Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



Pdf көрінісі
бет26/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Эллипс. Эллипс салғанда мына 
құралды таңдау керек. Салу 
әдісі тіктөртбұрышты салумен бірдей. Егер салынған дөңгелекті немесе
эллипсті
доғаға немесе секторға айналдыру керек болса, онда фигураны ерекшелеп, 
қасиеттер панеліндегі 
батырмаларды басу керек.
Бұл фигураларды эллипстің атрибуттар тақтасынан көре аласыз. Бұлардан 
басқа эллипс құралын пайданып, әр түрлі өзгерістер келтіруге болатын бірнеше 
батырмалар орналасқан (117-сурет) .
117-сурет. Эллипстің атрибуттар тақтасы


Эллипстің атрибуттар тақтасының ішінен төменде эллипстің қасиеттер 
тақтасының параметрлерін қарастырайық:
Сектор (Pie) және Доға (Arc) объектілердің сыртқы түрін анықтайтын 
келесі параметрлер бар:
Бастапқы және соңғы бұрыштар (Starting and Ending Angles) - доға 
дөңгелегінің ұзындығының бұрыштық өлшемі.
Сағат тіліне қарсы доға мен сектор (Clockwise/Counterclockwise Arcs or Pies) 
батырмасы доға мен секторды инверсиалды түрде бейнелейтін санап шығару 
бағытына сұраныс қояды.
«Эллипс» құралының көмегімен салынған жаңа объектілердің үнсіз келісім 
бойынша қасиеттерін өзгерту
Мәзір қатарынан Инструменты → Параметры командасын орындаңыз.
Категориялар тізімінен Рабочее пространство, сонан соң Набор инструментов,
келесі ашылған тізімнен эллипсті таңдаңыз.
Жаңа объектілердің формасын өзгерту үшін сектор немесе доғаның біреуін 
таңдау керек
Бастапқы және соңғы бұрышын көрсету
Сағат тілімен бағыттас немесе қарама-қарсы екеуінің біреуін таңдаңыз. 
Сонан соң фигураға әрекеттерді орындауға болады.
Қасиеттер тақтасындағы сектормен доғаның бастапқы және соңғы 
бұрыштарына нұсқау үшін берілген жолдарды қолдануға геометрия ілімін білуді 
талап етеді. Көбінесе қолданатын ыңғайлы әрекеттің бірі, ол Форма 
құралын 
пайдалану болып келеді. (118-сурет)


118-сурет. Бақылау түйін нүктесінің көмегімен доға, сектор және эллипстің 
өзгеруі
Эллипсті пайдалана отырып, мынадай фигураларды жасауға болады.
Түйіндер – объектінің контурында орналасқан, оны Shape құралымен 
ерекшелеу кезінде пайда болатын боялған қара квадраттар. Сызықтың сегменті
екі түйіннің арасындағы контурындағы бөлігі.
Түйін және сегмент ұғымдары CorelDRAW-мен жұмыс барысында негізгі 
ұғымдар. Түйіндер мен сегменттерді редактрлеу, сызықтар мен объектілердің 
формасын өзгертудің үлкен мүмкіндіктерін ұсынады. Түйіндермен жұмыс 
жасау үшін Shape (Форма) құралы пайдаланылады. Егер Shape 
құралымен түйінді шертетін болсақ, ол белгіленіп қара түске 
боялады, бір немесе екі бақылау нүктелері мен оларды түйінмен біріктіретін үзік 
сызықтар пайда болады. Бақылау нүктелері контурдың қисық сызықты 
сегментінің ұзындығы мен формасын береді, ал жанама сызықтар – таңдап 
алынған түйінге қандай бақылау нүктелері сәйкес келетіндігін көрсетеді (120-
сурет). Түзу сызықты қисықтың бақылау нүктесі болмайды.
119-сурет
120-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет