Құрамы 1000 мл бальзамның құрамында белсенді заттар (граммен): кәдімгі анис жемісі 20



жүктеу 78.18 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі78.18 Kb.







Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2014 ж. “ 15 ” 05

№ 353 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН



Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық

Ордабасы бальзамы
Саудалық атауы

Ордабасы бальзамы


Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ
Дәрілік түрі

250 мл, 330 мл бальзам
Құрамы

1000 мл бальзамның құрамында



белсенді заттар (граммен):


кәдімгі анис жемісі

0.20

жебіршөп (тасшөп) шөбі

0.50

қырмызыгүл гүлі

0.20

жұпаргүл шөбі

0.35

сәлбен жапырағы

0.30

шайқурай шөбі

0.55

мия тамыры

0.20

түймедақ гүлі

0.35

қайың бүршігі

0.10

итмұрын жемісі

2.80

бұрыш жалбызы жапырағы

0.20

дала қырықбуыны шөбі

0.20

үлкен жолжелкен жапырағы

0.45

дәрілік жалбызтікен шөбі

0.15

жантақ шөбі

0.40

түймешетен гүлі

0.48


қосымша заттар: табиғи бал, қант, этанол, алма шырыны, концентрат, тағамдық хош иістендіргіш, тазартылған су.
Сипаттамасы

Ащылау-тәтті дәмі мен бальзам құрамына кіретін дәрілік өсімдік шикізатына тән хош иісі бар, алтын түстес-янтарьдан қызылдау-қызыл күрең түске дейінгі мөлдір сұйықтық.


Фармакотерапиялық тобы

Жалпы сергітетін препараттар.

АТХ коды А13А
Фармакологиялық қасиеттері

Бальзамның құрамына Орталық Азия аймағында өсетін 16 дәрілік өсімдіктің тұнбасы кіреді. Бальзам құрамына кіретін дәрілік өсімдіктердің сулы-спиртті тұнбасының құрамында биологиялық белсенді қосылыстар кешені: каротиноидтар, флавоноидтар, иіткіш заттар, полисахаридтер, сапониндер, органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, витаминдер, микро- және макроэлементтер бар. Бальзам құрамына кіретін өсімдіктер мен тау балының құрамында биологиялық белсенді заттар бар, олар фармакологиялық тұрғыдан кең ауқымда әсер етеді.



Кәдімгі анис жемісі ішектегі шіріген және ашитын үдерістерді ұстап тұрады, микробтардың дамуын тежейді, құрсақ қуысы ағзаларының түйілуін азайтады, қақырық түсіретін әсер береді.

Тасшөп шөбінің қақырық түсіргіш, қабынуға қарсы, спазмолитикалық әсері бар, ас қорыту бездері сөлінісін күшейтеді, ішектегі желдің шығуын жақсартады, ішек микрофлорасын қалпына келтіреді.

Қырмызыгүл гүлі бактерицидті, қабынуға қарсы, жараны жазатын әсер береді.

Жұпаргүл шөбі ас қорытуды қалпына келтіруге ықпал етеді, ішек жиырылуын күшейтеді, орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер береді, ауыруды басатын әсері бар.

Сәлбен жапырағының тұтқырлық, қабынуға қарсы әсері бар, іріңді және ойық жараларды, жеңіл күюлерді және үсікті емдеу кезінде тиімді.

Шайқурай шөбі антисептикалық, тұтқырлық әсер береді, тіндер регенерациясын көтермелейді.

Мия тамырының қақырық түсіргіш, бүркемелегіш, қабынуға қарсы, спазмолитикалық, иммуномодуляциялаушы, уыттылыққа қарсы әсері бар, бүйрекүсті безінің қызметін көтермелейді.

Түймедақ гүлі тұтқырлық, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, антисептикалық әсер береді.

Қайың бүршігінің несеп айдағыш, өт айдағыш, қақырық түсіргіш және бактерияға қарсы әсері бар.

Итмұрын жемісі С витамині, флавоноидтар және каротиноидтар көзі болып табылады; тотығу-тотықсыздану үдерістерін жақсартады, жалпы нығайтқыш әсері бар, қоршаған ортаның зиянды факторларына организмнің қарсы тұруын жоғарылатады.

Бұрыш жалбызының жапырағы ас қорыту бездерінің сөлінісін көтермелейді, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, терлеткіш әсері бар; өт айдайтын, спазмолитикалық әсер етеді.

Дала қырықбуыны шөбінің несеп айдағыш әсері бар, қан айналу жеткіліксіздігі кезінде болған ісінулерде қолданылады.

Үлкен жолжелкен жапырағының қабынуға қарсы, ауыруды басатын, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсер береді, асқазанның секреторлық қызметін күшейтеді, қан тоқтататын әсері бар.

Дәрілік жалбызтікен шөбі бүркемелейтін және қабынуға қарсы әсері бар, қақырықтың шығуын жақсартады, басқа да дәрілік заттардың әсер ету ұзақтығын арттырады.

Жантақ шөбі өттің бөлінуін арттырады, тұтқырлық, ыстықты түсіретін әсері бар.

Түймешетен гүлінің айқын іш құртына қарсы, сондай-ақ өт айдағыш, қабынуға қарсы, спазмолитикалық және бактерицидтік қасиеті бар.

Табиғи бал антисептикалық, қабынуға қарсы және уыттылыққа қарсы әсері бар, зат алмасуын жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ тыныштандырғыш әсерге ие.

Ордабасы бальзамының тыныштандырғыш, адаптогенді, жалпы сергіткіш, жалпы нығайтқыш, қабынуға қарсы әсері бар, организмнің қорғаушы күшін жоғарылатады, зат алмасуын, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан-ішек жолының жұмысын қалпына келтіреді, антисептикалық және регенеративтік қасиеттерге ие, сондай-ақ жергілікті ауыруды басатын әсер туындатады.


Қолданылуы

- жүйкенің жоғары қозуы және ұйқының бұзылуы кезінде тыныштандырушы дәрі ретінде

- иммунитетті жоғарылататын дәрі ретінде және суық тию ауруларының алдын алу үшін

- ауруды өткергеннен, операциядан, жоғары дене және ақыл-ой жүктемесінен, жарақаттан, күйзелістен кейінгі сауығу кезеңінде жалпы нығайтатын дәрі ретінде

- ас қорытуды және зат алмасуды қалпына келтіруші дәрі ретінде, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуде (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, созылмалы гастрит, өттің іркілуі, іш қатуға бейімділік) кешенді емнің құрамында

Жергілікті қолдану

- жарақаттан кейінгі, ревматизмдік ауыруды емдеу үшін ауыруды басатын жеңіл әсері бар жергілікті қабынуға қарсы дәрі ретінде

- ауыз қуысының және тамақтың қабыну аурулары кезінде антисептикалық дәрі ретінде

- жараның, күйіктің және жеңіл дәрежелі үсіктің жазылуын жылдамдату, жәндіктер шаққан жерде қабыну мен қышынуды басу үшін


Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке асқазан сөлінің қышқылдығы қалыпты немесе төмен болғанда 2-4 шай қасықтан (10-20 мл) сұйылтылмаған немесе 50-100 мл суда немесе шайда араластырылған бальзамды тамақтанғанға дейін жарты сағат бұрын күніне 2-3 рет.

Қышқылдылық жоғары болғанда тамақтанудан кейін бір сағаттан соң күніне 2-3 рет.



Жергілікті қолдану

Ауыз қуысының және тамақтың жедел немесе созылмалы қабыну аурулары өршіген кезде препараттың 3 шәй қасығын жарты стақан сумен (100 мл-ге 15 мл) сұйылтып, күніне үш рет 1-3 минут бойы ауызды немесе тамақты шаю керек.

Буын аурулары және жұмсақ тіндердің жабық жарақаттанған зақымдануларында бальзамның қажетті мөлшерін ауырған жерге жағып, толық сіңгенге дейін ысқылап сылау керек, содан соң құрғақ қыздыратын компресс қою немесе орау керек.

Жәндіктер шаққан кезде, терінің және шырышты қабықтың қабыну аурулары кезінде (тері жабындылары салдарлы зақымданбағанда) зақымданған жерді препараттың қажетті мөлшерімен шылау керек.


Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар


Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі

- өттас ауруы, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі


- маскүнемдік

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер


- эпилепсия

- фруктозаны тұқым қуалайтын көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы


Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.



Айрықша нұсқаулар


Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Препаратты алкогольді қабылдауға рұқсат етілмейтін дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі кезінде препаратты дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды.

Бальзамды этил спиртінің жергілікті күйдіретін әсеріне байланысты ашық жараға жағуға болмайды.

Препараттың құрамында қант және бал бар, қант диабетімен емделушілер бұл жөнінде білулері қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты құрамында этанол болуына байланысты, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде қабылдауға болмайды.


Артық дозалануы

Анықталмаған.


Шығарылу түрі және қаптамасы

250 мл, 330 мл бақылау сақинасы бар бұрандалы металл қалпақшамен тығындалған шынымассадан жасалған құтыларда.

250, 330 мл бақылау сақинасы бар бұралып бекітілетін немесе бұралып кигізілетін металл қалпақшалармен тығындалған тағамдық сұйықтықтарға арналған шыны бөтелкеде.

Әр құтыға немесе бөтелкеге жазу немесе заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңбаны немесе контрзаттаңбаны жапсырады.

Құты мойнына типографиялық баспа қағазынан жасалған медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бекітілген ақпарат бар екі жақты кітапша-нұсқаулық таспа бауымен байланған.

Құтылар немесе бөтелкелер тұтынушылық ыдысқа арналған картоннан немесе сол картоннан аралықтары бар гофрланған картоннан жасалған қорапқа салынады.

Қорапқа медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулық немесе мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымша бет парағы салынады. Нұсқаулықтар топтық қаптамаға құтылар санына қарай салынады.
Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

2 жыл


Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз



Өндіруші:

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы



Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет