Құрамы 100 г препараттың құрамында белсенді заттар: 29 г сулы-спирт сығындысында



Дата03.07.2016
өлшемі53 Kb.
#173465
түріҚұрамы






Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2013 жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН




Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

Cинупрет®


Саудалық атауы

Cинупрет®



Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ
Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар 100 мл
Құрамы

100 г препараттың құрамында



белсенді заттар:

29 г сулы-спирт сығындысында:

шерменгүл тамырының сығындысы* 0.2 г

тостағаншасы бар наурызгүл гүлдерінің сығындысы* 0.6 г

қымыздық шөп сығындысы * 0.6 г

аюбадам гүл сығындысы * 0.6 г

нарқайсар шөп сығындысы * 0.6 г

қосымша заттар:

тазартылған су 71.0 г

* - 59% этил спиртінің экстрагенті
Сипаттамасы

Хош иісі және татымды-ашқылтым дәмі бар, сарғыш-қоңыр түсті, мөлдір немесе сәл бұлыңғыр сұйықтық. Сақтаған кезде тұнба түсуі мүмкін.






Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін дәрілер. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10
Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Біріктірілген препарат, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.



Фармакодинамикасы

Өсімдік текті біріктірілген препарат.

Фармакологиялық қасиеттері препараттың құрамына кіретін биологиялық тұрғыдан белсенді заттарға байланысты болады. Синупрет® секретолитикалық және қабынуға қарсы әсер береді. Мұрынның қосалқы қуыстарынан және жоғарғы тыныс алу жолдарынан экссудаттың ағып шығуына мүмкіндік береді. Вирусқа қарсы белсенділігі бар.
Қолданылуы


  • тұтқыр сөліністің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы синуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер)


Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан асқан жасөспірімдерге: күніне 3 рет 50 тамшыдан.

6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 25 тамшыдан.

2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 15 тамшыдан.

Емдеу курсы 7-14 күнді құрайды.


Жағымсыз әсерлері

ықтимал:


- асқазан-ішектік бұзылулар (іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы)

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, ентігу, қышыну, беттің ісінуі, Квинке ісінуі)

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде (әсіресе асқын сезімталдық реакциялары) препарат қабылдауды тоқтатқан және дәрігерге қаралған жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Этиопатогенетикалық ем жүргізу мақсатында бактерияларға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін және бұл орынды.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі қазіргі таңға дейін белгісіз.

Айрықша нұсқаулар


Жүктілік және лактация кезеңі

Құрамында 19% спирт бар, мұны жүкті әйелдерге, балаларға қолданғанда ескерген жөн, ұсынылған дозадан артық қабылдамау керек.

Жүктілік кезеңінде препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ. Жүктілік кезеңінде Синупретті® қолдануды дәрігер оның пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға бергеннен кейін шешеді.

Лактация (емшек емізу) кезеңінде қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты, препаратты осы кезеңде қолдануға болмайды.



Қолдану кезіндегі ерекше сақтандырулар: құрамында спирт болғандықтан, ішке қабылдауға арналған тамшы дәрілерді маскүнем науқастарға, сондай-ақ алкогольге қарсы ойдағыдай ем жүргізілгеннен кейін қолдануға болмайды. Маскүнемдіктен, бауыр ауруларынан, эпилепсиядан немесе ми ауруларынан зардап шегіп жүрген емделушілер Синупрет® тамшы дәрісінде 16.0-19.5 % спирттің бар екендігін есте сақтауы тиіс, бұл шамамен бір қасық шарапқа сәйкес келеді.

Сақтау барысында аздап бұлыңғырлануы немесе аздаған тұнба түзілуі мүмкін. Бұл препараттың тиімділігіне ықпалын тигізбейді. Пайдаланар алдында шайқап араластыру керек!



Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.


Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз.


Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын және қақпағы бұрап жабылатын, жоғарғы жағында дозалаушы тамызғыш құрылғысы бар, қара-қоңыр шыныдан жасалған құтыларда препарат 100 мл-ден.

Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.

1 құтыдан медицинада қолданылу жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон пәшкеге салынған.


Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

2 жыл


Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия


Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия


Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Bionorica SЕ/Бионорика СЕ/» өкілдігі

Алматы қ-сы, «Главпочтамт», а/ж № 200, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет