Құрастырушылар: аға оқытушы А. С. Кулембаева



жүктеу 482.88 Kb.
бет1/3
Дата17.06.2016
өлшемі482.88 Kb.
  1   2   3

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономика факультеті
Қаржы кафедрасы

050510 «Мемлекеттік жергілікті басқару»

мамандықтарының студенттеріне арналған

«Қаржы нарығы және делдалдары»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38






БЕКІТЕМІН




ҚЭФ Деканы

_________Т.Я. Эрназаров

20__ ж. «___»___________

Құрастырушылар: аға оқытушы А.С. Кулембаева___________

аға оқытушы Р.С. Ещанова______________

Қаржы кафедрасы


050510 «Мемлекеттік жергілікті басқару»

мамандықтарының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне

арналған «Қаржы нарығы және делдалдары»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________ Н. С. Кафтункина 20__ ж. «____» _______

(қолы) (А.Ж.Т.)


Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған____________________ 20__ ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы _____________ А. Б. Темиргалиева 20__ ж. «_____»__________



КЕЛІСІЛГЕН

МжБ кафедрасының меңгерушісі _____ Г. Р. Байтаева 20__ж. «____» ______

(қолы) (А.Ж.Т.)
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Кулембаева Анаргуль Сынтасовна – «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы (дәріс)

Ещанова Райхан Салахиденовна - «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

Кафедрадағы қабылдау сағаттары кеңес беру кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Кафедраның телефоны 67-36-43, ішкі 172, аудитория 511.
2 Пән туралы мәліметтер
Пән 5 семестрде зерттеледі, семестрдің ұзақтылығы 15 апта болады. Пәнннің жалпы еңбек сиымдылығы 135 сағат, оның 45 сағат аудиторлық жұмысқа, ал 90 сағаты – студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған. Сабақтардың түрлері бойынша аудиторлық сағат бойынша тарату күнтізбелік жоспарында келтірілген.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлығы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

5

3

45

30

15

-

-

-

90

45

емтихан

Барлығы

3

45

30

15










90

45





4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы
«Қаржы нарығы және делдалдары» курсының басты мақсаты болып қазіргі заманғы қаржылық нарықтағы операциялард ы тиімді басқару методологиясымен маман тындаушыларды меңгеру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді атқару керек:



  • қаржылық нарықтың қалыптасуы мен қаржылық институттардың қызметін реттейтін заңдылық базаны меңгеру;

  • әртүрлі қаржылық институттарды және олар ұсынатын қызметтер мен қызметтер түрін, баға қалыптастыру әдістерін, басқару стилін, халықаралық және ішкі нарықтардың тиімді қызмет ету стратегияларын меңгеру;

  • басқа да елдердің қаржылық институттар қызметін меңгеру;

  • Қазақстанның қаржы нарығы қызметінің ерекшеліктерін ашу;

  • қаржылық нарықтың мамандандырылған қатысушылары мен қаржылық делдалдардың қызметіне анализ жасау және меңгеру;

  • қаржылық нарық құралдарының бағыттары мен мүмкіндіктерін меңгеру;

  • мүмкін тәуекелділіктермен және оның теріс нәтижелерін минимализациялауды бағалу методикасын қаржылық институттармен меңгеру.


5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Курс міндеттері бұл   қаржылық институт екі аспектіде қарастырылатындай етіп жасалынған: тұтынушылар мен олардың қызметтері көзқарасымен және олардың менеджерлерінің көзқарасымен.

«Қаржылық нарықтар және делдалдар» пәнін өткеннен кейін студент білуі керек:



  • қаржылық делдалдықтың мәні туралы;

  • қаржылық нарықтың жеке сегментерінің қызметтері мен бағыттарын;

  • негізгі қаржылық институттарды және олар ұсынатын қызметтер мен қызметтер түрін, баға қалыптастыру әдістерін, басқару стилін, халықаралық және ішкі нарықтардың тиімді қызмет ету стратегияларын меңгеру;

  • қаржылық нарық құралдарының мүмкіндіктері мен бағыттарын;

  • ҚР қаржылық нарықтардың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктері туралы;

  • ҚР қаржылық нарықтардың құрылуы мен дамуы туралы;

  • ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықтарды реттеу мен бақылау жүйесінің құрылуы мен дамуы туралы;

әлемдік қаржылық нарықтардың негізгі қызметтері туралы.
6 Пререквизиттер
Курс бағдарламасында қарастырылатын сұрақтарды меңгеру үшін студенттердің толықтай экономикалық теорияның, қаржы және құнды қағаздар нарығының жалпы курстарын толық білу қажет.
7 Постреквизиттер
Пәнді оқу кезінде алынған білім, дағдылар мен икемдер мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындалу үшін қажет.
8 Пәннің тақырыптық жоспары

8.1 050510 «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығының жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу түрінде 2009 түскен жылы


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атауы

Сағаттың саны

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1 бөлім Қаржы нарығының теориялық негізі және оның құрылымы










1

Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас бөліктері

2

0,5

4

2

Ақша нарығы және оның қаржы құралдары

2

0,5

4

3

Депозиттік нарығы және оның қаржы құралдары

2

0,5

4

4

Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні

2

0,5

3

5

Валюталық нарығы және валюталық операциялар

2

0,5

4

6

Құнды қағаздар нарығы, оның қызметтері мен құрылымы

2

0,5

4

7

Сақтандыру нарығы

1

0,5

3

8

Зейнетақы нарығы

1

0,5

4

2 бөлім Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдардың қызметі










9

Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары

1

0,5

3

10

Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

1

0,5

4

11

Зейнетақы қорлары

1

1

4

12

Инвестициялық компаниялар және қорлар

1

1

3

13

Сақтандыру компаниялары және қорлары

1

1

4

14

Мамандырылған қаржылық институттар

1

1

4

15

Қор биржасы, оның құрамы мен қызметтері

1

1

3

3 бөлім Қаржы нарығын реттеу










16

Қазақстанның қаржы нарығын құқықтық реттеу негіздері

1

1

4

17

Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттің қызметі

1

1

4

18

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

1

1

4

19

Өзін - өзі реттеу ұйымдары

1

1

4

4 бөлім Әлемдік қаржы нарығы










20

Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы

1

0,5

3

21

Дүние жүзілік валюта нарығы

1

0,5

4

22

Халықаралық құнды қағаздар нарығы

1

-

4

23

Шет алдердегі зейнетақы жүйесі

1

-

4

24

Дамыған және дамушы елдердің қаржы нарығы

1

-

4

БАРЛЫҒЫ

30

15

90



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Қазіргі кезде қаржы секторы экономиканың Қазақстандағы ең жылдам дамушы секторларының бірі. Қаржылық институттардың қызметін жүзеге асыруы үшін жақсы шарттар жасалынған оның сандық және сапалық көрсеткіштеріне оң әсер ететін құқықтық нормативтік база жетілдірілуде. Бірақ экономикалық сектор өндірістік емес сферадағы қаржылық ресурстарды өндірістік сфераға тиімді бөлу сияқты экономикадағы өз рөлін толықтай атқармай отыр. Бұл объективті және субъективті факторлар негізінде түсіндіріліп отыр. Қаржылық нарық саласында жас мамандар санының жетіспеушілігі республикадағы біркелкі емес дамудың негізгі факторы болып табылады, бұл әсіресе қор нарығына қатысты.

Сондықтанда «Қаржы нарығы және делдалдар» курсының басты мақсаты болып қазіргі заманғы қаржылық нарықтағы операцияларды тиімді басқару методологиясымен маман тындаушыларды меңгеру болып табылады.

«Қаржы нарығы және делдалдары» курсы дүниежүзілік қаржы нарықтарының және осы нарықтың инфрақүрылымын құрайтын институттардың қызмет етуі бойынша сұрақтарды анықтау мақсатында жасаауы. Курсты меңгеру арқылы студенттерге Қазақстанның қаржы нарықтарында болып жатқан процестерді және оның жалпы экономикалық дамуындағы рөлін түсіндіруге көмектеседі.

10 Курс компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 бөлім Қаржы нарығының теориялық негіздері және оның құрылымы
1 тақырып Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас бөліктері

Қаржы нарығының мәні мен түсінігі. Экономиканың дамуындағы каржы нарығының рөлі. Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері. Қазақстанның қаржы нарыгы және оның күрылымы. ҚР-дағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері.


2 тақырып Ақша нарығы және оның қаржы құралдары

Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикадағы ақша нарығының рөлі. Ақша нарығының құралдары. Қолма-қол және қолма-қолсыз (айналыстағы) қаржы пайдалану арқылы төлемдер. Вексель айналысы. Банктік акцептер. Чекпен есеп айырысу. Қолма-қол ақша және оның қызметтері. Төлем міндеттемелері, төлем талаптары. Аккредитивтер. Пластикалық карточкалармен есеп айырысу. Қаржы құралдарының басқада түрлері.


3 тақырып Депозиттік нарығы және оның қаржы құралдары

Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит, коммерциялық банктердің ресурстық базасы ретінде. Депозиттердің типтері. Талап еткенге дейінгі депозиттер. Талап еткенге дейінгі депозитгік шоттардың ерекшеліктері. АТS-шотына орналастыру. Контокорренттік шот. Овердрафт пен мымдағы шот. Коммерциялық банктердің чектік депозитгермен жумыс жасауы. Ноу-шоттың ерекшеліктері. Жинақ депозиттерінің ерекшеліктері. Жинақ кітапшаларындағы шот ерекшеліктері. Жинақ салымы жағдайындағы кешірмеге шот. Ақша нарығының депозитгік шоты. Депозиттік сертификаттардың жіктелімі. Айналымды және айналымсыз депозиттік сертификаттар.


4 тақырып Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні

Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің рөлі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Қазақстандагы несие нарығының жағдайы. Несие нарығының құралдары. Несиенің түрлері. Мемлекеттік несие. Коммерциялык несие. Ипотекалық несие. Халықаралық несие.


5 тақырып Валюталық нарығы және валюталық операциялар

Валюта нарығы: түрлері жэне оның дамуындағы негізгі кезендер. Валюта нарығының дамуы. Валюта нарығы дамуындагы негізгі кезендер мен түрлері. Валюта нарығының қатысушылары. Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржадан тыс нарық және валюталарды сату-сатып алуға келісімдер. ҚР-дағы валюталық саясат және валюталық реттеу. Валюталық реттеудің нысандары мен әдістері. Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі бағыттары. Жаhандандыру жағдайында ҚР-ның валютадық: саясаты. Қазақстанда валюталық режимді либериализациялау. Валюталық бағам және валюталі,|қ операциялар. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасына әсер етуші факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудің түрлері. Форвардтық валюталық операциялар. Шетел валютасының айырбасталуы (свапы). Валюталық опциондар.


6 тақырып Құнды қағаздар нарығы, оның қызметтері мен құрылымы

Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері. Бағалы қагаздар нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың турлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды багалы қағаздар. Бағалы қағаздардьщ жіктелімі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Қазақстаңдағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.


7 тақырып Сақтандыру нарығы

Сақтандыру нарығын дамытудың негізгі аспектілері. Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандырудың түрлері. Сақгандырудың жіктелімі. Сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері. Сақтандыру нарығының қатысушылары. Сақтандыру нарығының құралдары. Қазақстандағы сақтандыру нарығының дамуы. Қазақстанда сақтандыру нарығын құқықтық қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы.


8 тақырып Зейнетақы нарығы

Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны. Зейнетақы нарығының мәні. Зейнетақы нарығының қатысушылары. Зейнетақы жүйесінің түрлері. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. ҚР-дағы зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау. ҚР-да зейнетақы жүйесін қүдықтық қамтамасыз ету.



2 бөлім Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдардың қызметі
9 тақырып Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары

Қаржы делдалдығының артықшылықтары. Тікелей және жанама қаржыландыру. Қаржы делдалдарының түрлері. Коммерциялық банктер және несие ұйымдары. Зейнетақы қорлары. Инвестициялық компаниялар және қорлар. Сақтандыру ұйымдары. Басқа да қаржылық делдалдар.


10 тақырып Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

Қаржы нарығының инфрақұрылымындағы банктердің рөлі. Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны. Банктердің инвестициялық және несиелік стратегиялары. Банктердің несиелік саясаты. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер эмитенттер мен инвесторлар ретінде. Банктердің инвестициялық портфелінің құрылымы. Инвестициялық банктер, олардың әртүрлі елдердегі қызметін реттеудің тәжірибесі. Коммерциялық банктердің брокер-дилерлік қызметі. Банктердің кастодиандық қызметі. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру. Бағалы қағаздар бойынша табыстылық.


11 тақырып Зейнетақы қорлары

Зейнетақы нарығының иңфрақұрылымы. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар. Банк-кастодиандар. Зейнетақы қорларының қауымдастығы. Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталық. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Жинақгаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметтерінің негізгі қағидалары. Зейнетақы қорларының операциялары. Зейнетақы активтерін басқару компаниясының қызметі. Банк-кастодиандардың қызметі.


12 тақырып Инвестициялық компаниялар және қорлар

Инвестициялық компаниялар және қорлардың қалыптасуы. Инвестициялық қорлардың түсінігі. Инвестициялық қорлардыңқызметінің өзіне тән ерекшелігі. Инвестициялық қорлардың типтері. Бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық қорлардың жіктелімі. Инвестициялық процестегі инвестициялық компаниялардың рөлі.


13 тақырып Сақтандыру компаниялары және қорлары

Сақтандыру қызметінің негізі. Сактандыру компаниялары сақтандыру нарығының алғашқы буыны ретінде. Сақтандыру компанияларының түрлері. Қазақстандағы сактандыру компанияларының қызметі. Инвестициялар мен экспорттық операцияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы.


14 тақырып Мамандырылған қаржылық институттар

Банктік емес ұйымдардың несие беруі. Несиелік серіктестіктің қызметі мен түрлері. Ломбардтардың қызметі. Арнайы мамандандырылған банктердің қызметі. Қазақстандағы Даму банкімен инвестициялық жобаларды несиелеу. Қазақстандағы Тұрғын-үй жинақ банкінің қызметі.


15 тақырып Қор биржасы, оның құрамы мен қызметтері

Қор биржасының түсінігі. Қор биржасының пайда болуы. Қор биржасының ү-йымдастырушылық, заңдық және экономикалық жақтары. Қор биржасының құрамы мен қызметгері. Қазақстан қор биржасы айналымындағы қаржылық құралдары. Шетел валюталары. Айналысқа шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар. Корпоративтік бағалы қагаздар. Депозиттік сертификаттар.


3 бөлім Қаржы нарығын реттеу
16 тақырып Қазақстанның қаржы нарығын құқықтық реттеу негіздері

Қаржы нарығын реттеу. Қаржы нарығын реттеудің моделдері. Қаржы нарығын реттеудің әдістері. Қаржы нарығының негізгі бағыттары. ҚР-ның қаржы нарығын реттеудің заңнамалық негізі. «Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік қадағалау мен реттеу туралы» ҚР-ның заңы.


17 тақырып Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттің қызметі

Агенттік қызметінің негізгі бағыты. Агенттік негізгі міндеттері. Агенттік қызметтері. Агенттік басқару органдары. Лицензияны алу үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына қойылатын талаптар.

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет