Құрастырушы: аға оқытушы Тулебаева Ж



бет8/8
Дата11.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#128314
1   2   3   4   5   6   7   8

εn1) = Δλ11 =[ ΔU/U+ΔI/I+Δd/(d2- d1)+Δd/d1+Δd/d2+ΔT/(ТС1С2)]100℅


εn1-2) = Δλ1-21-2 =[ ΔU/U+ΔI/I+Δd/(d3- d1)+Δd/d3+Δd/d1+ΔT /(ТС1С3)]100℅
бұнда ΔU, ΔI, Δd, ΔT – кернеу,тоқ, баскерме,ыстықтық, шектік толық қателіктер өлшемдері.

Қолда бар оқшалауғыш материалды қолданудың қажеттілігі туралы, қаралған шарлық қабырғаға пайдалануға тұжырымдау жасау.

5.4.Өлшемдермен есептеулер қорытындысын 5.1. кестесіне жазу.
ЖҰМЫС БОЙЫНША ЕСЕП
Жұмыс бойынша есеп, жұмыстың атымен мақсатын, эксперименттік анықтау әдістеменің қысқаша сипаты λ1 , λ1-2 , α2, қондырғының сүлбесін, өлшемдермен есептеулердің қорытындысының хаттамалары, қажетті есептеулер, қолдағы бар оқшаулау материалын пайдаланудың қажеттілігі туралы тұжырымдау болуы қажет.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ыстықтық өріс, ыстықтық тұрақ беті дегеніміз не?

2. Бірөлшемді және көпөлшемді ыстықтық өрістер дегеніміз не?

3. Стационарлық және стационарлық емес жылуөткізгіштікке анықтама беру?

4. Бір қабатты және көп қабатты шарлық қабырғаның жылуөткізгіштіктің ыстықтық кедергісін есептеу үшін кейіптеме жазу?

5. Оқшаулаудың баламалық баскермесі дегеніміз не?

6. Шарлық қабырғаға қолданатын Ньтон-Рихман заңы?





Зертханалық жұмыс № 5. Күрделі дене түрінің қыйындысындағы қызулықтың жайылуын электрлік үлгіде зерттеу.
1 Жұмыстың мақсаты

Күрделі дене түрі қыйылысындағы қызулықтың жайылуын оның электрлік үлгісінде ғылыми тәжірибе әдісімен таныстыру және осы әдіс ұқсастығы бойынша қызу өткізгіштік есептерін шығару үшін білімді тереңдету болып табылады.


2 Ұғымнан қысқаша деректер
Жылу өткізгіштік барысын ғылыми тәжірибелік зерттеулер әдісі ұқсастық әдістері болып табылады және жылу өткізгіштердің жылуды өткізу барысы ұқсас барыстар негізінде оқып білу арқылы қолданылуын болжайды.Бұл барыстардың ұқсастығы математикалық барабар теңдеулермен жазылған және мағыналық шарттары бірдей болып табылады,дегенмен теңдеулікке кіретін олардың физикалық табиғаты мен көлем біркелкілігі әртүрлі.

Мағыналық шарттары, қаралып отырған барыстардың,барлық жекелік ерекшеліктерінің математикалық бейнелеуін береді,олар мыналардан тұрады:

-барыс өтіп жатқан дененің үлгісі мен мөлшерлерін немесе жүйелерін сипаттайтын геометриялық жағдайлар.

-дененің немесе жүйелердің физикалық теңдіктерін,ұқсас сандардың теңдігін сипаттайтын физикалық жағдайлар.

-алғашқы уақыт сәтіндегі барыстар ерекшелігін сипаттайтын бастапқы жағдайлар,тұрақты жердегі жылуды өткізгіштер үшін бұл шарттар жоқ.

Дене немесе жүйелер шекарасындағы барыстар өту ерекшеліктерін сипаттайтын шекаралық жағдайлар.

Ламинарлық тәртіпте болатын жылуды өткізу, электр қуатын өткізу, араласу және сұйық заттардың ағу барыстары ұқсас барыстар болып табылады,өйткені олар жазу түрі бойынша ұқсас заңдармен (Фурье,Ом,Фика т.б.) түсіндіріледі,көбіне жыйнақтап қорытумен ұсынуда қозғалыс түрлері,үздіксіз дамып отыратын кез-келген табиғи заттардың(жылудың,электр зарядтарының,заттардың т.б.), кеңістікке өтуін бір құбылыс деп шешіледі,ал математика бойынша себебі мен салдары арасындағы сызықтық тәуелділік түрінде ұсынылады.

Жылу өткізгіштігін зерттеу үшін таңдағанда,ұқсас барыстардың зерттеу жұмысы қарапайымдау өтетінін,көбірек дәлдікпен өлшенетінін алады.Бұндай өзгеріс электр қуатының өзгерісі болып табылады.

Жылу өткізушілік пен электр қуатын өткізушіліктер ұқсастық барыстары Фурье мен Ом заңдарының жазылу түрлерінің ұқсастығынан шығады:
dΦ= (2.1)

dy=; (2.2)


мұндағы Ф - жылу ағымы, Вт;

λ - жылу өткізгіштігінің нақтылы саны, ;

А - алақ, м2;

I - ток күші, А;



- электр қуатын өткізгіштігінің нақтылы саны,

Aэ - электр өткізгіштің көлденең қыйындысының алаңы;



нормаль бағыты бойынша қызулықтан шыққан туынды,



- бағытындағы электрлік қабілеттілігінің туындысы, ;
Бұл жағдайда қатты дененің D(х, у, z) аймағында жылу өткізгіштігінің барысы электр қуатын өткізу жолымен еліктетуге болады,әлде D (х, у, z) аймағындағы электр қуатын өткізетін геометриялық ұқсастық ретінде,әлде шоғырланған мөлшерлері баламалы электрлер желісі ретінде еліктетіледі. D (х, у, z) аймақтары шекараларында электр қуатын У қосу арқылы немесе электр қабілеттілігі U берілуі бастапқы және шекаралық жағдайларға ұқсастығын қадағалай отырып іске асырады.

Күрделі үлгісі бар тұрақты жердегі жылулық алаңының тікелей қыйындысының түтік қабырғасын суреттеп қараймыз.

Ішкі қабырға бетінде Тс(Sb), қызу жайылымы берілген,ал сыртқы жағында қоршаған орта мен Тж қызуы бар конвективті жылу алмасу өтеді. Жергілікті жылу беру 2(Sh) нақтылы саны мен қабырғаның жылу өткізгіштігінің нақтылы санының λ мөлшері берілген. Түтік қабырғасындағы қызулық алаңды Т(y, x) табу керек.

Бұл есепті шешу үшін D(x,y)аймағындағы торапты нүктелер мен сыртқы кедергілер R(H)арасындағы ішкі электр кедергілерін R(H) электрлік балама желісімен(торымен)алмастырады.Бұнда өте ыстық қызу өткізгіштік кедергілері R(B)еліктетіледі,ал R(H)-өте ыстық берушінің кедергісі.Торлық үлгі N торапты нүктелерімен N ұяларына бөлінген D(x, y) сәйкес келеді,онда да шекаралық ұялар жартылай мөлшерімен алынады

Торлық үлгідегі қызулық алаңның электрлік үлгіленуі.

Шаршы ұяның біркелкі қабырғасы үшін жылу өткізгіштің өте ыстықтық кедергісін Rλ= табады,ал жылу берушінің өте ыстықтық кедергісін Rα= табады,мұнда ΔS1-ұяның жан-жағының өлшемдері.

Баламалы электрлік желіні құру үшін R(в) таңдайды,әдетте ол 1,10 немесе 100 Ом дық еселікті жэне ΔS2 өлшемдері беріледі.

Бір мағыналық жағдайындағы теңдік негізінде,D(x,y)жылулық аймағы мен баламалы электр желісі үшін,белгіленген сандар теңдігінен R(н),есептеу үшін мынадай байланыс алуға болады


βί= (2.3)

βί=

Осыдан R(н)=RαR(в), ΔS2/Rλ=λ R(в)/α·(ΔS2/ΔS1) (2.4)

R(н) кедергісінің бос ұштарын Uж=0,B күш өрісі бар өткізгішке қосады.Торапты нүктелердің,қаралып отырған түтіктің ішкі пішініндегі еліктетілген шекаралық (жиектік) ұяларын,VC күштер өрісіне қосады.Ол мынадай теңдеумен белгіленеді


(2.5)

мұндағы Z-шет жақтық қызулық жағдайымен және қабылданған кернеу көлемділігімен берілуі бойынша белгіленген тұрақты өзгеріс.


Сонымен осылайша алынған электрлік үлгіде D(x,y)және DЭ(x,y)аймақтарының үйлес нүктелерінде мынадай теңдеу орындалады:
Vί,јί,ј (2.6)

Мұнда Vί=Uίј-UЖ/UC-UЖ (2.7)


Ө=Tίj-TЖ/TC-TЖ (2.8)


2.5, 2.7, 2.8 теңдеулерді пайдалана отырып,ал UЖ=0 екендігін ескере отырып, 2.6 теңдеуден мынаны табамыз
(Tίj-TЖ)·Z=Uίj (2.9)
немесе Tίj=Uίj/Z+TЖ (2.10)
(2.10) теңдеуі бойынша,электрлік үлгінің Uίj күштер өрісін өлшей отырып,күрделі геометриялық үлгінің түтігінің қабырғасындағы кез-келген торапты нүктесінде қызудың мөлшерін табуға болады.
3 Күрделі үлгі денесінің қыйындысының қызуды оның электрлік үлгісінде ғылыми-тәжірибелік әдіспен табу
Бұл жұмыста күрделі үлгі денесінің қыйындысындағы қызуды табу электр жылу ұқсастық әдісі негізінде жүргізіледі.

Әдістің мәнісі мынада.Жылылықтың нақтылы көшу барысы электрлік күш-қуатының баламалық электр үлгісіндегі көшу барысының ұқсастығымен зерттелінеді,сонымен бірге түтік қыйындысындағы (2.1-сурет) қызудың өзгерісін электрлік үлгінің тораптарындағы күштер өзгерістерінің өзгеруі бойынша белгілейді.

Электрлік үлгі нақты түтікке геометрия бойынша сәйкес,ал оның сандық өлшемдері теңдеуді (2.4) қанағаттандырады.Uίj күштер өрістерінің өлшенуі байсалды төселген желі бойынша жүргізіледі. Сандық мөлшері (Uίj/Z) милливольтметрмен өлшенеді,онда да Z мөлшері,милливольтметр сызықтарының бөліктері бойынша, Tίj қызулық мөлшеріне сәйкес болатындай етіліп таңдап алынады.

Ортаның қызулығы (TЖ) 293 К-ге тең келетін тұрақты санмен алынады,сондай-ақ зерттелініп отырған қабырғада ішкі жылу көзі жоқ деп болжалынады,ал жылу өткізгіштің нақтылы саны қызудың өзгеруімен өзгермейді.Қаралып отырған түтіктің ішкі бетіндегі қызулық сол сияқты тұрақты және TC тең.

Көрсетілген долбарлы көрсеткіштердің есебімен қаралып отырған түтіктің қыйындысының кез-келген нүктесіндегі қызулық мөлшерін,теңдеу бойынша (2.10), электрлік үлгінің қажетті нүктесіне қысқышты қою жолымен және ондағы мөлшерді милливольтметрдің көмегімен өлшеу арқылы белгіленеді.
4 Арнаулы тәжірибе орнындағы қондырғының бейнеленуі
Тәжірибе орнындағы қондырғы тәртіпке салынатын тұрақты ток көзі бар

Тәжірибелік қондырғы UC күштер өрістерін жасау үшін ішкі темір құрсауы 2 және сыртқы темір құрсауы 3 бар,олардағы электрлік күштер өрістері UЖ=O,B=+∞,баламалы электрлік тордан тұрады.2 және 3 темір құрсаулардағы күштер өрістері тұрақты ток көзінің 4 көмегімен жасалынады,ал оның күш-қуатының мөлшері реостатпен 5 тәртіпке келтіріледі.Қабырғаның түйіндеріндегі 1 электрлік күштер өрістерінің Uίj өлшенуі,қажетті түйінді нүктеге қысқышты 7 қыстырған кезде °C қызулығын өлшеуге арнайы тәртіпке келтірілген,милливольтметрмен 6 жүргізіледі.

R3 пен R4 электрлік кедергілер,кедергілердің бөлінген мөлшерлері бар,реохордты құрады.R3 мен R4 кедергілердің мөлшерлері,жалпы кедергіленудің (R3+R4),милливольтметрдің сызықтарының бөліктеріне сәйкестендірілген,қажетті Z мөлшерін қамтамасыз ету үшін таңдап алынады.

5 Жұмысты орындау тәртібі
1.Тәжірибелік қондырғылардың құрылысымен және құралдармен танысу.

2. Миллиметрлік қағаз бетінде оқытушы көрсеткен көлемділікпен зерттелетін заттың (форсунканың )сызбасын жасау.

3. Оқытушының бақылауымен қондырғының электр жүйесін қосу және реостатпен 5 берілген қызулық TC мөлшерін қою.

4. Қысқыштың 7 көмегімен әртүрлі нүктелерде U/Z өлшемін жүргізу және зерттелініп отырған заттың қыйындысындағы,қызулық мөлшерлері бірдей,нүктелердің орындарын белгілеу.Теңдеу (2.10) негізінде нақтылы қызулық мөлшерін белгілеу.Қыйынды сызбасында оқытушының нұсқауымен,орта қызулығы бірдей жерлерді сызып көрсету,сондай-ақ зерттелініп отырған түтік қабырғасындағы қызулықтың бөлінулерін белгілеу.

Таңдап алынған көлемде сызбада қызулық алаңды құру.

5. Реостаттың 5 көмегімен TC қызулық мөлшерін өзгерту және 4 бапты қайталап орындау.


6 Жұмыс туралы есеп
Орындалған жұмыс туралы есепте жұмыс аты мен оның мақсаты,зерттелініп отырған заттың қыйындысындағы қызулықты ғылыми тәжірибелік белгілеу әдісінің қысқаша суреттелуін,тәжірибелік орындағы қондырғының желісін,зерттелініп отырған заттың қыйындысының сызбасы,ондағы қызулық алаңдардың көлемдік сызықпен көрсетілуін беру керек.
7 Сынақтық сұрақтар
7.1 Тәжірибелік жұмысты орындауға жіберілу жөніндегі сұрақтар:
1.Жұмысты орындау барысындағы қауіпсіздік шаралары.

2.Жұмыстың мақсаты мен оны орындауға берілген тапсырма.

3.Тәжірибелік қондырғының желісі.

4.Жұмысты жүргізу әдісі

7.2.Тәжірибелік жұмыс бойынша оның есепке жатқызылуы:
1.Қандай жұмыс барысы ұқсастық болып саналады?

2.Бір мағыналықтың шарттары.

3.Жылу өткізгіштік есептерін шешу үшін электржылулық ұқсастығы әдісінің мәнісі.

4.Баламалы электр желісін құру және онда зерттелініп отырған заттың қыйындысында қызулықтың бөлінулерін белгілеу.



Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Тепломассообмен. Краткий конспект лекций / Тулебаева Ж.А. – Павлодар: изд-во «Кереку», 2007 – 54 с.

  2. Жылумаңызалмасу. Қысқаша дәрістер конспектісі/ Тулебаева Ж.А. – Павлодар: изд-во «Кереку», 2006 – 57 б.

3 Тепломассообмен. Методические указания к лабораторным работам / Тулебаева Ж.А. – Павлодар: изд-во «Кереку», 2010 – 41 с.
Қосымша:


  1. Темирбаев Д.Ж. Тепломассообмен: Решение задач с использованием ЭВМ. – Алматы: АИЭС, 2004. – 64 с.

  2. Темирбаев Д.Ж. Тепломассообмен: Лабораторный практикум. – Алматы: АИЭС, 2003. – 44 с.

6 Е. Нұрекен. Сұйық және газ механикасы.- Алматы: АЭЖБИ, 2005, 193б

7 А.К. Қадырбаев Сұйық және газ механикасы, гидропневможетектер.Оқулық. - Алматы.: Бастау, 2008 – 270 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет