Құрамы мен қасиетi Ситуациялық сұрақтар: Сүтті санитариялық бағалау



бет14/16
Дата21.12.2023
өлшемі79.02 Kb.
#487441
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
14 сүт

Сүттiң сыну коэффициентiн су, лактоза, казеин, iркiт белоктары, тұз, белок емес азоттық қоспалардың сыну коэффициенттерiнiң көрсеткiштерi түзедi. Рефрактометрлермен (АМ-2, РПЛ-3 т.б.) өлшенген сүт және сүт сарысуының сыну көрсеткiштерiне қарап, сүттегi майсыз құрғақ қалдықты, белокты және лактозаны анықтауға болады. Сүтке су қосылған сүт сарысуының сыну көрсеткiшi орта есеппен, қосылған судың әр пайызына 0,2 өлшемге кемидi.

Сүттiң электр өткiзгiштегi негiзiнен Cl, Na+, K+ және басқаларының иондарымен байланысты, ол 39,4951,3 х 10-14Ом құрайды. Бiрақ та, ол малдың денсаулығына, сауылу кезеңiне, тұқымына және т.б. байланысты. Желiнсау ауруында электр өткiзгiштiгi көтерiледi, ал сүтке су қосылса төмендейдi.

Тотығу-тотықсыздану потенциалы - сүттiң тотығу-тотықсыздану қабiлетiн сипаттайды. С дәруменi, лактофлавин, токоферол, цистин, пигменттер, ферменттер, бактериялардың тiршiлiгі өнiмдерi тотығуға немесе тотықсыздануға қабiлетi бар заттарға жатады. Балауса шикi сүттiң тотығу-тотықсыздану потенциалы 250-350мВ болады. Сүтте бактериялар өскенде, сүттi қыздырғанда оттегiнiң жоғалуы және С дәруменнiң ыдырауына орай сүттiң бұл қасиетi төмендейдi.

Сүттiң меншiктi жылу сыйымдылығы - 0,910-0,925 ккал/кг. Бұның өзi оның химиялық құрамымен байланысты. Бұл көрсеткiштi сүттi қыздыруға немесе салқындатуға жұмсалатын жылу мен суықтың мөлшерiн анықтауда пайдаланады. рН-активтiк қышқылдылығы - сүт iшiндегi сутектiң бос иондарының концентрациясы. Орта есеппен табиғи сүттiң рН-6,7 (6,6-6,8). Сүттiң белсенді қышқылдығы мен титрлiк қышқылдылығының аралық қатынастарында өзара тiкелей байланыс болмайды.

Сүттiң буферлiк сиымдылығы - сүттiң рН мөлшерiн бiр бiрлiкке өзгерту үшiн 100 мл сүтке қосылған сiлтi немесе қышқылдың мөлшерiмен анықталады.

Сүт құрамының сүт өнiмдерiн өндiру технологиясындағы маңызы. Сүттiң маңызды технологиялық қасиетi болып, оның термиялық тұрақтылығы және мәйекпен ұйысуы саналады.

Сүт құрамының сүт өнiмдерiн өндiру технологиясындағы маңызы. Сүттiң маңызды технологиялық қасиетi болып, оның термиялық тұрақтылығы және мәйекпен ұйысуы саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет