Ќ±растырушы: Ќ



бет2/12
Дата02.01.2022
өлшемі328.5 Kb.
#452311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Логика әлемі

Түсінік хат

Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасына сәйкес елімізде көптеген жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі информатиканы стандарттық программадан тыс қосымша оқыту мәселесі болып табылады. Сол себепті мектепте информатиканы қосымша оқыту программасын ұсынамын.



  • «Қызықты информатика» - 3-4 сынып;

  • "Компьютер әлемі" – 5- сынып;

  • «Интерактивті оқыту»- 6-сынып;

  • «Логика әлемі»- логикалық есептеуге бейімдеу (8-сынып);

  • «Жас программист»- Pascal бағдарламалау тілі (9-сынып)

Бұл бағдарлама информатика пәні бойынша факультатив курсына арналып жасалды. Әр сыныпта аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа әзірленді.

Елімізде білім беру саласын ақпараттандыру қарқынды жүріп жатқан кезде, мемлекттік стандартқа сай мектепте информатика негіздерін оқыту 5-сыныптан басталады. Бұл жаңа типті мектептер мен сыныптарда оқитын балалардың компьютерлік техникамен жұмыс жасап үйренуге деген құштарлықтарын тежейді. Сондықтан информатика пәнін төменгі сыныптардан бастап оқыту керек.

XXI ғасыр –ақпарат ғасыры. Бүгінгі таңның оқушысы заманға сай біліммен қарулануы тиіс.

Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту мен ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану қажеттігі – білім беру саласын дамытудағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Психологиялық даму деңгейлерін арттыру мақсатымен енгізілетін бұл курста төменгі сынып оқушыларының логикалық және алгоритмдік ойлау, есте сақтау, байқампаздық қабілеттері қалыптасады, ал мұндай қабілетке ие балалар мектеп бағдарламасын жеңіл қабылдайды.



Негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Алған білімдерін қолдана білуге және өздігінен қабылдай алуға дағдыландыру;

  • Шығармашылық жұмыстарды топпен істей білуге ынталандыру;

  • Компьютерлік техникамен жұмыс жасауға бейімдеу;

  • Компьютерлік сауаттылықтың элементарлық негіздерін оқып үйрену;

  • Компьютерлік ойын және оқыту программалары негізінде информатиканың негізгі түсініктері мен ұғымдарын оқып-үйрену;

  • Ақпарат туралы , қасиеттері, берілу тәсілдері, тасымалдау жолдары, кодтау, сақтау, көлемін анықтау түсініктерін қалыптастыру;

  • Интерактивті құрылғылармен сауатты жұмыс істеуге ықпал ету;

  • Пәнге деген ынтасын, құштарлығын арттыру;

  • Өз бетімен компьютерді қолдануға машықтандыру;

  • Компьютерді толық меңгерген шығармашыл тұлға қалыптастыру

  • Формальдік логика , математикалық логика арқылы логикалық есептердi шешуге қалыптастыру.

  • Оқушыларға күрделірек жұмыстар, логикалық есептер шығарту, сөзжұмбақтар шешуге және құрастыруға үйрету;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

  • бағдарламалық сауаттылықтарын арттыру.

  • Turbo Pascal тілінде есептерге бағдарлама құра білуге машықтандыру;

  • Сыныптан тыс жерде алған білімін қолдана білуге үйрету;

  • Сыни көзқарастарын қалыптастыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет