БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА қаралды:
Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы орта мектеп Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі Бірлестік жетекшісі: Ұ.Жанысбаева
директоры: Н.Сейдаханов орынбасары: А.Тоқсанбаев Хаттама №1
___________________ _________________ _________________
« ____ » __________ 2022 ж «____» ________ 2022ж «____» _______ 2022 ж
КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
ПӘНІ: Көркем еңбек
ОБЛЫС, ҚАЛА, АУДАН, АУЫЛ: Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Зерделі ауылы
МҰҒАЛІМ:. Раймбекова Баян Азимхановна
СЫНЫП: 1
2022 – 2023 оқу жылы
Түсінік хат
3 – сыныптарға арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспар«Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
.«Көркем еңбек» пəнінің маңыздылығы. Шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды жəне еңбекқорлыққа тəрбиелеуді, адамның қоршаған əлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден – бір құралы болып табылады.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік – шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін
«Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.
«Көркем еңбек» пəні елестету мен бақылау қабілетің, кеңістікте тану жəне көзбен көріп қабылдау қабілетін қамтамасыз ететін, əр түрлі шығармашылық əрекет барысында,көркемдік-технологиялық білімдерді, қабілеттер жəне дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем – эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге себептеседі.
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Ортақ тақырыптар әр тоқсанға екі-екіден тең бөлінген. Мұғалім әрбір ортақ тақырыпқа бөлінетін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне байланысты өзі өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |