Құрастырушы: Тагабаева Л. М. Шымкент 2013



бет6/8
Дата01.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#170712
1   2   3   4   5   6   7   8

Снтуацнялык есептер

1. Медбике егу кабинетін күнделікті тазалау үшін сабын - содалы ерітіндіні

колданды. Оны дайындау ушін 10 литр суға 1 кг сабын, 1 кг сода алды. Қандай концентрациядағы ерітінді дайындалды? Осындай ерітіндімен егу кабинетін күнделікті тазалауға болады ма?

2. Плевральды пункция жасауға медбике дәрігерге көмектесуі

(ассистент болуы ) керек болды. Медбике колды өндеудің қандай денгейін колдану керек?. Бұған қандай ерітінділерді алуға болады ?.

3. Медбике хирургия бөлімшесіне түнгі кезекшілікке келді. Оның сырткы көрінісі мынадай: таза, өтектелген халат, қалпак, калпақ астынан жиналған шаштын ұшы шығып тұр, тырнактары - 4 мм, лак жағылған.



12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет



11– сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Палаталық, функциональді бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта, таңу бөлмесінде, босанатын залда, егу кабинетінде, манипуляциялық және залалсыздандыру бөлмелерінде тазарту түрлерін жүргізу, олардың реттілігі.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды палаталық, функционалды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта тазалық сақтауды жүргізу реттілігін үйрету.

тәрбиелік: Оқушыларды палаталық, функционалды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта тазалық сақтауды жүргізу реттілігінкөрестуде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларда палаталық, функционалды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта тазалық сақтауды жүргізу реттілігін уйрете отырып, қабілеттілігін дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)

  • Емдеу - профилактикалық мекемелердін бөлмелерін тазалау мәселелері;

  • Егу бөлмесін генеральды тазалау

  • Медбикенін функциональды міндеттері

  • Медбикенін сыртқы көрінісіне және киіміне қойылатын талаптар

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)

Жоспар:


  • Бөлмелерді жинастыру реті

  • Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі

  • Процедуралық және интенсивті терапиялық кабинеттердегі санитарлы – эпидемияға қарсы тәртіп


Бөлмені жинастыру. Бөлімшенің барлық бөлмелері тәулікте екі рет дезинфекциялық ерітіндіні ( хлор ерітіндісі )қолдану арқылы жиналтырылады. Жұқпалы бөлімшенің бокстары тәулікте үш рет дезерітіндіні қолдану арқылы жинастырылады. Науқас шығарылғаннан кейін, бөлме және бокстағы барлық заттары қайталап залалсыздандырылады. Бөлменің барлық жинастыру аспаптарын таңбалау тиіс. Дәретхананы жинастыруға арналған аспаптар тек қана дәретханада сақталынады.

Палаталар, егу бөлмелері, іс – шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап – кварцтық және сынап – күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.

Дезинфекциялаушы заттар ретінде әдетте хлор қосындылары (хлорамин, кальций, натрий литий гипохлориді және т.б.) қолданады. Хлордың микробтарға қарсы қасиеті хлордың суда ерігенінде бөлінетін хлорлы қышқылдың әсеріне байланысты.

Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі:



        1. Хлор әгінің ерітіндісін дайындау: 10л суға 1кг хлор әгін араластырып еріту (1шелек хлорлы су, хлор әгін ағаш саппен еріту керек)

        2. Осы сұйықтықты 1 тәулікке дейін тұндырады.

        3. Дайын болған сұйықтықты қоңыр түсті шыны ыдысқа құйып, тығынмен жақсылап жабу керек ( осылайша 10 % хлорлы су дайындалады, оны қараңғы жерде 5-6 тәулікке дейін сақтауға болады)

        4. Хлор әгінің жұмысшы ерітіндісін дайындау:

0,1% - 100мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,9 л суға араластыру керек;

0,2% - 2000мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,8л суға араластыру керек;

0,5% - 500мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,5л суға араластыру керек;

1% - 1л 10% хлорлы әк ерітіндісін 9л суға араластыру керек;

2% - 2л 10% хлорлы әк ерітіндісін 8л суға араластыру керек;
Дезинфекциялаушы заттармен жұмыс атқару кезінде: қолдану кездерінде сақтанудың барлық шараларын пайдалану керек: барлық жұмыстарды халат, резеңке қолғап, қорғаушы көзілдіріктер, алжапқыш, респираторлар киіп жасау керек.

Қазіргі кезде жаңадан ашылған Аналит, Дезэффект, Лизоформин, Септокаль, Микроцид, Гигацепт және т.б. сияқты дезинфекциялық заттар қолданылады. Осы заттардың әрқайсысын дайындауға арналған араластыру және қолдану ережелері бар.

Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға араналған құрал – саймандар - еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек. Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалау кунде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді, қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0,5% хлорлы әк ерітіндісі немесе 1 % хлорамин қолданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, клеенкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.

Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігне 3-4 реттен кем болмау керек, ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.

Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б. арнайы бөлмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварцілеу өткізіледі.

Тері және шырыш жабындыларымен және науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасқан барлық медициналық құралдар стерильденеді. Белок, май және басқа механикалық кірлерден, дәрілік заттардан тазалау үшін медициналық құралдар стерилизацияға дейін өңдеуден өткізіледі. Стерилизацияға дейінгі өңдеу үшін жуғыш заттар қолдануға болады.

Дезинфекциялау тәртібі міндет жүктелген мекемелердің орналастырған тәртібі бойынша арнайы нұсқауларға жүгініп жүргізіледі. Іріңді ауруларда, туберкулез, вирусты гепатиттер кезінде химиялық дезинфекция жүргізу әдістерінің ерекшеліктері бар. Химиялық әдіспен өңделгеннен кейін дезинфекциялаушы заттың иісі толығымен кеткенге дейін ағып жатқан су астында жуылуы керек. Термометрді дезинфекциялаушы сұйықтықта (1% хлорамин ерітіндісі, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісі «Дезаксон-1») ұстап, сосын сумен шайып құрғақжерде сақтайды. Қолды шаруа сабынымен жуу керек, инфекциялы науқасты қарағаннан кейін 0,2% хлорамин ерітіндісімен немесе «Дезаксон-1» ерітіндісімен 2 минут бойы өңделеді.

Дәрі егу бөлмесінде көк тамырға дәрі енгізуге арналған шприцтер мен жүйелерді жинап стерилизацияға дейінгі дайындық жүргізеді, егер қолданған құралдар тек бір реттік қана болса олардыжоюға дайындайды. Көп реттік қолдануға арналған құралдар бір ыдысқа салынып дезинфекциялаушы сұйықтықпен жуылады. Әрі қарай оларды дезинфекциялы сұйықтығы ( 0,5 % хлорамин ерітіндісі, 0,5% хлорлы әктас ерітіндісіне 30-60 минутқа дейін немесе 2,5% Дезэффект ерітіндісіне 1 сағатқа, 2,5% Лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа дейін) бар басқа ыдысқа немесе кез келген басқа дезинфекциялаушы ерітінділерге жалпы нұсқауларға сай салынады.


Процедуралық және интенсивті терапиялық кабинеттердегі санитарлы – эпидемияға қарсы тәртіп:

      1. Медициналық процедураларға байланысты процдуралық кабинеттер:

  • Бұлшық етке, тері астына инъекциялар жасау үшін;

  • Көктамырға инъекциялар мен ерітінділерді құю үшін;

  • Ауыр халдегі науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге;

  • Интенсивті терапия жасауға;

  • Емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға;

  • Емдік және диагностикалық клизмаларды жасауға және т.б. арналған.

      1. Процедуралық кабинеттердің кешені 12-14мм2-ден кем болмауы керек, желдеткіш терезелермен, жарығы жеткілікті, қабырға және төбе бактероцидті шамдармен міндетті түрде жабдықталады.

      2. Процедуралық кабинеттер аурухана жабдықтау табелін сәйкес үстірт дезинфекция кезінде бүлінбейтін құралдармен жабдықталуы тиіс.


10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)

Тесттер:

1. Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді палаталардың ішкі орта объектілерінде және стационарлы бөлімшелердің функционалды белмелерінде, медициналык аспаптарда және қүрал-жабдықтарда жою ____________аталады.

2. Оттегі қүрамдастарға қандай дезинфекциялаушы қүралдар жатады?

1) хлорамин

2) сутектің асқын тотығы

3) жасыл бриллианттың ерітіндісі

4) сулема ерітіндісі

5) калий перманганатының ерітіндісі 6)йод

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 3,5,6

Б) 1,4,5

В) 1,2,5

Г) 2,5

Д) 2,4.


3. Хирургтың операция алдында қолын жууға қандай дезинфекциялаушы күралдар қолданылады?

1) калий перманганатының ерітіндісі

2) сулема ерітіндісі

3)диоцид


4) хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-тік спиртгік ерітіндісі

5) сутектің асқын тотығы

6) қүмырска үсті кышқылының ерітіндісі (первомур)

7) фурацилин

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 2,4,6

Б) 3,4,6

В) 1,6,7

Г) 2,5,6

Д) 3,6,7


4. Дезинфекция әдістерін атаңыз?

1) термиялык әдіс

2) химиялық әдіс

3) механикалық әдіс

4) биологиялық әдіс

5) консервативті әдіс

6) физикалық әдіс

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,2,6

Б) 2,3,6

В) 2,4,6

Г) 1,3,5

Д) 2,3,5

5. Бөлімшеде инфекцияны табу мақсатымен жүргізілетін дезинфекция ______деп аталады.

6. Ошақты дезинфекцияның түрлерін атаңыз?

1) бастапқы

2) ағымды

3) негізгі

4)генеральді

5) қорытынды

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А)2,5


Б)3,4

В)1,5


Г) 1,4

Д) 1,3,5


7. Аурудың төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау калай аталады (матрац, жастық, жамылғыш) ?

1) қайнатумен жуатын үйде жуу

2) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

3) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

4) кварцтау

5) кейінгі кептірумен үрып-соғу

8. Аурудың төсектік және денелік киімдерін дезинфекциялау қалай жүзеге асырылады?

1) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

2) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

3) жуатын ерітіндіде сулау

4) кварцтау

5) қайнатумен жуатын үйде жуу

9. Аурухана ішілік инфекцияны профилактикалау мақсатымен бөлімшеде күнде жүргізілетін дезинфекция ______аталады.

10. Сәйкестікті табыңыз:

1) дезинфекцияның механикалық әдісі

2) дезинфекцияның физикалық әдісі

а) қайнату

6) едендерді жуу

в) буды қолдану

г) киімдерді жуу

д) палаталарды кварцтау

11. Дезинсекция дегеніміз не?

1)зиянды шыбын - шіркей, күрт – құмырсқаларды жою

2) инфекцияны жою

3) ауруды санитарлық өңдеу

4) гигиеналық шаралар

5) микробтарды жою
Ситуациялық есептер.

1. Инфекциялык аурумен ауырған науқас стационардан шығарылды. Палатада қорытынды дезинфекцияны қалай жүргізу керек? Аурудың төсек-орын жабдықтарын калай дезинфекциялау керек?

2. Медбике палатаны тазалады, шаңды сүртті, аурудың төсек-орнын қағып жинады. Медбике пайдаланған дезинфекция түрін және әдісін атаңыз?
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет




12 - сабақ

  1. Сабақтың тақырыбы: Жаңа және шала туған балалар, 1 жасқа дейінгі балалар палаталарында, жұқпалы аурулар бокстарында тазарту түрлерін жүргізу, олардың реттілігі.

  2. Сағат саны: 4 (180 мин - 100%)

  3. Сабақ түрі: практикалық

  4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды жаңа және шала туған балалар, 1 жасқа дейінгі балалар палаталарында, жұқпалы аурулар бокстарында тазарту түрлерін жүргізу, олардың реттілігімен таныстыру

тәрбиелік: мейірбике жұмысы барысында науқастармен, әріптестермен қарым қатынас ерекшеліктерін үйрету

дамыту: жұмыс барысында тақырып бойынша алған білімдерін қолдана білу

  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)

  • Бөлмелерді жинастыру реті

  • Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі

  • Процедуралық және интенсивті терапиялық кабинеттердегі санитарлы – эпидемияға қарсы тәртіп

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)

Жоспар:


  • Балалар бөлімшесінің бокстары

  • Балалар емханасы

  • Емханада жүргізілетін құжаттар

  • Балалар емханасында жүргізілетін санитарлы ағарту жұмыстары

Орта буын медицина кызметкерлерінің жүмыс орны өзі жұмыс істейтін палаталардың қасына орналасуы керек. Ауру балаға керек жарақтың барлығы постыда болуы тиіс. Посты палаталар арасында, коридорда ұйымдастырылады. Постыда дэрі-дэрмек, құрал-саймандар сақталатын шкаф болады. Ауру тарихын сактайтын жэшікшелер, стол үстінде электр шамы мен телефон болуы қажет.



Балалар бөлімшесінің бокстары. Бокстың негізгі міндеті жұқпалы ауруларды және ауруханадажүқпалы аурудыцтарауының алдын алу, жұқпалы ауру туралы күдік пайда болғанда, балаларды оңашалау (изоляциялау^. Бокстар ашық жэне жабық (жартылай бокс) болып бөлінеді. Ашық бокстарда аурулар керуеттердің арасына орналастырылған қалканмен бөлінеді. Ашық бокстарда оңашалау толық жетілдірілмеген, сондықтан ол сілекей жүқпалы аурулардың тарауынан толық қорғай алмайды. Жабық бокстар палатының төбеге дейін жететін шыныланған қалқамен бөлінген есігі бар бөлігі. Әр бокстатабиғи жарық көзі, дэретхана, балаларға қызмет көрсетуге керекті медициналық жэне тұрмыстық бұйымдардың жиынтығы болуы керек. Бұндай оңашалаудың кемшілігі бокстардың бөлімшенің жалпы дэлізіне ашылатыньіД.

Әрбір дербес бокс эдетте төмендегі жайлардан тұрады: Бокстық ауыз үй (тамбурлы дэліз); палата немесе байқау бөлмесі (бүл жерде бала барлық даралау уақыт бойы болады); ыссы жэне салқын су жүйесі, раковинасы жэне унитазы; қызметкерлерге арналған шлюз.

Науқастарға бокстан ішкі дэлізге шығуға қатаңтиым салынады. Медицина қызметкерлері шлюзге ішкі дэлізден кіреді де, сыртқы есігін тығыздап жабады, қолын жуады, қажет болса екінші халат, бас киім киеді, содан кейін ғана бала жатқан жайға кіреді. Шығарда осы қимыл керісінше жүйелі түрде орындалады. Жұқпалы аурудың таралуының алдын алу үшін, дэлізден кіретін шлюздің есігін ашқанда, шлюзден бала жаткан жайға кіретін есік тығыз жабық болуын қадағалау керек. Тағамдар ауруға сол үшін жасалган терезе арқылы беріледі.

Егер бокстажел шешекпен (қарамықпен) ауыратын бала жатса, оңашалау өте қатал сақталуы керек. Ішкі шлюздің бөлімше дэлізіне ашылатын есігін тас қылып бітеп, әйнегін қағазбен жапсырып тастайды. Қызметкерлер көшедегі есік арқылы қатысадыА



Балалар емханасы (поликлиникасы). Балалар емханасы -ауруханадан тыс қызмет көрсететін, 15 жаска дейінгі балаларға профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыратын емдеу-профилактикалық мекеме.

Емханада балаларды балалар дэрігерлері (педиатрлар) жэне басқа маман дэрігерлер қабылдайды. Сонымен қатар, емханада лабораториялық, рентген жэне басқа түрлі тексерулер жүргізіледі. Алғашқы ауырған балаларға, оның ішінде эсіресе, қызуы жоғары жэне жүқпалы ауру екендігіне күдік бар ауруларды емхананың дэрігерлері мен орта буын қызметкерлері медициналық көмекпен үйінде қамтамасыз етеді. Жазылгасын немесе хал-жағдайы жақсарғасын, балалар дәрігерге емханаға келіп көрінеді. Сонымен катар, емханада cay балалар тұрақты бақылауға алынады. Дэрігерлер мен мейірбикелер сау балаларды бір жасқа дейін ай сайын, содан кейін үш айда бір рет, ал үш жастан асқасын -жылына бір рет тексеруден өткізеді. Бұндай бақылаудың негізгі мақсаты -аурудың алдын алу болып табылады. Дэрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері ата-аналарға балаларды тэрбиелеу, тамақтандыру жэне күтім жасау мэселелері жөнінде кеңес береді.

Ал, барлық балалар диспансерлік есепте түрады да, жүйелі түрде педиатрлармен жэне басқа маман дәрігерлермен тексеріліп түрады. Көптеген балалар ауруханаларында орталандырылған тәулік бойы көрсетілетін жедел көмек жүмыстары үйымдастырылған.

Балалар поликлиникасында (емханасында) негізгі педиатриялық бөлімшелер, мамандандырылған кабинеттер, яғни, қүлақ, тамақ, мұрын ауруларының маманы (оториноларинголог), офтальмолог (көз ауруларының маманы), невропатолог (нерв жүйелерінің ауруларының маманы), ортопед (дене мүшелерінің кемтігін емдейтін маман), травматолог (сынықтарды емдейтін маман), хирург (хирургиялық ауруларды емдейтін маман), стоматолог (ауыз куысының ауруларын емдейтін маман), кардиолог (жүрек ауруларының маманы), эндокринолог (ішкі секреция бездері ауруларының маманы) жэне т. б. қызмет істейді. Сонымен катар, диагностикалық кабинеттер, физиотерапиялық жэне емдік дене тэрбиесі кабинеттері, емшек сүтін жинақтау бекеті болуга тиісті.

Әрбір емханада алдын ала егу, емдік егу жэне басқа емдеу шаралары орындалатын процедуралық кабинет жүмыс істейді.

Емханада жүргізілетін негізгі іс қагаздары «Балалардың даму тарихы» болып табылады. Тарихтар тіркеу бөлімінде (регистратурада) сақталады (қазіргі уақытта балалардың даму тарихы ата-аналарына таратып беріледі). Балаларды қабылдауды дұрыс ұйымдастыру осы бөлімнің жүмысына байланысты. Тіркеу бөліміне жұмыс істеуге жэне есеп-статистикалық жұмыс жүргізу үшін кіші жэне орта буын медицина қызметкерлері қатыстырылады.

Балалар емханасында кең түрде санитарлық ағарту жүмысы жүргізіледі. Ата-аналарға аурулардың алдын алудың ережелерін үйретеді. Жас нэрестелерді бақылауға (патронажға) шын ілтипатпен көңіл бөлінеді. Бүл жүмыстарға дэрігерлер жэне орта медицина қызметкерлері үлкен белсенділікпен қатынасады. Егу күнтізбегіне сәйкес егу жұмыстарын жүргізеді.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)

Тесттер:

  1. Мейірбикелік процеске кірмейтін кезеңдер:

А) мейірбикелік тексеру

В) жағдайды бағалау

С) пациент туралы мәліметтер

Д) антропометрия туралы мәліметтер

Е) физикалды және перкуторлы мәліметтерді бағалау

2. «Мейірбикелік диагностика» түсінігіне кірмейді:

А) пациент денсаулығының ауытқушылықтарын анықтау

В) науқасқа күтім әдісін анықтау

С) маңызды мәселелерді анықтау

Д) күтім жоспарын және емдеу мерзімдерін орындау

Е) ем тағайындау

3. 2-3 айдан 5-6 айға дейінгі баланы тәулігіне тағамдандыру саны:

А) 3-4

В) 6-7


С) 8-10

Д) 10-12


Е) 5-6

4. Аурудың төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау калай аталады (матрац, жастық,

жамылғыш) ?

А) қайнатумен жуатын үйде жуу

В) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

С) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

Д) кварцтау

Е) кейінгі кептірумен үрып-соғу

5. Аурудың төсектік және денелік киімдерін дезинфекциялау қалай жүзеге

асырылады?

А) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

В) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

С) жуатын ерітіндіде сулау

Д) кварцтау

Е) қайнатумен жуатын үйде жуу

6. Дезинсекция дегеніміз не?

А)зиянды шыбын - шіркей, күрт – құмырсқаларды жою

В) инфекцияны жою

С) ауруды санитарлық өңдеу

Д) гигиеналық шаралар

Е) микробтарды жою
Ситуациялык есептер.

1. Аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы ендеуде фенолфтолейнді сына алғанда аспаптар кызыл түске боялды. Осы кездегі сіздің тактикаңыз?

2. Оптикалық жүйесі бар аспап пароформалинді камерада 8 сағат бойы зарарсыздандырылды. Бүл аспаппен ауруды тексеруге болады ма?

12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н-1,2-бөлім,154–173бет


13 – сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелеріндегі қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралар. Залалсыздандыру.

2. Сағат саны: 4 (180 мин 100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды медициналық мекемелеріндегі қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралармен және залалсыздандыру түрлерімен таныстыру.

  • тәрбиелік: Оқушыларды медициналық ұйымдардарға қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралардың заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: Оқушыларда медициналық мекемелеріндегі қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет