ҚҰрамы кемалова Роза Кенесқызы облыс әкімінің бірінші орынбасары, төрайымы



жүктеу 82.17 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі82.17 Kb.


Облыс әкімдігінің 2015 жылғы

27 наурыздағы №106 қаулысына

қосымша
Ақтөбе облысының бюджет комиссиясының

ҚҰРАМЫ


Кемалова

Роза Кенесқызы





облыс әкімінің бірінші орынбасары,

төрайымы


Айдашева

Рузия Әдиетқызы



«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы, төрайымының орынбасары



Байназарова Алия Сатмағамбетқызы

«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бюджеттік жоспарлау және бюджетаралық қатынастар бөлімінің бас маманы, хатшы







комиссия мүшелері:


Мажитов

Руслан Шамшадинұлы




«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

ММ басшысының орынбасары



Давлетова

Алтын Орынбайқызы



«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы







Балмұқанов

Марат Нүренұлы



«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы


Нуршин

Қанат Қуанышұлы


Әмірғалиев

Алтынбек Аманұлы




«Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ басшысы


  • «Ақтөбе облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы

Төлегенов

Жақсат Сәндібайұлы

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

ММ мемлекеттік – құқықтық жұмыстар

бөлімі басшысының міндетін атқарушы





Ибраев

Асан Сағынғалиұлы



облыстық мәслихат депутаты, облыстың экономика, қаржы және бюджет бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Облыс әкімдігінің  2015 жылғы

27 наурыздағы №106 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН




Ақтөбе облысының бюджет комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін Ақтөбе облысының бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

3. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган болып табылады.


 2. Комиссия қызметінің мақсаты

4.  Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және облыстық бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары

5. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:

1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) жоспарлы кезеңге облыстық бюджет жобасы көрсеткіштерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) облыстық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

6) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) бюджет кодексінде және осы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.

6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;

бюджетаралық қатынастарды дамыту бағыттарын;

мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді облыстық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін;

объектілер бөлінісінде бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге аудандар, облыстық маңызы бар қала бөлінісінде нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;

2) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;

облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер;

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының қарызға алуын;

бюджеттік мониторинг нәтижелері және жүргізілген бағалау нәтижелерін;

жергілікті атқарушы органдардың заттай нормаларды өзгерту немесе жою туралы ұсыныстарын;

облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары, бюджеттік өтінімдер жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;

жоспарлы кезеңге облыстық бюджет туралы шешім жобасын;

жергілікті немесе аудандық бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдерінің қысқаруын көздейтін жергілікті атқарушы органдардың шешім және қаулы жобаларын;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін жасаған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемін;

облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемін;


      облыстық бюджетін нақтылау, секвестрлеу және түзету;

жекелеген мемлекеттік қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған өзге міндеттердің тізбесі;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;

концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу үшін концессиялық жобаларды қаржыландыру;


       бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу;

концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемін;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жоспарлау кезеңінен өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.


 4. Комиссияның құқықтары
7. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

1) жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;

2) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;

3)  заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға;

4) комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмаған кезде - бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

5) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға;

6) облыстың бюджеттік комиссияның жұмысына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартуға құқығы бар.

 5. Комиссияны қалыптастырудың және оның


қызметінің тәртібі
  8. Комиссияның құрамын Ақтөбе облысының әкімдігі айқындайды.
      9. Комиссия құрамына:

1) комиссия төрағасы;

2) комиссия төрағасының орынбасары;

3) комиссия хатшысы;

4) комиссия мүшелері кіреді.

10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын ол тағайындаған комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

11. Комиссия хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

12. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

13. Жұмыстың жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Комиссия мүшелерімен келісу және комиссия жұмысының жоспар-кестесін жіберу бюджеттік өтінімдерді жобаларын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.

14. Комиссияның шешімдері комиссия мүшелерінің жай көпшілік дауысымен, сондай-ақ сауалдама жүргізу жолымен қабылданады және олар үшін комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

15. Комиссия қабылдаған шешім комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және комиссияның барлық мүшелерінің ортақ пікірін білдіретін хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда комиссия хаттамасына қоса тігілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.

 16. Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында ол қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауға және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.

17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді.

Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді жұмыс органы жиырма жұмыс күнінен асырмай қарайды және құжаттардың толық пакеті болған жағдайда комиссияның қарауына шығарады.

Жұмыс органы комиссия отырысында қарау үшін материалдарды комиссия мүшелеріне отырыс өткізілетін күнге дейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

18. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды комиссия мүшелеріне тарату, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінді көшірмелер жіберу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.


 6. Комиссияның қызметін тоқтату
19. Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссия қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдауы комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

20. Осы ереженің 19-тармағында көрсетілген, комиссияның қызметін тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлар туындаған кезде комиссия Ақтөбе облысының әкіміне жасалған жұмыс туралы есеп-хат жібереді.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет