Құрастырған: Калиева Мейрамгүл Құстайбековна Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#141535
  1   2   3   4
Тест сауалдары жинағы

(химия пәнінен)



Құрастырған: Калиева Мейрамгүл Құстайбековна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының

химия пәнінің мұғалімі

«Республикалық 45 minut.kz» басылымында қарастырылып, баспаға ұсынылды

Пікір жазған: «Республикалық 45 minut.kz» газетінің редакторы: І.Б.Нагиев

Калиева Мейрамгүл Құстайбековнахимия пәнінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта химия пәні мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі тест сауалдары үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденісінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты химия пәні мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

01 нұсқа

1. 3 моль магний жанатын болса, түзілетін магний оксидінің зат мөлшері:

A) 2,5 моль B) 3 моль C) 2 моль D) 1,5 моль E) 4 моль

2. f-элементтер орналасқан қатар

A) Fe, Cr, Mn B) U, Pm, Eu C) Li, Ba, Pr D) Am, S, Ce E) Rb,Al, Cu

3. MgO - дағы химиялық байланыстың түрлері

A) ковалентті полюссіз B) иондық C) сутектік D) металдық E) ковалентті полюсті
4. Электролиттік диссоциация дегеніміз:

A) электролиттердің жеке атомдарға ыдырау процесі.

B) заттардың өз бетімен жеке молекулаларға ыдырауы.

C) заттардың суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі.

D) иондардың қосылып молекула түзу процесі.

E) иондар және атомдар түзілу процесі.

5. NaHSO4 қосылысының аталуы

A) натрий гидросульфиті. B) натрий гидросульфаты.

C) натрий сульфиді. D) натрий сульфаты. E) натрий сульфиті

6. Кальций оксидін пайдаланатын жағдай

A) көмір қышқыл газын анықтау үшін B) бордосс қоспасын дайындау үшін

C) мұнайды тазарту үшін D) сөндірілген әкті алу үшін

E) аккумуляторда қолдану үшін

7. Натрий гидроксидінің ерітіндісімен әрекеттесетін зат:

A) NH4OH. B) HCl. C) MgO. D) KOH. E) Cu(OH)2.

8. Бос радикалдың ең негізгі белгісі:

A) Бос электрон жұбының болуында. B) Бос атомның болуында.

C) Иондық байланыстың болуында. D) Жұптаспаған электронның болуында.

E) Атомдар арасында екі жұп электрондардың болуында.

9. Полимерлену реакциясы дегеніміз бұл -

A) екі заттың қосылу процесі B) тұздардың айырылуы

C) қос байланыстардың үзілуі есебінен мономердің бірдей молекулаларының макромолекулаға бірігу процесі

D) мономер қатысып, кіші молекулалы қосылыс бөліне жүретін полимер түзілу реакциясы

E) каталитикалық гидрлеу процесі

10. А(г) + В(г) = С(г) реакциясының жылдамдығы 25 есе артқан болса, онда қысым

A) 5 есе артқан. B) 25 есе артқан C) 125 есе артқан D) 100 есе артқан E)75 есе артқан.


11. 480 г 20 %-ті ерітінді дайындау үшін қажет калий гидроксидінің массасы:

A) 48 г. B) 40 г. C) 96 г. D) 20 г. E) 56 г.


12. Егер күкірттің молярлық массасы 256 г/моль болса, ондағы күкір атомдарының саны

A) 6 B) 4 C ) 7 D) 8 E) 2

13. Қалыпты температурада концентрлі азот қышқылымен әрекеттеспейтін металл:

A) Al. B) Cu. C) Na. D) K. E) Mg.

14. Ерітіндісінің реакция ортасы негіздік болатын тұз

A) Na2SiO3 B) Na2SO4 C) NaNO3 D) K2SO4 E) NaCl

15. Тазалығы жоғары болатты осы пеште алады:

A) мартен B) күйдіру пешінде

C) электрдоға D) домна E) конвертор

16. 10г мырыш пен 10г күкірт әрекеттескенде түзілген мырыш сульфидінің массасы:

A) 10г B) 30г C) 20г D) 14,9г E) 24,9г

17. 665 г бромметанды алу үшін қажет метил спиртінің моль саны:

A) 6 B) 4 C) 3 D) 7 E) 5

18. Реакция өнімінің шығымы 70 % болса, 330 г ацетальдегидтен алынатын сірке қышқылынық массасы (г)

A) 450 B) 405 C) 360 D) 315 E) 270

19. Гомологтарға жататын заттар

A) СН3-СН2-СН2-ОН және НО-СН2-СН3 B) Н-СН=О және СН3СООН

C) СН3ОН және СНООН D) СН3-NO2 және CH3-NH2 E) С2Н6 және С2Н4


20. 7,8 г алюминий гидроксидін еріту үшін қажет 10 %-ті натрий гидроксиді ерітіндісінің массасы:

A) 40 г. B) 30 г. C) 60 г. D) 50 г. E) 20 г.

21. 1л хлор мен 2л сутегі (қ.ж.) газдарын араластырды, осы қоспадан алынатын хлорсутектің массасы мен көлемі

A) 1,63г НСl және 3л B) 2,24г НСl және 6л

C) 1,5г НСl және 2л D) 3,26г НСl және 2л E) 6,66г НСl және 3л
22. Егер реакция өнімінің шығымы 89 % болса, онда 180 тонна 2-метилбутаннан алынатын 2-метил-1,3-бутадиеннің массасы

A) 155,3 B) 152,3 C) 156,3 D) 151,3 E) 154,3

23. Этилбензолды нитрлегендегі өнімнің 1 молінің массасы:

A) 239 г B) 244 г C) 240 г D) 241 г E) 238 г

24. Егер шығымы 75 болса, онда 18 г глюкозаны тотықтырғанда түзілетін күмістің массасы

A) 13,2 г B) 16,2 г C) 15,2 г D) 17,2 г E) 14,2 г

25. Аминнің құрамы: С-61,02%, Н-15,26%, N-23,72% болса, оның формуласы:

A) CH3NH2. B) C3H7NH2. C) C5H11NH2. D) C4H9NH2. E) C2H5NH2



02 нұсқа

1. Хлордың жоғарғы оксидіндегі индекстердің қосындысы

A) 9. B) 3. C) 5. D) 7. E) 2.

2. Элементтің топ нөмірі ...

A) электртерістігін көрсетеді

B) ядро зарядын көрсетеді

C) энергетикалық деңгейлер санын көрсетеді

D) жоғарғы валенттілігін көрсетеді

E) энергетикалық деңгейшелер санын көрсетеді

3. Тез балқығыш заттардың кристалл тор түйіндерінде орналасқан бөлшектер:

A) атомдар. B) иондар, электрондар, атомдар.

C) молекулалар. D) иондар және атомдар. E) иондар.

4. Электролиттер деп ... заттарды айтамыз.

A) электр тогын өткізетін B) металдар

C) өзгеріссіз D) өзгеретін E) электр тогын өткізбейтін

5. Озондағы химиялық байланыс түрі және кристалл торының типі

A) ковалентті полюсті және атомдық

B) ковалентті полюссіз және молекулалық

C) ковалентті полюсті және молекулалық

D) ковалентті полюссіз және иондық

E) ковалентті полюссіз және атомдық

6. Сілтіні зертханада алу әдісі:

A) негіз бен тұзды әрекеттестіру B) белсенді металды сумен әрекеттестіру

C) металды тұзбен әрекеттестіру D) мыс (II)оксидін сумен әрекеттестіру

E) металл мен қышқылды әрекеттестіру

7. Сілтілік металдарға жатады

A) Na,Zn,Cu B) K, Na, Li C) K,Ca,Mg D) Fe,Ca,Ni E) Ca, Mg, Sc

8. Бір атомды қаныққан спирттердің жалпы формуласы

A) CnH2n+1­COOH B) CnH2n+1OH C) CnH2n+1COH D) CnH2n+1NH2 E) CnH2n+1NO2

9. Жоғары молекулалық қосылыстар қасиеті және қолданылуы бойынша мынадай болып бөлінеді:

A) Полимерлер және мономерлер.

B) Пластмассалар, эластомерлер және талшықтар.

C) Жасанды және табиғи.

D) Өсімдік және жануар текті.

E) Синтетикалық және табиғи.

10. 1 литрінде 224 г HNO3 (r = 1,12 г/мл) бар ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесі:

A) 5 %. B) 10 %. C) 15 %. D) 20 %. E) 25 %.

11. Тотықсыздану үрдісінің сызбанұсқасы

A) Br -→BrO2- B) BrO2-→BrO4- C) BrO2-→Br-

D) Br2→BrO- E) BrO -→BrO2-

12. +2 тотығу дәрежесін көрсететін күкірттің қосылысы:

A) S B) SCl2 C) CuS D) H2S E) FeS

13. Тотығу-тотықсыздану теңдеуіндегі Cu+HNO3 Cu(NO3) 2 +NO + H2O

тотықсыздандырғыш алдындағы коэффициент

A) 1 B) 2 C) 5 D) 3 E) 4

14. Көмір қышқыл газын CaCO3 –ы бар суспензиясына ұзақ уақыт жіберген кезде

A) ерігіш кальций гидрокарбонаты түзіледі

B) көміртегі (ІV) оксиді пайда болады

C) аз еритін кальций гидроксиді пайда болады

D) көмір қышқылы түзіледі

E) кальций карбонатының тұнбасы пайда болады

15. Белгісіз металл оксидін МеО 14,4 г тотықсыздандыру арқылы 11,2 г металл алынды, ол металл

A) Cr B) Fе C) Ba D) Mn E) Ca

16. 32г мыс ұнтағы 11,2л оттек (қ.ж) бар ыдыста қатты қыздырылды. Түзілген оксидтің массасы:

A) 0,4г B) 20г C) 40г D) 2г E) 60г

17. Массасы 27,6 г этанолды 40-ті % бромсутек қышқылының 142г ерітіндісімен қыздырғанда түзілген бромэтанның массасы:

A) 6,54 г B) 70 г C) 65,4 г D) 68 г E) 0,65 г
18. Тығыздығы 0,8 г/мл 110 мл сірке қышқылының этил эфирін алу үшін қажет сірке қышқылының массасы:

A) 44 г B) 60 г C) 30 г D) 88 г E) 40


19. 2,3-диметилгексан қышқылының құрылым формуласы

A)


B)


C)


D)


E)


20. А(қ) + А(г) = АА(қ) реакциясында қысымды 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы

A) өзгермейді B) 8 есе артады

C) 16 есе артады D) 4 есе артады

E) 4 есе кемиді

21. Тізбекті орындау үшін дұрыс ретімен жазылған реагенттер қатары

Fe FeCl2 FeCl3 Fe(OH)3 Fe2(SO4)3.

A) HCl, HCl, H2O, H2SO4. B) HCl, Cl2, KOH, H2SO4.

C) HCl, Cl2, KOH, SO2. D) HCl, NaCl, KOH, H2SO4.

E) HCl, Cl2, H2O, H2SO4.

22. 25 г метан қалыпты жағдайда хлормен әрекеттескенде түзілетін тетрахлорметанның көлемі:

A) 70 л. B) 44,8 л. C) 25,5 л. D) 35 л. E) 51 л.

23. Егер өнімнің шығымы 50% болса, 4,2 г пропенді гидрлегенде түзілген пропанның көлемі:

A) 1,12 л. B) 5,6 л. C) 22,4 л. D) 11,2 л. E) 2,24 л.

24. Массасы 810 г целлюлозаны толық эфирлегенде түзілетін целлюлоза триацетатының массасы:

A) 1556 г B) 1667 г C) 1223 г D) 1440 г E) 1334 г

25. 200 г нитробензолдан 130 г анилин алынды. Өнімнің шығымы:

A) 44 % B) 66 % C) 86 % D) 77 % E) 57%


03 нұсқа

1. Физикалық құбылысқа жататыны

A) тоттану. B) тотығу. C) ашу. D) балқыту. E) шіру.
2. Реттік нөмірі 37-ге тең элементтің электрон қабатының саны

A) 2 B) 3 C) 5 D) 6 E) 4

3. Тұрақты тотығу дәрежесі +2 болатын элемент ...

A) Марганец. B) Бериллий.

C) Титан. D) Темір. E) Хром.

4. MgCl2 диссоциацияланғанда түзілетін иондар

A) Mg2+ + Cl2 B) Mg + 2Cl

C) Mg2+ + 2Cl- D) Mg2+ + Cl E) диссоциацияланбайды

5. Лабораторияда оттек алғанда катализатор ретінде қолданылатын зат

A) K2O B) K2MnO4 C) MnO2 D) Н2О2 E) KMnO4

6. Cуда ерімейтін негіз:

A) LiOH B) NaOH C) Fe(OH)3 D) KOH E) Ba(OH)2

7. 2 моль темірдің зат мөлшеріндегі атом саны

A) 2,02·10²³ B) 6,02·10²³

C) 1,204·10²³ D) 12,04·1023 E) 5,6 ·1022
8. Органикалық заттардағы құрылым формулалары ... көрсетеді.

A) атомдардың байланысу ретін B) атомдар мен иондардың санын

C) иондардың байланысу ретін D) иондардың санын

E) молекулалардағы атомдардың санын


9. Пластмассалар мынадай болып бөлінеді:

A) Табиғи және жасанды. B) Ақуызды және табиғи.

C) Термопластикалық және термореактивті. D) Полиэфирлі және өсімдік текті.

E) Синтетикалық және полиамидті.

10. Ацетальдегидтің 1 грамы толық жанғанда 26,6 кДж жылу бөлінген болса,реакцияның жылу эффектісі (кДж)

A) 1981 B) 2955 C) 1987 D) 2341 E) 1951

11. Күкірт қышқылының 300 г 18 %-ті ерітіндісіндегі судың массасы:

A) 246 г. B) 292 г. C) 264 г. D) 255 г. E) 273 г.

12. Іс жүзінде жүрмейтін реакция:

A) Fe+MnCl2  B) NaCl+H2SO4(конц)

C) Cu+AgNO3  D) Na+H2O  E) Mg+Zn(NO3)2
13. 27 г алюминий мен 32 г күкірт әрекеттескенде түзілетін алюминий сульфидінің массасы

A) 150 г B) 125 г C) 50 г D) 100 г E) 75 г

14. Катализатор қатысуымен 7 моль азот және 5 моль сутекті жібергенде,

40 % сутек әрекеттеспеді. Газ қоспасы соңында:

A) 2 моль сутек, 3 моль азот, 4 моль аммиак.

B) 3 моль азот, 5 моль аммиак, 5 моль сутек.

C) 2 моль аммиак, 2 моль сутек, 6 моль азот.

D) 1 моль аммиак, 2 моль сутек, 2 моль азот.

E) 3 моль азот, 4 моль сутек, 4 моль аммиак.

16. Металдық қасиеті басым элементтің конфигурациясы

A) 3s2 B) 6s2 C) 4s2 D) 5s25p2 E) 3s23p1

17. Гептен 2нің изомері

A) 2, 3-диметилбутен-1 B) 2, 3, 4-триметилпентен-1

C) 4-этилгексен-1 D) 2, 4-диметилпентен-2

E) 2-метилпентен-2

18. Этилпропионаттың құрамындағы көміртектің массалық үлесі

A) 47,8 B) 58,8 C) 45,5 D) 42,7 E) 37,8

19. С2 Н6 → Х → С2Н5ОН тізбегіндегі „ Х ” заты

A) С2Н5Br B) С2Н5COOH C) С2Н2 D) (С2Н4)n E) С3Н6

20. 39 г кальций фторидінің балқымасын электролиздегенде шығымы 80% болатын фтордың массасы тең:

A) 15,2 г. B) 25,6 г. C) 16,8 г. D) 21,4 г. E) 19,0 г.

21. Құрамында 95% алюминий оксиді бар 1 т бокситтан 0,426 т алюминий алынды. Шығымын (%) анықтаңыз:

A) 82,3% B) 84,7% C) 85,3% D) 77,6% E) 90,1%
22. 250 г гептан бір мезгілде циклденгенде және дегидрленгенде бензолдың гомологы түзіледі. Осы кезде түзілген газдың көлемі (қ.ж., литрмен)

A) 224 B) 198 C) 112 D) 148 E) 168

23. Өзара әрекеттескенде үшіншілік бутил спиртін түзетін заттар жұбы:

A) (CH3)3CH және H2O B) (CH3)2CH2 және CH3Br

C) (CH3)3CCl және CH3Br D) (CH3)2C = CH2 және H2O

E) (CH3)3CH және NaOH

24. Массасы 1 кг целлюлозаны толық эфирлеу үшін массалық үлесі 80% сірке қышқылының (р=1,6 г/см3) қажет (есептеуі целлюлозаның 1 элементар буынына арналады) көлемі:

A) 812 мл B) 868 мл C) 1796 мл D) 824 мл E) 835 мл

25. 15 г сірке қышқылынан (әр сатысының шығымы 75 % болса) алынатын

15 %-тік аминсірке қышқылының массасы:

A) 75,3 г B) 70,3 г C) 71,5 г D) 65,8 г E) 67,8 г


  1. нұсқа

1. Химиялық құбылыс

A) судың қатуы B) қардың еруі

C) қанттың суда еруі D) ағаштың жануы E) судың буға айналуы
2. Полярлығы күшті қосылыс:

A) CH4. B) PH3. C) HCl. D) H2S. E) HBr.

3. Электролит заттарѓа жатпайды

A) ерімейтін негіздер B) сілтілер

C) қышқылдар D) су E) тұздар
5. Осы сөйлемде оттек жай зат ретінде аталып отыр

A) Оттек судың құрамына кіреді

B) Әктастың құрамында оттек бар

C) Балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады

D) Оттек оксидтердің құрамында бар

E) Адам ағзасындағы қосылыстар құрамында шамамен 65% оттек бар


6. Осы заттың ерітіндісі электр тоғын өткізбейді

A) NaCl B) KI C) KOH D) C12H22O11 E) KCl

7. Қаныққан көмірсутектерде көміртек тізбегін нөмірлеуі

A) оң жағынан басталады. B) сол жағынан басталады.

C) тармақ жақын орналасқан шеттен басталады.

D) шетінен басталады. E) ортасынан басталады.

8. Акрил қышқылының формуласы

A) CH3COOH B) H2C=CH-COOH

C) C15H31COOH D) C17H35COOH E) C3HCOOH
9. Фотосинтез нәтижесінде түзілетін көмірсу:

A) рибоза. B) крахмал. C) дезоксирибоза. D) мальтоза. E) сахароза.

10. Температураны 100С градусқа көтергенде реакция жылдамдығы үш есе артатын болса, температураны 1500С -2000С-қа дейін көтергенде реакция жылдамдығы

A) 243 рет артады B) 269 рет артады

C) 250 рет артады D) 264 рет артады E) 260 рет артады
11. Суды электролиздегенде түзілген газдардың көлемдік қатынастары:

A) H2 : O2 = 2 : 1. B) H2 : O2 = 1 : 2. C) H2 : O2 = 2 : 3.

D) H2 : O2 = 1 : 1 E) H2: O2 = 3 : 2.

12. Cl2+H2O→ HClO+HCl үрдісіндегі химиялық тепе теңдік өнім түзілу жағына ығысу үшін қосатын зат

A) тұз қышқылының ерітіндісі B) натрий хлориді C) дистильденген су D) хлор қышқылының ерітіндісі E) хлорлау қышқылдың ерітіндісі

13. Реакция нәтижесінде күкірт тотықсыздандырғыш болатын реакция үрдісі

A) C+S→ B) S+O2→ C) Cu+S→ D) Ca+S→ E) P+S→

14. Азот тотықтырғыш болатын сызбанұсқа:

A) N0  N+2

N+5  N0

B) N+5  N+4

N0  N-3

C) N-3  N0

N+5  N+3

D) N0  N+3

N+2 N+4

E) N+2  N+4

N-3  N+2

15. Алюминий карбидінің құрамына кіретін көміртектің тотығу дәрежесі

A) 0 B) -4 C) +2 D) -2 E) +4

16. Алюминийдің коррозияға ұшырамайтындығының себебі:

A) Химиялық активтілігі аз. B) Оксидтік қабықпен қапталған.

C) Электрохимиялық кернеу қатарында сілтілік металдан кейін орналасқан.

D) Концентрлі азот және күкірт қышқылында пассивтеледі.

E) Оттекпен әрекеттеспейді.


17. Темір алынбайтын үрдіс:

A) Темір (ІІІ) гидроксидін айыру. B) Fe3O4-ті алюминотермиялау.

C) FeSO4-ті электролиздеу. D) FeCl2-ерітіндісін электролиздеу.

E) Fe2O3-ті сутекпен тотықсыздандыру.

18. Капрон талшығын алу процесінің схемасы:

A) NH2 - (CH2)6 - COOH + NH2 - (CH2)6 - COOH 

B) NH2 - (CH2)4 - COOH + NH2 - (CH2)6 - NH2

C) NH2 - (CH2)5 - COOH + NH2 - (CH2)5 - COOH 

D) NH2 - (CH2)4 - COOH + NH2 - (CH2)4 - COOH 

E) NH2 - (CH2)6 - NH2 + HOOC - (CH2)8 - COOH 

19. Мына өзгерістер схемасындағы А заты:

A) Аминсірке қышқылы. B) Аммоний ацетаты.

C) Сірке қышқылы. D) Этиламин. E) Сірке альдегиді.

20. Mg3N2 A  B A тізбегіндегі B затының молекулалық массасы:

A) 145 B) 17 C) 127 D) 129 E) 278

21. 30 грамм темір мен 16 грамм күкірт әрекеттескенде түзілетін темір (II) сульфидінің массасы

A) 42 г B) 48 г C) 45 г D) 44 г E) 46 г
22. Метанды (қ.ж.) хлорлауға 112 л хлор жұмсалып, түзілген трихлорметанның шығымы 80 болса, онда оның массасы:

A) 189,3 г B) 179,3 г C) 159,3 г D) 149,3 г E) 169,3 г

23. 132г СН3СОН ацетальдегид (шығымы 75%) алу үшін жұмсалатын құрамында 28 % қоспасы бар кальций карбидінің массасы

A) 265,5 B) 325,5 C) 235,5 D) 355,5 E) 255,5

24. 30 г пропанол мен 20 г калий әрекеттескенде шығымы 60 болса, түзілетін сутектің (қ.ж.) көлемі

A) 3,36 л B) 2,24 л C) 5,6 л D) 4,48 л E) 1,12 л

25. Егер бірінші және екінші сатысында түзілген заттың шығымы 50%, ал соңғы сатысында 100% болса, 33 г 2,4,6-триброманилин алу үшін қажет бензолдың массасы:

A) 30,0 г. B) 31,2 г. C) 32,0 г. D) 29,2 г. E) 32,8 г.



05 нұсқа

1. Жай зат

A) Сутегі B) Натрий хлориді

C) Темір сульфиді D) Күкірт сутегі E) Су

2. Периодтық жүйенің үшінші периодын аяқтайтын элементтің сыртқы электрон қабатындағы электрондар саны

A) 2 B) 6 C) 18 D) 8 E) 14

3. Элементтердің терісэлектрлігі өсетін қатары:

A) Si- Al- Mg- Na B) P- As- Sb –Bi

C) Si- P-S-Cl D) Cr- Se-Mo-Te E) O-N-C-B
4. Бір мезгілде төмендегідей иондары болатын ерітінді:

A) B)

C) D)

E)

5. Оттектің жай зат ретінде кездесуі

A) адам ағзасында B) негіздерде C) атмосферада

D) тұздарда E) жер қыртысында
6. Азот қышқылымен әрекеттесетін заттар қатары

A) CO2, CaO B) SrO, SiO2 C) SO3, Al2O3 D) ZnO, FeO E) P2O5, CuO

7. Метеориттің негізін құрайтын металл

A) Zn B) Mg C) Fe D) Pb E) Hg

8. Сірке қышқылы қолданылмайтын жағдай

A) тамақ өнеркәсібінде B) еріткіш, хош иісті заттар алуда

C) гербицидтер, бояулар алуда D) өрт сөндіруде және отын ретінде

E) пластмасса, жасанды тері, тоқыма өнеркәсібінде

9. Аминнің формуласы:

A) C6H5OH B) C6H5NH2 C) C6H5NO2 D) C6H5N2Cl E) C6H4 (NO2)(CH3)

10. 1 моль сұйық судың түзілу жылуы 286 кДж тең болса, 7,2 г су түзілгенде жұмсалатын жылу мөлшері

A) 114,4 кДж B) 102,2 кДж C) 103,4 кДж D) 104,4 кДж E) 110,4 кДж

11. Күшті тотықтырғыш

A) азот қышқылы B) аммиак C) азот (ІІ) оксиді

D) калий нитриті E) азот

12. Диаммофостағы ((NH4)2HPO4 ) азоттың массалық үлесі (%)

A) 12,5 B) 15,9 C) 17,1 D) 21,2 E) 18,2

13. Көміртектің иіссіз, түссіз, ауадан сәл жеңіл, өте улы, суда нашар еритін газ түріндегі қосылысы

A) карболен B) карборунд C) көміртек (IV) оксиді

D) көміртек (II) оксиді E) көмір қышқылы

14. Al Al(OH) 3AlCI3Al(OH)3 Na[Al (OH)4] өзгерістер тізбегіндегі алюминийдің амфотерлік қасиетін көрсететін реакциялар

A) 2,4 B) 3,4 C) 1,4 D) 1,2 E) 2,3

15. Төменде келтірілген заттардың арасында сутектік байланыс түзбейтін зат:

A) Этаналь. B) Метан қышқылы. C) Этан қышқылы.

D) Бензой қышқылы. E) Этанол.

16. 0,5 моль этилбензолдың массасы (г)

A) 92 B) 53 C) 74 D) 86 E) 65

17. Этанолмен реакцияға түсетін зат:

A) H2O B) КBr C) HBr D) NaOH E) Ba(OH)2

18.


тізбегіндегі Х және У заттары

A) бутадиен, каучук B) изопрен, каучук

C) ацетилен, поливинилхлорид D) этилен, полиэтилен

E) пропилен, полипропилен

19.


қышқылының атауы

A) 2 - метилпропан қышқылы B) 3 - метилбутан қышқылы

C) 2,3 - диметилкапрон қышқылы D) 2 - метилмай қышқылы

E) 2,4 диметилпентан қышқылы

20. Көлемі 200 мл, молярлық концентрациясы = 0,25 моль/л ерітіндідегі натрий карбонатының массасы:

A) 53 г B) 5,3 г C) 106 г D) 10,6 г E) 7,3 г


21. 2 моль KMnO4 –пен әрекеттесуіне қажет тұз қышқылының зат мөлшері.

A) 6 моль B) 7 моль C) 10 моль D) 16 моль E) 5 моль

22. 1344 л сутегі(қ.ж.) 2 кг күкіртпен әрекеттескенде 1632 г күкіртсутек түзілген. Реакция өнімінің шығымы:

A) 90 %. B) 100 %. C) 85 %. D) 80 %. E) 95 %.


23.

өзгерістер тізбегіндегі В, Г, Д заттары

A) аммиак, аммоний хлориді, кальций сульфаты

B) аммиак, азот, кальций сульфиті

C) аммиак, аммоний хлориді, натрий сульфаты

D) азот, аммиак, кальций сульфаты

E) азот, аммиак, кальций гидроксиді

24. (Қ.ж.) тығыздығы 0,715 г/л болатын көмірсутектің 4,8 грамын жаққанда 13,2 г көмірқышқыл газы түзілген болса, онда оның молекулалық формуласы

A) C5H12 B) С2H6 C) C3H8 D) CH4 E) C4H10

25. Массасы 45 г глюкозаны толық тотықтыруға (құрамында оттектің көлемдік үлесі 21 % бар) қажет ауаның (қ.ж.) көлемі:

A) 120 л B) 130 л C) 160 л D) 140 л E) 150 л



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет