«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері»



жүктеу 0.89 Mb.
бет5/11
Дата07.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін -өзі тексеру сұрақтары


  1. Біліктер мент осьтер қандай мақсаттарда қолданылады?

  2. Біліктер мент осьтерге қандай материалдар қолданылады?

  3. Бліктерді беріктікке есептеуде қандай кернеулер анықталады?

  4. Біліктерді жоболап есептеуде қандай моментің көмегімен жүргізіледі?



Дәріс 7. Сырғанау және домалау үштіректері.

Дәріс жоспары:

  1. Белгіленуі және классификациясы.

  2. Сырғанау үштірегі – жалпы мазмұны және классификациясы.

  3. Домалау үштірегі – жалпы мазмұны және классификациясы.

Үштіректер біліктер мен осьтердің тірегі ретінде қолданылады және олардың еркің айналуын қамтамасыз етеді. Үштіректер радиалды және осьтік күштерді қабылдап, оларды машинаның рамасына, станинасына таратады. Үштіректер үйкеліс түріне байланысты екі түрге бөлінеді:

1. Сырғанау үштіректері. Бұл үштіректердің ішкі беті біліктер немесе осьтер бетімен жанасады және олардың арасында өзара сырғанау пайда болады.

2. Домалау үштіректері. Бұл үштіректерде білік пен тіректер арасында шариктер немесе роликтер орналастырылады. Сондыктан оларда домалау үйкелісі пайда болады.



Сырғанау үштіректер. Қазіргі кезде сырғанау үштіректерінің машина жасау өндірісінде кеңінен пайдалануына байланысты олар тек төменде көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады:

1) егер біліктердің салмағы ауыр болып, мұндай біліктердің үштіректеріне өте көп күш түсетін болса;

2) егер біліктерге үлкен соққы немесе айнымалы күштер әсер ететін болса;

3) құрастыру жағдайына, алынып-салынуына (ауыспалылығына) байланысты (иінді біліктерді);

4) біліктер бірімен-бірі жакын орналасқан жағдайларда; 5) конструкцияның қарапайымдылығына және тез алынып-салынуына байланысты.

Үштіректер корпустан және астардан тұрады (14-сурет). Үштіректердің астарларын антифрикциялық материалдардан жасайды және олардың тозуына байланысты астарлар ауыстырмалы болуы қажет (көбінесе астарларды екі бөлікке бөлінетін етіп жасайды, себебі тозған жағдайда ауыстыруға оңай). Астарлардың берік болуы үшін олар болаттан, шойыннан немесе қола мен антифрикциялық материалдардың құймасынан жасалады. Астар қалыңдығы біркелкі және мынаған тең болуы тиіс: δ=(0,035...0,05)d + 2,5 (мм),

δ — үштірек астарларының кұйылатын қалыңдығы;

d – біліктің диаметрі, мм;



– оптималдық қатынас (көптеген машиналар үшін).

Астарлардың бетін табу үшін түрлі материалдар қолданыла-ды. Өте жоғары жылдамдыкпен айналатын және өте жоғары кысымда жұмыс істейтін бөлшектерде калайы қосылған баббиттер,

Сырғанау үштіректерін жасауга арналған қола мен жез керсеткіштері қорғасын қосылған қола және кейбір алюминий мен темір қосылған қола қолданылады. Сондай-ақ сырғанау үштіректерінің материалы ретінде қолданылатын қола мен жездің сипаттамасы 6-кестеде келтірілген.

Мысалы, рυ>15 МПа-м/с болран жағдайда қалайы қосылған баббиттер қолданылады, сондай-ақ оларды рυ = 100 МПа-м/с болған жағдайда да қолдануға болады. Баббиттер мынадай маркаларға бөлінеді: Б-89, Б-91 және Б-93. Бұлардың ішіндегі ең негізгісі — Б-93. Орташа жылдамдықпен айналатын үштіректердін астарларына БрО1ОФІ, СЗО маркалы қолалар, ал шамалы жылдамдықпен айналатын үштіректердің астарларына алюминий-темір қосылған қолалар қолданылады. Үйкеліске қарай үштіректердің тозуын, қауіпті жерін және пайдалы әсер коэффициентін анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген материалдардан басқа үштірек астарын жасауға антифрикциялық шойындар қолданылады. Антифрикциялық шойыннан жасалған астарлар мен біліктердін арасында саңылау болуы тиіс. Бұл саңылау қоладан жасалған астарлар мен біліктер арасындағы санылаудан 30 - 50%-тей артық болуы тиіс, себебі шойынның жылу өткізгіш қабілеттілігі қолаға қарағанда төмен.

Үштірек материалы ретінде шойыннан басқа синтетикалық материалдар, атап айтқанда, текстолит (плиталық түрде) қолданылады. Бірақ текстолиттің кемшіліктері де бар. Жылуды сыртқа шығару қабілеттілігі нашар (жылу өткізгіш коэффициенті 0,2...0,3 ккал/м2-сағ-град). Майлаусыз жұмыс істеген жағдайда үйкеліс коэффициенті өте жоғары (0,12...0,15) болады.

Текстолиттен басқа, үштірек материал ретінде полиамид пластмассалары қолданылады. Бұлардың жылу өткізгіш коэффициенті өте төмен (0,3 ккал/м2-сағ-град). Кейбір жағдайларда сырғанау үштіректер металды-керамикадан жасалады және олар мына жағдайларда қолданылады: 1) егер сырғанау жылдамдығы баяу немесе айнымалы болса; 2) үштіректер шала майланатын жерлерде.

Домалау үштіректер. Қазіргі кезде біздің үштірек жасау өнеркәсібіміз домалау үштіректерінің мыңнан астам түрлерін шығарады. Ал олардың ішкі диаметрлерін 1 мм-ден 5 м-ге дейін, салмағын 0,5 г-нан 3,5 т-ға дейін жуықтап жасай алады. Көбінесе домалау үштіректері домалау жолдары (науашалары) бар сыртқы және ішкі шығыршықтан, осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден (домалау бөлшектерінен) және сепаратордан тұрады. Сеператор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп бағыттап, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бірқатар жағдайларда домалау үштіректернің өлшемдерін кішірейту үшін шығыршықтардың алынып тасталуы мүмкін. Мұндай үштіректерде домалау бөлшектері біліктегі немесе осьтегі домалау жолдарында (науашаларда) қозғалып тұрады.

Сырғанау үштіректерімен салыстырғанда домалау үштіректері аса көп күтімді қажет етпейді жәңе жұмыс кезінде мұнда үйкеліс бөлшектерінің қызуы шамалы болады. Сонымен бірге бұл үштіректерде үйкеліс күшінің моменті мен жүргізу моменті аз және майлау материалы да көп жұмсалмайды. Міне, осы артықшылықтар домалау үштіректерінің өнеркәсіптің машина жасау және прибор жасау салаларында кеңінен қолданылуын қамтамасыз етеді. Домалау үштіректері кеңінен стандартталған және оларды өндіру ісі мамандандырылған заводтарда шоғырланған. Бұл заводтарда домалау үштіректерін жаппай өндіру олардың сапасының жоғары және бағасының төмен болуына мүмкіндік береді.

Осындай артықшылықтармен бірге домалау үштіректерінің сырғанау үштіректерімен салыстырғанда кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, жоғары бұрыштық жылдамдықпен үлкен күш әсер еткенде үштіректердің шыдамдылығының кемуі; соққы және айнымалы күштерді қабылдау шектеулігі; үлкен күштерде жұмыс істейтін үштіректер диаметрлерінің үлкен болуы; үштіректерді аз шығарғанда олардың қымбатқа түсуі. Осыған орай, тиісті машина жасау өнеркәсібінің кейбір салаларында домалау үштіректерінің орнына сырғанау үштіректері шығарылады.

Домалау үштіректері домалау бөлшектерінің пішініне қарай шарикті және роликті үштіректерге бөлінеді. Роликтердің пішініне қарай роликті үштіректерді ұзын және қыска цилиндрлі роликті, бұрама роликті, ине тәрізді роликті, конусты роликті, кесек тәрізді роликті немесе диаметрі кіші ұзын ци-линдрлі роликті деп ажыратады.

Шарикті үштіректер роликті үштіректерге карағанда жоғары бүрыштық жылдамдықтарда жақсы істейді, өздігінен орнығуға қабілетті және олардың бәрі де осьтік күштерді қабылдай алады. Ал роликті үштіректердің шарикті үштіректермен салыстырғанда жүк қабілеттілігі артық келеді.

Домалау үштіректерін домалау бөлшектерінің қатар санына қарай бір катарлы, екі қатарлы және көп қатарлы деп ажыратады (15-сурет).

Қабылдау күшінің бағытына қарай домалау үштіректерінің тек қана радиалды күштерді қабылдайтындарын — радиалды, ал тек кана осьтік күштерді қабылдайтындарын — сүйеніш, радиалды және осьтік күштерді кабылдайтындарын — радиалды сүйеніш домалау үштіректері деп бөледі.

Домалау үштіректері конструкциялық және пайдалану ерекшеліктеріне карай өздігінен орнығатын және өздігінен орнықпайтын (барлық сфералық емес үштіректер) болып бөлінеді.

Габариттік өлшемі (диаметрі, ені және биіктігі) мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген.

Домалау үштіректері радиалды габариттік өлшемдері бойынша өте жеңіл (екі сериялы), ерекше жеңіл (екі сериялы), жеңіл, орташа, ауыр (барлығы жеті серия) болып, ал көлденеңі бойынша — енсіз, әдеттегіде;й, кең және ерекше кең әр түрлі серияға бөлінеді.

Қазіргі кезде жеңіл және орташа сериялы, енді домалау үштіректері кеңінен таралган.

Домалау үштіректері каталогтар мен әріптерден тұратын шартты белгілермен белгіленеді.

Домалау үштіректерінің шариктері, роликтері және шығыршыктары көбінесе ШХ6, ШХ9, ШХ15 және ШХ15СГ сияқты жоғары көміртекті хромды болаттардан жасалады (мұндағы цифрлар хромның мелшерін проценттің оннан бір бөлігімен көрсетеді). ШХ15СГ болатының құрамында қосымша 0,5% кремний және шамамен 1%-тей марганец бар.

Хромды болаттармен бірге домалау үштіректердің шариктері роликтері және шығыршыктары аз көміртекті қоспалы шынықтырылған және цементтелген болаттардан да жасалады.

Бұл үштіректердің сепараторлары көміртекті жүмсақ болаттан қоладан, алюминийдін ерітпе қоспаларынан, пластмассалардан (текстолиттен және басқа да қабатты пластиктерден, сонымен бірге полиамидтерден) және басқа материалдардан жасалады.

Соңғы кезде домалау үштіректерінің шариктері мен ролик терін пластмассалардан (көбінесе шыны пластиктерден) жасай бастады, бұл жағдайда үштіректердің шусыз, бірқалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет