Құрастырушылар: Мұханова Зинаида Боханова Орынкүл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері



бет17/21
Дата21.02.2023
өлшемі119.15 Kb.
#469848
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
bal-duren-balaly 3

Қой мойынды: қой мойнына ұқсас жұмырлана біткен ат мойны алыс жолға шапқанда талмайды. Аттың мойны талса, өзге мүшелері де ауырлайды, шаршайды.
Қоян жақ: етсіз, тақыр басын алдына соза шапқанда ат мойны талмайды, бүкіл денесін алға қарай жетектеп отырады.
Бөкен қабақ: бөкен – ең жүйрік, жылқы тұқымдас аң, оған түксиген қабақ біткен. Бәсекеде еліріп, құтырынып шабатын ашулы аттың бір белгісі.
Үңірейген сағақ: жүйрік аттың алқымының, тыныс жолдарының кеңдігінің белгісі. Ағызып шауып келе жатып, ат дұрыс демалып отырса, өкпесі алқынбайды.
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ: шынтақ аттың қабырғасын, кеудесін, қолтығын қыспайтындай кең бітсе, онда еркін тыныстап, ұзаққа шабады.
Салқы төсті: омырауы алға шығыңқы біткен.
Бота тірсек: аттың ботаның тірсегіндей майыса біткен артқы аяқтары шапқанда, алға қарай серпінді, екпінді, алымды, жер тірегіш, адымдағыш келеді.
Жауырыны жалпақ: ұзақ жолға мінгенде, бәйгеге шапқанда, адамға үстінің жайлы тыныш болуының белгісі.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, жұмыр тұяқ, тақыр бақай: бәйге атының мықтылығының, төзімділігінің, күштілігінің, жүйріктігінің, әсемдігінің белгілері.
Жылқы түсін білдіретін атаулар: жирен, қылаң, бурыл, торы, шабдар, кер, қара кер.
Жылқының жасына қатысты атаулар: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, байтал, бесті, бие, айғыр,ат.
Жүйрік, тұлпар ат атаулары: тұлпар, арғымақ, сәйгүлік, дүлдүл, саңлақ, қазанат, пырақ.
Жарыс түрлері: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс.
Бәйге: аламан бәйге – жүздеген, мыңдаған адам қатысқан, ондаған, жүздеген жүйрік ат қосылатын, аттар қашыққа (25- 100 шақырымға) жіберілетін бәйге түрі.
Жылқы, ат туралы мақал-мәтелдер: « Алып анадан туады, ат биеден туады», « Ат - адамның қанаты», « Атыңа ауыр жүк артпа, анаңа ауыр сөз айтпа», « Атың жақсы болса, тірі дүниенің пырағы, балаң жақсы болса, екі көзіңнің шырағы», «Жүзден –жүйрік, мыңнан- тұлпар», «Түйе – байлық, қой-мырзалық, ешкі-жеңілдік, жылқы –сәндік, сиыр-ақтық».
Жылқыға, ат әбзелдеріне, тұрмыс –салтқа байланысты ұғымдар: Ат жалын тартып міну- ер жету, азамат болу; ат құлағында ойнау- ат мінезін жақсы білу және пысық іске епті болу; ат құйрығын шарт түю-іске белсене кірісу, атпен алыс сапарға шығу; құлын-тайдай тебіскен- жұбын жазбай, тату-тәтті бірге өскен; тұлпардың тұяғы- жақсы адамның баласы, үрім-бұтағы; тұяқ қалды- баласы, көзі қалды; жылқы мінезді- батыл, қайсар, төзімді мінез және асау мінезді, менмен адам; үзеңгі жолдас- ертеден сырлас, құрбы-құрдас адамдар; құйысқаның берік болсын- талабың оң болсын (тілек); ат ұстар- дүниеге келген сәби ұл; ат ұстарың өзіңе тартсын- ұлың өзіңдей жақсы азамат болсын; бәйге атыңдай жараған- әбден бабына келген, қайратты, бақытты шағында тұрған.
Атқа салт мініп жүру үшін қажетті жабдықтарды ер - тұрман деп атайды. Ер-тұрманға ағаш ер және былғары мен киізден тоқым, желдік, терлік, тебінгі, айыл, үзеңгі, қанжыға, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, тұсамыс, өре, шідер, қамыт, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, кісен, т.б. әбзелдер жатады.
Ер – деп мінгеде тоқым үстінен салатын алдыңғы, артқы қасы бар үзеңгілі жабдық. Ағаштан шауып жасалынады. Ердің ашамай, қазақы ер, құранды ер, үйрек бас ер т.б. түрлері бар. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет