Құрастырған: профессор, х.ғ. д. Р.Ә



Дата19.06.2016
өлшемі114 Kb.
#147226

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
5В070100 – Биотехнология мамандығының студенттеріне арналған

органикалық және биоорганикалық химия


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ХТжЖ факультетінің деканы

___________ Қ. Қ. Ахметов

20__ж. «___»____________


Құрастырған: профессор, х.ғ.д. _________ Р.Ә. Әміреев


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

5B070100 –Биотехнология мамандығының күндізгі оқыту нысаны студенттеріне арналған органикалық және биоорганикалық химия


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж «___» ____ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20___ж. «___» _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________К.Х. Жапарғазинова 20___ж. «___» ____

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу – әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20___ж. «___» ___________ № ___Хаттама.

ОӘК төрағасы __________________У.Д. Бүркітбаева 20___ж. «___» ________


КЕЛІСІЛДІ

Биотехнология кафедрасының меңгерушісі___________М.С.Омаров 20___ж. «___» ________



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты
Әміреев Рақыш Әміреұлы – химия ғылымдарының докторы, химия және химиялық технологиялар кафедрасының профессоры.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы негізгі оқу корпусында орналасқан (Ломов көшесі, 64), А-509 аудитория, байланысу телефоны 68-73-06.



2 Пән туралы мәліметтер
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтардың түрлері бойынша байланысу сағаттарының саны

Студенттердің өзіндік жұмысының сағаттар саны

Бақылау түрлері

Барлы-ғы

Дәріс

Практика-лық

Зертхана-лық

Студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

1

3

135

15

15

15







90

45

емтихан

Барлығы

3

135

15

15

15







90

45





4 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты – органикалық химияның негізгі бөлімдері (көмір- сутектер, олардың монофункционалды және гетерофункционалды туындылары, гетероциклді қосылыстар) және биологиялық белсенді қосылылыстардан студенттерге қажетті білімдер беру.

Пәннің міндеттері – студенттерді органикалық химия теориясының кәзіргі күйімен, органикалық қосылыстардың негізгі топтарын алудың ең маңызды әдістері және химиялық қасиеттерімен таныстыру, биологиялық белсенді табиғи органикалық заттардың әр түрлі топтарынан студенттердін білім алуы.
5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- органикалық молекулалардағы химиялық байланыстын табиғаты жөнінде;

- органикалық қосылыстардың құрылысы мен әрекетесуге қабілеттілі-гінің арасындағы тәуелділік туралы;

- органикалық молекулалардың кеңістіктік құрылымы жөнінде түсініктері болуы;

- органикалық қосылыстар мен реакциялардың жіктелуін;

- көмірсутектер және олардың функционалды туындыларының ең маңызды алу әдістері мен химиялық қасиеттерін;

- орынбасу және қосыпалу реакцияларының ең қарапайым механизмдерін;

- ең маңызды биологиялық белсенді органикалық қосылыстардың құрылы-мын, қасиеттерін және қызметтерін білуі;

- теориялық білімдерді нақты мәселелерді шешу үшін қолдануға;

- изомерлік органикалық қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрастыруға;

- органикалық реакциялардың сызбанұсқаларын құрастыруға икемді болуы;

- органикалық химия лабораториясында жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік техникасының жалпы ерелерін сақтауға;

- лабораториялық жұмысты орындау үшін қарапайым приборларды құрастыруға;

- органикалық қосылыстардың синтездеу әдістері және химиялық айналулары бойынша есептер шығарып, жаттығулар орындауға практикалық машықтарды иемденуі қажет.
6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

Химия.
7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет:

Биохимия.
8 Тақырыптық жоспар

р\с



Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны


дәрістер

практикалық

зертханалық

СӨЖ

1

Органикалық және биоорганикалық химияға кіріспе

1







2

2

Алкандар`

2

2

4

4

3

Алкендер. Диен көмірсутектері

2

2


4

4

4

Алкиндер

1

1

2

3

5

Циклоалкандар










6

6

Арендер

1

2

4

4

7

Алкандардың галогентуындылары










6

8

Спирттер

1

2

4

5

9

Фенолдар










6

10

Оксоқосылыстар (альдегидтер мен кетондар)

1

2


4

6

11

Карбон қышқылдары

1

2

4

6

12

Ароматты нитроқосылыстар










4

13

Ароматты аминдер

1







5

14

Гидроксиқышқылдары










4

15

Аминоқышқылдары. Белоктар

1







5

16

Көмірсулар. Моносахаридтер

1

1

4

5

17

Гетероциклді қосылыстар

1

1




6

18

Алкалоидтар. Антибиотиктер

1







4

19

Биореттегіштер. Простагландиндер










5

БАРЛЫҒЫ:

15

15

30

90











9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Органикалық химия жаралыстану-ғылыми пәндерінің ең маңыздыларының біріне жатады. Органикалық химия – химияның ең ірі,тұрақты дамып келе жатқан бөлімі. Ол ғылым мен техниканың жаңа салаларын құруда және дамытуда, табиғи байлықтарды тиімді пайдалануда, қоршаған ортаны қорғауда, адамзатты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуде, денсаулық сақтауды дамытуда жетекші рөл аткарады. Органикалық химия биология мен медицинаның негізіне жатады. Тірі организимдер негізінен органикалық қосылыстардан тұрады және биологиялық үдерістер ақырлап келгенде органикалық химияның нәрсесі болып табылады. Биоорганикалық химия тіршілік әрекетінің үдерістеріне қатысатын заттардың құрылысын және қасиеттерін зерттейді. Оның негізгі зерттеу объектілеріне биополимерлер және биореттегіштер жатады. Биоорганикалық химия органикалық химиямен тығыз байланысты.


10 Курстың компоненттері
Лекциялық сабақтар тақырыптарының тізбесі
Тақырып 1. Органикалық және биоорганикалық химияға кіріспе

Тақырып 2. Алкандар

Тақырып 3. Алкендер. Диен көмірсутектері

Тақырып 4. Алкиндер

Тақырып 5. Арендер

Тақырып 6. Спирттер

Тақырып 7. Оксоқосылыстар (альдегидтер мен кетондар)

Тақырып 8. Карбон қышқылдары

Тақырып 9. Ароматты аминдер

Тақырып 10. Аминоқышқылдары. Белоктар

Тақырып 11. Көмірсулар. Моносахаридтер

Тақырып 12. Гетероциклді қосылыстар

Тақырып 13. Алкалоидтар. Антибиотиктер

Практикалық сабақтар тақырыптарының тізбесі
Тақырып 1. Алкандар

Тақырып 2. Алкендер. Диен көмірсутектер

Тақырып 3. Алкиндер

Тақырып 4. Арендер

Тақырып 5. Спирттер

Тақырып 6. Оксоқосылыстар (альдегидтер мен кетондар)

Тақырып 7. Карбон қышқылдары

Тақырып 8. Көмірсулар. Моносахаридтер

Тақырып 9. Гетероциклді қосылыстар
Зертханалық сабақтар тақырыптарының тізбесі
Тақырып 1. Алкандар

Тақырып 2. Алкендер. Диен көмірсутектер

Тақырып 3. Алкиндер

Тақырып 4. Арендер

Тақырып 5. Спирттер

Тақырып 6. Оксоқосылыстар (альдегидтер мен кетондар)

Тақырып 7. Карбон қышқылдары

Тақырып 8. Көмірсулар. Моносахаридтер


СӨЖ түрлерінің тізбесі


  1. Лекциялық сабақтарға дайындалу

  2. Практикалық сабақтарға дайындалу

  3. Практикалық сабақтар бойынша тапсырмаларды орындау

  4. Лабораториялық сабақтарға дайындалу

  5. Есепті әзірлеу және лабораториялық жұмыстарды қорғау

  6. Аудиториялық сабақтардың мазмұнына енбеген материалдарды зерделеу

  7. СӨЖ орындау және қорғау

  8. Бақылау шараларына дайындалу



11 Курстың саясаты
Курстың кейбір құрауыштарынан сіздің білімдеріңіздің деңгейі балдармен бағаланады. Айталық, бір сағаттық сабаққа қатысқаны, сабаққа дайындық, топтағы белсенді жұмыс үшін лекциялық сабақ бойынша 1,0 бал, практикалық сабақ бойынша 1,0 бал және екі сағаттық лабораториялық жұмыс бойынша 1,0 бал қойылады.

Мен сізден оқу үдерісіне белсенді қатысуыңызды сұраймын. Оқу үдерісіне белсенді қатысу дегеніміз – сабақтарға қатысу, талқылауларда және топ жұмысында белсенді болу, курста бірге оқитындарға көмектесу. Топ жұмысына қатысу сапасы сандық көрсеткішке қарағанда маңыздырақ. Мен сізден сабақтарға кешікпеуіңізді сұраймын. Сабақтардағы кез келген тәртіп бұзушылық тіпті аудиториядан шығарып жібергенге дейін жазаланады. Сабақтарды жібергені үшін мен мынадай шараларын белгілеймін:



  • себепсіз лекцияға қатыспағаны үшін 2,0 бал алынып тасталады;

  • себепсіз бір сағаттық практикалық сабаққа қатыспағаны үшін 2,0 бал алынып тасталады;

  • себепсіз екі сағаттық лабораториялық сабаққа қатыспағаны үшін 2,0 бал алынып тасталады;

  • жіберген сабақты жұмыспен өтегені үшін практикалық сабаққа 1,0 бал, лабораториялық сабаққа 2,0 бал қойылады.

Барлық аудиториялық уақыт лекцияларға, оқығанды талқылауға, өз ойларын айтуға, лабораториялық жұмыстарды орындауға бөлінеді. Сіздің дайындығыңыз бақылау жұмыстарымен, коллоквиумдар тапсырумен, ауызша, жазбаша және түйдектеп сұраумен, тестлермен тексеріледі. Барлық тапсырмалар дер кезінде орындалуы керек. Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар 2,0 балға кем бағаланады. Емтихандарда немесе сұрақтарға жауап бергенде, жазбаша бақылау жұмыстарын орындағанда, коллоквиумдар тапсырғанда көшіріп жазуға тиым салынады. Егер кейбір себептермен бақылау шараларын жүргізген кезде сіз оған қатыспаған болсаңыз, онда сізге келесі сабақ басталғанға дейін тапсыруға мүмкіншілік беріледі. Олай болмаған жағдайда сіз «0» бал алаыз.

Әрбір семестрде екі межелік бақылау белгіленген. Онда тақырыптар

бойынша коллоквиумдар, жазбаша бақылау жұмыстарын немесе сәйкес бөлімдердің материалдары бойынша тестілеу өткізу көзделген. Қорытынды бақылау билеттер бойынша емтихан және тестілеу түрінде жүргізіледі.

12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1) Грандберг И.И. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2007.

2) Сейтжанов Е.Ф. Органикалық химия. – Алматы: Print –S, 2005.

3) Березин Б.Д., Березин Д.Б. Курс современной органической химии.–М.: Высшая школа, 2003.

4)Тюкавкина Н. А., Бауков Ю. И. Биоорганическая химия. – М.: Дрофа, 2008.

5) Артеменко А.И. Органическая химия.- М.: Высшая школа, 2007.


Қосымша әдебиет

6) Иванов В.Г., Гева О.Н., Гаверова Ю.Г. Практикум по органической химии.– М.: Академия, 2002.



7) Дроздов А. А. Органическая химия: конспект лекций. – М.: ЭКСМО, 2007

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет