Құрамы және оның компоненттерінің қасиеттері


  Сүт гигиенасы (Сүттің санитарлық-гигиеналық жағдайын сипаттайтын



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.01.2024
өлшемі229.15 Kb.
#489557
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сүт материал


Сүт гигиенасы (Сүттің санитарлық-гигиеналық жағдайын сипаттайтын 
көрсеткіштер Сүттің микроағзаларын ластану көздері.)
 
Кейде қолмен сауғаннан гӛрі, машинамен сауғанда сүттің сапасы тӛмендеп, онда 
бактериялар кӛбейіп және қышқылдығы жоғарлағандықтан сүт зауводтары мұндай сүтті 
қабылдаудан бас тартады, тіпті қабылдағанның ӛзінде ӛте арызан бағада алады да, 
басқалай бір ӛнімдер даярлауға пайдаланады. Мұның ӛзі сиыр сауу жұмысына мән 
берілмеген, ешбір тазалық шаралары сақталмаған шаруашылықтарда машинамен сауу 
әдістерін жете меңгермегендіктен болатыны белгілі.
Сондықтан жоғары сапалы сүт алу үшін сүтке микроорганизмдердің, ең алдымен, 
олардың сауу аппараттары арқылы енуіне жол бермеу керек. Мұны кез келген 
шаруашылықта іске асыруға болады. Ол үшін сиырды машинамен сауу жұмысы дұрыс 
ұйымдастырылып, тазалық шаралары бұлжытпай орындалуы, қораның ауласын үнемі 
тазартылып, сауу аппараттары мен сүт ыдыстары күнделікті жуып – шайылып, таза 
ұсталуы тиіс. 
Сиырды қорада баққанда сауу жұмысына қойылатын гигиеналық шарттар. Сауу 
қондырғылары жоқ шаруашылықтарда, сиырды бұрынғыша жылжымалы сауу 
аппараттары мен сауады. Бұл жағыдайда әрбір сауыншыға екі аппарат бекітіліп беріледі 
де, ол 20 – 30 сиырға дейін сауады. Мұнда да басқа жағыдай сияқты аппараттың таза 
ұсталуына айрықша назар аударылуы тиіс.
Сауу аппараттың дұрыс күтпеген жағыдайда, сүттің бактериялармен қатты 
ластануы, соның салдарынан оның қышқылдылығы тез кӛтерілуі мүмкін. Жұмыс 
аяқталғаннан кейін аппаратты жылы сумен шайқайды. Ол үшін магистриальды шлангіге 
вакуум кранын кигізеді, коллекторды ілгек арқылы тӛмен қаратып, стаканды суы бар 


шелекке батырады. Алдымен бакум кранын, сосын шелек қақпағының краннын ашады. 
Сонда су стаканға, одан сүт шлангасы арқылы шелекке құйылады. Сауу стакандарын 
бірнеше қайтара сумен шайқайды. Ал сауу стаканы бар коллекторды іліп қояды. Шелектің 
қақпағын алып, оны жуады. Осыдан кейін дәл сондай ретпен аппаратты ыстық сумен 
жуады, оның температурасы шамамен 85 градустай болуы тиіс.
Аппаратты тәулігіне бір рет 0.5 проценттік ыстық сода ерітіндісімен жуып, оны сүт 
майынан арытады. Мұнда резеңкелі еміздіктің және сүт турбасының ішін үрпекпен 
(жуғыш), ал оның жеке деталдарын щеткамен ысқылайды. Сосын аппаратты сумен 
шайқап ондағы сілтіден арылтады да, келесі саууға дейін кептіруге іліп қояды. Аптасына 
бір рет сауу аппаратын бӛлшектеп, жылы сумен жуады және пульсатордан басқа барлық
деталдарды 0,5 проценттік ыстық сода ертіндісіне (60 - 70°) құйылған легенда салады да, 
оларды щеткамен немесе үрпекпен жуады. Жуылған детальдарды басқа легенге салып, 
оның үстіне ыстық су құйып, онда 30 минуттай ұстайды. Бұдан соң аппаратты жинап, оны 
тағы да ыстық сумен шайқайды. Сиырды сауар алдында аппаратты таза сумен шайқайды. 
Кейде жуылған резенкелі детальдарды жаңасымен ауыстырады. Ал бұрынғы пайдаланған 
резеңкелі трубаларды біраз күнге пайдаланбай қоя тұрады.
Сауу қондырғыларының труба проводтарын үш айда бір рет жуады. 
Трубопроводтың әрбір бӛлігін жеке – жеке жуу керек. Ол үшін насосты іске қосады да, 
оның шеткі кранына магистральды кигізеді. Ал шланганың екінші жағын ыстық сода 
ертіндісі құйылған шелеккебатырып, кранды ашады. Ертінді трубпровод арқылы сорылып 
насосқа қарай жылжиды да, кір – лас қоспасымен вкуумды - баллонға келіп құйылады. 
Шланганы дүркін – дүркін ертіндімен шығарып алып, ауа сорғызып отырады. 
Трубопроводтың барлық бӛліктері жуылғаннан кейін вакуум – баллонды тазалайды.
Кейбір шаруашылықтарда арнайы дайындалған ваннаны пайдаланады. Бұл ванна 
30 минуттың ішінде бірден 10 аппаратты жуады. Ал егер оларды жекелеп жуатын болса 
305 сағаттай уақыт кетеді. Ваннаны тығыз қиюластырған тақтайдан жасайды, оның 
ұзындығы 2,5 метр, кӛлденеңі 25 см және биіктігі 20 см. Ваннаны жуу бӛлмесіндегі 
керегесіне орнатып, түбіне биіктігін 30 см етіп 10 ілгек жасайды да, оған сауу стакандары 
бар коллекторларды іліп қояды. Ванна шетінен ӛтетін вакуум проводта 10 кран, ал 
олардың аралығында сауу шелегінің қақпағын іліп қоятын ілгек болуы тиіс. Ең соңында 
сауу шелектерін қоятын ұзындығы 3,5 м және ені 30 см стол болады.
Ваннаға ыстық және суық су жүргізеді және ертінділерді тиімді пайдалану үшін 
ішіне екі жерден белгі соғады: бірінші белгіні түбінен 11 см биіктікте (бұл 60л суға тең) ал 
екіншісі 14 см биіктікте (80литр суға тең) соғылады.
Кезекші сауыншы алдымен 10шелекті столға орнатып сауу стакандарын ваннаға 
салып, коллекторларды ілгекке іледі, ал магистральды шлангілердің вакуум праводтың 
кранына кигізеді. Су праводының кранын ашып, ваннаны бірінші белгіге дейін суық 
сумен толтырады. Осыдан кейін барлық вакуум крандарын ашып, күллі аппаратты бір 
мезгілде жуып шығарады. Аппаратты түгелдей жуып шағу үшін ваннаға (екінші белгіге 
дейін) ыстық су құяды. Осындай қарапайым құрастырудың нәтижесінде сауыншының 
жұмыс ӛнімділігі едәуір артады, ал сауылған сүттің сапасы жақсара түседі.
Сауар алдында сиырдың жеклінін жуудың сүттің таза болуы үшін айрықша 
маңызы бар. Мүмкіндігінше сиырдың желінін қағаз салфеткамен сүрткен жӛн. Сиырдың 
емшек үрпіндегі алғашқы сүтті сауып алғандағы арнайы кружканы (түбі қара) 
пайдалнаған тиімді. Желін ауруға шалдыққанда сүттің құрамы ӛзгереді, оған қан, ірінді 
қоспалар араласады, ірімтіктенген сүт пайда болады. Мұндай белгілер түбі қара 
кружкадан жақсы байқалады.
Ауру сиырды әсіресе желін саумен ауырған сиырды ең соңынан сауу керек, ал 
оның сүті жалпы сүтке араласпауы тиіс. Желінді үнемі таза ұстау санитарлық жағынан 
сапалы сүт алудың негізгі кепілі. Гигиеналық шарттарды үнемі сақтай отырып, желінді 
үнемі таза ұстаудың ӛзі сүттегі бактерияларды едәуір азайтады.


Сүт праводымен сиыр сау гигиенасы. Сиырды бұлай сауғанда желіннен шыққан 
сүт бірден танкке құйылады. , ал оған дейін сүт шлангімен трубопровод арқылы талай 
ыдыстарға келіп, кӛптеген кедергілерден ӛтеді. Егер мұндай жағыдайларда тазалық 
шаралары мұқият сақталмаса сүттің сапасы күрт тӛмендеуі сӛзсіз. Зерттеулерге қарағанда, 
сүт проводтарын тіпті күнделікті ыстық сода ертіндісімен мұқият жуып тұрғанның ӛзінде 
жоғары сапалы сүт алынбайтыны байқалады.
Сүт проводының ұзындығы кей жағыдайда 80 – 90 метрге дейін, тіпті одан да ұзын 
болуы мүмкін, мұның ӛзі оны тазалау жұмысын едәуір қиындататыны белгілі. Сүттің 
сиыр желінінен танкке дейін жүретін жолын қарастырып кӛрелік: сауу стаканы, коллектор, 
резеңкелі шлангі, кӛру қондырғысы, сүт проводы, сүзгіш қондырғы, салқындатқыш 
диафрагмалы немесе ортадан тепкіш насос және ең соңында танк. Осы бӛлшектердің 
немесе детальдардың жӛнді жуылмауы сүтті едәуір ластайтыны сӛзсіз.
Мына жағыдайды ескертелік, егер сауу аппараты мен сүт проводыф жақсы 
жуылғанмен, салқындатқыш немесе насостардың біреуі жӛнді жуылмаса, онда барлық сүт 
ластанады. Сондықтан қандай жағыдайда болмасын сапалы сүт алу үшін сүт жүретін 
барлық линияларды мұқият жуып отыру керек.
Сиырды байламай баққанда сауу гигиенасы. Басқа әдістерге қарағанда сиырды 
байламай бағудың кӛптеген артықшылықтары бар.
Сауыншылық жұмыс ӛнімділігін арттыруда күллі сауу процестерін комплексті 
механикаландырудың айрықша маңызы бар. әрі мұның ӛзі сапалы сүт алудың да 
кепілі.байламай баққанда сиыр сауу станоктарына еркін кіріп, шығатындай етіп жасайды.
Сауу алдында сиырды сауғанда сүт беретін флягаларға немесе сүт проводтары 
арқылы салқындатқышқа, одан сүт танкісіне құйылады. Сауу алаңында ұзындығы 8 – 10 м 
вакуум провод пайдаланылады. Мұнда сонымен қатар су жылытылатын жерден 
трубопровод арқылы жылы су жеткізіледі. Сиырдың желінін душ воронкасы арқылы таза 
жылы сумен жуып тұрады.екпінмен келген су желінді тез, әрі жақсы жуады. Сиырдың 
желінін жуу, сылау, сүрту оның тез июіне әсер етеді, әрә сүтті кӛп алуға мүмкіндік береді.
әрбір сауу алдында сүт проводынан губка ӛткізеді, ал соның артынан барлық 
линияғы ыстық су жібереді. әрбір жеті күнді бір рет жұмыс істеп тұрған аппараттың 
линияларына 60 литрдей кальцийленген соданың 0,5 проценттік ыстық ертіндісін құйып 
шайқайды. Аппараттың іші жақсы жуылу үшін шелектің ішіндегі ертіндіні бірден 4 
аппаратпен сорып алады.
Қазіргі кезде айналмалы жуу әдісін қолданып жүр. Бұл әдіс әрі тиімді, әрі жұмыс 
істеуге оңай.
Сауу аппаратының барлық тетіктері – сүт проводы, вакуумды сүт салқындатқыш, 
жалғастырғыш шланг, диафрагмалы сүт насосы, сауу стакандары, коллекторлар, кӛру 
қондырғысы және сүт шлангілері жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.
Жуу жұмысын былай жүргізеді: алдымен барлық сауу стакандарын стаканшалраға, 
ал диафрагмалы сүт насосын шланга арқылы трубаға кигізед. Осыдан кейін сүт проводын 
вакуум салқындатқышынан ажыратып, оған суық су құяды да, қайтадан сүт проводына 
жалғастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет