59
қалпына қайтарамын», – деді. Және: «Қолыңды қойныңа тық. Ол ешбір
жамандығы жоқ, аппақ болып шығады. Бұл – (саған өзіңді қуаттау үшін
берілген) тағы бір мұғжиза», – деді». Аллаһ тағала пендесi Мұсаны
сабырландырып, бұл көргендерінің екi мұғжиза екендiгiн баяндап:
«Олардан қорықпа! Таяқ Менiң қалауыммен үлкен жыланға айналады. Және
қолың да Менiң қалауыммен нұрлы, аппақ болып қалады. Сен әлемдердiң
Раббысының елшiсi боласың. Мен саған пайғамбарлық жолында көмек
ретінде таяқ мұғжизасы мен қол мұғжизасын бердiм. Ей, Мұса! Қорықпа.
Бұл iстiң Аллаһ тағаланың құзыретiнде екенін және Аллаһ
таяу арада сенi
кәпiрлер қауымы үстiнен жеңiске жеткiзетiндiгiн бiл! Қорықпа, Аллаһ
пайғамбарға көмек бередi. Аллаһ тағаланың көмегiнiң өзi жеткiлiктi», – дедi.
Сонымен қатар Раббысы оған: «Ей, Мұса! Ендi сен Раббыңның бұйрығын
орындауды бастауың керек. Сен – Оның елшiсiсiң. Қане, Перғауынның
адастырып, өзiне құл етiп, табындырып алған адамдарын Аллаһ тағалаға
ғибадат етуге шақыр. Олардың iшiндегi шақыруға ең лайықтысы олардың
басшысы, өздері сиынатын тәңiрлерi – Перғауын. Ей, Мұса! Перғауынға
бар. Барып
құлшылық жасауға Перғауын емес, бiр Аллаһ қана лайық
екендiгiн жеткiзiп, түсiндiр. Сенде екi мұғжиза бар. Сен осы екi мұғжизаны
өзiңмен бiрге Перғауынның қасына алып бар. Осымен сөзiңнің рас екенін
дәлелдейсiң. Адамдардан, Аллаһқа кәпiр болғандардан әрi Аллаһқа емес,
Перғауынға сиынып жатқандардан осы арқылы биiк боласың», – деп
бұйырды. Мұса Раббысының әмiрi бойынша, Перғауынға елшi болып
баратын болды.
Дұға
Мұса кетерінде қолдарын көтерiп: «Уа, Раббым!
Сен менiң өз елiмде
Перғауын мен оның жамағаты қасында болғанымды бiлесiң. Перғауын
әулетінің бір адамын өлтiргенiм үшін олар менi iздестiруде. Егер мен қазiр
барсам, уағызымды аяғына жеткiзбестен менi өлтiре ме деп қауіптенем. Уа,
Раббым! Көкiрегiмдi ашып, iсiмдi оңғар. Уа, Раббым! Сен менiң тiлiмнiң
еркiн сөйлей алмайтынын бiлесiң. Сөзiмнiң өткiр, тiлiмнiң түсiнiктi болуына
маған жәрдем бер. Уа, Раббым! Бауырым Һарунды маған серік ет. Ол
менiмен бiрге пайғамбарлығыма серік болып, Перғауынға барсын. Мен
пайғамбарлық жолында Өзiңе ғана үмiт артамын. Менiң халiмдi Өзiң ғана
толық бiлушiсiң», – деп жалбарынып Раббысына дұға қылды.
Барша пайғамбар өздерiне жүктелген мiндеттерiн
атқаруды бастағанда,
Аллаһ тағаладан жәрдем сұрап, дұға ететін. Өйткенi бұл – жеңіл мiндет
емес. Аллаһ тағала хақ жолға шақырушы пенделерiн, әсiресе,
пайғамбарларды
ешқашан
ұмыт
қалдырмайды.
Ол
таңдаған
пайғамбарларының
бұйрықты
орындау
барысында
әлсiздiк
танытпайтындарын бiледi. Аллаһ олардың дәлелдерi пенделерінің алдында
60
мықты болу үшiн мұғжизалар берiп, қуаттап отырады.
Алайда иманға келудi
қаламайтын кәпiрге Аллаһ мұғжиза беруді былай қойып, дұғасын естімейді
де... Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетi болған бiздерге Аллаһ тағала барша
пайғамбарлардың мұғжизасына қарағанда әлдеқайда күшті де мәңгi
мұғжизаны берген. Ол – өзіміз үйренiп әрi оны басқаларға үйрететін, оған
шақырып және онымен үнемi үкiм ететін Аллаһтың сөзі Құран Кәрiм.
Уа, Раббымыз! Құран тәлiмдерiн үйренiп, Құран жолымен жүрудi
бiздерге нәсiп ете гөр!