ҚҰрамы (АҚсу өзені, балқаш көлі бассейні)



жүктеу 440.48 Kb.
бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі440.48 Kb.
  1   2   3
УДК 597

Пазылбеков М.Ж., Сансызбаев Е.Т., *Шарахметов С.Е.
ҚҰРАҚСУ КӨЛДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ (АҚСУ ӨЗЕНІ, БАЛҚАШ КӨЛІ БАССЕЙНІ)
(«Қазақ балық шауашылық ғылыми зерттеу институты» ЖШС,

*Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)




Бұл мақалада Балқаштың шығыс бөлігіне құятын Ақсу өзенінің Құрақсу тармағына жататын көлдерді зерттеу нәтижелері қарастырылған. Олардағы балық түрлерінің қазіргі жағдайы талданып, ихтиологиялық тұрғыдан баға берілді.

Құрақсу көлдер жүйесі - Ақсу өзенінің екі жағында Құрақсу каналынан бастап, оның сағаларына дейінгі аралықта бірнеше шақырымға созылып жатыр. Көлдер көктемгі су тасу кезінде өзенмен байланысы болып, төмен түскен құм төбелердің аралықтарынан және Ақсу өзенінің ескі арналарынан суға толады. Жүйедегі көлдердің ең үлкендері – Баклан, Рай және Сарыкөл. Қазіргі кезде Баклан көлдерінің жартысы арқылы өзен арнасы өтеді. Құрақсу көлдерінде бұған дейін алғаш рет біздің әріптестеріміз 1995 жылдың мамыр айында зерттеу жұмыстарын жүргізген [1].


Зерзаты мен әдістері
Құрақсу көлдерінде зерттеу жұмыстары 2010 жылдың шілде айының 6-16 аралығында жүргізілді. Балықты аулау стандартты ау құралымен жүзеге асырылды (ау ұяшықтары 16-дан 80 мм дейінгі құрма ау), яғни ол балық үйірлерінің түрлік, жыныстық және жастық құрамы мен саны жағынан толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Ихтиофаунаның түрлік құрамын зерттеу, ихтиологиялық материалдарды жинау мен өңдеу жалпы қабылданған әдіспен жүргізілді [2–7]. Балыққа биологиялық талдау бірден ауланған бойда, фиксацияланбаған күйінде жасалынды. Балықтың құйрық жүзбе қанатынсыз ұзындығы, толық және боқатсыз салмақтары өлшенді. Жасы лабораторияда МБС-10 бинокуляр көмегімен қабыршағы арқылы анықталды.



Нәтижелер және оларды талқылау
2010 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында Құрақсу көлдерінің ихтиофаунасында 4 тұқымдасқа жататын 10 түрлі балық анықталды (1-кесте).
Кесте 1 – Құрақсу көлдеріндегі балықтардың тізімі [8]


Түр атаулары

Латынша

Қазақша

Тұқылар тұқымдасы

Abramis brama orientalis (Berq)

Шығыс тыраны

Aspius aspius aspius (Linnaeus)

Кәдімгі ақмарқа

Carassius auratus auratus (Linnаeus)

Мөңке

Ctenopharyngodon idella (Valenciennes)

Ақ амур

Cyprinus carpio carpio (Linnaeus)

Сазан

Pseudorsbora parva (Temminck et Schlegel)

Амур шабағы

Rutilus rutilus caspicus (Jakowlew)

Каспий қаракөзі

Жайындар тұқымдасы

Silurus glanis (Linnaeus)

Кәдімгі жайын

Адрианихтотектестер тұқымдасы

Oryzias latipes (Temminck et Schlegel)

Медака

Алабұғалар тұқымдасы

Perca schrenki (Kessler)

Балқаш алабұғасы

Sander lucioperca (Linnaeus)

Кәдімгі көксерке

2010 жылғы ғылыми аулаудың өнімділігі көлдер бойынша алуантүрлі болды. Бір ауға шаққандағы түсім бойынша ең жоғарғы орташа көрсеткішті Баклан көлі – 2,32 кг/ау көрсетті, ал келесі мәндерге Қоқышкөл – 1,32, Рай көлі – 1,20 және Сарыкөл – 1,11 (12 сағат ішінде) ие болды. Балық түрлері бойынша барлық көлдерде балқаш алабұғасы мен тыранның өнімділігі ең төмен болса, ал сазан мен жайын барлық көлдерде кездесіп, түсімі ең жоғарғы мәнге ие болды (2-кесте).



Кесте 2 – Зерттеу аулау құралдарының аулау өнімділігі, кг/ау 12 сағатта


Балық түрі

Баклан көлі

Рай көлі

Қоқышкөл

Сарыкөл

ауытқу

орташа

ауытқу

орташа

ауытқу

орташа

ауытқу

орташа

Тыран

0,14-0,40

0,25

0,13-0,35

0,22

-

-

0,13-0,21

0,11

Ақмарқа

0,45-1,45

1,02

0,49-0,64

0,60

-

-

-

-

Мөңке

0,13-0,15

0,14

-

-

0,91-1,51

1,21

0,22-0,51

0,32

Сазан

0,74-3,69

2,87

0,58-1,49

1,08

1,9-2,9

2,41

1,51-2,92

2,41

Қаракөз

0,17-0,67

0,47

1,01-1,65

1,38

0,5-0,9

0,72

0,31-1,30

0,92

Жайын

0,83-1,33

1,12

0,46

0,46

1,91

1,91

2,21-3,60

2,93

Балқаш алабұғасы

-

-

0,07-0,09

0,08

0,21-0,62

0,41

0,40-0,60

0,50

Көксерке

0,25-0,31

0,28

0,53-1,04

0,80

0,8-1,4

1,11

1,01

1,01

Жалпы

0,13-3,69

2,32

0,07-1,65

1,20

0,2-2,9

1,32

0,12-3,61

1,11


Тыран. Баклан көліндегі ғылыми-зерттеу ауланымдар көрсеткендей тыранның үйірін ұзындығы 18,0-22,0 см, ал салмағы 112-163 г аралығындағы 4 және 7 жастық дарақтар құрады.

Рай көліндегі тыран үйірінің жыныстық құрылымы 1:2,8 қатынаста болып, аналықтардың басымдылығымен сипатталды. Жастық құрамын 2-6 жастағы дарақтар құрады, ал дене ұзындығы 11,0-22,0 см, орташа 16,4 см, салмағы 22-184 г, орташа 94 г болды. Зерттелген суқоймада тыранның лигулезбен ауырған дарақтары байқалмады. Фультон бойынша қоңдылығы Баклан және Рай көлінде салыстырмалы орташа мәні сәйкес болды.

Қоқышкөлде тыран кездеспеді, ал Сарыкөлде тыран мен мөңке бірең-сараң кездескендіктен олардың биологиялық көрсеткіштеріне, сипаттамасы кесте түрінде берілмеді (3-кесте).
Кесте 3 – Құрақсу көлдеріндегі тыранның негізгі биологиялық көрсеткіштері


Жастық

қатары


Ұзындығы, см

Салмағы, г

Фультон

бойынша қоңдылығы



N

Балық үлесі, %

мин-макс

орташа

мин-макс

орташа

Баклан көлі

4

18,0

18,0

112

112

1,92

1

11,1

5

18,1-19,5

18,9

110-155

138

2,02

3

33,3

6

20,0-21,5

20,5

132-163

148

1,71

3

33,3

7

21,8-22,0

21,9

160-162

161

1,53

2

22,2

Жалпы

18,0-22,0

20,0

112-163

143

1,80

9

100

Рай көлі

2

11,0-13,0

12,2

22-46

34

1,83

6

26,1

3

13,5-16,5

14,3

36-80

52

1,74

6

26,1

4

18,0-19,2

18,8

106-146

135

2,02

4

17,4

5

19,0-20,0

19,5

146-150

148

2,00

3

13,0

6

20,5-22,0

21,3

136-184

167

1,71

4

17,4

Жалпы

11,0-22,0

16,4

22-184

94

1,84

23

100


Ақмарқа. Баклан көлінде кәсіптік балықтардың арасында басым болған түр ақмарқа болды. Ақмарқа дарақтарының көрсеткіштері ғылыми аулауда 18,0-46,0 см дейін, орташа 27,6 см ұзындықты, ал салмағы 78-1520 г, орташа 405 г құрады. Ауланған балықтардың басым бөлігін 2-3 және 5 жастағы дарақтар құрады, олардың үлесі 71,7% болды. Фультон бойынша қоңдылық 1,35-1,60 дейінгі аралықта ауытқып, орташа мәні 1,47 болды (4-кесте).

Рай көліндегі ауланған ақмарқаның саны Баклан көлімен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Үйірдің негізін дене ұзындығы 21,0-37,0 см, орташа 28,0, ал салмағы 140-802 г, орташа 349 г болды. Жастық құрамын 3-6 жастық дарақтар құрады. Фультон бойынша қоңдылығының орташа мәні Баклан көлімен салыстырғанда болмашы ғана артып 1,49 тең болды (4-кесте).

Қоқышкөл мен Сарыкөлде ақмарқа зерттеу ауларында кездеспеді.

Кесте 4 – Құрақсу көлдеріндегі ақмарқаның негізгі биологиялық көрсеткіштері


Жастық

қатары


Ұзындығы, см

Салмағы, г

Фультон

бойынша қоңдылығы



N

Балық үлесі, %

мин-макс

орташа

мин-макс

орташа

Баклан көлі

2

18,0-19,0

18,5

78-104

85

1,35

10

21,7

3

20,0-25,1

22,4

124-226

164

1,45

13

28,3

4

25,5-30,0

27,6

225-434

314

1,45

6

13,0

5

32,5-36,1

34,5

610-725

656

1,60

10

21,7

6

36,5-40,0

37,5

719-836

792

1,51

4

8,7

7

42,0-46,0

44,3

1066-1520

1352

1,54

3

6,5

Жалпы

18,0-46,0

27,6

78-1520

405

1,47

46

100

Рай көлі

3

21,0-25,0

23,0

140-250

185

1,50

4

25,0

4

26,0-30,2

28,1

242-401

335

1,49

9

56,3

5

30,8-34,5

32,6

415-602

508

1,44

2

12,5

6

37,0

37,0

802

802

1,58

1

6,3

Жалпы

21,0-37,0

28,0

140-802

349

1,49

16

100

Шабақтық сүзгімен талдаудың нәтижелері көрсеткендей көлдердегі ақмарқа балығы шабақтарының жағалау маңындағы таралуы 0,10 дана/м3 болды және бұл көрсеткіш жоғары болмағанымен көлдерде аталған түрдің көбеюіне жағдайдың бар екендігін көрсетеді (5–кесте).


Кесте 5 – Құрақсу жүйесіндегі көлдердің жағалау маңы таяз сулы ихтиофаунасының құрылымы


Балық түрі

Ұзындығы, мм

Салмағы, мг

N

Балық үлесі, %

Шоғырлануы, дана/м3

мин-макс

орташа

мин-макс

орташа

Тұқылар тұқымдасы

Амур шабағы

61-75

68

314-540

427,0

9

4,01

0,25

Мөңке

67-81

74

301-471

383,6

5

1,74

0,12

Қаракөз

47-61

54

120-248

184,1

185

89,53

12,3

Сазан

51-66

60

286-558

443,6

5

1,74

0,11

Ақмарқа

68-81

76

267-439

373,3

4

1,74

0,10

Адрианихттектестер тұқымдасы

Медака

15-21

18

140-230

185,1

3

1,18

0,07

Аталмыш суалабтарынан осы шабақтық сүзгімен адрианихттектестер тұқымдасының өкілі медака балығы да ұсталды (5–кесте).



Мөңке. Баклан көлінде мөңкенің 3 данасы ауланды олардың ұзындық көрсеткіштері 16,1-17,1 см болса, салмағы бойынша көрсеткіші 120-150 г аралықта ауытқыды. Ауланған балықтар 4-6 жастық дарақтар болды. Қоңдылық коэффициентінің көрсеткіші 3,01-3,17 дейінгі бірлікте ауытқыды.

Рай көліндегі зерттеу ауланымында мөңке анықталмады. Дегенмен жағалау маңын шабақтық сүзгімен сүзу барысында шоғырлану жиілігі 0,12 дана/м3 болатындай мөңке шабақтары тіркелді (5–кесте).

Қоқышкөлде мөңкенің бар болғаны 3 данасы ауланды. Ұзындық-салмақтық көрсеткіштері бойынша дене ұзындығы 20-25 см, салмағы 300-365 г болды. Фультон бойынша қоңдылығы 7-8 жасар дарақтарда орташа 3,20 тең болды.

Сарыкөлде мөңкенің 2 данасы кездесті. Олардың дене ұзындығы 20,0-22,0 см, ал салмағы 300-350 г аралығында ауытқыды. Жастық құрамын 3-4 жастық дарақтар құрап, Фультон бойынша қоңдылығы орташа 3,52 жетті.



Сазан. Баклан көлінде сазанның бірнеше данасы ауланды. Сазанның бойлық өсу бойынша көрсеткіші 30,0-36,0 см, салмағы 692-1264 г, жасы 5-6 жас болды. Қоңдылық индексі 2,56-2,71 дейін аралықты қамтыды.

Рай көліндегі аулауда сазанның 9 данасы ғана ұсталынды (5 данасы аталық 4 данасы аналық). Сазан үйірінің орташа көрсеткіші ұзындығы бойынша 24,4 см, салмағы бойынша 402 г. Фультон бойынша қоңдылық көрсеткіші 2,24-2,54, орташа 2,38 болды. Ауланған балықтардың басым бөлігін 20,0-24,0 см ұзындық өлшемдегі 2-3 жастық дарақтар (77,8%).

Қоқышкөлдегі ғылыми-зерттеу ауларында сазанның 14 данасы ауға түсті. Аулаудағы сазанның орташа салмағы 687 г, ұзындығы 30,5 см болды. Ең үлкен 7 жасар дарақтың дене ұзындығы 30,5 см, салмағы 1325 г көрсетті. Сазанның қоңдылығы Фультон бойынша 1,93 – 2,48 аралығында ауытқып, орташа 2,26 болды.

Құрақсу көлдерінің ішінде Сарыкөлде ғылыми-зерттеу ауларында сазанның басым бөлігі, яғни 40 данасы ауланды.

Зерттеу кезінде ауланған балықтардың негізгі бөлігін 5-6 жастағы, ұзындықтары 29-36 см, ал салмақтары 520-1000 г аралығындағы дарақтар құрады. Ғылыми-зерттеу ауларындағы сазанның орташа салмағы 713 г, ұзындығы 30,7 см құрады. Ал ең жоғарғы жасы 7 жас, дене ұзындығы 39,3 см, салмағы 1467 г құрады. Фультон бойынша қоңдылық индексі 2,21-2,46 аралығында ауытқыды, ал орташа 2,33 көрсетті (5-кесте).

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет