Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар : жебіршөптің құрғақ сығындысы 160,00 мг



Дата17.07.2016
өлшемі46.73 Kb.
түріҚұрамы



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау

комитеті Төрағасының

201 жылғы “__” _____________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН




Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

Бронхипрет® ТП



Саудалық атауы

Бронхипрет®


Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ.
Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы

Бір таблетканың құрамында



белсенді заттар: жебіршөптің құрғақ сығындысы - 160,00 мг,

бәйшешек тамырының құрғақ сығындысы - 60,00 мг,



қосымша заттар: лактоза моногидраты, глюкоза шәрбаты (құрғақ), повидон К25, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, тальк.

қабығының құрамы: титанның қостотығы (171), тальк, хлорофилл ұнтағы (Е 141), рибофлавин (Е 101), пропилен гликоль, гипромеллоза, полиакрилатты дисперсия (30%), диметикон, бұрыш жалбызы хош иістендіргіші, натрий сахарині
Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес жартылай күңгірт, диаметрі 10.1-ден 10.3 мм-ге дейін, биіктігі 5.4-тен 6.0 мм-ге дейінгі, жасыл түсті таблеткалар.


Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттардың біріктірілімдері.

АТЖ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бронхипрет® ТП таблеткалары препаратының әсері оның құрамдас бөліктерінің жиынтық әсерінің нәтижесі болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес болып көрінеді.



Фармакодинамикасы

Бронхипрет® ТП таблеткалары қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, секретолитикалық, бронхолитикалық әсер береді.

Жебіршөп сығындысы (Thymi herba) секретолитикалық және бронхолитикалық әсер береді, оған препаратта эфир майлары мен флавоноидтардың болуы түрткі болады. Сондай-ақ препараттың эфир майының тимолды құрамдасына негізделген бактерияға қарсы әсері расталған.

Бәйшешек тамыры сығындысының (Primulae radix) секретолитикалық қасиеттері бар, ол бәйшешек сапониндеріне қатысты. Қазіргі кезде белгілі болғандай, секретолитикалық әсеріне ас қорыту жолының сезімтал жүйке ұштарына әсер етудегі рефлекторлық механизмнің көмегімен жетеді.



Қолданылуы

- тыныс алу жолдарының жөтелмен және қақырық түзілуімен қатар жүретін жедел және созылмалы қабыну ауруларында (бронхит, трахеобронхит, трахеит) қақырық түсіретін дәрі ретінде


Қолдану тәсілі мен дозалары.

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге: күніне 3 рет 1 таблеткадан

Қабықтағы таблеткаларды ас ішердің алдында шайнамай жұту керек. Азғантай су мөлшерімен ішеді.
Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- асқын сезімталдық реакциялары, соның ішінде ентігу, тері бөртпесі, есекжем, беттің, ауыздың және/немесе жұтқыншақтың ісінуі.



Мүмкін

- асқазан-ішек жолының түйілулері, жүрек айнуы, құсу, диарея

Атап көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтатыңыз және дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер күрделілігі мен бұдан әрі әрекеттердің маңыздылығын және қажеттілігін анықтай алады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне, шырмауыққа, жебіршөпке, Lamiaceae (ерін гүлділер) тұқымдас басқа өсімдіктерге, қайыңға, жусанға, балдыркөкке жоғары асқын сезімталдықта

- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттестігі белгісіз.

Егер емделуші бұл препаратпен бір мезгілде басқа дәрілік заттарды қолданып жүрсе немесе Бронхипретті® ТП тағайындаудан біраз бұрын қандай да бір дәрі қолданса, бұл туралы емдеуші дәрігеріне хабарлауы қажет.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастарда қолдану


1 таблетка Бронхипрет® ТП (бір реттік доза) құрамында орташа алғанда глюкозаның 0,02 нан бірлігі бар.

Бронхипрет® ТП таблеткаларының құрамында лактоза бар, сондықтан тұқым қуалаған галактозаны көтере алмаушылығы бар, лактаза жетіспеушілігі немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясы бар емделушілерге ұсынылмайды.

Егер препаратты 1 аптадан астам уақыт қолданғанда, аурудың белгілері сақталса немесе ентігу, температура жоғарылауы, іріңді қақырық немесе қанды қақырық сияқты симптомдар байқалса, дереу дәрігерге көріну керек.

Жүктілік және лактация

Препараттың жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуының қауіпсіздігі жөніндегі клиникалық деректер жоқ болғандықтан, Бронхипретті®ТП жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.



Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға ықпалы жөнінде деректер жоқ.



Артық дозаланғанда

Артық дозаланғанда асқазан бұзылыстары, құсу және диарея болуы мүмкін. Артық дозаланған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.


Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 таблеткадан алюминий фольгадан(төменгі жағы) және ПВХ, ПЭ, ПВДХ үлбірден (жоғарғы жағы) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға (блистер) салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан (блистер) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.


Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

3 жыл.


Қаптамасында көрсетілген мерзімнен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия


Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, Германия


Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Bionorica SЕ /Бионорика СЕ/» өкілдігі

Алматы қ-сы, «Бас пошта», а/ж № 200, тел: 250-93-99



e-mail: info@bionorica.kz







Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет