Құрастырған: О. М. Ибрагимов Бағдарлама «Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде ұсынылған



бет2/6
Дата02.01.2022
өлшемі87.5 Kb.
#453342
1   2   3   4   5   6
01-Тип-Web-прог-каз

АЛҒЫ СӨЗ
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио – бейнематериалдар, т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, ҒТР, Telnet. т.б.; электрондық мәлімет үшін: E-mail, Usenet, ISQ, IRC, IP-телефония және басқалары. Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әртүрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді.

WWW мен оның программалық жабдықтары – желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
Студент пәнді меңгеру қорытындысы бойынша білуі тиіс:


  • пәннің негізгі компьютерлік терминдерін;

  • Интернет қызметтері мен хаттамаларын;

  • желі компьютерлерінің физикалық және логикалық адрестерін;

  • браузерлердің негізгі атқаратын қызметтерін;

  • гипермәтіндік құжат құрылымы мен оны құру технологиясын;

  • HTML тілінің тэгтері мен олардың қасиетерін;

  • гипермәтіндік құжатқа сілтемелер, сурет және объекттер енгізуді;

  • СSS технологиясының қасиеттерін;

  • JavaScript және РНР тілі негіздерін;

  • Apache жүйесін және РНР процессорын;

  • гипермәтіндік құжаттың интерактивтік интерфейсін.

Студент жасай білуі тиіс:



  • компьютерлік жүйелерде тұтынушы ретінде өзінің талаптарын қалыптастыра білуі;

  • Интернеттің WWW, ҒТР, Telnet, E-mail, Usenet, ISQ, IRC т.б. қызметтерімен және іздеу серверлерімен жұмыс істеуді меңгеруі;

  • қашықта орналасқан компьютердің каталогтарымен және файлдарымен дербес жұмыс істеуді меңгеруі;

  • Web-сайт құру және оны жариялау технологиясы талаптарын орындай білуі;

  • браузердің және редактордың компьютер модельдеріне байланысты негізгі компоненттерін таңдай білу;

Бұл пәнінің алдында «Информатика», «Операциялық жүйелер», «Бағдарламалау тілдері», «Есептеу желілері және телекоммуникациялар» пәндері оқытылуы тиіс.

Студенттер «Интернетте бағдарламалау» пәнінен алған білімі мен дағдыларын кәсіптік іс-тәжірибе және дипломдық жұмыстарында қолдана алады.
ПӘН МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті оларды барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парпақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең таралуына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет