Құрастырушы: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Х



Дата28.06.2016
өлшемі263.5 Kb.
#163703

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлы-педагогикалық факультет
Психология және педагогика кафедрасы

5


В010300 – Педагогика және психология

мамандығының студенттеріне арналған


«Арнайы психология және педагогика»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

_______ Ж.Т.Сарбалаев

20__ж. «___»____________


Құрастырушы: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х.Галиева


Психология және педагогика кафедрасы
5

В010300 – Педагогика және психология мамандығының

сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Арнайы психология және педагогика»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20 __ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20 _ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20 __ ж. «____» ________

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________

20 _ ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жуманкулова 20 _ ж. «_____»___________




1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Галиева Бахыт Хасеновна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Психология және педагогика кафедрасы Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы «А» корпусында, 149-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны – 87182673685 (1139).



2 Пән туралы мәліметтер

Дамуында әртүрлі мәселелері бар балаларға кешенді көмек көрсетудің бір жағы жалпы және арнайы білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқулар мен кемістіктер кездесетін балалардың санының өсуі, әлеуметтік депривацияға және мектептік дезадаптацияға ұшыраған жасөспірімдердің көбеюі, Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы педагог-психологтарды даярлау жүйесіне «Арнайы психология және педагогика» оқу пәнін енгізу қажеттілігіне әкеліп соқты.

Арнайы психология және педагогика курсы педагог-психологтың ой-өрісін кеңейтеді, оны орнын толтыру және түзету-дамыту сыныптарында ғана емес, сонымен қатар жалпы мектептің жалпы білім беру сыныптарында да оқитын ми қызметтерінің жеңіл тұрпаттағы ауытқуларымен, жеке психикалық процестердің толық дамымағандығымен, сөйлеу кемістіктерімен, эмоциялық-еріктік аясының жетілмегендігімен, соматикалық әлсіздігімен, қозғалыстық тежелудің шегіндірілуімен, қоршаған орта туралы елестер корларының шектелгендігімен, жұмыс қабілеттілігінің төмендігімен, оқу-танымдық іс-әрекетінің операциялық компоненттерінің қалыптаспағандығымен, сондай-ақ педагогикалық қараудан тыс қалуымен сипатталатын балалармен жұмыс істеуге даярлайды.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Несие саны

Аудиториялық сабақтардың түрлері бойынша сағаттардың саны

Студенттің өздік жұмысы сағаттарының саны

Бақылау формасы

барлығы

дәріс

тәжірибелік

зертханалық

студиялық

жеке

барлығы

СӨЖМ

3,4

3


135

12

6










117

6

емтихан

4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәннің мақсаты: болашақ педагог-психологтарды арнайы психология және педагогика саласында кәсіби іс-әрекет жүргізуге даярлау.

Пәннің тапсырмалары:


  • арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы білім саясатының теориялық негіздерін зерделеу;

  • даму ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу;

  • даму ауытқулары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау;

  • арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінің іс-әрекетінде тұлғалық келіс идеясын іске асыру шарттарын зерделеу;

  • студенттердің даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық, психокоррекциялық, психореабилитациялық жұмыс жүргізу бағыттары туралы білімдерін қалыптастыру;

  • тұтас педагогикалық процесте даму ауытқулары бар балаларға айрықша қөзқараспен қарау түсінігін қалыптастыру;

  • осындай балаларды түзетушілік-дамытушылық оқытудың тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеру.


5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • балалардың психофизикалық және тұлғалық дамуындағы бастапқы, туынды және кешенді ауытқулардың пайда болуы мен дамуын;

  • даму ауытқулары бар балалардың психофизикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерін;

  • арнайы және инклюзивті білім беру жүйесі жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде іске асыру;

  • даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық, реабилитациялық және түзету-дамыту жұмысын жүргізу біліктері мен дағдыларын меңгеру;

  • даму ауытқулары бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету.


6 Пререквизиттер: «Педагогикалық мамандықка кіріспе», «Психологиялық мамандықка кіріспе», «Педагогика», «Жалпы психология».
7 Постреквизиттер: педагогикалық шеберлік, тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау, мектептегі педагогикалық практика.
8 Тақырыптық жоспар


п/п

Тақырыптардың атауы

Сағат көлемі

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

6

1
Арнайы психология және педагогика ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде

1


1

6

2

Дамудың ауытқулары: жіктеу мәселелері, көріну ерекшелігі

6

3

Дамудың ауытқулары: сөйлеу. Психологиялық аспект

1


6

4

Дамудың ауытқулары: көру және есту. Психологиялық аспект

6

5

Дамудың ауытқулары: ақыл-ой кемістігі мен баяулаған психикалық даму (БПД). Психологиялық аспект

1


1

6

6

Дамудың ауытқулары: тіреу-қозғалу аппаратының бұзылуы. Психологиялық аспект

6

7

Дамудың ауытқулары: эмоциялық ауытқулар мен мінез-құлық ауытқулары (психопатиялар, гипербелсенділік, невроздар және т.б.). Психологиялық аспект

1

6

8

Дамудың ауытқулары: психикалық аурулардың бастапқы көріністері (шизофрения, эпилепсия, аутизм). Психологиялық аспект

6

9

Дамудың кешендік ауытқулары. Психологиялық аспект

1

1

6

10

Дамуында ауытқу бар балаларды диагностикалау әне оларға психологиялық-педагогикалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негіздері

1

6

11

Арнайы педагогика теориясының жалпы мәселелері. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері

1

1

6

12

Арнайы білім беру қызметін көрсетудің заманауи жүйесі

6

13

Арнайы педагогиканың дидактикалық негіздері

5

14

Сөйлеу ауытқулары бар адамдарға білім берудің педагогикалық жүйелері

1

1

5

15

Көру және есту ауытқулары бар адамдарға білім берудің арнайы педагогикалық жүйелері

5

16

Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру

2

5

17

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған адамдарға арнайы білім беру

5

18

Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

5

19

Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация. Инклюзивті білім беру. Арнайы педагогика және гуманистік білім беру жүйелері.

1

1

5

20

Даму ауытқулары бар балаларды тәрбиелеп отыран отбасыларды психологиялық зерделеу

5

21

Дамуында ауытқулар бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

1

5

БАРЛЫҒЫ: 135 сағат

12

6

117


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Арнайы психология және педагогика саласы мамандарын даярлау бағдарламасын іске асыру маңыздылығы бірқатар факторлармен шартталып отыр, оның ішінде ең бастылары мыналар: мектептердің осы саладағы жоғары білікті мамандарға сұранысы; даму ауытқұлары бар балаларды қалпына келтірудің және біріктірудің әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; арнайы білім берудің өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдай мен нақты аймақтың қажеттіліктеріне икемделе алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, арнайы білім берудің қолданыстағы мазмұнының шеңберінде оқытуды ұйымдастырудың инновациялық және вариативті формаларын, әдістері мен құралдарын пысықтау және енгізу; даму ауытқулары бар балаларға әр түрлі жастық шақ кезеңдерінде көмек көрсету жүйесін жасау; жалпы тұрпаттағы мекемелерде даму кемістігі бар балаларды топтастырып біріктіру үшін көрсеткіштерді анықтау тәрізді міндеттерді теориялық-әдіснамалық деңгейде шешуге қабілетті мамандарға деген сұраныс артуда.


10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны

1-тақырып. Арнайы психология және педагогика ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде

Арнайы психология және педагогика пәні. Арнайы психологияның және педагогиканың ұғымдық-категориялық аппараты. Арнайы психология мен арнайы педагогиканың негізгі бағыттары. Арнайы психологияның және арнайы педагогиканың ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде қалыптасуы мен дамуы.



2-тақырып. Дамудың ауытқулары: жіктеу мәселелері, көріну ерекшелігі

Бала ағзасының даму кезеңдері. Ауытқулар пайда болуының ықтимал себептері. Туа біткен ауытқулардың биологиялық себептері. Иеленген ауытқулардың биологиялық себептері. Қалыптан тыс дамудың әлеуметтік себептері. Субъективті факторлар. Депривация. Ауытқу типтері (В.В.Лебединский бойынша). Дамудағы ауытқулардың негізгі жіктемелері.



3-тақырып. Дамудың ауытқулары: сөйлеу. Психологиялық аспект

Сөйлеу тілді басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мақсатында тәжірибеде қолдану үдерісі ретінде. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері. Сөйлеудің даму кезеңдері. Сөйлеудің ауытқулары. Сөйлеу ауытқуларының түрлері: дислалия, нарушения голоса, ринолалия, дизартрия, заикание, алалия, афазия. Сөйлеудің патогенетикалық негіздері. Оқу мен жазудың ауытқулары. Сөйлеу, жазу және оқу ауытқулары бар балалардың сипаттамасы. Ауызекі, жазбаша сөйлеудің және қарым-қатынастың тілдік құралдарының ауытқуларын жіктеу.



4-тақырып. Дамудың ауытқулары: көру және есту. Психологиялық аспект

Көрудің ауытқулары: зағиптар, көздері көрмей қалғандар, көздері нашар көретіндер. Ауытқу түрлері. Көру ауытқуларының патогенетикалық негіздері. Зағип балаларды сипаттау. Көздері нашар көретін балаларды сипаттау.

Естудің ауытқулары: саңыраулар, керең болып қалғандар, есту қабілеттері нашар адамдар. Есту ауытқуларының түрлері. Есту ауытқуларының патогенетикалық негіздері. Есту ауытқулары бар балаларды сипаттау. Есту ауытқуларын жіктеу.

5-тақырып. Дамудың ауытқулары: ақыл-ой кемістігі мен баяулаған психикалық даму (БПД). Психологиялық аспект

«Ақыл-ой кемістігі» ұғымы. Даму ауытқуының патогенетикалық негізі. Ақыл-ой кемістігінің түрлері: деменция және олигофрения. Олигофренияның көріну деңгейлері: дебилділік, имбецилділік, идиотия. Ақыл-ойы кем балаларды сипаттау. Олигфренияның формаларын жіктеу.

«Психикалық дамудың бөгелуі» ұғымы. Психикалық дамуы баяулаған балаларды сипаттау. БПД жіктеу. Психикалық дамудың бөгелуі мен ақыл-ой кемістігі арасындағы ұқсастық және айырмашылық.

6-тақырып. Дамудың ауытқулары: тіреу-қозғалу аппаратының бұзылуы. Психологиялық аспект

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. Бала ми жұлын параличі (БЦП). Бала ми жұлын параличінің патогенетикалық негіздері. Ми жұлын параличі бар балаларды сипаттау.



7-тақырып. Дамудың ауытқулары: эмоциялық ауытқулар мен мінез-құлық ауытқулары (психопатиялар, гипербелсенділік, невроздар және т.б.). Психологиялық аспект

Психопатиялар: критерийлері, пайда болу себептері. Психопатия түрлері: дисгармониялық психикалық инфантилділік, конституционалды психопатия, органикалық психопатия. Осындай ауытқуы бар балаларды сипаттау.

Невроздар: пайда болу себептері, даму алгоритмі. Невроздардың түрлері: неврастения, истериялық невроз (истерия), жалықтыратын жабысқақ күйлер неврозы.

Патологиялық реакциялар: пайда болу себептері мен критерийлері. Патохарактерологиялық реакциялардың түрлері: оппозициялық реакция, нигилистік реакция, имитациялық реакция, контримитациялық реакция, компенсация және гиперкомпенсация (орын толтыру және асыра орын толтыру) реакциясы.

Тұлғаның патологиялық қалыптасуы. Балалар мінез-құлқының типтері.

Мінездің акцентуациялары мен оның типтері.



8-тақырып. Дамудың ауытқулары: психикалық аурулардың бастапқы көріністері (шизофрения, эпилепсия, аутизм). Психологиялық аспект

Шизофрения: пайда болу себептері. Шизофренияның клиникалық көрінулері: ойлау ауытқулары, эмоциялардың азаюы, еріктік сфераның бұзылуы. Шизофрениясы бар балаларды сипаттау.

Эпилепсия: пайда болу себептері мен даму нұсқалары. Эпилепсиясы бар балаларды сипаттау.

Аутизм: пайда болу себептері және көріну симптомдарының кешені. Аутизмге ұшыраған балаларды сипаттау.



9-тақырып. Дамуында ауытқу бар балаларды диагностикалау және оларға психологиялық-педагогикалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негіздері

Балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия (ПМПК) арқылы психологиялық-педагогикалық тексеру. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларды педагогикалық тексерудің барысы. Балаларды ПМПК-да психологиялық тексеру. Ауытқуы бар балаларды диагностикалау принциптері. Психологиялық тексеру барысы.

Дамуы мен мінез-құлқының ауытқулары бар балалармен психологиялық-педагогикалық түзету жұмысын жүргізудің ерекшеліктері.



10-тақырып. Арнайы педагогика теориясының жалпы мәселелері. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері

Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен терминдері. Арнайы педагогиканың объекті, субъекті, пәні, мақсаты мен міндеттері. Арнайы педагогиканың жүйе кешені мен статистикасы. Қазіргі арнайы педагогиканың пәндік салалары.

Философия және арнайы педагогика. Арнайы білім берудің әлеуметтік-мәдени негіздері. Арнайы білім берудің экономикалық негіздері. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері. Арнайы білім берудің клиникалық негіздері. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері. Арнайы білім берудің лингвистикалық және психолингвистикалық негіздері.

11-тақырып. Арнайы білім беру қызметін көрсетудің заманауи жүйесі

Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж. Медициналық-әлеуметтік профилактика және ерте кешенді көмек. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға мектепке дейінгі білім беру. Арнайы білім берудің мектептік жүйесі. Еңбек қабілеттілігі шектеулі адамдарды кәсіби бағдарлау, оларға кәсіби білім беру және кәсіби бейімделуге көмектесу. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.



12-тақырып. Арнайы педагогиканың дидактикалық негіздері

Айрықша білім беру қажеттілігі және арнайы білім берудің мазмұны. Арнайы білім берудің принциптері. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдістері. Арнайы оқытуды ұйымдастырудың формалары. Арнайы білім беру жүйесіндегі түзету-білімдендіру үдерісін қамтамасыз ету құралдары. Арнайы білім беру жүйесі педагогының тұлғасы мен кәсіби іс-әрекеті.



13-тақырып. Сөйлеу ауытқулары бар адамдарға білім берудің педагогикалық жүйелері

Логопедия пәні, оның білімнің интегративті саласы ретінде қалыптасуы. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері мен оның балада дамуының негізгі заңдылықтары. Сөйлеу ауытқуларының себептері. Сөйлеу ауытқуларының негізгі түрлері. Сөйлеу ауытқулары бар балаларды клиникалық-психологиялық-педагогикалық сипаттау. Сөйлеу ауытқулары бар балаларға арналғанарнайы мекемелер жүйесі.



14-тақырып. Көру және есту ауытқулары бар адамдарға білім берудің арнайы педагогикалық жүйелері

Сурдопедагогиканың пәні мен міндеттері. Естудің бұзылуының себептері, олардың диагностикасы мен медициналық реабилитациясы. Есту кемістігі бар адамдарды педагогикалық жіктеу. Сурдопедагогика тарихына қысқаша шолу жасау. Есту ауытқулары бар адамдарға арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері. Естімейтіндерге арналған арнайы техникалық құралдар. Есту қабілеттері бұзылған адамдарға кәсіби білім беру және олардың әлеуметтік бейімделуі.

Тифлопедагогиканың пәні мен міндеттері. Тифлопедагогика тарихына шолу. Көру қабілеті бұзылуының себеп-салдарлары және олардың орнын толтыру амалдары. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейін оқыту. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепте оқыту. Зағип және көру қабілеті төмен адамдарды кәсіби бағдарлау, оларға кәсіби білім беру және олардың еңбек іс-әрекеті.

15-тақырып. Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру

Киындықпен оқытылатын (психикалық дамуы бөгелген) балаларға арнайы білім беру. Ақыл-ойы кем балаларға білім беру.



16-тақырып. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған адамдарға арнайы білім беру

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. БЦП-ның жалпы сипаттамасы. БЦП-дағы қозғалу ақаулығының құрылымы. БЦП-дағы психиканың бұзылуы. БЦП-дағы сөйлеу ауытқулары. БЦП-дағы коррекциялық жұмыс. Ми жұлын параличімен ауыратын балаларға арнаулы көмек көрсету жүйесі.



17-тақырып. Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің мүмкіндіктері. Аутизм кезінде коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету.



18-тақырып. Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация. Инклюзивті білім беру. Арнайы педагогика және гуманистік білім беру жүйелері.

Интеграцияның қазіргі түсінігі. Қоғамдағы өмір әрекеті мүмкіндіктері шектеулі адам: қоғамдық санадағы модельдер. Интеграцияның тарихына шолу және біріктірілген оқыту модельдері. Интеграция мен дифференциация. Инклюзивті білім берудің мәні.

Мария Монтессоридің педагогикасы. Рудольф Штайнердің педагогикасы.

21-тақырып. Дамуында ауытқулар бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» және «психологиялық кеңес беру» ұғымдарының мәні. Даму ауытқуы бар балаға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінде психологиялық кеңес берудің бағыттары. Кеңес берудің негізгі принциптері мен стратегиялары. Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде мұғалімдерге кеңес беру. Даму ауытқуы бар балалы отбасыларға кеңес беру.


Семинар-практикалық сабақтардын тақырыптары мен мазмұны
1-тақырып. Арнайы психология және педагогика ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде. Дамудың ауытқулары: жіктеу мәселелері, көріну ерекшелігі

Арнайы психология мен арнайы педагогиканың объектілерінің бірлігі, пәні мен міндеттерінің ерекшелігі. Арнайы психология және педагогиканың басқа ғылымдармен пәнаралық байланыстары. Арнайы психологияның және арнайы педагогиканың принциптері. Арнайы психология мен педагогикадағы зерттеу әдістері. Арнайы психологияның және арнайы педагогиканың қалыптасу тарихы. Қазіргі арнайы психологияның және арнайы педагогиканың құрылымы мен салалары.

Психикалық даму туралы түсінік. Психикалық дамудың қазіргі теориялары. Дизонтогенез анықтамалары. Бұзылған даму феноменінің мәні мен негізгі сипаттамалары.

Қазіргі адамтанудағы қалып (норма) және патология түсінігі. «Норма – патология» мәселесіне негізгі жеке келістер: интуитивті-эмпириялық, жиілілік, мәдени-релятивтік, адаптациялық, әлеуметтік нормалар келісі, гуманистік, деңгейлік.

Психиканың қалыпты қызмет етуінің табиғатын түсіну үшін бұзылған даму туралы білімдердің маңызы.

2-тақырып. Дамудың ауытқулары: сөйлеу. Психологиялық аспект

Логопедияның пәні, оның интегративті білім саласы ретінде қалыптасуы. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері және оның балада дамуының негізгі заңдылықтары. Сөйлеу ауытқуларының себептері. Сөйлеу ауытқуларының негізгі түрлері және олардың сипаттамасы. Сөйлеу ауытқулары бар балаларды клиникалық-психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сипаттау.



3-тақырып. Дамудың ауытқулары: көру және есту. Психологиялық аспект

Тифлопсихологияның пәні, оның интегративті білім саласы ретінде қалыптасуы. Көру ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру. Көру ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексерудің теориялық негіздері. Көру ауытқулары бар балаларға тексеру жүргізуге қойылатын талаптар. Көру ауытқулары бар балаларды әртүрлі жас кезеңінде психологиялық-педагогикалық тексерудің ерекшеліктері. Диагностикалық әдістемелерді көру ауытқулары бар балаларды әртүрлі жаста зерттеуге бейімдеу принциптері. Көру ауытқулары бар балалармен жұмыс істеуге бейімделген стандартталған диагностикалық әдістемелер.

Есту ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу.

4-тақырып. Дамудың ауытқулары: ақыл-ой кемістігі мен баяулаған психикалық даму (БПД). Психологиялық аспект

Олигофренопсихологияның пәні, оның интегративті білім саласы ретінде қалыптасуы. Олигофрениялық синдром. Олигофрениялық патопсихологиялық симптомдардың кешені: когнитивтік, эмоциялық, мотивациялық-қажеттілік сфералардың ерекшеліктері.

Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу. Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген балаларды тексерудің теориялық негіздері.

5-тақырып. Дамудың ауытқулары: тіреу-қозғалу аппаратының бұзылуы. Психологиялық аспект

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. БЦП-ның жалпы сипаттамасы. БЦП-дағы қозғалу ақаулығының құрылымы. БЦП-дағы психиканың бұзылуы. БЦП-дағы сөйлеу ауытқулары. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу.



6-тақырып. Дамудың ауытқулары: эмоциялық ауытқулар мен мінез-құлық ауытқулары (психопатиялар, гипербелсенділік, невроздар және т.б.). Психологиялық аспект

Эмоциялық сферадағы даму ауытқуларының биологиялық және әлеуметтік себептері. Ықыластың тапшылығы синдромы мен гипербелсенділік. Ауытқыған мінез-құлық мінез-құлықтық аномалия ретінде. Ауытқыған мінез-құлықтың биологиялық және әлеуметтік себептері. Ауытқыған мінез-құлық түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.



7-тақырып. Дамудың ауытқулары: психикалық аурулардың бастапқы көріністері (шизофрения, эпилепсия, аутизм). Психологиялық аспект

Шизофрениялық синдром. Шизофренияда танымдық процестердің бұзылуы. Шизофренияда эмоциялық және мотивациялық сфералардың бұзылуы.

Эмоциялық-еріктік сферасы ауытқыған (ерте балалық аутизмі бар) балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу. Аутизммен ауыратын балалардағы ауытқуларға жалпы сипаттама беру. Аутизммен ауыратын балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу процедурасы.

8-тақырып. Дамудың кешендік ауытқулары. Психологиялық аспект. Дамуында ауытқу бар балаларды диагностикалау әне оларға психологиялық-педагогикалық көрсетуді ұйымдастырудың негіздері

Дамудың күрделі (кешенді) ауытқуы туралы түсінік. Қабысқан ауытқулары бар балалардың негізгі топтары және оларды психологиялық-педагогикалық зерделеудің маңызы. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы күрделі және көптеген ауытқулары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту.

Білім беру мекемелеріндегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдар. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдардың мақсаттары мен міндеттері. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар (ПМПК) мен консультациялар. Кеңес беру-диагностикалық жұмыс. ПМПК-да балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері. ПМПК-да балаларды эксперименттік-психологиялық зерттеу әдістері.

9-тақырып. Арнайы педагогика теориясының жалпы мәселелері. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері. Арнайы білім беру қызметін көрсетудің заманауи жүйесі

Айрықша білім беру қажеттілігі және арнайы білім берудің мазмұны. Арнайы білім берудің принциптері. Арнайы білім беру жүйесі педагогының тұлғасы мен кәсіби іс-әрекеті.

Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі. Арнайы білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттары.

Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж. Медициналық-әлеуметтік профилактика және ерте кешенді көмек.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға мектепке дейінгі білім беру. Арнайы білім берудің мектептік жүйесі. Еңбек қабілеттілігі шектеулі адамдарды кәсіби бағдарлау, оларға кәсіби білім беру және кәсіби бейімделуге көмектесу. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.

10-тақырып. Арнайы педагогиканың дидактикалық негіздері

Арнайы педагогиканың технологиялары мен әдістері. Арнайы оқытуды ұйымдастыру формалары. Арнайы білім жүйесінде түзету-білім беру үдерісін қамтамасыз ету құралдары.

Арнайы мектептегі сабақ. Арнайы мектептегі сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар.

11-тақырып. Сөйлеу ауытқулары бар адамдарға білім берудің педагогикалық жүйелері

Логопедияның ұғымдық-категориялық аппараты. Логопедия пәні, оның білімнің интегративті саласы ретінде қалыптасуы.

Сөйлеу және оның дамуының негізгі заңдылықтары. Сөйлеу ауытқуларының себептері. Сөйлеу ауытқулары бар балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі. Сөйлеу ауытқуларын түзетудің қазіргі технологиялары.

12-тақырып. Көру және есту ауытқулары бар адамдарға білім берудің арнайы педагогикалық жүйелері Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру

Сурдопедагогиканың пәні мен міндеттері. Естудің бұзылуының себептері. Есту ауытқулары бар балаларға арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері. Естімейтіндерге арналған арнайы техникалық құралдар. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы есту қабілеттері бұзылған балаларды тәрбиелеу және оқыту.

Тифлопедагогиканың пәні мен міндеттері. Көру қабілеті бұзылуының себеп-салдарлары және олардың орнын толтыру амалдары. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейін оқыту. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепте оқыту.

Психикалық дамуы бөгелген балаларға арнайы білім беру. Ақыл-ойы кем балаларға білім беру.



13-тақырып. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған адамдарға арнайы білім беру. Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. БЦП-ның жалпы сипаттамасы. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. Ми жұлын параличімен ауыратын балаларға арнаулы көмек көрсету жүйесі.

Ықылас тапшылығы синдромымен және гипербелсенділікпен (ЫТСГ) сипатталатын балалар мен жасөспірімдерді оқытудың негізгі принциптері. ЫТСГ-сы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жекелендіру. Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі ЫТСГ-сы бар бала. ЫТСГ-мен сипатталатын оқушыларды мектепте оқыту ерекшілігі. Оқу мотивациясын арттыру. Танымдық сфераны дамыту. Олардың өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жекелеу дағдыларын дамыту. Оқыту үдерісіне қатысты негативті эмоциялық көріністер деңгейін, мектептік қобалжушылық деңгейін төмендету.

Ерте балалық аутизм (ЕБА) және тұлғаның аутистік бітістері туралы түсінік. Эмоциялық дамуы бұзылған (ЭДБ) мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. Эмоциялық дамуы бұзылған адамдарды дамыту, әлеуметтендіру, оларға білім беру мүмкіндіктері. Аутизммен ауыратын балаларға коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету.



14-тақырып. Даму ауытқулары бар балаларды тәрбиелеп отыран отбасыларды психологиялық зерделеу

Отбасын зерделеу әдістері. Шағын формаландырылған әдістемелер. Формаландырылған әдістемелер. Баланың ата-анасы мен әлеуметке көзқарасын зерттейтін әдістемелер. Ата-ана тұлғасының ерекшеліктерін зерделеу әдістемелері. Ата-ана-бала қарым-қатынасын зерделеу әдістемелері. Отбасын психологиялық зерттеудің процедурасы.



15-тақырып. Дамуында ауытқулар бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

Даму ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мақсаттары мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесіндегі психологиялық кеңес беру. Психологиялық кеңес беру әдістері. Психологиялық кеңес беру процедурасы. Психологиялық кеңес беру үдерісінде кездесетін қиындықтар. Даму ауытқулары бар балалы отбасыларға кеңес берудің міндеттері. Даму ауытқулары бар балаларға психологиялық кеңес беру.


Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатта

1

Дәрістерге дайындалу




Сабақтағы жұмыс

12

2

Семинар сабақтарына дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері, конспект

Сабақтағы жұмыс, есеп

12

3

Аудиториялық сабақтарға кірмеген материалды зерделеу

Әдістемелерді жинақтау, кроссворд, тест нысанындағы тапсырмаларды дайындау

Әдістемелердің жинағы, есеп

87

4

Бақылау шараларына дайындалу




МБ, емтихан

6

Барлығы:

117


Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған тақырыптардың тізімі

  1. Реабилитациялық педагогиканың мәні.

  2. Білім беру мекемесінің реабилитациялық-білімдендіру ортасы.

  3. Арнайы білім беруде артпедагогика құралдарын қолдану.

  4. Дамуында ауытқу бар балалармен жұмыс жүргізуде психотерапияның алуан түрін пайдалану: ойын психотерапиясы, құм терапиясы, арттерапия, музыкотерапия, ертегі терапиясы және т.б.

  5. Таяу және алыс шетелдегі инклюзивті білім беру.

  6. Арнайы білім беру мекемесі оқушыларының әлеуметтік-еңбектік реабилитациясы.

  7. Арнайы білім беру мекемесі, отбасы және қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы.


11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:


  • дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл;

  • тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл).

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:

  • материалды толық меңгеру - 10 (екінші рейтинг кезеңінде – 13) балл;

  • сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл;

  • материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл;

  • грамматикалық және стилистикалық сауаттылық - 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.



Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әрқайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап екі баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.
Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі

Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады:


Р1,2 = АҮ*0,7+МБ*0,3,

мұндағы Р1, Р2, АҮбірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары.

Екі рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:



ЖР = (Р1+Р2)/2,

мұндағы ЖР – студенттің емтиханға жіберілу рейтингі.

Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:

ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,

мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.


Табыс тілейміз!



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Гиперактивные дети: психолого-педагогическая помощь. Монография. — СПб.: Речь, 2007. — 186 с.

  2. Жигорева М.В. Дети с комплексными нарушениями в развитии: педагогическая помощь: учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений / М.В. Жигорева. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 240 с.

  3. Истратова О.Н. Практикум по детской психокоррекции: игры, упражнения, техники / О.Н.истратова. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 349, [1] с. – (Психологический практикум).

  4. Левченко И.Ю., Забрамная С.Д., Добровольская Т.А. Специальная психолого-педагогическая диагностика – М.: Академия, 2003. – 320 с.

  5. Никуленко Т.Г. Коррекционная педагогика: Учебное пособие / Т.Г.Никуленко. – Ростов н/Д: Феникс, 2006. – 381 с. – Высшее образование.

  6. Поваляева М.А. Коррекционная педагогика. Взаимодействие специалистов. Коллективная монография / Под общ. Ред. М.А.Поваляевой. Серия «Учебники, учебные пособия». – Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002. – 352 с.

  7. Саенко Ю.В. Специальная психология: Учебное пособие. – М.: Академический проект, 2006. – 182 с. – («Gaudeamus»).

  8. Солдатова Е.Л., Лаврова Г.Н. Психология развития и возрастная психология. Онтогенез и дизонтогенез / Серия «Высшее образование». – Ростов н/Д: Феникс, 2004. – 384 с.

  9. Сорокин В. М. Практикум по специальной психологии: Учеб. пособие / Под научн. ред. Л. М. Шипицыной. – СПб.: «Речь». 2004. – 216 с.

  10. Сорокин В. М. Специальная психология: Учеб. пособие / Под научн. ред. Л. М. Шипицыной. – СПб.: «Речь». 2003. – 216 с.

  11. Специальная психология: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В.И.Лубовский, Т.В.Розанова, Л.И.Солн­цева и др.; Под ред. В.И.Лубовского. – 2-е изд., испр. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. — 464 с.

Қосымша

  1. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., 1999.

  2. Гордеева А.В. Реабилитационная педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов и колледжей. – М.: Академический проект; Королев: Парадигма, 2005. – 320 с. – («Gaudeamus»).

  3. Некоторые вопросы обучения и воспитания учащихся специальных школ (из опыта работы). – Алма-Ата: «Мектеп», 1981. – 85 с.

Интернет көздері

  1. www.ikprao.ru – Институт коррекционной педагогики РАО

  2. www.almanah.ikprao.ru – альманах Института коррекционной педагогики РАО

  3. www.wallenberg.ru – Институт Специальной Педагогики и Психологии Международного Университета семьи и ребенка им.Рауля Валленберга


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет