Құрамы және қолданылу бағыттары


Информатика бойынша электрондық ресурстар сапасына қойылатын талаптар кешені



бет3/4
Дата14.12.2022
өлшемі55.12 Kb.
#467271
түріҚұрамы
1   2   3   4
Дәріс тақырыбы

2. Информатика бойынша электрондық ресурстар сапасына қойылатын талаптар кешені
Электрондық ресурстарды информатикамен қоса пайдалану – студент – жас мамандардың кәсіби деңгейде оқуына және ақпаратты көтеруге ықпал етеді. Бакалавр және магистрлерді дайындауда информатиканы тәжірибе жүзінде оң нәтиже беру қорытындысы электрондық ресурстарды пайдалану болып табыла бермейді.
Информатикадағы білім беру электрондық ресурстары жоғары кәсіби білім жүйесінің және сапалы білім беру электрондық ресурстары информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру тиіс. Осыған орай білім беру электрондық ресурстардың сапасын қамтамасыз ету ерекшеліктері мен қажеттіліктер жүйесі нақты электрондық ресурсты болашақ бакалавр мен магистрлерге информатиканы оқытуда қолдану шешімін қабылдау әдістемесі негізінде жатады.
Негізгі қажеттіліктерді қарастырайық:
1. Электрондық ресуртарды пайдалана отырып оқытудың ғылымилық ерекшелігін қамтамасыз ету ғылым ретінде информатика саласында білім беру электрондық ресурстар ұсынған соңғы ғылыми жетістіктер оқу материалының мазмұнының ғылыми нақтылығын және дұрытығын, барынша тереңділігін білдіреді. Білім беру электрондық ресурстар оқу материалын игеру жүйесінің қажеттілігін қалыптастыру төмендегідей ғылыми әдістермен қалыптасады: тәжірибе (эксперимент), салыстырмалы бақылау, нақтылық, талдау, индукция және дедукция, талдау және синтез, моделдеу және жүйелік талдау.
2. Білім беру электрондық ресурстарды пайдалана отырып оқытудың қол жетімділігін қамтамасыз ету ерекшелігі, студенттің жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты оқу материалын үйренуде теоретикалық қиындықтарын анықтау дәрежесін білдіреді. Болашақ бакалаврлар мен магистрлер бұл оқу материалын оқып-үйрену аса қиындыққа ұшыратпау негізі шарт болып табылады.
3. Информатиканы оқытудағы мәселе білім алушының оқу-үйрену әдістерін білуге байланысты. Білім алушылар оқу кезінде мүмкіндігі бар қиындықтармен кездескен кезде, ой-өрістері жоғарылап, дидактикалық қажеттілігі электрондық оқу көмегімен информатикада оқулықтарға қарағанда бірнеше есе жоғары болуы мүмкін.
4. Бейнелеу арқылы студенттерді оқыту қажеттілігі олардың өз көздерімен моделдерді, макеттерді көру арқылы сезімталдығын арттырады. Студенттерді электрондық оқыту кезінде бейнелеу ерекшелігінің шарты ресурстар жаңа және жоғарғы дәрежеде болуы қажет. Қазіргі таңда виртуалды шындықты тарату тек қана бейнелеу ғана емес, сонымен қатар информатика мен ақпараттық технологияда жартылай сенсорлы оқу қолданылады.
5. Студенттердің білім беру электрондық ресурстарын өзіндік оқуы олардың ой-өрісін , білімдерін жоғарылатып, информатикада алға қойған мақсатына жетуді қамтамасыз етеді. Бұл студенттердің алға қойған оқу мақсатына бағытталады. Осының негізінде білім беру электрондық ресурстарын қолдану барысында жұмыс жасауға қолайлы жағдай болуы керек. Оның негізі информатика оқулығында түсінікті мазмұнда болуы керек. Білім беру электрондық ресурстары жүйесінде студенттерді жоғарғы дәрежеде оқытудың мазмұнын сұрақтарын студенттердің өздері жағдайға қарай таңдауға немесе оқуға мүмкіндік беру.
6. Жүйелілік және реттілік ерекшелігін қолдана отырып оқыту барысында электрондық ресурстарды пайдалану студенттердің информатика саласында әдістемелік жүйенің қамтамасыз ету қажеттілігі бұл оқу-ағарту істерінің белгілі бір логикалық реттілікте тұруға бағытталған.
Бұл үшін қажетті:
- оқу құралдарының жүйелі түрде болуы;
- информатика саласындағы оқу-ағарту істерінің жаңалықтарына есеп жүргізу;
- оқытылып жатқан информатика курстарының басқа пәндермен байланысына есеп жүргізу;
- оқу құралдарына және оқыту іс-қимылдарына негізделген дидактикалық әрекет ету;
- информатика және ақпараттық технологиямен логикалық негізде оқытуды ұйымдастыру;
- білім беру электрондық ресурстарында көрсетілген теориялық ақпараттарды іс жүзінде мысалдармен байланыстыра отырып, эксперимент және ойын түрінде қарастыруды қамтамасыз ету.
7. Мазмұнды және функционалды ерекшелік арқылы тексеру өлшемді электрондық ресурстарды қамтамасыз етеді. Информатиканы оқытуда бұл ерекшеліктің қажеттілігі, ол оқу құралдарының тексеру өлшемді материалдына сай келуін және студенттердің іс әрекетін бағалайды.
8. Сенімділік ерекшелігін қамтамасыз ету тексеру өлшемді электрондық ресуртарда инфороматиканы оқу-құралдарының білім беру электрондық ресурстарымен бірге қолдану дәрежесін анықтайды. Информатикада әдістемелік жүйені оқыту қажеттілігі көптеген өлшемдер мен тексерулердің анықтылығына жауап береді.
9. Адаптивтік ерекшелік студенттің жеке мүмкіндіктерін электрондық ресурстарды оқуда қолдануды қаматамасыз етеді. Білім беру электрондық ресурстарын қолдану арқылы информатиканы оқу адаптация процесінде оқушының оқу білім саласында психологиялық ерекшелігін көрсетеді. Оқу орындарында информатиканы оқыту білім беру электрондық ресурстары адаптациясының үш дәрежесін айыра білу керек.
Адаптацияның бірінші деңгейі болып білім алушының өзіне қолайлы жеке қарқыны арқылы материалды меңгеруі есептеледі
Адаптацияның екінші деңгейіне білім алушының диагностикалық жағдайына негізделген информатиканы оқытудың мазмұны мен әдістемесі енеді.
Ал адаптацияның үшінші деңгейінде ашық базалық негізде білім беру электрондық ресурстарының авторлары мүмкіндігінше кең пайдаланылатын нұсқауларды шығаруға тырысады.
10. Оқытудың интерактивтілік ерекшелігін қамтамасыз ету информатиканы оқыту үрдісінде электрондық ресурстармен болашақ бакалаврлар мен магистрлердің екіжақты өзара байланысы болуы керектігімен түсіндіріледі. Білім беру электрондық ресурстары диалог пен кері байланысты қамтамасыз ету керек. Диалогты ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі білім беру электрондық ресурстарының білім алушы мен оқытушының іс-әрекетіне міндетті түрде теңбе-тең реакциясы болып табылады. Кері байланыс құралдары білім алушының қозғалысын реттеуді және бақылауды жүзеге асырады, алдағы жұмысқа нұсқау жасайды, анықтамалық және түсініктеме ақпараттарға үнемі қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
11. Студенттердің жеке потенциалын дамыту ерекшелігі информатиканы оқыту кезінде электрондық ресурстармен жұмыс істеу үшін ойлану стилі, қиын жағдайда кез-келген шешім қабылдай білу, ақпаратты қалпына келтіре білуіне жағдай жасайды.
12. Жүйелілік және функционалдық байланыс ерекшеліктері білім беру электрондық ресурстарында информатиканы оқыту матриалдарының курстарын көрсетеді.
13. Білім беру электрондық ресурстарының бақылау-өлшеу тапсырмаларының қалыптасу және сиректік ерекшеліктерін қамтамасыз ету. Информатиканы игеру кезінде студентке қойылатын тапсырма талаптары өлшеудің немесе бақылаудың басынан бастап емес, білім беру электрондық ресурсымен оқытудағы жұмыс барысында кездейсоқ жағдайда қалыптасу керек. Бұл жағдайда түрлі студенттерден алынатын тапсырмалар әртүрлі болу керек, яғни педагогикалық өлшеудің бірдейлігі мен объективтілігін қамтамасыз ететін информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің талаптарына жауап беруі тиіс.
14. Білім беру электрондық ресурстарын қолдану арқылы оқытудың тұтастығы мен дидактикалық циклдің үздіксіздігі ерекшелігін жүзеге асыру, информатиканы оқыту барысында барлық дидактикалық циклдардың мүмкіндіктерін ақпараттық және телекомуникациялық техникамен бірге пайдалана отырып, жүзеге асыру болып табылады.
15. Оқу материалдарын ұсыну ерекшелігі ойлау компоненттерінің байланыс және бірге іс қимыл жасау әрекеттерін қаматамасыз етеді.
16. Иерархия құрылымы түрінде информатика түсінігінің ғылыми жүйесін көрсету ерекшелігін жүзеге асыру түсініктің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл иерархиялық құрылым мен информатика түсінігінің ғылыми түсіндірмесі мүмкіндігінің нәтижесінде оқу материалдарын игерудің тиімді әдістерін информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесіндегі қажеттілігін қанағаттандырады.
17. Студентке білім алушының білім деңгейін көтеру мақсатында бақылатын жаттығу іс-әрекетін орындау мүмкіндігін қарастыру алгоритмдік және эвристикалық іс-әрекетті жүзеге асырумен жеткілікті болады.
18. Білім беру электрондық ресурстары қабылдау (көру, есту және міндетті түрде), көңіл бөлу (тұрақтылық, қосылу, бөліну және көңіл бөлу көлемі), ойлау (теориялық түсінік, теориялық бейне, практикалық бейне) есте сақтау (қысқа уақытқа, ұзақ уақытқа, жедел) сияқты танымдық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, құрылуы және қалыптасуы тиіс.
19. Тезаурусқа, контингент қозғалысына және студенттерді дайындау қасиеттеріне негізделген білім беру электрондық ресурстарын қолданып оқу материалдарын игеру қажеттілігі. Бұл жағдайда, білім беру электрондық ресурстары студенттердің білім жүйесін, қазақ және орыс тілдерін игеру білімін ескере отырып құрылуы және қалыптасуы керек. Оқу материалдарын игеру барлық контингент қозғалысына түсінікті болу керек, бірақ информатиканы оқытуда студенттің көңіл бөлу қабілетін төмендететіндей қарапайым болмау керек.
20. Электрондық ресурстардың қажеттілігі оларды пайдалану бағыты студенттердің логикалық ойлау қабілетінің дамуына негізделген.
Білім беру электрондық ресурстарына қойылатын эргономикалық талап және информатиканы оқытудағы әдістемелік жүйе қажеттіліктеріне студенттің жас ерекшеліктеріне қарай, оқуға деген мотивтік дәрежесін өсіруді қамтамасыз етеді, Білім беру электрондық ресурстары жұмысының режимі мен ақпаратты бейнелеу қажеттіліктерін орнатады. Негізгі эргономикалық талап студенттерге гумандық қатынас ерекшелігін қамтамасыз ету, білім алушылардың психикасына қарсы әсер етпейтіндей етіп, қажетті көмек және әдістемелік нұсқаулар қолдана алуына жағдай жасау, информатиканың лекция және лабораториялық сабақтарында жақсы атмосфера туғызуды қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау сипатындағы талап, информатиканы оқытуда білім беру электрондық ресурстарын пайдалана отырып, компьютер техникасын қолдануда гигиеналық талаптар мен санитарлық нормаларға сай болуы керек. Білім беру электрондық ресурстарымен жұмыс істеу барысында студентке жұмыстың санитарлық нормалары компьютер техникасымен сәйкес келетіндей етіп жасалуы керек. Бұл нормаларды сақтамау студенттің қажетті ақпаратты толық меңгермеуіне (жас ерекшеліктеріне байланысты талаптар) немесе оның денсаулығының ауырлауына әкеп соғады (гигиеналық-санитарлық талаптар).
Информатиканы оқытуға бағытталған білім беру электрондық ресурстары сапалы құжаттармен қамтамасыз етілуі керек. Білім беру электрондық ресурстарының құжаттарды дайындау талабы, қолданушының пайдалануына қолайлы, толық және әдістемелік нұсқауларға сай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет