Құрастырушыдан От составителя



жүктеу 474.66 Kb.
бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі474.66 Kb.
  1   2



Мазмұны:
Содержание:





Құрастырушыдан

От составителя..................................................................................

3



Тұрар Рысқұловтың өмір жолындағы қоғамдық-саяси қызметтері......................................................................................................

4



Основные даты жизни и деятельности Турара Рыскулова..................

5



Халқына пана болған тұлға - Тұрар Рысқұлов Түркістанда, Ресейде және Моңғолияда жасаған қоғамдық-саяси қызметтері......………...


6



Владимир Рыскулов. О Тураре Рыскулове, Туркестане, России и Монголии………………………………………………………………..…...


12



Тұрар Рысқұловтың еңбек жинақтары

Собрания трудов Т. Рыскулова..................................................................


16



Қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы кітаптар

Книги о Тураре Рыскулове.....................................................................


18



Тұрар Рысқұлов туралы ғылыми және мерзімді басылымдардағы мақалалар.

Статьи из периодических изданий о Тураре Рыскулове.......................


22



Тұрар Рысқұлов туралы электронды ресурстар

Электронные ресурсы о Тураре Рыскулове.......................................


28



Тұрар Рысқұлов туралы видео деректер

Видео материалы о Тураре Рыскулове......................................................


29



Құрастырушыдан / От составителя
Тұрар Рысқұлов: Библиографиялық көрсеткіш / Құрастырушылар: Помольцева Е.А., Искакова Д.Ш. – Тараз: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ - Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2014. - 29 б. (181 аталым).

Библиографиялық көрсеткіш қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығына арналған. Көрсеткіште кітапхана қорындағы кітаптар, ғылыми мақалалар және мерзімді басылымдар беттеріндегі Түркістан АССР ОСК төрағасының қоғамдық-саяси қызметтерін, 1938 жылы НКВД қызметкерлерімен тұтқындалып репрессияға ұшыраған.

Кітаптар тізімі әліпбилік ретпен берілген. Басылымдар тізімі хронологиялық ретпен және 1990 жылдан 2014 жыл аралықтары қамтылған. Алдымен мемлекеттік сонан соң орыс және шет тілдерінде жинақталған.

Кітапханалық-ақпараттық орталық қорының кітаптары жұлдызшамен (*)берілген.

Библиографиялық көрсеткіш ғалымдарға, жоғары оқу орындарының ұстаздарына, магистранттарға, студенттерге және ауқымды көлемдегі оқырмандарға арналған.


Турар Рыскулов: Библиографический указатель / Сост. Е.А.Помольцева, Д.Искакова. - Тараз: Библиотечно-информационный центр ТарГУ им.М.Х.Дулати, 2014.- 29 с. (181наимен.)
Библиографический указатель посвящен 120-летнему юбилею общественного деятеля Турара Рыскуловича Рыскулова. Указатель включает книги, научные статьи и статьи из периодических изданий, характеризующие жизнь и политическую деятельность председателя ЦИК Туркестанской АССР, а затем репрессированного в 1938 году органами НКВД.

Киги расположены в алфавитном порядке. Публикации расположены в хронологическом порядке и охватывают период с 1990 по 2014 годы, в пределах каждого года – по алфавиту. Сначала идут работы, опубликованные на государственном языке, затем - на русском и английском.

Книги и статьи из фонда Библиотечно-информационного центра отмечены звездочкой.

Библиографический указатель будет полезен ученым, преподавателям вузов, магистрантам, студентам и широкому кругу читателей.



Тұрар Рысқұловтың өмір жолындағы қоғамдық-

саяси қызметтері
14 (26) желтоқсан 1894 жылы – Тұрар Рысқұлов туылды.

1907-1910 жылдары – Меркедегі орыс-қазақ мектеп-интернатында білім алды.

1910 жылы – Меркеде сот тергеуші көмекшісі болып қызмет жасады.

1910-1914 жылдары – Пішпекте (Бішкек) ауылшаруашылық мектебінде сабақ алды.

1916 жылы – Әулиеата уезінде антиколониалдық қарулар көтерілісінің ұйымдастырушысы болып, тұтқынға алынады.

1916-1917 жылдары - Ташкент қаласының мұғалімдер институтында оқиды.

1917 жылдың қыркүйек айынан большевиктер партиясының мүшесі болады..

1917 жылы – Меркедегі «Бұхара» қоғамының (қазақ жастарының революциялық одағы) ұйымдастырушысы және басшысы.

1918 жылдың көкек айы – Әулиеата уезі (Совдеп) депутаттары кеңесінің хатшысының көмекшісі.

1918 жылдың 5-14 қазаны – Түркістан республикасының ОСК (ЦИК) БКП(ОК) VI съезінің делегаты болып, Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды.

1918 жылдың 28 қарашасынан – Түркістандағы ашаршылыққа қарсы Төтенше жағдай комиссиясының хатшысы болып қызмет жасады.

1918 жылы желтоқсан айында– Түркістан ЦИК басшысының бірінші орынбасары.

1919 жылы наурыз айы – Өлкелік комитет партиясының Мұсылман бюросының хатшысы..

1919 жыл - Ферганада басмаштарға қарсы күрестің Төтенше Жағдай хатшысы.

1920 жылы қаңтар айында – Түркістан Компартиясы ЦК және Түркістан АССР ЦИК мүшесі .

1920 жылдың 24 мамыры – В.И.Ленинмен кездесуі.

1920 жылдың 24 тамызында – И.В.Сталин қарамағында РКФСР Ұлттық істер халық комиссары екінші орынбасары.

1920 жылы 1 қыркүйек – Бакуде Шығыс халқының Коммунистік фракциясының I съезінің Президиумі хатшысы.

1920 жылы желтоқсан айында – РКФСР Ұлттық істер наркомының орынбасары.

1921 жыл - РКФСР Ұлттық істер наркомының Әзірбайжан Республикасындағы өкілі.

1922 жылы қыркүйек айында – Түркістан АССР-нің СНК хатшысы.

1923 жылы 17-25 көкек айы – БКП (ОК) ХІІ съезінің делегаттығына кандидаты.

1924-1925 жылдары – Моңғол Халық Республикасының Коминтерн хатшысының өкілеті.

1925 жыл - БКП (ОК) Қазақстан өлкесінің Баспа бөлімінің басшысы және «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторы.

1926 жылдың 28 маусымынан -1937 жылдар арасында - РКФСР Халық Комиссарлар одағы хатшысының үшінші орынбасары.

1926-1930 жылдары – (ЭКОСО) РКФСР Экономикалық Маслихаттың Хлопков комитетінде хатшы қызметін жасайды.

1927 жылы 2-19 желтоқсан - РКП (б) XV съезінің делегаты.

1927-1930 жылдар – ЭКОСО РКФСР хатшы орынбасары, СНК РКФСР Түрксіб теміржол құрылысындағы Комитет хатшысы.

1930 жылдың 26 маусым - 13 шілде – БКП (ОК) делегат XVI съезінің делегаты болып сөз сөйледі.

1930-1931 жылдары - РКФСР СНК Коммуналдық шаруашылық Басшылығының бастығы.

1930-1934 жылдары - РКФСР СНК Эксперттік Кеңесінің төрағасы және СНК Халық комитеті кеңесінің жанындағы қоғамдық тамақтануға жәрдемдесу, ЭКОСО РКФСР өнеркәсіп, кәсіпқойлық кооперациясының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың басшысы.

1932 жылы 29 қыркүйек және 1933 жыл 9 наурыз - Қазақстандағы ұжымдастыру кезіндегі өлімдер жайлы И.В.Сталинге хаты.

1934 жылдың 26 қаңтар - 10 ақпан - БКП(ОК) XVII съезінің делегаты.

1937 жыл 21 маусым - Кисловодскіде тұтқындалуы.

1938 жыл 8 ақпан - Мәскеудегі соты.

1938 жыл 10 ақпан - Тұрар Рысқұлов халық жауы аталып, атылу жазасы берілді.

1956 жылы 8 желтоқсан - ақталды.

1957 жыл 6 ақпан – партия мүшелігіне қайта сайланды.

Основные даты жизни и деятельности Турара Рыскулова.
14 (26) декабря 1894 год - родился Турар Рыскулов. 

1907-1910 годы - учеба в Меркенской русско-казахской школе-интернате.

1910 год – помощник судебного следователя в Мерке.

1910-1914 годы – учеба в Пишпекской (Бишкек) сельскохозяйственной школе.

1916 год –организатор антиколониального вооруженного восстания в Аулие-Атинском уезде. Подвергается аресту.

1916-1917 годы - учеба в Ташкентском учительском институте.

Сентябрь 1917 год – член большевистской партии.

1917 год – организатор и руководитель общества «Бухара» (Революционный союз Казахской молодёжи) в Мерке.

Апрель 1918 год – заместитель председателя Аулие-Атинского уездного Совдепа.

5-14 октября 1918 год - делегат VI съезда РКП(б), избран в состав ЦИК Туркестанской республики, назначен наркомом здравоохранения.

28 ноября 1918 год – председатель Чрезвычайной центральную комиссию по борьбе с голодом в Туркестане.

Декабрь 1918 год –первый заместитель председателя ЦИК Туркестана.

Март 1919 год – председатель Мусульманского бюро при Краевом комитете партии.

1919 год - председатель ЧК по борьбе с басмачеством в Фергане.

Январь 1920 год - член ЦК Компартии Туркестана и председатель ЦИК Туркестанской АССР.

24 мая 1920 год – встреча с Лениным.

24 августа 1920 год – второй заместитель народного комиссара по делам национальностей РСФСР И.В.Сталина.

1 сентября 1920 год - председатель Президиума коммунистической фракции I съезда народов Востока в Баку.

Декабрь 1920 год - заместитель наркома по делам национальностей РСФСР.

1921 год - полномочный представитель Наркомата по делам национальностей РСФСР в Азербайджанской Республике.

Сентябрь 1922 год - председатель СНК Туркестанской АССР.

17 - 25 апреля 1923 год – делегат ХІІ съезда РКП(б), кандидат в члены ЦК РКП(б).

1924—1925 годы - полномочный представитель Коминтерна в Монгольской Народной Республике.

1925 год - заведующий отделом печати Казкрайкома ВКП (б) и ответственный редактор газеты "Енбекши казак".

28 мая 1926-1937 годы – третий заместитель председателя Совета Народных Комиссаров РСФСР.

1926-1930 годы - председатель Хлопкового комитета при Экономическом Совещании (ЭКОСО) РСФСР.

2-19 декабря 1927 год - делегат XV съезда РКП(б).

1927-1930 годы – заместитель председателя ЭКОСО РСФСР, председатель Комитета содействия строительству Турксиба при СНК РСФСР.

26 июня - 13 июля 1930 год - делегат XVI съезда РКП(б). Выступил с речью.

1930-1931 годы – начальник Главного управления коммунального хозяйства при СНК РСФСР.

1930-1934 годы - возглавлял Экспертное Совещание РСФСР и Совет содействия общественному питанию при СНК РСФСР, Комитет кустарной промышленности и промысловой кооперации при ЭКОСО РСФСР и другие государственные органы.

29 сентября 1932 год и 9 марта 1933 год - письма Сталину о гибельных последствиях коллективизации в Казахстане.

26 января - 10 февраля 1934 год - делегат XVII съезда РКП(б).

21 мая 1937 год – арест в Кисловодске.

8 февраля 1938 год – суд в Москве.

10 февраля 1938 год - Турар Рыскулов был объявлен врагом народа и расстрелян.

8 декабря 1956 год - реабилитирован.

6 февраля 1957 год - восстановлен в партии.
Халқына пана болған тұлға - Тұрар Рысқұлов Түркістанда, Ресейде және Моңғолияда жасаған қоғамдық-саяси қызметтері

( Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы бір үзік сыр)

«Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаматтық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі. Бұл бүкіл ел тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деп жазды Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Туелсіздіктің 20 жылдығындағы сөйлеген сөзінен.
Кеңестік жүйе кезеңінен кейін әділеттік бағасын алған, сонымен қатар әлі де болса зерттелінбей жатқан қайраткерлердің қатары көп. Олардың көпшілігі саналы өмірін мемлекетке, халықтың болашағына арнаған, лауазымды қызметкерге көтеріліп, ХХ ғасырдың 30 жылдарда саяси қуғын-сүргін құрбанына айналғандар.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Тарих толқынында” кітабында ХХ ғасырдағы зиялылар тағдыры турасында: “Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ” деп жазған еді.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының азаттық жолында күрескен зиялы азаматтардың бірі – Тұрар Рысқұлов. Оның қоғамдық саяси қызметі отаршылдыққа қарсы күреске қызмет еткені. Академик Манаш Қозыбаев аз ғана уақыт аралығында зиялы қауым ішінен бірбеткей өрлігімен көзге түскен Тұрар Рысқұлов турасында “Егер ғасыр басында реформаторлық ұрпақтың бірден бір танылған көсемі Әлихан Бөкейханов болса, ал кеңестік кезеңде дәстүр жалғастырған - Тұрар Рысқұлов» деп жазды. Тұрар Рысқұлов Ресейдің екі төңкерісін, қазақ халқының өзіндік төңкерісі 1916 жылды басынан өткізіп, күрес жолының ауыр тауқыметін бастан кешірді. Тұрар бала жасынан патша үкіметінің әділетсіздігін көріп өсті. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров патша үкіметінің сойылын соғып, қазақ халқын аяусыз қанаған би-болыстарға қарсы шығып, түрмеге отырды. Тұрар да әкесінен қалмай түрмеге отырып, зорлық-зомбылықтың ащы дәмін татып, үлкен өмірге шыңдалды.
Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол Түркістанның түркі тектес халықтарының бөлшектенбей біртұтас болып біріккенінде ғана отаршылдыққа қарсы шыға алатынын түсінді. Сондықтан ол 20-30 жылдары мемлекеттік саяси іске белсене араласып, белді ұйымдастырушысы болды.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Тұрар Рысқұловты демократиялық интеллигенцияның алдындағы шоғырынан өсіп шыққан революционер ретінде қалыптастырды. 1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығына қарсы қарулы көтерілістер болып жатқан кезде ол Әулиеата уезіндегі көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болып, Мерке ауданында әрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағыт-бағдар сілтейді.
1917 жылы ақпанда патша үкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл елде жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері және де басқа қоғамдық саяси ұйымдар құрыла бастады. Осындай жағдайда 1916 жылғы көтеріліс кезінде құрылған қазақ жастарының ұйымын Т.Рысқұлов 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін қазақ жастарының революциялық одағы етіп, қайта түзеткен болатын. Ол кезде Қазақстанда бұл ұйымнан басқа 1917 жылы сәуірде Орынборда, Ақмолада, тамыз айында Петропавлда, Түркістан станциясында, қазан айында Верныйда жастар ұйымдары құрылғаны белгілі. Бірақ бұл ұйымдар ағарту жұмысымен айналысты да, олардың көтеріліске байланысты нақты бағдарламалар болмады.
Т.Рысқұлов құрған одаққа 30-ға тарта қазақ, қырғыз, орыс т.б. жастар бірікті. Одақ оқушы өкілдерін интеллигенттердің демократиялық бөлігін және прогрессивті ауыл мұғалімдерін біріктіріп, жергілікті большевиктер мен әскери гарнизондармен байланыс жасай отырып, өзінің жұмысын негізінен қазақ еңбекшілерінің арасында жүргізді. [36.136-136].
1917 жылы жазда Ташкент қаласында қазақ депуттарының Түркістан Өлкелік кеңесі құрылды. Ол кеңестің жетекшілерінің бірі де Т.Рысқұлов болды. Солы жылғы 2 маусым күні Ташкентте майданның тыл жұмыстарын оралған жұмысшылардың 16 адамнан тұратын ұйымдастыру бюросы құрылды. Бюро бүкіл Түркістан өлкесіндегі қоғамдық саяси қозғалыстағы өз орындарын анықтау ісін айқындауға ұмтылды. Ал сол жылдың 30 тамызында шаруа депутаттары кеңесі мен қазақ депутаттары кеңестері бірігіп ортақ атқару комитетін ұйымдастырды. Біріккен атқару комитетіне 6 адам орыс, 6 адам қазақ мүше сайланды. Бұл комитеттің құрамында да, Т.Рысқұлов болды. [32]
1917-1918 жылдары Қазақстанда аштық етек алып, Әулиеата уезінде халықтың жағдайы өте ауыр халде болған сәтте саяси және ұйымдастырушылық белсенділігімен танылған Т.Рысқұлов 1918 жылдың сәуірінде Әулиеата депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасының орынбасарлығына, ал шілде айынан бастап төрағалығына сайланды. Ол аштықты ауыздықтауда күш-жігерін жұмсап, уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, ашыққан елді-мекендерде тамақтандыру пунктерін ашып, көктемдегі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, қазақ кедейлерін көктемгі егіске қажет тұқыммен, құрал-сайманмен қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды атқарады. Ал мамыр айында қазақ еңбекшілерінің уездік съезін өткізеді. Уездегі бірқатар антикеңестік кулак көтерілістерін басуға қатысады.
1918 жылы қарашада Т.Рысқұлов Түркістан АКСР Кеңестерінің VI сьезіне қатысып, Орталық Атқару Комитетінің құрамына сайланып, ТүркОКА-ның аппаратына қызметке ауысады. Қазақ-орыс қатынастарын реттеу, ұрлық, тонаушылықпен айналысқандарға тойтарыс беру, Әулиеата уезінің экономикалық жағдайын жандандыру сияқты мәселелерді шешуге тікелей араласады. Уездік Кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Т.Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерін ашаршылықпен күресу ісіне бағыттайды.
1918 жылы күзде Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Аштықпен күресе отырып, халық арасында кең тараған жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыру, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Қытайға ауып кеткен жерінен қайта оралған босқын қазақтарға азық-түлік көмегін көрсетуге күш салады. Т.Рысқұлов Түркістан АКСР аштықпен күресу жөніндегі Төтенше Орталық Комиссиясының қызметінде жүріп орасан жұмыстар жүргізді.
1919 жылы наурызда Түркістан Республикасы Кеңесінің төтенше VIІ съезінде Т.Рысқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады. 1920 ж. 21 қаңтарда Түрккомиссияның қолдауымен Тұрар Рысқұлов.ТОА Комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы кезде Тұрар Рысқұлов өзінің «Кеңестік Түрік Республикасын құру» турасындағы идеясын ұсынды. Тұрардың бұл идеяны ұсынуына біріншіден Түркістан кеңестік автономиясын Республика болып жариялап, өз Конституциясын қабылдаса да жергілікті тұрғындар арасында отаршыл теңсіздіктің сақталуы, екіншіден, мемлекеттік билік орындарында мұсылман ұлт өкілдерінің тартылуына шек қойылуы, үшіншіден, коммунистердің Түркістан автономиясының Республикасын отар елге айналдырып, Шығыс хандықтарының арасында антиимпериалистік қозғалысты өрістетуге әрекет етуі себепші болды.
1920 ж. 17.12.- 1921 жылы 20 қаңтарда болған ТКП, Мұсбюро және Түрккомиссиясының біріккен мәжілісінде Тұрар Рысқұловтың бұл идеясы талқыланып, «Түркістан автономиясы» турасында тезис қабылданды.Түрккомиссия мүшелері ұлттық Түркістан автономиясын құру идеясына қарсы келген жоқ.Алайда 1920 ж. ақпан айында Түрккомиссияға мүше болған М.В.Фрунзенің Ташкентке келуі олардың Тұрар Рысқұлов ұсынысына деген көзқарасын өзгертті. М.Фрунзенің ұсынысымен Түрккомиссия Түркістандағы мемлекеттік құрылыс бұрынғысынша автономиялық Республика есебінде РКФСР- дің құрамында қалуы керек деп түйіндеді.
1921 жылы 21 қаңтарда Тұрар Рысқұлов ОАК- нің төрағасы болып сайланды.

Тұрардың ұлттық мемлекеттік құрылыс жөніндегі көзқарасы Түркістан Республикасы мен ТКП құру туралы шешім қабылдаған Мұсбюроның VI өлкелік конференциясында да (1920ж .ақпан) қызу айтыс-тартысқа түсіп, конференцияға қатысушылардың да қолдауына ие болды.Сөйтіп ол Түркістан Республикасында түбірлі айырмашылығы бар жаңа ұлт саналатын жүргізу үшін белсене кірісті.


Тұрар және оның төңірегіндегілер Түркістан Республикасы деп аталатын жаңа, егеменді Кеңестік Республика құруды ұсынады.
Туыстас түрік тілдес халықтарды бөліп-жармай бір кеңестік егеменді Республикаға біріктіру ғана сан жағынан әлдеқайда басым славян халықтарының, әсіресе орыстардың ықпалына түсіп кетуден, рухани дүниемізді, тілімізді, дінімізді, дәстүр-салтымызды сақтап қана қоймай жан-жақты байыта түсуге мүмкіндік беретінін Тұрар Рысқұлов сол кездің өзінде-ақ сезе білген еді.
«Түркістанның жарасы»,- дейді, Тұрар Рысқұлов, - отарлық мәселе, яғни жергілікті қанаушыларды келімсек орыс қанаушыларымен теңестіру».
1920 жылдың 25 көкегінде В.И.Лениннің атына Түркістан Республикасының арнайы делегациясының баяндамасы табыс етіледі. Ол құжатқа Тұрар Рысқұлов, Н.Ходжаев, Т.Бек-Иванов және т.б. қол қойды. Баяндамашылар отар елдің болмысын суреттей келіп, орыс төңкерісінің кезек күттірмейтін проблемалары ретінде демократиялық мүдделер тұрғандығын ашық білдіреді.Бұл құжатта Ферғананы қанға бояған дашнактардың ісі басмашылдық қозғалысты тудырып отырғаны, Жетісу мен Сырдария облыстарында қара шекпенділердің қазақ халқына жасап отырған зәбірі, олардың жаппай қаруланып, барша билікті қолына жинап алып отырғаны туралы айтылады. Сондықтан да делінді онда, Түркістанда жергілікті халықтан тұратын қарулы күш құрмай, халық өз мүддесін қорғайтын билік орнатпай, бұл революция езілген елге нақтылы ізгіліктер әкелмейді. Сөйтіп, Т.Рысқұлов бастаған зиялылар отаршыл жүйеден әлі азаттық алмаған халыққа ресми биліктің қыл бұрау салып, төңкерісті күшпен тездетуге қарсылық білдірді.[2.93-94]
1920 жылы сәуір айында осы мақсатқа арнайы құрылған съездерді шақыру туралы комиссия жұмыс істей бастады, алайда В.И.Лениннің және оның Түркістандағы комиссия өкілдерінің араласуы Түркістандықтарды өздерін өздері басқару ниетін басып тастады. Тұрар мұнан кейін де шынайы мемлекеттік дербестік идеясын табанды түрде қорғаумен болды, бірақ кейіннен оның бұл бағыттағы талпынысы өзіне қарсы қуғын-сүргін болып тиді. Коммунистік ұйымдардың басын біріктіру желеуімен Мұсбюро жойылды. Ал, Тұрарға «Пантүрікшілік» пен «Ұлшылдық ауытқушылық» айдары тағылды. Осы кезден бастап Тұрарға тағылған партияға қарсы оппозициялық «Рысқұлшылдық» айыбы соңынан қалмады. [14. 4].
1920 жылы 17 мамырда Т.Рысқұлов Мәскеу қаласына Түркістан делегациясын басқарып келген кезінде, В.И.Лениннің атына мынадай мазмұндағы хатын жолдайды: «.... не Кеңестер съезін Түркістан Републикасының орталық атқару комитетімен Түркістан халық комиссарлар кеңесін жою арқылы Түркістандағы барлық өкімет билігін Түркістан майданы революциялық әскери кеңесіне беру, сөйтіп, Түркістан өлкесіне әскери басқаруды енгізу, не болмаса Түріккомиссия түріндегі барлық аралық салымдарды жою және Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің билігін шектеу арқылы конституцияға сәйкес бүкіл өкімет билігін жергілікті салықтың еңбекшілерінің қолына нақты беру» [41.48].
Т.Рысқұлов 23 мамырда БК (б) ПОК – жіберген құжаттада Республиканың егеменді мемлекетке тән құқығын ұсынды. Оған Республиканың ішкі ісіне араласпау, дипломатиялық қатынастарға ерікті болу, экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу Республиканың қарулы күштерін құру, басқару жүйесін жергілікті адамдарды тарту және т.б. мәселелер кірді.
1920 жылдың 16 маусымында Түркістан Бұратана Коммунистерінің өкілдері деп Т.Рысқұлов Ф.Ходжаев, Башқұртстаннан З.Валидов Қырғызстаннан (Қазақстанан А. Байтұрсынов қол қойған «В.И. Лениннің отар және ұлт мәселесі туралы тезистеріне қосымшалар» деген атпен В.И. Ленинге хат жолдады. Бұл хатты олар Ресейдің шығысында құрылған республикада өте жауапты беруін, бұратана халықтың екбекке, партияға шарушылық, әскери ұйымның жұмыстарында еркіндік беруін күн тәртібіне үзілді-кесілді қойды [2.93].
1920 жылы желтоқсанда Т. Рысқұлов Түрік ОАК-нің төрағасынан босатылып, Мәскеуге ұлт істер жөніндегі халық комиссариатына қызметке шақырды. Алғашқы бірнеше айда ол осы әкімшілік ұйымның Әзербайжандағы уәкілі болып қызмет істейді. Ол белсенді саяси өміріне етене араласып, ұйымдық, шарауашылық, мәдени сипаттағы шаруаларды іске асыруда жергілікті үкімет мүшелереіне ақыл-кеңес айтып, оларды қолдап отырды. [33.267].
Тұрар 1921 жылдың күзінде Мәскеуге қайта оралып, Халық Комиссариатының коллегиясының мүшесі, ол біршама уақыттан кейін Ұлт істер жөніндегі халық комиссариатының екінші орынбасары болып тағайындалды. Ол комиссариаттың саяси және мәдени ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, РКФСР аумағындағы университеттер мен жоғарғы оқу орындары жүйесіне басшылық жасады. Алайда оның Ұлт істер жөніндегі Халық комиссариатының екінші орынбасары болып тағайындалды. Ол комиссариаттың саяси және мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, РКФСР аумағындағы университеттер мен жоғарғы оқу орындары жүйесіне басшылық жасады. Алайда, оның Ұлт істер жөніндегі Халық комиссариатындағы қызметі аса ауыр психологиялық жағдайда өтті.
Өйткені, ол сол кездердің өзінде қазақ зиялылары «ұлтшыл», «пентүрікшіл» деген айыптары ілініп, саяси сенімсіз ретінде И.В. Сталиннен таратылған үнемі қысымға ұшырап отырған еді.
Мемлекет ісіне белсене араласа жүріп, бай саяси тәжірибелер жинақтап, ол өзінің саяси қайраткер дәрежесіне көтере білді. Жоғары үкіметтің сенім артуымен 1924-1925 жылдары ол Коминтерннің Монғолиядағы Халық Революциялық партиясына көмек көрсету жөніндегі өкілі болып жұмыс істеді және осы елді демократияландыру жолындағы реформаларды жүзеге асыруға қатысты. Оның ұсынысы бойынша мемлекет астанасы – Урга қаласы Улан-Батор (“Қызылш батыр”) болып аталды.
Тұрар Рысқұлов қандай қызметте болсын әрқашан да бар талант, жігерімен еңбек етуге күш салды. Республикамыздың өркендеп алдыңғы қатарлы елге айналуын көздеді. Ол жауапты партия мен мемлекет қызметтерін атқара жүріп, ұлттық-мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс мәселелерін шешуге белсене қатысты. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағының көп саласы экономиканың дамуына үлкен үлес қосты. Оның бастамасы бойынша мал шаруашылығы, егіншілік, мақта өсіру мен жер суландыру сияқты ауыл шаруашылығын қалпына келтірудің бірінші кезектегі міндеттері шешілді.
РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары бола отырып, көптеген қызметтер атқарды. Оның іргелі қызметтерінің бірі – Түркісібке басшылық ету болып табылады.
1926жылдың 6 қарашасында өткен мемлекет жоспарлау комитетінің президиум мәжілісінде Тұрар Рысқұлов Түркістан мен Сібірді Теміржол арқылы байланыстырудың аса маңызды шаруашылық міндет екенін баса айтып, осыған орай өз ұсыныстарын баяндады. Сонымен қатар, ол бұл жол іске қосылса, Орта Азия мен Жетісуды Сібірдің арзан нанымен қамтамасыз етуге, Орта Азияда мақта алқаптарын кеңейтіп оның өнімдерін орталыққа жеткізуге қолайлы, мүмкіндіктер туатындығын, Қытай және Батыс Моңғолия мен сауда қатынастарын жанданатындығын баса көрсетті. [44.9-13]. 
1926 жылы 26 қарашада БКП (ОК)-ті Сібір мен Орта Азияны жалғастырып тұратын Түркістан Теміржолын салу турасында шешім қабылдады. Түркістан, Сібір теміржолының екі бағытта Солтүстік Семейден Оңтүстік Фрунзеден (қазіргі Бішкек ЖА) басталуы тиіс болды. РКФСР ХК-де осы құрылысқа тікелей басшылық жасайтын комитет құрылып, оның төрағалығына Тұрар Рысқұлов, орынбасарлығына А.Б Халатов, ғылыми хатшысына Б.Х Шиегенов тағайындалды. [47.82-83]. 
Түркісіб мәселесі Тұрар Рысқұловтың күн сайын араласатын шаруасына айналды десе де болады. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, 1927 жылы мамыр айының соңында ол оның осы құрылысқы жәрдемдестігін комитет Мәскеуде баяндама жасаса, осы комитеттің 16 маусымында болған төралқа мәжілісінде қызу айтысқа қатысады, ол сол айдың 24-і күні КСРО Еңбек және қорғаныс Кеңесі (СТО – совет труды обороны) мәжілісінде «Түркісіб құрылысы жөнінде» баяндама жасады. [44.14-28].
Комитет құрылысы оның Солтүстік бөлігінде 1927 жылдың сәуірінен басталса, Оңтүстікте жолды төсеу 21 қарашада басталды. Бұл жылдың маңызын терең түсінген Тұрар жұмысқа зор ынта жігерімен кірісіп, жолдың мерзімінен бұрын салынып бітуі үшін көп іс тындырды.
Аса зор шаруашылық әрі саяси маңызы үлкен осы құрылысқа Тұрар Рысқұлов басқа белгілі мамандармен қатар Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді теміржол инженері – Мұхамеджан Тынышбаевты шақырды. 1930 жылы мамыр айында Ертіс көпірінің үстінен теміржолдың бітуіне орай Түркісіб басқармасына жіберген жедел хатында Тұрар Рысқұлов бұл темір жолдың Орта Азиямен сібір экономикасын өркендетуіне үлес қосатынын жартылай атап көрсетті. [44.139-140].
Тұрар Рысқұлов тек Түркістан Сібір темір жолын салуға белсене араласып қоймай, сонымен бірге Қарағанды көмір бассейнін, Балхаш мыс қорыту, Семей консерві комбинаттарын, Шымкент қорғасын зауытын салу ісіне жан-жақты көмек көрсетіп, қамқорлық жасады. Сол кеңестік Қазақстанды индустрияландыру ісіне өзіндік үлесін қосты.
Ф.И.Голощекиннің 1925-1933 жылдары Қазақстандағы басшылығы тарихымыздағы 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің күрт өзгеруіне әкеліп соқты. Ол “Кіші Қазан” саясатын И.В.Сталиннің қолдауымен байлар мен орта шаруалардың мал-мүлкін тәркілеуден бастады. Ал 20-шы жылдардың аяқ шенінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанын бастап, зорлық күштеумен қазақ халқын отырықшыландыруға кірісті. Зорлап отырықшыландыру барысында бұрмалаушылық, асыра сілтеушілік орын алып, өрескел қателіктер жіберілді. Ұжымдастыру нәтижесінде Қазақстандағы 40 млн мал саны 4,1 млн-ға дейін кемиді. Елді аштық жайлап, жұқпалы аурулар тарады.
Елдегі қалыптасқан жағдайды, үкімет тарпынан жіберіліп жатқан өрескел қателіктерді айтып Тұрар Рысқұлов И.В.Сталинге, қазақ өлкелік комитеттерінің бірінші хатшысы Л.Мирзоянға бірнеше хат жолдайды.Тұрардың өз халқы үшін өлімге бас тіккен бұл әрекеті теңдессіз ерлік.Мұны көрнекті жазушы, драматург Ш.Мұртазаев: Рысқұлов Сталинге жазған хатында «ұстараның жүзімен»жүріп отырған, сәл тайқып кеткенде - бітіп» еді.
Әйтсе де,Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты үшеу: Біріншісі - 1932 жылдың қыркүйегінде, екіншісі - 1933 жылдың қаңтарында жазылған, үшінші хат 1933 жылдың наурызында. Рысқұловтың қатты шамырқанысы бұл кеуінен гөрі үшінші хатта айқын көзге ұрады. Көз көріп, құлақ естімеген қиянатты баяндайтын хаттың түйінді бір тұсы мынадай:
«1931 жылдың аяғында басталған қазақтардың бір ауданнан екінші ауданға көшіп-қонуы және Қазақстаннан шыға қашуы көктемнің ұлғаюына, (Қолданылған шараларға орай) олардың кейбір бөліктерінің 1932 жылдың жазында қайта оралуына байланысты енді қайтадан күшейіп отыр. Аштықтық негізінде етек алған өлім мен жұқпалы індеттердің көптеген қазақ ауылдарында және босқындардың арасында кең жайылып бара жатқан , соншама, орталық органдардың шұғыл түрде араласуы қажет болып отыр. Қазақ жұртының белгілі бір бөлігін қамтыған Қазақстанның басына түскендей ауыр хал қазір ешбір өлкеде, ешбір республикада жоқ.
....Бұл мәселе мәні зор болғандықтан Сізден осы хатпен танысуыңызды және осы іске араласып аштан қырылып жатқан көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуыңызды сұраймын.
1. Қазақтардың көшуінің көлемі және оның жай-жағдайы туралы мәліметтер.
Жергілікті жерлерден алынған мәліметтердің шамасына қарағанда Қазақстан өлкесінен сыртқа көшіп кеткен қазақтардың саны мынандай: орта Волгаға -40000, Қырғызстанға-20000 адам кеткен. Босқындар Қалмықия, Тәжікстан, Солтүстік өлке сықылды қиырда жатқан жерлерге де жеткен. Байлар басқарып біраз жұртты Батыс Қытайға алып кетті. Қазақтардың орталық аудандарға қарай бұлай ығысуы Қазақстанда тұңғыш рет. Бұл (жаз шыға малын алдына салып алып, жақын маңға көшіріп қонатын әдеттегі көшу емес, аштыққа қамалған адамдардың нәр татуы жолында бет алды лағып кетуі. Кейбір аудандардағы босқындардың шамасы сонда тұратын елдің 40-50%-ке жетіп отыр...».
Тұрар хатының осы тұсында Рысқұлов-саясаткер-Сталин және оның айналасын басқыншылықты туындатып отырған өз бақылауларының нәтижесіне бет бұрғызады. Қазақ жұртына қаралы күн туғызған, барысында оның ұлттық ерекшелігі ескерілмеген коллективтендіру саясатын Қазақстанның жағдайында мүлде өзгерту қажет.
1937-1938 жылдары террор барша елді жайлады. Қазақстанда 100 мыңнан астам саяси адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 25 мыңнан астамы атылды.
1937 жылы қазақ халқының ардақты ұлы Тұрар Рысқұловта қуғын-сүргін құрбаны болды. Зерттеушілер Н. Жағыпаров пен В.Осиповтардың көрсеткендеріндей, Тұрар 1937 жылдың 21 мамырында Кисловодскіде демалып жатқан жерінен тұтқындалып Мәскеуге аттандырылды. [7].
Мәскеудегі Лубянка түрмесіне қамалғаны оны НКВ капитаны Глебов пен лейтенант Нейман деген жендеттер бірнеше ай бойы тергеп, РКФСР-дегі қылмыстық кодексінің 57 бабының 7,8,9,11 тармақтары бойынша қылмысты деп тапты. Халықтың бір туар ұлы болған аса ірі мемлекет және саяси қайраткер, білікті зерттеуші, әрі публицист Тұрар Рысқұлов «Халық жауы» деген айыппен 1938 жылдың 10 ақпанында атылды. [7].
Т.Рысқұловтың сан-салалы істерінің негізгі бағыттарын РКФСР Экономикалық Кеңесінің төрағасының орынбасары, Халком Кеңесінің жанындағы Мақта жөніндегі тұрақты кеңестің төрағасы (1926-1930 жж.), Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің төрағасы (1927-1930 жж.), РКФСР Халком Кеңесінің Коммуналдық шаруашылығын Бас Басқармасының бастығы (1930-1931 жж.), РКФСР Экспорттық Кеңесінің төрағасы (1930-1934 жж.), РКФСР Халком Кеңесінің жанындағы қоғамдық тамақтануға жәрдемдесу кеңесінің басшысы (1930-1934 жж.), ретіндегі оның жұмыстары сипатталады.

Т.Рысқұлов халқын азаттық жолына бастаған қазақ зиялыларының көшбасшысы бола жүріп, күрделі кезеңдерде одан шығудың жолын табуға күш салды. Түркістан Республикасында орыс шовинизміне қарсы күресіп, ұлт мәселесін әділ шешу жолында ымырасыз күрес жүргізді.


Қорытындылай келгенде, 1918 жылдардан бастап 1937 жылға дейін Қазақстан, Орта Азия, жалпы КСРО комитетінде аса жауапты қызметкер атқарған Тұрар Рысқұлов аса көрнекті мемлекет қайраткері, халқымыздың арғы-бергі тарихының өзекті мәселелерін зерттеуші. Ол өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсап күрескен, өзін сол жолда құрбандыққа шалған үлкен тұлға.

  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет