Құрамы Негізгі қорлар бағалау түрлері Негізгі қорлардың баланстары Негізгі қорлар жағдайы, қозғалысы, пайдаланылуының көрсеткіштері Айналым қорлары


Төменде көрсетілген мысал бойынша жоғарыда айтылған өсіңкіліктің негізгі көрсеткіштерін екі тәсіл арқылы есептейік



бет4/6
Дата05.04.2023
өлшемі169.91 Kb.
#471798
1   2   3   4   5   6
10 Өсіңкілік қатарлар

Төменде көрсетілген мысал бойынша жоғарыда айтылған өсіңкіліктің негізгі көрсеткіштерін екі тәсіл арқылы есептейік:

Төменде көрсетілген мысал бойынша жоғарыда айтылған өсіңкіліктің негізгі көрсеткіштерін екі тәсіл арқылы есептейік:

Нақты өсім. Бұл өсіңкілік қатардың жай түрі болып саналады. Нақты өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң, не теріс шамаға немесе нолге тең болуы да мүмкін.

Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегерсек, онда нақты өсім тұрақты тәсілмен есептеледі:

∆н = Уi – У0,

мұндағы ∆н – нақты өсім; Уi – ағымдағы уақыт дәрежесі; У0 – тұрақты базалық уақыт дәрежесі; i – қатардың реттік номері.

Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесін шегеретін болсақ, онда тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсім анықталады:

∆н = Уi – Уi-1,

мұндағы Уi – ағымдағы уақыт дәрежесі; Уi -1 – ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

Енді төмендегі мысал бойынша келтірілген формулаларды қолдана отырып, нақты өсімнің екі тәсілмен есептелуін қарастырайық:

Енді төмендегі мысал бойынша келтірілген формулаларды қолдана отырып, нақты өсімнің екі тәсілмен есептелуін қарастырайық:

Қазақстан бойынша көмір өндіру, млн.тг.

Өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екендігін сипаттайды, яғни осы екі уақыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты шамасы арқылы есептелінеді. өсу қарқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді:

Тұрақты тәсіл: Кө = Уi / У0,

Мұндағы Кө - өсу қарқынының коэффициенті; Уi – ағымдағы уақыт дәрежесі; У0 – тұрақты базалық уақыт дәрежесі.

Тізбектелген тәсіл: Кө = Уi / Уi-1, мұндағы Уi -1 – ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

Осы екі тәсілмен есептелінген өсу қарқынының коэффициентін (Кө) 100 – ге көбейтіп, оның процентін (Өқ) есептеуге болады:

  • Өқ = Кө * 100 = (Уi / У0) * 100 – тұрақты тәсіл;
  • Өқ = Кө * 100 = (Уi / Уi-1) * 100 – тізбектелген тәсіл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет