
|
Егер қорғаныш іс-шараларымен алдын алатын сәулелену деңгейі А деңгейінен аспаса, сондай-ақ халықтың қалыпты тіршілік әрекетінің, аумақтың шаруашылық және әлеуметтік жұмыс істеуінің бұзылуына байланысты қорғау шаралары жүргізілмеуі мүмкін.
Апат болғаннан кейін бірінші жылы ластанған тамақ өнiмдерiн тұтынуды шектеу туралы шешім қабылдауға арналған критерийлер
10-кесте
Радионуклидтер
|
Тамақ өнiмдерiндегi радионуклидтің меншiктi белсенділігі, кБк/кг
|
|
А деңгейі
|
Б деңгейі
|
131I, 134Cs, 137Cs.
|
1
|
10
|
90Sr
|
0,1
|
1,0
|
238Pu, 239Pu, 241Am
|
0,01
|
0,1
|
Егер қорғаныш іс-шараларымен алдын алатын сәулелену А деңгейінен асса, бірақ Б деңгейіне жетпесе, қорғау шараларын орындау туралы шешім нақты ахуалды және жергілікті жағдайларды ескере отырып, негіздеу және оңтайландыру қағидаттарды бойынша қабылданады.
Егер қорғаныш іс-шараларымен алды алатын сәулелену деңгейі Б деңгейіне жетсе және одан асса, егер ол тіпті тұрғындардың қалыпты тіршілік әрекетінің, аумақтың шаруашылық және әлеуметтік жұмыс істеуінің бұзылуына байланысты болса да тиісті қорғау шаралары орындалады.
-
Көлемді аумақтың ұзақ мерзімдік радионуклидтермен ластануына алып келген радиациялық апаттың кейінгі кезеңдерінде қорғаныш іс-шаралары туралы шешімдер қалыптасқан радиациялық жағдайды және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданады (осы нормативтерге 6-қосымша).
7. Иондаушы сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында радиациялық әсердің жол берілетін деңгейлерінің мәндері
-
Сәулеленетін адамдардың әрбір санаты үшін осы сәулелену жолдары үшін радиациялық әсер етудің рұқсат етілген деңгейнің мәнi осы нормативтердің 2-кестесінде көрсетілген жылдық доза шегіне айқындалған (бес жыл бойы орташаланған).
-
Барлық сәулелену жолдары үшін рұқсат етілген деңгейлер мәндері мынадай параметрлермен:
1) күнтізбелік жыл бойы радионуклид организмге түсетін жұтылатын ауаның көлемімен V;
2) күнтізбелік жыл iшiндегі сәулелену уақытымен t;
3) иондаушы сәулелену ағындарымен сыртқы сәулелену геометриясымен сипатталатын стандартты жағдайлар үшін айқындалған.
Персонал үшін стандартты параметрлердің мына мәндерi белгіленген: жылына V перс = 2,4 x 103 м3; жылына t перс = 1700 cағ.; Мперс=0. Тұрғындар үшiн стандартты параметрлердің мына мәндерi белгіленген: жылына t тұрғындар= 8800 cағат; жылына ересектер үшін Мтұрғындар=730 кг. Жұтылатын ауаның жылдық көлемі жасқа байланысты белгіленген:
Халықтың әртүрлі жас топтары үшін жұтылатын ауаның жылдық көлемі
11-кесте
Жасы
|
1 жасқа дейiн
|
1-2
|
2-7
|
7-12
|
12-17
|
Ересектер (17-ден жоғары)
|
V, жылына мың м3
|
1,0
|
1,9
|
3,2
|
5,2
|
7,3
|
8,1
|
-
Моноэнергетикалық электрондармен, бета-бөлшектермен, моноэнергетикалық фотондармен және моноэнергетикалық нейтрондармен персонал адамдарының барлық денесі, терісі және көзбұршағы сырттай сәулеленген кезде бөлшектер ағындары тығыздығының орташа жылдық рұқсат етілген сандық мәндері, жұмыс үй-жайларының және олардағы жабдықтардың, тері жабындарының, арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және персоналдың басқа да жеке қорғаныш құралдары беттерінің рұқсат етілген радиоактивті ластану мәндері, көлік құралдары беттерінің алынатын радиоактивті ластануының рұқсат етілген деңгейлері осы нормативтердің 12-20-кестелерінде келтірілген.
Тері сәулеленген кезде персонал адамдары үшін эквивалентті дозалар мәндері және моноэнергетикалық электрондар ағынының жол берілетін орташа жылдық тығыздығы
12-кесте
Электрондар энергиясы, МэВ
|
Жеке флюенске терiдегi эквивалентті доза 10-10 Зв х см2
|
Ағынның жол берілетін орташа жылдық тығыздығы РАТперс, см-2 х с-1
|
|
ИСӨ1)
|
АА2)
|
ИСӨ1)
|
АА2)
|
0.07
|
0.3
|
2.2
|
2700
|
370
|
0.10
|
5.7
|
16.6
|
140
|
50
|
0.20
|
5.6
|
8.3
|
150
|
100
|
0.40
|
4.3
|
4.6
|
190
|
180
|
0.70
|
3.7
|
3.4
|
220
|
240
|
1.00
|
3.5
|
3.1
|
230
|
260
|
2.00
|
3.2
|
2.8
|
260
|
290
|
4.00
|
3.2
|
2.7
|
260
|
300
|
7.00
|
3.2
|
2.7
|
260
|
300
|
10.0
|
3.2
|
2.7
|
260
|
300
|
Ескертпе:
1) ИСӨ - изотропты (2π) сәуле өрiсi, 2) АА - алдыңғы-артқы геометрияда параллель шоқпен сәулелену.
Достарыңызбен бөлісу: |