ҚҰрамы павлодар Кереку 2010 Пікіржазғандар



бет1/6
Дата10.06.2016
өлшемі466 Kb.
#126447
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

С.Т. ИКСАТОВА


ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

Павлодар


Кереку

2010


Пікіржазғандар:

Ағыбаев А.Н. заң ғылымдарының докторы, профессор аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы.


Олжабаев Б.Х. заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Торайғыроа атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасы.
Қылмыс құрамы: Практикалық-оқу құралы.
Практикалық-оқу құралы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі негізінде дайындалып, "Қылмыс құрамы" ұғымына жан-жақты түсінік берілген.

Практикалық-оқу құралы ретінде заң оқу орындарында және практикалық қызметте пайдалану ұсынылады.





Кіріспе

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принципттері мен нормаларына негізделген.

Қылмыстық құқық пәнінің Жалпы бөлімінің «Қылмыс құрамы» курсын оқу барысында болашақ заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.

Қылмыс құрамын терең оқып меңгеру болашақ заңгерлер үшін заңдылық қағидасын берік сақтаудың, оны іс жүзіне асырудың кепілі болары сөзсіз.



1 Қылмыстың құрамы
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.

Қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау қажет. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық- заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет.

Нақты қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын, қылмыстық заңда белгіленген объективтік нышандардың жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп атау қабылданған.

Қылмыс пен қьглмыс құрамы өзара ұқсас, бірақ бірдей ұғым емес.

Қылмыс — нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі және ол көптеген өзіне тән нышандармен сипатталады.

Ал қылмыс құрамы — қандай да бір къглмыстык әрекеттің өзіне тән белгілерін ғана анықтайтын нормативтік санат.

Қылмыс құрамының маңызына осы тұрғыдан түсінік бере аламыз. Егер қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды: қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы ҚК-тің 3 бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, практика да Қылмыстық Занда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі ретінде қарастырады.

Бұл дегеніміз, қандай да бір басқа мөн-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер жасалған әрекеттің саяси маңызы, т.б.) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды.

Мүндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөз де болуға тиіс емес, егер адам, өзінің жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс.

Кылмыс құрамының барлық нышандары бар әрекетті жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден-бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген, бұл дегеніміз — қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органға адамды жауапқа тарту үшін оның жасаған әрекетінде қылмыс құрамының бар-екендігін анықтағаны жеткілікті.

Кьшмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін басқадай мән-жайларды анықтаудың қажеті жоқ

Бұл, әрине, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа ешқандай мән-жайды анықтауы тиіс емес деген түсінік бермейді.*Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың іс үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды.

Сонымен, қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды. Осындай маңызды, өзекті рөлімен қатар қылмыс құрамы басқа да «қызметтік» деп аталатын өте қажетті міндеттерді атқарады.

Қьлмысты саралау процесі тек қылмыс құрамы негізінде ғана жүзеге асырылады, себебі ол қажетті қылмыстық-заң үлгісі (эталоны) болып саналады, онымен салыстыру арқылы жасалған қылмыстың мазмұны мен сипатын толық жәие дәл көрсететін тиісті қьшмыстық заң нормасын таңдауға болады.1

Қылмысты саралау мәселесі — теория бойынша да, практика тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі, себебі қылмыстық заңның тиімділігі де, бұл заң қолданылған адамның тағдыры да жасалған өрекеттің қалай сараланғандығына байланысты.

Саралау (квалификация) термині екі латын сөзінен түрады — «сапа» және «істеу». Қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз — қоғамға қауіпті өрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағына. Басқаша айтқанда, қъшмысты саралау дегеніміз — адам жасаған қьшмыстың нақты нышандарының қылмыстық-заң нормаларында көзделген нақты қылмыс құрамының нышандарына дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау.

Қылмыс құрамының нышандары тек Ерекше бөлімнің диспозицияларында ғана емес, ҚК-тің Жалпы бөлімінің тиісті баптарында да баяндалған. ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында өртүрлі қылмыс

Мысалы, кісі өлтіргені үшін жауаптылық көзделген 96 баптың диспозициясында адамның кісі өлтіргені үшін қанша жастан қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы көрсетілген. Бұл ақпарат ҚК-тің Жалпы бөлімінің бабында берілген.

ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында, әдетте, қылмысты орындаушының тікелей өзі жасаған немесе аяқталмай қалған қылмыс құрамдарының нышандары келтірілген.

Егер қылмысқа қатысушының (дем берушінің, азғырушының) алдын ала қылмыстық өрекеті немесе әрекетсіздігі орын алса, онда бұл әрекетте, жалпы алғанда, ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген қылмыстың қандай да бір кұрамының белгілері түгелдей болмайды. Бірақ бұл жағдайда да қылмыс құрамы болады, ал ол тек Ерекше бөлімдегі бапта ғана емес, сонымен қатар Жалпы бөлімнің тиісті баптарында бар нышандар арқылы құрастырылады.

Қылмысты саралағанда сол әрекетке сәйкес келетін қылмыс құрамы бар Жалпы бөлімнің бабы немесе оның бөлігі дөл көрсетілуге тиіс, ал егер аяқталмаған қылмыстық өрекет, қылмысқа қатысушылық болса (олар жайында алда толық айтылады), онда ҚК-тің Жалпы бөлімге тиісті баптарына сілтеме берілуге тиіс.

Қылмысты саралаудың нәтижелері іс жүргізу құжаттарында (қылмыстық іс қозғау туралы, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыларда, үкімде, т.б.) көрсетіледі.

Қылмысты саралаудың маңызы сонда, ол қылмыс жасап айыпты болған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту түріндегі қылмыстық заңның атқаратын міндетін реттейтін тетікті «іске қосатын» заңдық фактінің (қылмыстық құрамның барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекет жасау) бар екендігін ресми түрде растайды.

Қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екендігі осыдан да түсінікті болар, ол жасалган қоғамға қауіпті әрекеттің нышандарын әлеуметтік-заң тұрғысынан дәл талдау арқылы қамтамасыз етіледі.

Әрекетті дұрыс саралау үшін, қылмыстық занды дұрыс қолдану үшін істің нақты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бір қылмысты екінші қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін құрам нышандарын жақсы білу қажет. Қорыта келгенде, қоғамдағы заңдылықтың жайы заң қолданатын органдардың қылмысты қаншалықты дұрыс саралай алатындығына едәуір байланысты.




Қылмыс_құрамының_элементері_мен_нышандары'>1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары

Нақты қылмыс құрамдарының нышанын анықтау және жинақтап қорыту негізінде қылмыстық заң теориясы қылмыс құрамы деген ұғымды тудырады, ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде көзделген қылмыстардың барлық құрамдарына тән сипаттарды қамтиды.

Заң әдебиетінде қылмыстың әрбір құрамында оның міндетті түрде төрт элементі болады деп қарастырылған, олар: объект, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы. Қылмыс құрамының бүл элементтері өзара тығыз байланысты. Егер жасалған әрекетте бұлардың біреуі ғана болмаса, ол — жалпы қылмыстың құрамы жоқ деген сөз, яғни мұнда қылмыстық жауаптылықтың негіздемесі де жоқ.

Қылмыс объектісі- дегеніміз қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан зиян келетін әлеуметтік құндылық. Отандық қылмыстық-заң ғылымы мұндай игіліктердің қатарына қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды жатқызады.

Қылмыс объектісі дегенде қылмыс құрамының объектісі жайында да, қылмыстық занда көзделген қоғамға қауіпті әрекетке нысана болған қылмыс объектісі жайында да сөз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда қылмыстық заңмен қорғалатын игілік объекті болып табылса, екінші жағдайда - әрекет тікелей багытталған игілік объекті болады. Бұл айтылғандар, тиісінше, қылмыстық құрамның басқа элементтеріне де қатысты.

Адамньщ мінез-құлқының сыртқы көрінісін снлаттзйтын нышандардың жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Мұндай нышандарға адамның қоғамға қауіпті әрекеті (белсенді мінез-құлқы) немесе әрекетсіздігі (енжар мінез-құлқы) жатады, мысалы, ұрлық-біреудің мүлкін жасырын ұрлау немесе қызметтегі өрекетсіздік.

Қылмыстардың көптеген құрамдарының объективтік жағы қьілмыстық әрекеттен немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстық зардапты, онымен адам әрекеті арасындағы себептік байланысты да қамтиды.

Мысалы, меншіктерге немесе мүліктің басқа да иесіне ұрлық әрекетінің нәтижесінде мүліктік залал келсе ғана ұрлық құрамы, ал айыпкердің әрекеті нәтижесінде жәбірленуші қаза тапса ғана кісі өлтіру құрамы болады.

Бұл аталған белгілерден басқа объективтік жаққа қылмыстың жасалу жағдайы, уақыты, орны, тәсілі, және оны жасау қаруы мен кұралы да жатады.

Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және қылмыстық заңда көзделген нышандар бойында бар нақты адам. Ол нышандарға оның есінің дұрыстығы, белгілі бір жасқа жеткендігі, ал кейбір жағдайларда, арнайы нышандар да (қызмет жағдайы, кәсібі, т.б.) жатады.

Қылмыстың субъективтік жағына адам мінез-құлқының ішкі, психикалық кейпін сипаттайтын белгілер: кінә, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат жатады.

Қылмыс құрамының бұл көрсетілген әрбір элементі арнайы зерттеуді қажет етеді, сондықтан да бұл тарау ауқымында оларға тек жалпы анықтама берілген, олардың маңызы көрсетілген.

Теория қылмыс құрамын негізгі (міндетті, жалпы) нышандарға және арнаулы (факультативтік, қосымша) нышандарға бөледі.

Негізгі нышандар — әрбір қылмыстық құрамда болатын нышандар, олардың біреуінің болмауы қылмыстық құрамның жоқ екендігін көрсетеді. Негізгі белгілерге мыналар жатады: қылмыс объектісінде — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; объективтік жақта - жасалған әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), субъектіде — нақты адам, оның есінің дұрыстығы, жасы; субъективтік жақта — кінә.

Қылмыс құрамының арнаулы нышандары дегеніміз негізгі нышандарға қосымша ретінде қылмыстың кейбір құрамдарын құрастырып заң шығарушы пайдаланатын нышандар. Объектідегі арнаулы нышандарға оның құрылымы, мазмұны, және де қылмыс заты жатады, объективтік жақтағы арнаулы нышандарға — зардап, себептік байланыс, қылмыс жасалған жағдай, уақыт, орын, жасау тәсілі, құралы; субъектіге — лауазымдық немесе қызметтік жағдай, соттылық, т.б.; субъективтік жақтағыға — қылмыс жасау себебі, мақсаты жатады.

Қылмыс құрамы нышандарын негізгі және арнаулы деп бөлудің тек теория жүзінде ғана маңызы бар екендігін, ол қылмыстық заңды оқыту мақсатында ғана пайдаланылатындығын ескерген жөн.

Практикада мұндай бөлу шартты түрде ғана болады, себебі заң қолданушы қылмыстың нақгы құрамдарына тап болады, ал оған қылмыстық-заң нормаларында көрсетілген белгілердің барлығы бірдей әркашанда міңдетті болып табылады. Мысалы, ұрлық үшін бөтеннің мүлкін жасырын әдіспен ұрлау міндетті нышан болып саналады.

Кейбір жағдайларда арнаулы нышандар қылмыстың негізгі құрамында емес сараланған немесе артықшылығы бар құрамыңда қарастырылады және ол саралау әрекетінде ескерілуге тиісті.

Егер арнаулы нышан қылмыс құрамына тікелей кірмейтін болса, онда ол қылмысты саралауға ықпал етпейді жөне жаза тағайындағанда ескеріледі.


1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері

Қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын элементтер жиынтығы қылмыс құрамының жалпы түсінігін береді, ол жасалған әрекетті қылмыстық немесе қылмыстық емес деп тануға және оны дұрыс саралауға негіз бола алады. Бірақ осы қарастырылған теориялық баптарды іс жүзінде қолдану үшін қылмыстық құрамдарды жіктеудің, яғни оларды белгілі бір түрлерге бөлудің маңызы зор.

Қылмыс құрамдарын саралаудың негізіне, өдетте, әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейі, қылмыс құрамын заңда бейнелеу тәсілі және қылмыстың объективтік жағының құрылысы сияқты критерийлері алынады.

Әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты қылмыс құрамдары негізгі, сараланған (ауырлататын, саралаушы белгілері бар) және артықшылығы бар (жеңілдететін белгілері бар) болып бөлінеді.

Қылмыстың негізгі құрамы — ол белгілі бір түрдегі әрекеттің негізгі, тұрақты нышандарының жиынтығы бар құрам, ол жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін көтеретін немесе төмендететін қосымша нышандарды қарастырмайды. Мысалы, ҚК-тің 96 бабының бірінші бөлігінде көзделген адам өлтірудің құрамы осындай болып табылады.

Егер қылмыс құрамында осы түрдегі әрекеттің негізгі нышандарымен қатар жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы сараланған деп аталады.

Мұндай саралайтын әртүрлі мән-жайлар болуы мүмкін: неше рет қайталануы, тәсілі (аса қатыгездік, зорлық, т.б.) соттылық, ұйымдасқан топ, бас пайданы ойлау, т.б.

Қылмыстың сараланған құрамы, әдетте, ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабының әртүрлі бөліктерінде болуы мүмкін. Оған мысал — ҚК-тің 96 бабының екінші бөлігіңде көзделген адам өлтірудің сараланған құрамы.

Негізгі нышандармен қатар жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар бар қылмыс құрамы артықшылығы бар құрам деп аталады.,Ол не ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір бабының әртүрлі бөлігінде, не бөлек бапта болуы мүмкін, мысалы, адам өлтірудің артықшылықты құрамы жаңа туған баланы шешесі өлтіргенде (ҚК-тің 97 бабы), ондай қылмысты жанкүйзеліс жағдайында жасағанда (ҚК-тің 98 бабы), қажетті қорғаныс шегінен асып жасағанда (ҚК-тің 99- бабы), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолданғанда (ҚК-тің 100 бабы).

Қылмыс құрамының нышандарын заңда суреттеу тәсіліне байланысты қылмыс құрамдары жай және күрделі болып бөлінеді.

Қылмыстың жай құрамы дегеніміз құрамның қандай да бір элементінің күрделенуі болмайтын құрам. Онда бір әрекеттің көрінісі баяндалған, оның бөліктері немесе кезеңдері өзінше бөлек қылмысты құрамайды, яғни құрамның элементтерінің өрқайсысы бір данада берілген.

Күрделі құрам дегеніміз құрамның қандай да бір элементінің (объектінің, объективтік жағының, субъективтік жағының) күрделенуі орын алатын қылмыстық құрам. Мысалы, қарақшылық жасағанда (екі объектіге қастандық жасалады — меншікке және адамның өз басына), зорлағанда (бірнеше әрекет жасалынады — психикалық әсер ету немесе күш көрсету не жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдалану және жыныстық қатынас жасау), айыптың екі нысаны болса (алып жапсыру үшін немесе басқа қажетке адамның органдарын немесе тінін еріксіз алу нәтижесінде оның абайсызда қаза табуы) құрам күрделі болады.

Күрделі кұрамның басқа бір түрі — қылмыстың балама құрамы, онда қылмыстық әрекеттің (өрекетсіздіктің) бірнеше варианты болады, олардың әрқайсысы қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алады, мысалы, занды кәсіпкерлік қызметке тосқауыл жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.

Объективтік жағының құрылысына байланысты қьшмыс құрамдарын жіктеудің практикалық маңызы зор. Осы критерийлер бойынша қылмыс құрамдары материалдық, формальды жөне қиылған болып бөлінеді.

Қьшмыстың зардабы оның аяқталуының қажетті нышаны болып келетін құрамдар қылмыстың материалдық құрамдары деп аталады. Егер әрекет жасау нәтижесінде қьшмыстың мұндай құрамында қарастырылған зардап болмаса, онда өрекет не қылмыс деп танылмайды ( мысалы, абайсыз деликтте), не қылмыс жасауға дайындық немесе оқталу деп сараланады (көрсетілген салдарға жетуге бағытталған қасақана әрекет).

Қьшмыстың формальды құрамдары дегеніміз — қылмысты аяқталған деп санау үшін қылмыстық занда көзделген әрекетті жасау жеткілікті болатын құрамдар, бүл жерде зардап қылмыстың міндетті түрдегі нышаны бола алмайды. Мысалы, мемлекеттік сатқындық, шпионаж, зорлау формальды құрамға жатады. Егер, қоғамға қауіпті зардап іс жүзінде туындаса, онда ол формальды құрамда не саралаушы нышандар рөлін (мысалы, зорлау нөтижесінде жәбірленушіге соз ауруын жұқтыру) атқарады, не жаза тағайындағанда ескеріледі.

Кейбір жағдайларда заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезін алдын ала қылмыстық әрекет кезеңдерінің біріне — қылмысқа дайындық немесе оқталу кезіне аударады. Мұндай қылмыстың жасалғандығын мойындау үшін қылмыстық зардаптың болуы да, оны тудыратын әрекетті аяғына дейін жеткізу де қажет емес. Қылмыстың мұндай құрамдары қиылған деп аталады (қарақшылық, бандитизм және басқалар).
2 Қылмыс объектісі
2.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы

Объект құрамның міндетті элементтерінің (жақтарының) бірі, сондықтан да объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық занда қылмыс деп қарастырылған кез-келген қоғамға қауіпті әрекет белгілі бір объектіге бағытталады.

Қылмыстық озбырлық жасалғанда сол объектіге елеулі нұқсан келеді немесе ондай қауіп төнеді.

Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және заңдық түп-тамырын, нысанын және жасалған қылмыс үшін қарастырылған қылмыстық жауаптылықтың мөлшерін айқындауға көмек етеді.

Объектіні анықтау қылмыстың өзара ұқсас құрамдарын бірінен-бірін, қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейі қандай объектіге қастандылық жасалатындығына көп байланысты, сондықтан да қазіргі күшіндегі қылмыстық заңда былай деп көрсетілген: «қылмыстық занда көзделген қандай да бір әрекеттің формальды болса да нышандары бар әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды, егер оның қоғам үшін қауіптілігі елеусіз болса». Объект рөлі мұнымен шектелмейді.

Қылмыс объектісінің нышаны бойынша заң шығарушы қылмыстық-заң нормаларын жүйелеу және кодификациялау сияқты күрделі жұмыстар жүргізеді.

Бұрынғы Одаққа кіретін елдердің көптеген теоретиктерінің пікірінше қылмыс объектісіне қоғамдық қатынастар жатады.

Қоғамдық қатынастар — қатынас деген жалпы ұғымның ең күрделі түрлерінің бірі. Әдістемелікте қатынасқа «барлық құбылыстардың өзара байланыс сәті» деп анықтама берілген.

Қоғамдық қатынастарда ерекше сипат бар, мұнда адам әлеуметтік тұлға ретінде өзекті буын болып саналады. Адам өзі жасаған заттармен, объективтік әлеммен және басқа адамдармен белгілі бір қатынаста болады. Нәтижесінде ол өзі игерген әлемде өз ісіне өзі адам ретінде есеп береді (ақылға келіп), басқа адамдарға өзіндей қарайды. Адам санасының қоғамдық жаратылысын жөне таным процесіндегі қоғамдық қатынасты зерттеудің қажеттігін осы жағдайлармен түсіндіруге болады.



Қоғамдық қатынастар адамдар арасында, олардың күнделікті іс-әрекетінде, танымдық жөне рухани өмір тірлігі барысында қалыптасады. Сондықтан да қоғамдық қатынастар жүйесінде, бірінші кезекте, өндірістік қатынас қарастырылады, олар басқа қоғамдық қатынастардың сипатын (саяси, заңдық, діни, т.б.) анықтайды.

Қоғамдық қатынастар өзінің сипаты жағынан да, құрылымы ,жағынан да өте күрделі құбылыс. Дегенмен ^қоғамдық қатынастардың басты элементтері: қоғам, мемлекет және оның қалыптасуы, құрылуы жөне олардың өкілдері; өртүрлі бірлестіктер мен адамдар ұжымы, жеке адамдар; материалдық заттар және қоғамдық қатынасқа қатысушылар арасында әртүрлі нышанда, оның ішінде заңдық нышанда көрініс табатын өзара байланыс.

Қандай да бір қылмыс жасағанда адам қоғамдық қатынастың қандай да бір элементіне озбырлық жасайды, оладың өзара байланысын бұзады, қоғамдық қатынасқа қатысушылардың мүддесіне тікелей немесе жанама нұқсан келтіреді.

Қылмыстық заң қоғамдық қатынастардың барлығын бірдей қорғамайды, оладың ішіндегі заң шығарушының ойынша, ең құнды дегендерін ғана қорғайды, олар өзгеріп тұрады. Олардың өзгеруі көптеген мән-жайларға байланысты, мысалы: ерекше тарихи кезеңге, қандай да бір нақты жағдайға, уақытқа, белгілі бір қоғамға қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілік деңгейіне байланысты.

Қылмыстық озбырлықтан қорғалатын аса маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері қылмыстық заңда анықталған. Мысалы, Каз. ССР Қылмыстық кодексінің (1959) 7- бабында айтылғандай, қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті әрекет (өрекетсіздік) қылмыс деп танылады, егер ол әрекет қоғамдық құрьшысқа, саяси және қоғамдық жүйеге, меншікке, адамға, оның саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтары мен бостандығына, сондай-ақ қоғамдағы құқық тәртібіне қарсы бағытталса. Қоғамдық тәртіптің бұл маңызды салаларын қорғау қылмыстық заңның алдында тұрған міндеті (ҚК-тің 1 бабы).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2 бабында: «Осы Кодекстің міндеттері: адам мен адамзаттың кұқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады» делінген. Бұл нормадан байқағанымыз — қылмыстық озбырлықтан қорғалатын объектілер біршама айқындалған жене кеңейтілген (бейбітшілікті және адамзат қауіпсіздігін, қоршаған ортаны, т.б. қорғау). Әрине, келешекте Ерекше бөлімнің тарауларында көрсетілген жеке, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық мүдделерді қорғау сияқты қылмыстық-заң объектілерін жеке, дербес нормаларға бөлген дұрыс.

Қылмыс объектілерін ары қарай нақтылау қандай әрекетті қылмыс деп тануды және қылмыстық жазалау шараларын белгілейтін Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің баптарында да орын алуға тиіс.Қылмыс объектісін қылмыстық заңды реттеу объектісінен ажырата білу қажет (қылмыстық-заң қатынастары).

Қылмыстық заң, заңның басқа да салалары сияқты, бәрінен бұрын заңдық реттеу объектісі бойынша өзінше дербес салага бөлінген. Бұған өзінің өкілетті органдары арқылы мемлекеттің және есі дұрыс, белгілі бір жасқа жеткен, қылмыстық жаза қарастырылған әрекет жасаған азаматтың арасындағы қоғамдық қатынас жатады.

Аталып өткендей, қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі болып табылады, олар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың әртүрлі салаларында, адамдардың өндірістік, қоғамдық, рухани және жеке өмірінде қалыптасады.

Кейде қылмыс объектісі мен қылмыстық заңмен қорғалатын объекті ұғымдарының ара қатынасы жайында мәселе туындайды. Мұның бір-ақ жауабы бар: бұл ұғымдар нақты өмірде біріне-бірі сай келеді, сондықтан да оларды синоним ретінде пайдалануға болады және тиістіміз де.

Қылмыс объектісінің жалпы ұғымының сипаттамасы объектілерді топтастыру мәселесін қарастыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет