Өзін -өзі тексеру сұрақтары. -
Классификация, түрлері және қосылыстардың негізгі талаптары.
-
Бұранданың негізгі түрлері және оларды қолдану жолдары.
-
Шпонкалы қосылыстардың негізігі түрлері және оларды қолдану жолдары.
-
Шпонкалы қосылыстарға қарағанда шлицті қосылыстардың артықшылығы неде?
-
Шлицті қосылыстардың жұмыс істеу қабілеттілігінің критериясы. Олардың неліктен тотығады және оны есептеу кезінде қалай ескеріледі?
Дәріс 14. Серіппелер мен басқа да серпімді элементтер
Дәріс жоспары:
-
Ажырамайтын қосылыстар, пісірілген, клейленген, дәнекерлеп және тойтара шегелеп.
-
Артықшылығы мен кемшіліктері.
-
Бөлшектерді пісіріп қосу, жалпы түсінік.
-
Пісіріп қосудың түрлері.
Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерді бұзусыз-ажыратуға келмейтіндей етіп біржола қосуды айтады.
Оған үш түрлі қосылыс жатады: бөлшектерді пісіру немесе дәнекерлеу арқылы қосу, заклепка — тойтарма шегемен қосу және бөлшектерді бірімен-бірін нығыздап жылжымайтындай етіп қосу.
Бөлшектерді пісіріп қосу, жалпы түсінік. Пісіріп қосу деп, дене молекулаларының косылыс күштеріне негізделген, бөлшектердің аздаған аумағын қыздырып, пластикалық күйге жеткізіп, белгілі күшпен қысып немесе балқытып қосатын ажырамайтын қосылысты айтады.
Машина белшектерін пісіріп қосу өте берік қосылыстардың бірі болып табылады, олардың беріктігі белгілі жағдайда біртұтас бөлшектердің беріктігінен кем түспейді. Сондықтан қазіргі машина жасау өндірісінде пісіріп косу кеңінен колданылады.
Бөлшектерді пісіріп қосудың заклепкалы қосуға қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Атап айтқанда:
1) заклепкалы қосылыстарды пісіріп қосумен алмастырғанда мсталдар 15—20% үнемделеді;
2) пісіріп косу заклепкалы қосылыстарға қарағанда берік келеді, себебі заклепка қондырылатын арнаулы тесіктер қосу денелерінің кима ауданын кемітеді;
3) пісіруге керекті жабдықтардың барасы мен пісіру технологиясы арзан және де оларды автоматтандыруға болады.
Қазіргі кезде осы артықшылықтарына байланысты пісіріп қосу заклепкалы қосылыстарды толық ауыстырып келеді. Мысалы, көпірлер, құрылыс конструкциялары, жүк көтергіш крандардың металл конструкциясы түгел пісіріп қосу арқылы құралады.
Пісіріп косудың аздаған кемшіліктері де бар. Мысалы, қыздыру арқылы косқанда бөлшектер қимасында аздаған күш кернеуі пайда болады, оның үстіне пісіріп косу заклепкаға қарағанда айнымалы күштерді нашарлау қабылдайды.
Бірақ, қазіргі уақытта пісіріп қосудың жаңа әдістері, атап айтқанда, диффузия құбылысын пайдаланып пісіру, электрон сәулесімен пісіру, үйкеліспен пісіру немесе инертті газдың бүркемесімен пісіру әдістері кеңінен пайдаланылып келеді. Сонымен қатар, осы жаңа әдістер арқасында легирленген болаттардың және түсті металдар қорытпаларының беріктігін кемітпей, пісі-румен қосуға болады. Сондай-ақ қазіргі кезде осы әдістермен өте жіңішке (d = 0,1 мм) сым темірлерден бастап қалыңдығы бір-екі метрге жететін қорап бөлшектерін да пісіру арқылы косуға болады.
Пісіріп қосудың түрлері. Технологияға байланысты пісіріп қосуды екі түрге бөлуге болады.
1. Бөлшектердің шамалы ауданын қыздыру арқылы балқы тып қосу. Оған электр доғасымен, электр шлакпен, электрон сәулесімен, газбен, флюс кабатының астында автоматты, аргонды доғамен пісіру және т. б. жатады. Бұлардық ішінде электр доғасымен пісіру бірнеше әдістермен орындалады: а) қолмен пісіру; б) флюс қабатының астында автоматты пісіру.
Пісіру жұмысының көлемі аз болса, қолмен пісіру әдісі қолданылады. Бұл әдіспен калыңдығы 12...40 мм-ге дейінгі бөлшектерді қосуға болады.
Сонымен қатар жұқа металдар мен түсті металдар қорытпаларын қосу үшін қорғаныш газ бүркемесімен пісіру әдісі де кеңінен тараған. Мысалы, аргонды доғалы және көмір қышқыл газынын, бүркемесінде пісіру.
Ал қалыңдығы 2...60 мм-ге дейінгі сапасы жоғары болаттар мен түсті металдардың қорытпасынан жасалған бөлшектерді пісіру үшін автоматты пісіру әдісі колданылады.
Егер жапсарлар қысқа болса, онда жартылай автоматты пісіру әдісін қолдануға болады. Электр доғасымен пісірілген жапсар бірнеше аймақтан түрады және жапсарлардың жалпы беріктігі осы аймақтарға таза орындалуы мен беріктік қасиеттеріне байланысты.
Электр шлакпен пісіру. Бұл әдіс те, электр доғасымен пісіру әдісі сияқты жылудың көмегімен орындалады. Бірақ мұнда токтың шлак ваннасы арқылы өткен кезде бөлінетін жылу алынады. Электр шлакпен пісіру көбінесе қалыңдығы 1...2 м-ге жуық бөлшектерді қосу үшін қолданылады, айталық үлкен станок корпустары және т. б.
Газбен иісіру. Газбен пісіру деп, жанғыш газдың оттегінде жануынан пайда болған жылумен пісіруді айтады. Газбен пісірілген жапсардың сапасы электр доғасымен пісірілген жапсардың сапасынан кем. Сондықтан бұл әдіс түсті металдардан, шойыннан жасалған жұқа белшектерді пісіріп қосқанда және жөн-деу жұмыстарында ғана қолданылады.
2. Пісіріп қосу технологиясының екінші бір түрі — металдарды пластикалық күйге жеткізіп, қосылатын белшектерді кушпен қосу арқылы пісіру. Бүған тоғыстырып пісіру, нүктелі және роликті пісіру әдістері жатады.
Бөлшектерді вакуумда түйістіріп, диффузия кұбылысын пайдаланып пісіруге болады. Бұл әдіспен металдар ғана емес, графит пен керамикалық материалдар да пісіріледі. Сонымен қатар, пісірумен қосу бөлшектердің өзара орналасуына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: түйістіріп қосу, айқастырып қосу, бастырмалы қосу және перпендикуляр қосу.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары. -
Ажырамайтын қосылыстарды қандай мақсаттарда пайдаланады?
-
Ажырамайтын қосылыстардың нендей артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
-
Ажырамайтын қосылыстардың негізгі түрлері қандай?
-
Бөлшектерді пісіріп қосудың ерекшеліктері.
-
Пісіріп қосудың түрлері.
3. Машықтану және зертханалық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.
Әдістемелік ұсыныстар.
Әр лабораториялық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.
Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы
Типтік есептерді біз аудиториялық практикалық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап бере аламын.
Қаратырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспек жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.
Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды практикалық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.
Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тақырып 1. Поликлинді және клинді таспалы берілісті тәжірибелік есептеу.
Тақырып 2. РМ-250 және 1Ц2У-160 төмендеткіштерін зерттеп, өлшемдерін қою.
Тақырып 3. Шынжырлы берілісті есептеу.
Тақырып 4. РМ-250 және 1Ц2У-160 төмендеткіштеріндегі тісті жұптардың геометриялық өлшемдерін анықтау .
Тақырып 5. Бір және екі сатылы буынтықты төмендеткіштердің құрылымын зерттеу.
Тақырып 6. Серпімді элементтерді тандау және тексеру есебі.
Тақырып 7. Тандау және тексеру есебі.
Тақырып 8. РЧН-120 және Ч1-125 төмендеткіштеріндегі буынтықты жұптардың геометриялық өлшемдері .
Тақырып 9. Таратқыш қорап-мультипликаторды зерттеу.
Тақырып 10. Жүктелудің әртүрлі жағдайындағы бұрандалы қосылысты тәжірибелік есептеу.
Тақырып 11. Таратқыш қорап-мультипликатордағы тісті берілістердің геометриялық өлшемдерін анықтау.
Тақырып 12. Бұрандалы берілістерді есептеу.
Тақырып 13. Сынақ стендісіндегі көп сатылы қорапты зерттеу.
Тақырып 14. Шарикті берілістерді есептеу
Тақырып 15. Пісірілген қосылыстарды есептеу.
Тақырып 16. Тойтармалы қосылыстарды есептеу
Тақырып 17. Жетектің, төмендеткіштің және КПП техникалық сипаттамалары.
Тақырып 18. Бөлшектердің жұмыс сызбасын жасау.
Тақырып 19. ЕГТ бейнелеу
Тақырып 20. Серіппелерді есептеу
4. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
Әдістемелік ұсыныстар
Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.
Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Өкінішке орай кебір студенттер солай жасайды. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.
Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.
Бақылау есептерінің номерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы саны бойынша, ал есепте көрсетілген шамалардың сандық мәндерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы санының алдындағы сан бойынша алады (кесте 2).
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |