Құрамында «Самұрық-Қазына»



жүктеу 30.25 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі30.25 Kb.



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

24 сәуір 2012 жыл

Атырау қаласы


2012 жылдың 24 сәуірінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшысы Ө.Е.Шөкеев жұмыс сапарымен Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Делегация құрамында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры М.Ж. Сәлімгереев, «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары Қ. О. Исқазиев және Д.Ш.Тиесовтер бар.

Күн тәртібінде Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік қызметі және кәсіпорындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу мәселелері қаралды.

2011 жылдың қорытындысына сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауыты 4 471,5 мың тонна мұнай өңдеді. 2012 жылдың І тоқсанында өңделген мұнай көлемі 1 122,6 мың тоннаны құрады. 2012 жылы «АМӨЗ» ЖШС 4 400 мың тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отыр.

Зауыт мұнай өңдеу көлемінің тұрақты өсіміне қол жеткізіп, жыл сайын өндірістік жоспарды артығымен орындап келеді ( 2005 жылы 3,51 млн.тоннадан 2011 жылы 4,47 млн.тоннаға дейін). 2015 жылы жоспарлы мұнай өңдеу көлемі 5,5 млн.тоннаға жеткізілмек.

«Атырау МӨЗ» ЖШС – нің бас директоры Талғат Байтазиев өз сөзінде АМӨЗ-ындағы қайта жаңғырту жұмыстары үш кезеңді қамтитындығын атап өтті. 2006 жылы аяқталған қайта жаңғыртудың бірінші кезеңінде Теңіз кенішінің мұнайын өңдеу мүмкіндігіне қол жетіп, әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерінің, дәлірек айтқанда, жоғарыоктанды автобензиннің ( соңғы 7 жылда өндірілген тауарлық бензиннің жалпы көлеміндегі жоғарыоктанды бензиннің үлесі 7-ден 35 пайызға дейін өсті) көлемі мен өндіріс қарқыны ұлғайды, экологиялық таза дизель отынының өндірісі жолға қойылды (бүгінгі таңда өндіріс үлесі 61 пайызға немесе жылына 800 мың тоннаға дейін жетті), қоспалы авиакеросиннің қосымша көлемін арттыру арқылы авиациялық отынның өндірісі молайды.

- Ароматикалық көмірсутектер шығаратын және мұнайды тереңдетіп өңдейтін кешендер - мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асатын ірі инвестициялық жобалардың қатарында. Бүгінгі Атырау мұнай өңдеу зауытына сапарым барысында жобаның белгіленген кестеге сай жүзеге асып жатқандығына көз жеткіздім. Құрылыс сауатты ұйымдастырылған. Атырау мұнай өңдеу зауыты ішкі нарықты отандық жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алады деген зор сенім артамыз, - деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшысы Ө.Е.Шөкеев.

2009 жылғы 29 қазанда “Атырау МӨЗ” ЖШС мен Қытайдың “Синопек Инжиниринг” компаниясы арасында “түбегейлі тапсыру” шартымен хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы Шартына қол қойылды. Жобаның құны 1040 млн. АҚШ долларын құрайды. 2010 жылдың 30 шілдесінде «Қазақстанның даму Банкі» АҚ-ы мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС арасында 1 млрд 63 млн АҚШ доллары көлемінде несие беру жөніндегі Бас несие келісіміне қол қойылды. Бүгінгі таңда зауытта жаңа кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2013 жылдың желтоқсан айы. Жобаны жүзеге асыру ЕУРО-4 экологиялық талаптарына сәйкес келетін бензин өндірісіне мүмкіндік туғызады. Жобаны іске асырудың бірінші фазасында автокөліктерден шығарылатын бензолды қосылыстардың мөлшері жылына 36 мың тоннға дейін азаятын болады. Аталған жоба кейбір экологиялық мәселелердің оңтайлы шешілуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құрылыс мерзімінде (3 215 адам) және пайдалану кезінде (332 адам) қосымша жұмыс орындары ашылып, мұнай химиясы үшін шикізат болып саналатын бензол және параксилол өндірісі қолға алынбақ.

2011 жылдың 29 желтоқсанында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-інде Консорциуммен ( қытайлық «Sinopec Engineering”, жапондық «Marubeni Corporation» компаниялары және «КазСтройСервис» ҰМҚК АҚ ) сомасы 1 680 млн. АҚШ долларын құрайтын мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының Шартына қол қойылды.

Жобаның мақсаты - мұнай өңдеу тереңдігін 85 пайызға, ашық түсті мұнай өнімдерін 77 пайызға дейін жеткізу, Евро-5 деңгейіне сәйкес келетін автокөлік бензиндері мен дизель отынын шығару.

Құрылыс мерзімі – 2012-2015 жылдар. Құрылыс кезінде 3 879 адам, ал кешенді пайдалану кезінде 624 адам жұмысқа тартылатын болады. Бүгінде JBIC, ExIm Bank и ҚДБ банкерімен қаржылы-несиелік келісімге қол қою бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Жобаны банктік бағалау жүргізілуде


Анықтама:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет