Айналым құралдарының айналымдығын талдау
(«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің)
№
|
Көрсеткіштер
|
2005 жыл
|
2006жыл
|
|
1
|
Өнімді өткізуден түскен түсім
|
155644
|
2345052
|
2189408
|
2
|
Ағымдағы активтердің орташа шамасы
|
14209519
|
1195433
|
-13014086
|
3
|
Ағымдағы активтердің айналымдылығы
|
0,01
|
1,96
|
1,95
|
4
|
Бір айналым ұзақтығы
|
91,3
|
0,5
|
-90,8
|
5
|
Бір күндік айналым
|
36000
|
184
|
-35816
|
Есептеу үшін ақша қаражаттарының шоттары бойынша («касса», (есеп айырысу шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезенінің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады. Осы мақсатта мына формула қолданылады.
Мұнда; ДСn – n айының басындағы қалдықтар;
n - кезеңдегі айлар саны.
Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 1040 «Ағымдағы банктік шотындағы» барлық шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілік өздерінің контрагенттерінен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (қызметкерлердің еңбек ақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын – ала банктен алу болжанады.
Меншікті қаражат есебінен банктер арнайы шот ашып, оны пайдалану (чек кітапшалары, акредиттивтер) да есептесу шотынан сәйкес арнайы шотқа қаражат аудару мен байланысты болады. Бұл жағдайда ақша шоты бойынша несие айналымдарының сомасының айналымы шамасын есептеу үшін пайдалану қосарлас шотқа яғни, оның қортындысында кәсіпорындағы ақша қаражатының айналымдылық көрсеткіші айтарлықтай бұомалануына әкеліп соқтырар еді. Егер кәсіпорында есептесудің едәуір бөлігі касса арқылы беретін болса қолма – қол ақшамен жүргізілсе және арнайы шоттарды кұру заемдық негізде іске асырылса, онда 1010 – тармақтын «кассадағы барлық» және 1020 – тармақтын «банктегі арнайы шоттағы ақша қаражаты» шотында өзінің алдын –ала сомалар 1040 «Ағымдағы банк шотындағы барлық» шотының кредиттік айналым сомасына қосылу керек.
Талдау жүргізген кезіндегі айналымдар санын көрсететін ақша қаражатының айналымдылық коэффициентімен қатар олардың жеткілікті екендігіе бағалауға мүмкіндік беретін ақша қаражатының айналымы кезеңінің ұзақтығы анықталады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:
Мұнда; До дс – ақша қаражатының айналым кезеңі;
ДСс – ақша қаражатының орташа қалдығы;
Др – талдау кезеңінің ұзақтығы;
ДСо – талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
Формула бойынша есептелген біздің кәсіпорындағы ақша қаражатының айналым кезеңі 2,08 –ден (наурыз) 4,86 (тамыз) күнге дейін ауытқыды. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның шотына ақша түскен мерзімінен оның шығып кетуіне дейін, орташа үш күннен аз уақыт өтті (4,86 - 2,08).
Бұл кәсіпорында қаражатын айқын жетіспейтіндігін білдіреді, ол дебиторлық борыш есеп беру жылынын соңында едауір көлемді 1671 мың тенге, яғни өткен жылдың басымен салыстырғанда 46,6% артық жағдайда, бұл өте кауіпті болып табылады.
Кәсіпорындағы ақша қаражатының іс жүзіндегі қозғалысын ашып көрсету, оның ырғақты түсуі мен жұмсалуын бағалау және кәсіпорындағы қол жеткізген қаржы нәтижесі шамысын байланыстыру үшін ақша қаражатының түсуі (кемуі) мен шығуының (кетуі) барлық бағыттарын бөліп және талдаау керек.
Ақша қаражаты қозғалысының көрсетілген бағыттарын операциялық (ағымдағы), инвестициялық және қаржылық қызмет ауқымында қарау қажет.
10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығын.
Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коәффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көосетеді.
Алымындап сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде –кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:
Мұнда; Ди – және Ки – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.
Бұл коәффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзіиді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коәффициентімен салыстырған абзал.
11. Істегі капиталдың айналымдығын алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезендегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі.
Мұнда: Фк – істегі капитал.
Бұл коэффициенттің мағнасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдығының баяулағанын немесе жылдамдағаннан көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл коэфициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның сатудан түскен табысын (ақша) тікелкй әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.
12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманентті капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:
Мұнда: Пер/к - перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорыннның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттремелерінің әсерін еске алу керек.
13. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі)көбейту арқылы есептеледі:
Іскерлік белсенділік көрсеткішіне Т.Б. Крылова (47) енңбек өнімділігінде кіргізуді ұсынады. Біздің көзқарасымыз бойынша болу көрсеткіш қор қайтарымы секілді, шарушылық жүргізуші субъектінің қызметінің тиімділігін көбірек сипаттайды.
Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерліңк белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадық, оларды талдау кәсіпорын өзінің қаражатын
қаншалықты тиімді жұмсағанын анықтауғы көмектеседі. Бұл көрсеткіштерді талдау мен қатар, кәсіпорынның нарықтық белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап және жан – жақты талдап қорыту керек.
Кесте -7
Айналым құралдарының айналымдығын талдау
(«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің)
№
|
Көрсеткіштер
|
2005 жыл
|
2006жыл
|
|
1
|
Өнімді өткізуден түскен түсім
|
155644
|
2345052
|
2189408
|
2
|
Ағымдағы активтердің орташа шамасы
|
14209519
|
1195433
|
-13014086
|
3
|
Ағымдағы активтердің айналымдылығы
|
0,01
|
1,96
|
1,95
|
4
|
Бір айналым ұзақтығы
|
91,3
|
0,5
|
-90,8
|
5
|
Бір күндік айналым
|
36000
|
184
|
-35816
|
Талдау бойынша айналым құралдарының айналымдылығын талдаған кезінде айналымдылығы жыл басында 0,01 ал, 2006 жыл 1,96 өткен жылмен салыстырғанда, 1,95 күнге жоғарлады. Бір күндік айналым 2005 жылы 36000 күн 2006 жылы 184 күн болып, өткен жылмен салыстырғанда 35816 күнге қысқартылып айналым жылдамдытылды деуге болады.
Кесте – 8
Қорлар және дебиторлық борыштардың айналымдылығының коэффициентін есептеу
(«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің)
мың тг.
№
|
Көрсеткіштер
|
2005ж
|
2006ж
|
Ауытқуы
|
1
|
Өнімді өткізуден түскен түсім
|
155644
|
2345052
|
2189408
|
2
|
Қорлардың орташа жылдық мөлшері
|
294342
|
256332
|
-38010
|
3
|
Өнімнің өзіндік құны
|
47328
|
1630464
|
1583136
|
4
|
К қор (ретпен)
|
0,5
|
9,1
|
8,6
|
5
|
К қор (3/2)
|
0,2
|
6,3
|
6,1
|
2
|
Дебиторлық берешек орташа жылдық шамасы
|
13886833
|
863282
|
-13023551
|
3
|
Дебиторлық берешек айналым коэффициенті
|
0,01
|
2,7
|
2,69
|
4
|
Дебиторлық берешектің өтеу мерзімі
|
36000
|
133
|
-35867
|
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің қорларының айналымдылығын талдау кезінде өнімді өткізуден түскн түсім 2005 жылы 155644 мың теңге, 2006 жылы 2345052 мың теңге, ал өткен жылмен салыстырғанда 2189408 мың теңгеге төмендегені байқалды. Осы өнімді өткізуден түскен түсімнің өсіне өнімнің өзіндік құны 1583136 мың теңгеге жоғарлады. Бірақ қорлардың айналымдылық коэффициенті есеп беру жылы, 9,1 пайызға, 2006 жылы 0,5 пайызға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға жоғарлады. Сондықтан қорлардың айналымдылығына көп назар аудару керек. Егер де қорлар айналымдылығы жақсы болса өндіріс тиімділігіне жақсы әсерін тигізеді. Осы кестеде көрсеткендей талданылып отырған кәсіпорынның дебиторлық борыштар 13023551 мың теңгеге төмендеді. Дебиторлық берешектің айналым коэффициенті 2005 жылы 0,01 пайызға, 2006 жылы 2,7 пайызға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 2,68 пайызға, жоғарлады.
Өндірісте айналым қорларын пайдалануы бағалау өнеркәсіп кәсіпорында маңызды мәселенің бірі – айналым қорларын пайдалануды үнемі жақсарту болып табылады. Шикізаттарды, отынды, көмекші материалдарды т.б. неғұрлым тиімді пайдаланылса, соғұрлым белгілі өнім санын өндіруге кететін шығындар азайып, өндіріс өнімдерінің көлемі көбейуге мүмкіндік болады. Материалдар ресурстарының шығыны және материалды ресурстарының пайдалану деңгейін пайдалану көрсеткіштеріне бөлінеді. Материалдар ресурстарының шығыны оның өндірістегі тұтынылуы мен көрсетілуін айтады. Өнімді шығару жоспарын орындау кәсіпорынның тікелей материалдық ресурстарының санына өндірісте жұмсалған шығын көлемімен қамтылып көрсетіледі. Сонымен бірге материалдық ресурстарды жөндеу мұқтаждығына қызмет ететін ішкі зауыт көліктеріне, қосалұы шаруашылықты қамтуына, мәдени тұрмысқа қажетті шығындар жұмсалады.
2.3 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау мен табыстылықты талдау.
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалауда 1- ші көрсеткіші:
Кәсіпорын активтерінің құнын анықтағанда кәсіпорынның қызмет ауқымы мен сенімділік деңгейін марапаттайды, кәсіпорынның қаржылық жағдайының индикаторларын есептеуге негіз болады. Бұл көрсеткішті анықтауда баланс активінің екі бөлімінің қорытындысының қосындысы, яғни баланс валютасы.
Өндірістік мақаттағы мүлік коэффициенті – кәсәпорынның өндірістік потенциялын сипаттайды.
2. Кмүлік=негізгі құралдар+өндірістік құралдар+аяқталмаған өндіріс/баланс валютасы>0,5
Кмүлік=4322400+294342\18434809=0,25(2005жыл)
Кмүлік=4374837+256332\5364227=0,86(2006жыл)
Кәсіпорын активтерінің қозғалыс коэффициент – қарызды өтеудегі қаражат үлесін немесе кәсіпорын активтерінің жалпы құнындағы ағымдағы активтерінің үлесін сипаттайды.
3. Активтер қозғалысы=ағымдағы активтер\баланс =0,5-тен кіші емес;
Кактивтер қозғалысы=27063900\30684491=0,88(2005жыл)
442606672\47900511=0,92(2006жыл)
Қозғалыстағы және иммобилизацияланған қаражаттардың арақатынас коэффициені-ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің арасындағы арақатынасты көрсетеді. Бұл арақатынастың оптималды және қауіпті мөлшері салалық ерекшеліктерге байланысты.
4.Киммобилизацияланған қаражаттардың арақатынас коэффициенттері =ағымдағы активтер\ ұзақ мерзімді активтер.
=0,5-тен кем емес:=14209519\4225290=3,4(2005жыл)
1195433\4168794=0,3(2006жыл)
5.Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициенті кәсіпорынның материалды-техникалық базасын сипаттайды.
Кнақты құны бойынша=құндық бойынша негізгі құралдар \баланс=4322400\18434809=0,2(2005 жыл)
1195433\4168794=0,3(2006жыл)
Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын онды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді олардың ол бөлігі негізгі құралдарғада, айналымынан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүліктің нақты ұрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыеымен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейд. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстылығымен мен сипатталады.
6. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті – негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды. Бұл көрсеткішті бағалау 2.3.1. кестеде көрсетілген.
7. Негізгі құралдардың жаңарту коэффициенті – бұл негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды. Бұл коэффициенті анықталады:
Кезең ішінде келіп түскен жаңа негізгі құралдардың құны/ кезең соңындағы негізгі құралдардың бастапқы құны;
8. Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициент анықталады келесі формуламен:
Негізгі құралдардың қалдық құны/ негізгі құралдардың бастыпқы құны. Бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиіс.
9. Негізгі құралдардың істен шығу коэффициенті –кезең ішінде есептен шығырылған негізгі құралдарды сипаттайды.
Бұны анықтау кезінде келесі формуланы қолданады:
Есеп кезінде есептен шыққан негізгі құралдардың құны/кезең басындағы негізгі құралдардың бастапқы құны.
Кесте -9
Негізгі құралдардың техникалық жағдайының сипаттамасы
(«Оңтүстік Жарық Транзит»ЖШС-нің)
мың тг
№
|
Көрсеткіштер
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
Ауытқуы
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Негізгі құралдардың бастапқы құны
|
4322400
|
100
|
4374837
|
100
|
52437
|
-
|
2
|
Негізгі құралдардың тозуы
|
97219
|
0,3
|
206074
|
0,4
|
108855
|
0,1
|
3
|
Негізгі құралдардың қалдық құны
|
4225181
|
0,7
|
4168763
|
0,6
|
-56418
|
-0,1
|
4
|
Тозу коэффициенті (2/1)
|
|
0,02
|
|
0,04
|
|
0,02
|
5
|
Жарамдылық коэффициенті (3/1)
|
|
0,97
|
|
0,95
|
|
-0,02
|
6
|
Нақты құн (3/баланс)
|
|
0,2
|
|
0,7
|
|
0,5
|
7
|
Баланс
|
18434809
|
|
5364227
|
|
-13070582
|
|
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдауда негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің кәсіпорын ұшін ұтымды мәні 0,5 тен кем емес болуы керек. Негізгі құралдардың жарамдылық және тозу коэффициенті 0,5тен кем емес болуы қажет. Біздің талдау бойынша жарамдылық коэффициент жыл басында 0,97 жыл аяғында 0,95 мәнді көрсетті. Ал тозу коэфициенті 2005 жылы 0,02-ке 2006 жылы 0,03-ке ие болды. Бұл серіктестік болашақта негізгі құралдардың техникалық жағдайына көңіл бөлу керек болды.
Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші- бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады. Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі.
Табыстар – бұл есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі. Ереже бойынша сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысты алу мүмкін емес. Ал, табыс болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті шешуі мүмкін емес.
Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерін нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:
-
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кірі;
-
Жалпы табыс;
-
Қаржыландырудан түскен кірістер;
-
өзге кірістер;
-
негізгі емес қызметтен алынатын табыс;
-
Салық салынғанға дейінгі табыс;
-
Салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;
-
Төтенше жағдайлардан болатын табыстар;
-
Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс.
Табыс жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін көрсетеді. Кейбір экономистер оны экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер кәсіпорын жұмысы тиімділігіне жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша бірінші айтылған сөздер дұрыс.
Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізеді. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті кездері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынатын тасталып көрсетіледі.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоғамдағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізуден қаржылық нәтижесін білдіріеді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұ жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын- энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәісорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес,
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
Дн=Дж -Рк
Мұндағы: Дн –негізгі қызметтен алынатын табыс;
Дж – жалпы табыс;
Рк - кезең шығындары.
Дн=108316/19244=5,6 (жыл басында)
Дн=714588/1022733=0,6 (жыл аяғында)
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды бабыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздері ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерінанықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады.
Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпоарын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Кәсіпорын активтерін (мүлік) пайдалану тиімділігі – берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
-
басқару тиімділігінің көрсеткіші
-
кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететінөлшеуіне
-
табысты болжау әдісі;
-
шегім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде авансталған капиталдың табысылық деңгейі лның сапасын индикатор болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін беретін өлшеуіш ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алдынатын табысын активтермен байланыстыруға мүмкіндік береді.
1. Кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі - өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2. Жалпы активтердің айналымдығы;
Таза табыс жалпы активтердің орташа мөлшері = таза табыс / ӨӨТТ*ӨӨТТ/жалпы актив орташа мөлшері;
Таза табыс жалпы активтердің орташа мөлшері = 89078/155944*155644/11899518=0,005
Кесте -10
Көрсеткіштер
|
Формула
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
Ауытқуы
|
Өнімді өткізуден түскен табыс (ӨӨТТ)
|
Қосылған құн сал-н акция ж/е басқа міндетті төлем мен салық ж/е қайтарылған тау.құнын сауда шегерімдерін есептегенде ӨӨТТ
|
155664
|
2345052
|
2189408
|
Жалпы табыс (ЖТ)
|
ӨӨТТ-нег.қызмет нәтижесінде өткізілгенөнім өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма
|
108316
|
714588
|
606272
|
Маржиналды табыс
|
ӨӨТТ – айналым шығысы
|
136400
|
1322319
|
1185919
|
Негізгі бюджеттен түскен табыс
|
Жалпы табыс –кезең шығындары
|
89072
|
-308145
|
-219073
|
Негізгі емес бюджеттен түскен табыс
|
Негізгі емес қызметтен алынған табыс сомасы
|
6
|
10567
|
10561
|
Лық
Анғанға дейінгі түскен табыс
|
Негізгі ж/е негізгі емесқызметтен түскен табыс сомасы
|
89078
|
-297578
|
-208500
|
-лық
-ынғаннан гі қызметтен түскен табыс
|
Салық салуға дейінгі қызметтен түскен табыс – табыс салығы
|
89078
|
-297578
|
-208500
|
Басқа табыс
|
Жалпы табыс – есептелген салықтар
|
89078
|
-297578
|
-208500
|
Талдау бойынша өнімді өткізуден түскен табыс жыл басында 115644 мың теңге, жыл басында 2345052 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 2189408 мың теңгеге жоғарлады. өнімді өткізуден қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табыс жыл басында 108316 мың теңге, жыл аяғында 714588 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 606272 мың теңгеге жоғарлады. Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді. Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет. Таза табыс жыл басында 89078 мың теңге, жыл аяғында 297578 мың теңгеге, 208500 мың теңгеге төмендеді.
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтер коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сытқы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
-
өткізілген өнімнің бағасының өзгеруі;
-
өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
-
өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Кесте – 11
Достарыңызбен бөлісу: |