«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері»


Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар



бет10/11
Дата07.07.2016
өлшемі1.19 Mb.
#183253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар



Әдістемелік ұсыныстар

Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.

Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.

Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.

Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Өкінішке орай кебір студенттер солай жасайды. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.

Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.

Бақылау есептерінің номерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы саны бойынша, ал есепте көрсетілген шамалардың сандық мәндерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы санының алдындағы сан бойынша алады (кесте 2).

Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.



5. Тестік сұрақтар мысалдары.
@@@ Жұмысқа қабілеттілік критериилері
$$$ 1

Бөлшектің тозығына жетіп жарамсыз болғанға дейінгі уақытын немесе кернеу қабылдау санын не деп атайды?


$$$ 2

Жөндеуге немесе өңдеуге арналған жеке бөлшектерден тұратын жинақ не деп аталады?


$$$ 3

Бөлшектің мөлшерленген уақыт ішінде жұмыс істеу қасиетін не деп атайды?


$$$ 4

Бұйымдардың техникалық-нормативтік құжаттарға сәйкес өз міндеттерін орындауын не деп атайды?


$$$ 5

Бөлшектердің күш түскенде сынуға немесе пластикалық деформацияға төзімді болуын не деп атайды?


$$$ 6

Машина бөлшектерінің тербеліске тұрақтылығы қандай санды көрсеткіштермен есептеледі?


$$$ 7

Машиналардың немесе тораптардың жылуға тұрақтылығы қандай санды көрсеткіштермен есептеледі?


$$$ 8

Жанасқан бөлшектердің үйкеліс күші әсерінен тозуға қарсы қабілеттілігін не деп атайды?


$$$ 9

Бөлшектердің белгілі температура шегінде жұмыс істеу қабілеттілігін не деп атайды?


$$$ 10

Бұйымның жұмыс істеу, жөндеу, сақтау және апару талаптарына сәйкес болып, мөлшерлі мерзімде бұзылмай, белгілі пайдалану көрсеткіштерімен өз міндетін орындау қасиеті не деп аталады?


$$$ 11

Жалпы мақсатқа қолданылатын бөлшектерден құралған бірлігі не деп аталады?


$$$ 12

Машинаның жұмыс органдарын іске қосатын құрылым қалай аталады?


$$$ 13

Энергияны өзгертуге, сонымен қатар, адамның қол немесе ой еғбегін жеңілдетуге арналған механикалық құрылым не деп аталады?


$$$ 14

Машинаның жұмыс істеу қабілеттілігін жоғалтумен байланысты оқиғаны не деп атайды?


$$$ 15

Машина бөлшектерінің жұмысқа қабілеттіліне қандай сапалық критериилер сәйкес келеді?


$$$ 16

Машиналардың немесе бөлшектердiң сенiмдiлiгiнiң қандай сапалық критериилерi бар?


$$$ 17

Бөлшектің немесе жүйенің зиянды тербеліссіз қажетті айналым жиілігімен жұмыс істеу қабілеттілігін не деп атайды?


$$$ 18

Машиналардың тоқтап қалуын алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетін не деп атайды?


$$$ 19

Жинақтау операциясыз жасалған қарапайым машина тетіктері не деп аталады?


$$$ 20

Бұйымдардың бір жерден екінші жерге апаруға және ұçàқ мерзімде сақталуында өзінің техникалық құжат көрсеткіштеріне сәйкес болуын не деп атайды?


$$$ 21

Бұйымның техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің белгіленген жүйесінде шектік жағдайға жеткенше өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтау қасиеті қалай аталады?


$$$ 22

Машина бөлшектерінің беріктігі қандай санды көрсеткіштермен өрнектеледі?


$$$ 23

Бөлшектердің материалдарың оптимизация теориясы негізінде қабылдағанда қандай бағалау көрсеткіштері есепке алынады?


$$$ 24

Машина бөлшектерінің қатаңдығы қандай санды көрсеткіштерімен есептеледі?


$$$ 25

Бөлшекке күш түскенде өзінің пішінін өзгертпей сақтап қалу не деп атайды?

@@@ Қосылыстар (қарапайым)
$$$ 26

Келесі бұрандада қандай ойма екенін айтыңыз

$$$ 27


Ойма жүрісі қалай анықталады? Ойма бір орамды.
$$$ 28

Үлкен күш түсетін бекіту топтарын құрастыру кезінде (өстік күш, диаметр, ойма адымы шамалары белгісіз) қандай ойманы таңдау керек7


$$$ 29

Қандай буаттар кернеулі қосылыстарға жатады?


$$$ 30

Шеті домалақтанған призмалық буаттың жұмыс ұзындығы қалай анықталады?


$$$ 31

Тек керілуге жұмыс істейтін түйіспелі пісіру жапсарын қандай кернеуге есептейді ?


$$$ 32

С
уретте қандай буат көрсетілген?


$$$ 33

Қандай ойма жүрістіге жатады?

$$$ 34

Суретте қандай буат көрсетілген?




$$$ 35


Призмалық буатты жаншылуға қандай формуламен есептейді?
$$$ 36

Көрсетілген бөлшектердің қайсысы қосылу бөлшектеріне жатады?


@@@ Берілістер (қарапайым)
$$$ 37

Қазiргi машиналарда белдiктi берiлiстiң қандай түрi көп тараған?


$$$ 38

Белдіктің қажып бұзылуы неге байланысты?


$$$ 39

Қандай жалпақ белдiктер ең көп қолданылады?


$$$ 40

Ñûíà белдікті берілісте кіші шкивті /елгезерді/ қамту бұрышын қандай мөлшерде қабылдау қажет?


$$$ 41

Шынжырлы берілістерді жобалауда шынжырдағы буындар санын жұп қылып қабылдау ұсынылады. Неге?


$$$ 42

Цилиндрлі қисық тісті берілістерде тістің көлбеулік бұрышын () қай мөлшерде қабылдайды?


$$$ 43

Түзу тісті цилиндрлі берілістің өсаралық қашықтығын есептейтін формула келесі түрде жазылады:



. Егер аw, мм-мен, []H Н/мм2-мен, Тр2 Н м-мен анықталса, бұл жағдайда сандық коэффициент (Ка) қандай болуы керек?
$$$ 44

Диаметрін өзгертпей біліктің қатаңдығын қалай асыруға болады?


$$$ 45

символымен не белгіленеді?
$$$ 46

Ашық берілістің қай өлшемі тістердің иілуге беріктік шарты бойынша анықталады?


$$$ 47

Егер болса, формуласы бойынша не анықталады?


$$$ 48

Қандай беріліс фрикциялық беріліске жатады?


$$$ 49

Келтірілген қатынастардың қайсысы бір сатылы берілістің беріліс саны деп аталады?


$$$ 50

Бұранда-гайка берілісі қайда қолданылады?


$$$ 51 А

Буынтықты берілісті (төмендеткішті) жылуға есептеу не себептен жүргізіледі?


$$$ 52

формуласы бойынша не есептеледі?

@@@ Ұштіректер


$$$ 53

Ұштіректі қалай таңдайды?


$$$ 54

Ұштiрек номерiнiң оң жақтан үшiншi цифрасы ненi көрсетедi?


$$$ 55

Ұштіктер тек қана өстік күшті қабылдайды. Онда оларды есептегенде қандай формуланы пайдалану керек? Атын және өлшем бірлігін көрсетіңіз.


$$$ 56

Ұштірек тек қана радиальды күшті қабылдайды. Оларды есептегенде қандай формуланы қолданамыз. Атын және өлшем бірлігін көрсетіңіз.


$$$ 57

Ұштірек радиальды және өстік күшті қабылдайды. Оларды есептегенде қандай формуланы қолданамыз. Атын және өлшем бірлігін көрсетіңіз.


$$$ 58

Ұштіректің домалау денесін қажетті жағдайда ұстап тұратын бөлшек қалай аталады?


$$$ 59

Жалпы машина жасау өнеркәсібіндегі төмендеткіштерде ұштіректің қай сақинасы айналады?


$$$ 60

№1202 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 61

№204 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 62

№315 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.

$$$ 63

№2305 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 64

№6301 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 65

№3406 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 66

№4210 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 67

№5316 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 68

№4319 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 69

№7309 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 70

№8305 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 71

№9312 ұштіректің қондыру диаметрін анықтап, толық аталуын көрсетіңіз.


$$$ 72

Біліктің ұштірек астындағы шеткі орыны қалай аталады?


$$$ 73

Өте тез айналатын (айналымы 30 … 40 · 103 мин-1) ұштіректер үшін майлаудың қандай түрі қолданылады?


$$$ 74

Май тұтқырлығы жоғары болады, егер ...


$$$ 75

Қандай ұштіректің жүктелу коэффициенті келесі формуламен анықталады?



@@@ Қосылыстар (орташа)


$$$ 76

Қандай қосылыстарда келесі кемшіліктер бар: 1) білік пен күпшектің беріктігінін азаюы; 2) бөлшектердің өзара алмастыру мүмкіншілігінің қиындауы; 3) қосылатын бөлшектердің ұзындығы бойынша ойыстың параллельдігін қамтамасыз ету қиын; 4) кіші моментті беру мүмкіншілігі.


$$$ 77

Қандай қосылыстарда келесі кемшіліктер бар:1) қосылыстың қымбаттылығы және қосылысты жасау қиыншылығы; 2) көп материалдың шығындалуы; 3) күрделі фигуралы бөлшектерді қосу мүмкін емес; 4) қосылатын бөлшектердің беріктігі кемиді.


$$$ 78

Қандай қосылыстарда келесі артықшылықтар бар: 1) жинау қарапайымдылығы; 2) кенеттен түскен үлкен күштен сақтану; 3) өстік және бойлық орналастыруды реттеу мүмкіншілігі?


$$$ 79

Қандай қосылыстарда келесі артықшылықтар бар: 1) құрылымның қарапайымдылығы мен сенімділігі; 2) бағасының арзаңдығы?


$$$ 80

Қандай қосылыстарда келесі артықшылықтар бар: 1) жапсар құрылымының қарапайымдылығы және қосылысты жасау оңайлығы; 2) құрылым массасының аздығы; 3) әр түрлі пішінді бөлшектерді қосу мүмкіншілігі; 4) герметикалы қосылыс; 5) технологиялық процесстің аз шулылығы; 6) процессті автоматизациялау мүмкіншілігі?


$$$ 81

Қандай қосылыстарда келесі кемшіліктер бар: 1) қосу элементтерінде қалдық кернеудің пайда болуы; 2) бөлшектердің майысуы; 3) құбылмалы және кенеттен түскен үлкен күштерде сенімділігінің азаюы.


$$$ 82

Қандай қосылыстарда келесі артықшылықтар бар: 1) қосылыстың үлкен беріктігі және сенімділігі; 2) қосылыстың сапасын оңай тексеру мүмкіншілігі; 3) динамикалық күштерді қабылдау мүмкіншілігі; 4) пісіріп қосуға келмейтін материалдарды біріктіру мүмкіншілігі.


@@@ Берілістер (орташа)
$$$ 83

Белдiкте пайдалы кернеу деп не аталады?


$$$ 84

Шынжырлы берілістің топсадағы меншікті қысымын қай формуламен табуға болады?


$$$ 85

Шынжырдың беріктік қоры қай формуламен анықталады?

$$$ 86

Қандай берілістерде келесі артықшылықтар бар: 1) құрылымының және қызмет көрсетуінің қарапайымдылығы; 2) берілістің жатықтығы және жұмыстың шусыздығы; 3) берілістің кинематикалық мүмкіншіліктері үлкен; 4) берілістің сақтандырғыш қасиеті бар?


$$$ 87

Қандай берілістерде келесі артықшылықтар бар: 1) беріліс санының тұрақтылығы; 2) үлкен күштерді қабылдау мүмкіншілігі; 3) бір жұп үшін жоғары ПӘК (0,97...0,99); 4) сырт өлшемнің кішілігі; 5) үлкен шыдамдылықпен және сенімділікпен жұмыс істеу; 6) біліктермен тіректерге аз күш түсіруі; 7) реттеу қарапайымдылығы.


$$$ 88

Қандай берілістерде келесі кемшіліктер бар: 1) беріліс санын сатысыз өзгерту мүмкін емес; 2) жасалуына және жиналуына қойылатын үлкен талаптар; 3) үлкен жылдамдықтарда шу пайда болуы; 4) жұмсартқыш (амортизаторлық) қасиеттері нашар; 5) жетекші және жетектегі дөңгелектердің өсаралық қашықтықтары үлкен болса, сырт өлшемдері де үлкейеді; 6) тістерді кесу үшін арнулы жабдық пен аспапты қажет етеді.


$$$ 89

Қандай берілістерде келесі кемшіліктер бар: 1) беріліс қатынасының тұрақсыздығы; 2) кіші қуат беруі; 3) ашық берілістер үшін ПӘК төмендігі; 4) біліктерге арнаулы тіректерді қолдану қажет; 5) дөңгелектердің бірқалыпсыз тозуы; 6) күштік ашық берілістер үшін шеңберлік жылдамдығының аздығы.


$$$ 90

Қандай берілістерде келесі артықшылықтар бар: 1) бір саты үшін үлкен беріліс қатынасын алу мүмкіншілігі; 2) шусыз бірқалыпты жұмыс істеу; 3) өзін - өзі тежеуші беріліс алу мүмкіншілігі; 4) сырт өлшем мен салмағының кішілігі?


$$$ 91

Келесі топтастыру қандай механикалық берілістерге тән: 1) дөңгелектердің өстерінің өзара орналасуы бойынша; 2) құрастыру әдісі бойынша; 3) саты саны бойынша; 4) шеңберлік жылдамдық бойынша; 5) тістің пішінінің түрлері бойынша; 6) ілініс дәлдігі бойынша.


$$$ 92

Қандай механикалық берілістерде келесі кемшіліктер бар: 1) ПӘК төмендігі; 2) ұзақ жұмыс істегенде қызуы, сондықтан салқындатқышты қажет етуі; 3) тісті берілістермен салыстырғанда аз қуат беруі; 4) дөңгелек үшін қымбат материалдарды қажет етуі.


$$$ 93

Егер дөнгелектің тіс санын өзгертпей буындықтың айналым санын 2-ден 4-ке ауыстырса, беріліс саны өзгере ме?


$$$ 94

Буынтықты төмендеткішті құрастырған кезде буынтықтың тіректері арасындағы қашықтығы алдын ала есептелгеннен 10% кеміді. Осы себептен буынтықтың майысу мөлшері неше % өзгереді?


$$$ 95

Òөìåíдеткіштің беріліс саны u=8 болса, баяу жүрістегі біліктің диаметрі тез жүрістегі біліктің диаметрінен қанша есе үлкен болуы керек? Аталған біліктер тек қана бұралуға жұмыс жасайды

@@@ Муфталар
$$$ 96

Жұдырықшалы – дисклі (делегейлі) жалғастырғыштың жұдырықшасын қандай деформация бойынша есептейді?


$$$ 97

Серпімді төлкелі-саусақты муфтаның саусақтарын қандай деформация бойынша есептейді?


$$$ 98

Қандай муфтада өстік радиалдық және бұрыштық ауытқулар теңгеріледі?


$$$ 99

Серпімді төлкелі-саусақты муфтаның резеңкесін қандай деформация бойынша есептейді?


$$$ 100

Серпімді төлкелі-саусақты муфтаны қандай деформация бойынша есептейді?


$$$ 101

Тісті муфтаны қандай деформация бойынша есептейді?


$$$ 102

Жұдырықшалы – дисклі (делегейлі) жалғастырғыштың жұдырықшасын қандай деформация бойынша есептейді?


$$$ 103

Тор тәрізді қабықшасы бар муфтаның серпімді элементін қандай деформация бойынша есептейді?


$$$ 104

Қандай жалғастырғыштың жаншылу кернеуін келесі формуламен есептейді?



$$$ 105


Фланецті муфтаның саңылаусыз отырғызылған болттық қосылысты неге есептейді?
$$$ 106

Қандай жалғастырғыштың қатаңдығы келесі формуламен есептелінеді?



?

$$$ 107


Қандай жалғастырғыштың жаншылу кернеуін келесі формуламен есептейді?

?

$$$ 108


Қандай жалғастырғыштың үйкеліс моменті келесі формуламен есептеледі?

?

@@@ Қосылыстар (күрделі)


$$$ 109

Призмалық буатты қосылыстың жаншылу кернеуін sсм анықтаңыз, айналу моменті Т=600 · 103 Н мм; біліктің диаметрі d=40 мм; буаттың жұмыс ұзындығы lp=80мм; жаншылу ауданының биіктігі t1=5, h=8.


$$$ 110

Болт сырығын созылуға есептеу арқылы болттық қосылыстың ірі қадамды метрикалық оймасының диаметрін анықтаңыз, егер Q =12 кН, [р]=100МПа белгілі болса.


$$$ 111

Болт сырығын созылуға есептеу арқылы ірі қадамды М16 оймасы бар тартылмаған болттық қосылыстың мүмкіншілік күшін [Q] анықтаңыз, егер [sр]=120МПа, d=13,8мм белгілі болса.


$$$ 112

Диаметрi d=46 мм бiлiкке отырғызылған елгезер сегменттi буатты қиып кеттi. Егер кесілу кезіндегі беріктік шегі В=300МПа, l=30 мм, b=8 мм болса, айналу моментін анықтаныз?


$$$ 113

Егер өстік күш Q=4 кН және мүмкіншілік кернеу [σр]=90 МПа белгілі болса, болттың сырығын созылуға есептеу бойынша болттық қосылыстың ірі қадамды метрикалық ойманың диаметрін анықтаңыз.


$$$ 114

Сегменттік буатты қосылыстың жаншылу кернеуін анықтаңыз, егер айналу моментіТ=70Н м; білік диаметрі d=36мм; буаттың өлшемдері lp=40мм; h=9мм, t1=5,5 мм белгілі болса.


$$$ 115

Егер күш F=11,1 кН, мүмкіншілік кернеу [tср]=50 МПа және кесілу жазықтықтарының саны i=2 белгілі болса, кесілуге есептеу арқылы саңылаусыз отырғызылған болттың диаметрін d анықтаңыз.


$$$ 116

Диаметрі d=50мм білікке отырғызылған елгезер сегментті буатты кесті. Егер буаттың материалының беріктік шегі tв=260МПа, буаттың өлшемдері l=30 мм, b=10 мм белгілі болса.


$$$ 117

Егер күш F=201кН, жапсар катеті k=10 мм және жапсар материалының мүмкіншілік кернеуі [tср]=80 МПа белгілі болса, шекті (фланговый) жапсардың ұзындығын анықтаңыз.


$$$ 118

Егер жапсар ұзындығы L=70 мм, жапсар катеті k=7 мм және жапсар материалының мүмкіншілік кернеуі [tср]=100 МПа белгілі болса, шекті (фланговый) жапсарды кесілуге есептеу арқылы мүмкіншілік күшті анықтаңыз.


$$$ 119

Егер жапсар ұзындығы L=90 мм, жапсар катеті k=5 мм және күш F=10кН белгілі болса, мандайлы жапсардағы кесілу кернеуін tср анықтаңыз.


$$$ 120

Егер күш F=180 кН, тойтармалар саны z=8 және мүмкіншілік кернеуі [tср]=110 МПа белгілі болса, тойтармаларды кесілуге есептеу арқылы тойтарманың диаметрін d0 анықтаңыз.


$$$ 121

Егер күш F=30 кН, тойтармалар саны z=2, қабырғалардың қалындығы d=5 мм және тойтарманың диаметрін d0=8,5 мм белгілі болса, жаншылу кернеуін анықтаңыз.

$$$ 122

Егер күш F=100 кН, тойтармалар саны z=2 және мүмкіншілік кернеуі [tср]=130 МПа белгілі болса, тойтармаларды кесілуге есептеу арқылы тойтарманың диаметрін d0 анықтаңыз.

@@@ Берілістер (күрделі)
$$$ 123

Буынтықты берiлiстiң иiлу кернеу бойынша тексеру есептеуі қай формуламен жүргiзiледi? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 124

Жабық буынтықты берілісті құрастыруға есептеу қандай формуламен есептеледі? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 125

Ашық буынтықты берілістің жобалық есептеуі қандай формуламен есептеледі? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 126

Жабық буынтықты берiлiстi тексеру есебiнде түйiсу берiктiгiн қандай формуламен тексередi? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 127

Цилиндрлі қиғаш тісті берiлiстiң иiлу кернеу бойынша тексеру есептеуі қай формуламен жүргiзiледi? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.

$$$ 128

Ашық цилиндрлі түзу тісті берілістің жобалық есептеуі қандай формуламен есептеледі? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 129

Қандай формуламен жабық түзү тісті цилиндрлі берілістің жобалық есептеулері жүргізіледі? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 130

Ашық қиғаш тісті цилиндрлі берілістің жобалау есебі қай формуламен есептелінеді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 131

Қандай формуламен жабық цилиндрлі түзу тісті берілістің түйісуге беріктігін тексереді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 132

Домалақ тісті жабық конусті берілістің жобалық есептеуін қай формуламен есептейді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 133

Жабық түзү тісті конусты берілістің түйісу беріктігін қай формуламен есептейді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 134

Домалақ тісті ашық конусті берілістің жобалық есептеуін қай формуламен есептейді? ? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 135

Конусты түзу тісті берілістің иілуге беріктігін қай формуламен есептейді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 136

Цилиндрлі түзу тісті берілістің иілуге беріктігін қай формуламен есептейді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 137

Жабық қиғаш тісті цилиндрлі берілістің жобалық есептеуін қай формуламен есептейді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.


$$$ 138

Киғаш тісті берілістің түйісуге беріктігін қай формуламен есептейді? Негiзгi шамалардың аталуы мен өлшем бiрлiктерiн жазыңыз.

@@@ Берілістер (өте күрделі)
$$$ 139

Егер цилиндрлі түзу тісті дөнгелектің сыртқы диаметрі dа=300мм және тіс саны z=58 белгілі болса, оның модулі m мен адымы p неге тең?


$$$ 140

Егер Р =12 кВт және w =101 рад/сек болса, біліктін айналу моменті неге тең ?


$$$ 141

Егер модуль m=8мм, буынтықтың диаметр коэффициенті q=10 және буынтықты дөңгелектің тіс саны z2=40 белгілі болса, буынтықты берілістің центраралық қашықтығын анықтаңыз.


$$$ 142

Егер цилиндрлі түзу тісті дөңгелектің тіс саны z2=35 және ілініс модулі m=10 мм белгілі болса, дөңгелек тістерінің шың диаметрін анықтаңыз.


$$$ 143

Егер цилиндрлі түзу тісті дөңгелектің шың диаметрі da=200мм, тіс саны z2=38 белгілі болса, оның бөлгіш диаметрін d анықтаңыз.


$$$ 144

Егер шеңберлік модулі m =3мм дөңгелектердің тіс саны z1=25, z2=95 болса, цилиндрлі тісті берілістің өсаралық қашықтығын аw табыныз.


$$$ 145

Егер центраралық қашықтық а =360 мм, буынтықтың диаметр коэффициенті q=10 және буынтықты дөңгелектің тіс саны z2=35 белгілі болса, буынтықты берілістің модулін анықтаңыз.


$$$ 146

Егер дөңгелектердің тістер саны z1=30, z2 =85, z3 =35, z4 =120 белгілі болса, екі сатылы цилиндрлі төмендеткіштің беріліс санын анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет