Құрастырған: Елеусинова Г. М. Қарағанды 2015 Тақырыптың өзекті мәселесі



бет5/6
Дата12.10.2023
өлшемі292.03 Kb.
#480637
1   2   3   4   5   6
МИкроклимат

Гигрографұзақ уақыт ішінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өзгерісін үздіксіз тіркеуге арналған өздігінен жазатын аспап. Аспап термографқа ұқсас құрастырылған. Қабылдаушы бөлігі ретінде, ауаның ылғалдылығының өзгеруіне сезімтал бірнеше шаш талшықтары қызмет етеді. Шаш талшықтары рычак жүйесінің көмегімен қаламы бар стрелкамен жалғасқан. Ауаның ылғалдылығына байланысты шаш талшықтарының ұзындығы өзгереді. Ауа ылғалды болса ұзарады, құрғақ ауада қысқарады. Шаштың өзгеруі жүйені қозғалысқа келтіріп, барабанның лентасына жазылып салыстырмалы ылғалдылықты көрсетеді
Стационарлық Август психрометрін қолданғанда абсолюттік ылғалдылықты есептейтін формула:


A = f-a(t1-t2)B,

мұндағы А – табу керек абсолютті ылғалдылық;


f - "ылғал" термометр температурасындағы су буларының максимальды қанығуы;
а - психрометрлік коэффициент, атмосфералық ауа ылғалдылығын анықтағанда 0,00074 тең, бөлме ауасының ылғалдылығын анықтағанда - 0,0011 тең;
tl құрғақ термометр көрсеткіші;
t2ылғал термометр көрсеткіші;
В – байқау кезіндегі барометрлік қысым.
Аспирациялық психрометрді қолданғанда абсолюттік ылғалдылықты есептейтін формула:
A = f - 0,5(t1-t2)B/755,

мұндағы А – табу керек абсолютті ылғалдылық;


f - "ылғал" термометр температурасындағы су буларының максимальды қанығуы;
0,5 – тұрақты психрометрлік коэффициент;
tl – құрғақ термометр көрсеткіші;
t2 – ылғал термометр көрсеткіші;
В – байқау кезіндегі барометрлік қысым.
755 – орташа барометрлік қысым.


1 мысал. (Август психрометрі бойынша формулаға саламыз)
Операциялық бөлме ауасының ылғалдылығын зерттегенде құрғақ термометр 21°С, ылғал - 17°С. Барометрлік қысым 756 мм. сн. бғ.

1 кесте бойынша ылғал термометр температурасындағы максимальды ылғалдылықты табамыз, ол 17°С –та 14,53 мм тең. Барлық мәндерді формулаға саламыз:


А = 14,53 - 0,0011 x (21 - 17) x 756 = 11,21 мм. сн. бғ.

Абсолютті ылғалдылықты анықтаған соң, мына формуламен салыстырмалы ылғалдылықты табамыз:


R = A/F x 100%
мұндағы R – табу керек салыстырмалы ылғалдылық;
А – абсолютті ылғалдылық;
F - құрғақ термометр температурасыың максимальды ылғалдылығы.

R = 11,21/18,6 x·100 = 60%






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет