ҚҰран кәрім хикаялары


Сиқыршылардың иманға келуі



Pdf көрінісі
бет49/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102
Хикаялар

Сиқыршылардың иманға келуі 
Мұса таяғын жерге тастаған кезде, таяқ үлкен жыланға айналып, 
сиқыршылардың таяқтары мен арқандарын жұта бастады. Бұл не? 
Сиқыршылар таңданғаннан сілейіп тұрып қалды. Олар сиқыр мен оның 
түрлерiн өте жақсы меңгерген. Бiрақ мына көрiп тұрғандары сиқырдың 
ешқандай түрi емес. Алып жылан олардың арқандарын жұтып жатыр. Бұл 
таңғажайып жағдай. Жиналған халықтан бұрын шындық сиқыршылардың 
өздеріне әшкере болды. Өйткенi олар өнер иелері болатын және олар 
өздерінің істерінің қыры мен сырын жақсы түсiнетін. Аллаһ тағаланың 


64 
құдіретіне көздері жеткен сиқыршылар адамдардың, тiптi Перғауынның көз 
алдында тәубеге келіп, Аллаһқа сәжде жасады. Олар Перғауынның 
қаһарынан қаймықпастан ержүректiлiкпен: «Бiз әлемдердiң Раббысына, 
Мұса мен Һарунның Раббысына иман келтiрдiк», – деді. 
Перғауынның жеңілуі 
Сиқыршылар Аллаһ тағалаға сенiп, иман келтiрді және Перғауынның 
ақиқаттан безген өтірікші екенiн бiлдi. Ендi Перғауын оларды кек алмай 
жібере қояр ма екен?! 
Әрбiр залым әмiршi iс жүзінде өзiн шындыққа ерудi қалайтын
шындықты ұнататын етіп көрсетеді. Олар шыншылдармен келiссөздер 
жүргiзiп, шыншылдарды алдап-арбап өз жағына өткізе алмаса, өздерiнiң 
жеңiлістерiн жасырып, олардан құтылу үшiн негiзгi тақырыпқа мүлде 
қатыссыз тақырыптарға өтедi. Бiрақ қашан да өтірікшінің өтірігі шығып
жеңіліс табады. Сөйтіп, жалған дәлелдерінен нәтиже шықпаған 
жалғаншының жасандылығы әшкере болады. Олар қолдарынан келгенiнің 
барлығын жасайды. Бiрақ ақырында барлығы хақ жағына шығып, өздерiнiң 
жасанды құдайларына қарсы шығады. Бұл – Аллаһ тағаланың жолына 
шақырушылардың әрқайсысының басынан өткен тарихи шындық. Бұл 
хикаямыз да – осыған келтірілген мысалдардың бірі.
Перғауын Мұса мен Һарунға қарсы қолынан келген барлық iстi жасады. 
Ақырында, сиқыршылар да Аллаһ тағалаға иман келтiрдi. Ендi залым 
билеушiнiң иманға келгендерді өлiммен қорқытып, көзiн жоюы ғана қалды. 
Перғауын осы бір қатыгез тәсiлді қолдануға шарасыздықтан мәжбүр болды. 
Бiрақ ол иманы берiк адамдардың алдында тағы да жеңiлдi. 


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет