Дәріс мақсаты: көздің ақпаратты қабылдауы. Пайдаланушының жалпылама сенсомоторлы сипаттамалары.
Жарқыраған нысанның көздің қабылдауы адам-операторында көздің бастапқы тітіркенуі мен оның үзілуіне қатысты біраз іркіледі, бұл көз талдағышының қызметін бірнеше ерекшеліктерін шарттандырады. Бұл ерекшеліктер бірлік жарық сигналдары қабылдауда, олардың кезектелуі кезінде де көрініс табады. Көздің уақыттық сипаттамаларын білу сигналдардың экспозиция уақытын айқын таңдауға мүмкіндік береді. Ол сигналдарды ең кіші ажырату және сигналдарды кезекпен келуінің уақыттық аралықтарын қамтамасыз етеді. Көз қабылдауының негізгі уақыттық сипаттамалары 1-кестеде келтірілген.
Жоғарыда қарастырылған сипаттамалармен қатар пайдаланушының тиімді жұмысында экранда бейнеленетін ақпараттың мағыналық мазмұнын беру әдісі маңызды рөл атқарады.
1 кесте - Көздің уақыттық сипаттамалары
Сипаттама
|
Сандық мәні
|
Бақылау шарттары
|
Жылтыңдаудағы субъективті қабылданатын жарық
|
200
100
50
|
Жылтыңдау жиілігі (Гц)
8..10
16..20
24..28
|
Жылтыңдауды бөлек қабылдаудың шекті жиілігі, Гц
|
15
25
50
|
Нысанінің жарықтылығы
0,1
1
100
|
Анықтау жылдамдығы
|
<3
<30
<7
<60
|
Қарапайым конфигурациялы нысанілер үшін
Сол, бірақ нашар бақылау шарттарында
Адамға таныс бейнелер (әріп, сан) үшін
Сол, бірақ кедергі шарттарында
|
Бұл әдіс таңбалы жүйелердің төрт түрінің ішінен біреуін қодануға негізделеді:
- әріпті;
- пиктографиялық;
- сандық;
- геометриялық.
Таңбалы жүйені таңдағанда ескеру керек:
- белгілердің оңай анықталуы мен декодталуы;
- пайдаланушының қатесіз жұмыстың қажетті ұзақтығы, соның ішінде депрессия жағдайында да;
- жүйенің кедергіге төзімділігінің деңгейі;
- пайдаланушының оперативті және ұзақ уақытты жадысында әліпби-таңбалы жүйенің есте сақталу ұзақтығы.
Таңбалы жүйенің интегралды сипаттамасы ретінде кодтың жеделділік коэффициентін Кжед қолдануға болады. Ол символды (белгіні) анықтау уақытының оны декодтау уақытына қатынасын көрсетеді. Жоғарыда аталған таңбалы жүйелер үшін бұл көрсеткіштің мәндері 2-кестеде келтірілген.
2 кесте - Кодтың жеделділік коэффициентінің мәндері
Таңбалы жүйе
|
Кжед мәні
|
Әріптік (бір сөз үшін)
|
0,9
|
Пиктографиялық (пиктограмма үшін)
|
0,8
|
Сандық (төрт разраядтан жоғары емес, бір сан үшін)
|
0,6
|
Геометриялық (бір фигура үшін)
|
0,6
|
Жоғарыда келтірілген деректерден қорытынды жасауға болады: шекті жағдайларда үшразрядқа дейінгі сандарды экранда мәтіндік түрде (яғни сөздермен) беру орынды. Сонымен қатар нысанінің негізгі қасиеттерін немесе қажетті іс-әрекеттерді баяндау пиктограмма түрінде көрсету тиімді. Мысалы, “хабарды адресатқа жіберу” сөз тіркесін сәйкес пиктограммамен ауыстырған ыңғайлы. Тәжірибе жүзінде дәлелденген, нысанінің ең маңызды сипаттамалары оның нобайымен кодталуы (айқындалуы) қажет, ал ішкі детальдарымен – қосымша, жанама. Мұнда нысанінің кейбір сипаттамалары үшін таңдалған, белгі пішіні айқындалған көрсеткіштері бар жүйе, таңбалы жүйенің барлық әліпбиіне қолданылуы тиіс.
Пиктограмманың геометриялық нобайының, тану тиімділігіне әсерінің сандық бағалануы 3-кестеде келтірілген.
Таңбалы жүйені құру кезінде, симметриялы символдарды адам оңай қабылдайтынын және қысқа және ұзақ уақытты жадыда, есте сақталатынын ескеру қажет.
Белгілердің ажырату көрсеткіштері ретінде бір алфавит шеңберінде келесілерді қолдану дұрыс болмауы мүмкін:
- белгідегі элементтер саны;
- белгінің геометриялық өлшемдері (ең кемінде екі нұсқадан аса);
- белгілердің “позитив – негатив” және “тура – айна кескіні” қағидасы бойынша ажыратылуы.
3 кесте - Белгінің геометриялық күрделілігінің оны декодтауға әсері
Достарыңызбен бөлісу: |