Құрамын бекіту туралы «Қоғамдық кеңестер туралы»



жүктеу 28.5 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі28.5 Kb.


04.02.2016 ж. № 36

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігінің Қоғамдық

кеңесін қалыптастыру жөніндегі

жұмыс тобының құрамын

бекіту туралы

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрамы бекітілсін.

2. Жұмыс тобы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-сайтында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау туралы конкурс жайында хабарландыру орналастырсын;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлесін;

3) Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2016 жылғы 4 ақпандағы



№ 36

бұйрығының қосымшасы



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының

құрамы


Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, басшы

Арман Қайратұлы Евниев

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы, басшының орынбасары

Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы, хатшы

Жүсіп Молдахметұлы Аяпов



«Ақ Бөкен» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

Асқар Мырзахметұлы Наметов


«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Бауыржан Бахытжанұлы Разақ



«Қазақстан Ангусы» республикалық палатасының директоры (келісім бойынша)

Рүстем Жомартұлы Құрманов

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының хатшысы (келісім бойынша)

Лаура Амангелдіқызы Сейфулина


«Жасыл орман» Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Жаңбыршы Қалиұлы Қалиев

«Ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қуандық Қабдыбекұлы Елюбаев


«Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

Нұрлан Жәленұлы Баймырзаев


«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қайрат Ғазизұлы Ыбраимов


«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет