Құрастырушылар: в.ғ. к., доцент Н. Т. Абулкасымова Зоология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ. д.,проф. Н. М



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#124947
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті



Микробиология пәні бойынша
Ауылшаруашылығы бағыттар бойынша
050802 «Зоотехния» мамандығы үшін
Күндізгі қазақ бөлімдер үшін

тестілік тапсырмалар

Құрастырушылар:

в.ғ. к., доцент Н.Т. Абулкасымова ____

Зоология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д.,проф. Н.М. Мырзаханов ____

Тестілік тапсырмалар саны: 200


Құрастырылған күні: 21 желтоқсан 2007ж.
Арналуы:

$$$ 1


Прокариоттарға жатқызылған бактериялардың ядросы:

A) Ядролық мембранамен шектелмеген.

B) Бір мембранамен шектелген.

C) ДНК немесе РНК-сы бар.

D) Грам әдісі бойынша бояғанда көрінбейді.

E) Екі мембранасы бар.


$$$ 2

Ішек таяқшасына тән қасиет:

A) Грам -оң.

B) Грам – теріс.

C) Қышқылға төзімді.

D) Паразит.

E) Спорасы бар.
$$$ 3

Зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың басқарылатын өсіп-өну негізін қалаушылар:

A) Е. Успенский және С. Кузнецов.

B) И. Иванов және Г. Заварзин.

C) В. Букин және В. Быховский.

D) С. Виноградский және М. Бейеринк.

E) Л. Пастер және Р. Кох.
$$$ 4

Бактерияларды оның бір түрінің штамдары, фагқа сезімталдығы бойынша ажыратылатындарды атайды:

A) Сероварлар деп.

B) Биоварлар деп.

C) Фаговарлар деп.

D) Микроварлар деп.

E) Макроварлар деп.
$$$ 5

Жасушалардың құрылысын субжасушалы және молекуларлы деңгейлерде зерттеу үшін қолданады:

A) Люминесцентті микроскопты.

B) Электронды микроскопты.

C) Фазалы контрасты микроскопты.

D) Иммерсиялы сәулелі микроскопты.

E) Лазерлі микроскопты.
$$$ 6

«Стрептококк» термині мынаны белгілейді:

A) Жүзім тәрізді шоғырланған клеткалар.

B) Таяқша тәрізді тізбектелген клеткалар.

C) Шар пішіндес тізбектелген клеткалар.

D) Пакет, куб тәрізді жиналған клеткалар.

E) Бір тізбекке жиналған ирек клеткалар.
$$$ 7

Тейхой қышқылы микроорганизмдердің төмендегі бөліктерінде жинақталады:

A) Капсулада.

B) Талшықтарында.

C) Спораларда.

D) Клетка қабырғасында.

E) Ядросында.
$$$ 8

«Аспалы тамшы» препараты бактериялардың мынадай құрылысын көру үшін:

A) Капсуласын.

B) Талшықтарын.

C) Спораларын.

D) Клетка қабырғасын.

E) Қозғалысын.
$$$ 9

Тырысқақ және туберкулез ауруларының қоздырғыштарын ашқан:

A) Виноградский.

B) Либих.

C) Кох.

D) Ивановский.



E) Пастер.
$$$ 10

Прокариоттардың генетикалық ДНК материалының орналасқан жері:

A) Митохондрийінде.

B) Нуклеоидта.

C) Рибосомада.

D) Клетка қабырғасында.

E) Плазмидте.
$$$ 11

Бактерияның газды вакуолі аталады:

A) Тилокоид деп.

B) Пили деп.

C) Аэросома деп.

D) Карбоксисома деп.

E) Мезосома деп.
$$$ 12

Термин «лизис» бактерияларға әсер ететін мына агенттің қайсысына сәйкес:

A) Бактериофаг.

B) Риккетсия.

C) Спора.

D) Спирохет.

E) Капсула.
$$$ 13

Клеткалық теорияның негізін қалаушы:

A) Левенгук.

B) Пастер.

C) Гук.

D) Листер.



E) Кох.
$$$ 14

Шешекке қарсы вакцинаны ойлап тапқан:

A) Флеминг.

B) Мечников.

C) Пастер.

D) Листер.

E) Кох.
$$$ 15

«Дератизация» термині мынаны айқындайды:

A) Шыбындарды жою.

B) Вирустарды жою.

C) Тышқандарды жою.

D) Құстарды қыру.

E) Патогенді микроорганизмдерді жою.
$$$ 16

Микробтар культурасының логарифм фазасындағы өсу жылдамдығы:

A) Максимальды.

B) Тұрақты.

C) Тұрақсыз.

D) Минимальды.

E) Өспейді.
$$$ 17

20-450 Цельсий бойынша жақсы өсетін микроорганизмдер:

A) Мезофилдер.

B) Психрофилдер.

C) Термофилдер.

D) Аэросомалар.

E) Факультативтер.
$$$ 18

Бактериялардың өсуін тежейтін клеткаларды өлтіре алмайтын препараттардың әсерін қалай анықтайды:

A) Бактерицидті.

B) Дезинфекциялаушы.

C) Бактериостатикалы.

D) Химиялық залалсыздандырғыш.

E) Антисептикалы.
$$$ 19

Көміртегі көзі ретінде тек СО2-ны қолданатын бактерияларға жататындар:

A) Гетеротрофтар.

B) Автотрофтар.

C) Фототрофтар.

D) Галофилдер.

E) Аминогетеротрофтар.
$$$ 20

Спиртті микробиологиялық жолмен қайсысының көмегімен алуға болады:

A) Зең саңырауқұлақтар.

B) Saccharomyces ssp.

C) Bacetylicus.

D) Ашытқы.

E) Blastomyces ssp.
$$$ 21

Аталған заттардың қайсысы грам (+) прокариоттық клетка қабығында кездеседі:

A) Липолисахаридтер.

B) Липой қышқылы.

C) Липопротеиндер.

D) Янтар қышқылы.

E) Тейхой қышқылы.
$$$ 22

«Аэробиоз» және «наэробиоз» терминдерін кім енгізді:

A) Кох.

B) Пастер.



C) Бейеринк.

D) Мечников.

E) Ивановский.
$$$ 23

Микроорганизмдерді Грам-әдісімен бояғанда қолданылатын бояулар мыналар:

A) Генциан фиолет.

B) Метилен көгі.

C) Гематоксилен.

D) Бейтарап қызыл.

E) Судан Ш.
$$$ 24

Прокариоттың ядролық құрылысы болып мыналар саналады:

A) Нуклеотид.

B) Нуклеус.

C) Нуклеокапсид.

D) Нуклеосома.

E) Нуклеоид.
$$$ 25

Микроорганизмдердің ашылуы қай ғасырдан басталады:

A) 15.

B) 16.


C) 17.

D) 18.


E) 19.
$$$ 26

Көп клеткалы бактериялар мыналар:

A) Сарциналар.

B) Коккалар.

C) Стафилококкалар.

D) Цианобактериялар.

E) Вибриондар.
$$$ 27

Көк-жасыл балдырлардың басқаша атауы:

A) Бактерициндер.

B) Цианобактериялар.

C) Бактериоспориндер.

D) Қара-қошқылдар.

E) Фунгицидтер.
$$$ 28

Бактериялардың генетикалық информациясы қай жерінде жиналады:

A) Ядросының ДНК-сында.

B) Ядросының РНК-сында.

C) Цитоплазмада.

D) Нуклеоидтың ДНК-сында.

E) РНК-ның нуклеоидында.
$$$ 29

Жіпшелері бар бактерияларға жататындар:

A) Вибриондар.

B) Тороидтар.

C) Таяқшалар.

D) Стафилококкалар.

E) Стрептококкалар.
$$$ 30

Формаға келген спора құрылымынан бөледі:

A) Кортексті.

B) Зародыш бөлігін.

C) Экзоспораны.

D) Септаны.

E) Ядроны.
$$$ 31

Бактериялардың қозғалғыш формасын таңдап алыңыздар:

A) Коккалар.

B) Спириллалар.

C) Цианобактериялар.

D) Тороидтар.

E) Сарциналар.
$$$ 32

30 минуттен 3 рет күн аралатып қыздыруды пайдаланады:

A) Қаныққан бумен зарарсыздандаруды.

B) Химиялық.

C) Құрғақ жалынмен.

D) Бөлшектеп зарарсыздандыруды.

E) Сәулелендіруді.
$$$ 33

Бактерия мембранасының негізгі құрамы:

A) Фосфолипидтер.

B) Гликолипидтер.

C) Стериндер.

D) Холестерин.

E) Каротиноидтар.
$$$ 34

Бактериялар клеткасында негізгі қорғаныс ретінде бөгде заттардың түспеуін қамтамасыз ететін – бұл:

A) Капсулалар.

B) ЦПМ.


C) Цитоплазма.

D) Нуклеоид.

E) Плазмалық кеңістік.
$$$ 35

Бактериялардың фототүзуші органоидтар мыналар:

A) Карбоксисомалар.

B) Стромалар.

C) Кокартменттер.

D) Тилакоидтар.

E) Пептидогликан.
$$$ 36

Прокариот клеткалардың түтікшелерінің негізгі массасын құрайтын қай белок:

A) Тубулин.

B) Муреин.

C) Флагеллин.

D) Пилин.

E) Пептидогликан.
$$$ 37

Жүзім тәрізді (ретсіз) клеткалар жиынтығы тән мыналарға:

A) Стафилококкаларға.

B) Стрептококкаларға.

C) Сарциналарға.

D) Спириллаларға.

E) Тетракоккаларға.
$$$ 38

Бактерияның көбеюінің негізгі түрі – ол:

A) Митозбен бөліну.

B) Бинарлы бөліну.

C) Бүршіктену арқылы.

D) Ұсақ бөлшектену арқылы.

E) Спора түзу арқылы.
$$$ 39

Кохтың ашқан жаңалықтары – ол:

A) Зерттеген микробтарын бір жүйеге келтіру.

B) Культураны таза күйінде бөліп алу.

C) Тіршілік өздігінен болады деген теорияны жоққа шығару.

D) Клеткалық теорияны ашу.

E) Ауру микроорганизмдер көмегімен шақырылу теориясы.
$$$ 40

Өсіп-өнуіне тірі ұлпа (ткань) қажет ететін микроорганизмдер:

A) Автотрофтар.

B) Вирустар.

C) Сальмонеллалар.

D) Хламидилер.

E) Ішек таяқшылары.
$$$ 41

Археобактериялардың эубактериялардан айырмашылығы неде:

A) Майлы қышқылдар жоқ.

B) Тейхой қышқылы жоқ.

C) Фосфолипидтер жоқ.

D) Талшықтар жоқ.

E) Пептидогликан жоқ.
$$$ 42

Микробиологияның жазу кезеңінің негізін қалаған кім:

A) Пастер.

B) Аристотель.

C) Левенгук.

D) Клюйвер.

E) Кох.
$$$ 43

Лофотрихтерде:

A) Талшыктар жоқ.

B) Бір талшығы бар.

C) Бір жақ ұшында екі талшық немесе одан көп.

D) Екі ұшында екі талшықтан.

E) Жан-жағында көп талшықтар.
$$$ 44

Грам (-) бактериялардың муреин қалтасы неше қабат:

A) 44.

B) 5.


C) 33.

D) 25.


E) 1.
$$$ 45

Грам (+) бактерияларының клетка қабырғасы қанша атмосфераға шыдайды:

A) 5.

B) 6.


C) 10.

D) 30.


E) 40.
$$$ 46

Бактериялардың бөліну жылдамдығы (мысалы) әрбір:

A) 30 мин.

B) 5 мин.

C) 20 мин.

D) 1 сағатта.

E) 24 сағатта.
$$$ 47

Май қышқыл бактерияларын ашқан кім:

A) Омелянский.

B) Виноградский.

C) Флеминг.

D) Листер.

E) Пастер.
$$$ 48

Баяу зарарсыздандыру әдісін ұсынған кім:

A) Листер.

B) Пастер.

C) Кох.

D) Либих.



E) Тиндаль.
$$$ 49

Спораның қалыптасуы мынадан басталады:

A) Септаның пайда болуынан.

B) Кортекстен.

C) Белок қабықшасынан.

D) Экзоспориумнан.

E) Цитоплазманың тығыздалуынан (сусыздану арқылы).
$$$ 50

Ирек формалы бактерияларға жататындар.

A) Коккалар.

B) Вибриондар.

C) Сарциналар.

D) Тетракоккалар.

E) Стрептококкалар.
$$$ 51

Джениердің негізгі қосқан үлесі:

A) Сәулелі микроскопты дамыту.

B) Клеткалық теорияны ашу.

C) Шешекке қарсы иммунизациялау.

D) Құтыруға қарсы иммунизациялау.

E) Культураны таза күйінде бөліп алу әдісі.
$$$ 52

Мына терминдердің қайсысы микробиологияда қолданылмайды:

A) Колония.

B) Культура.

C) Штамм.

D) Вариант.

E) Парад.
$$$ 53

Бактерия капсуласының құрамында болады:

A) Полисахаридтер.

B) Тейхой қышқылы.

C) Полинуклеотид.

D) Диаминпимелин қышқылы.

E) Ауыр металдар тұздары.
$$$ 54

Таза культураны бөліп алу үшін қатты қоректік ортаны қолдану идеясы тиісті:

A) Кохқа.

B) Флемингке.

C) Пастерге.

D) Мечниковқа.

E) Виноградскийге.
$$$ 55

Көптеген бактериялар мынадай рН болғанда жақсы өсіп-өнеді:

A) 7,2.

B) 9,0.


C) 3,0.

D) 4,5.


E) 6,5.
$$$ 56

Факультативті анаэробтар өсіп-өнуіне қажет етеді:

A) СО2 көп мөлшерін.

B) О2 бар жерде тыныс алады.

C) О2 жоқ жерде тыныс алады.

D) Глюкозаны тек гликолитикалық жолмен ыдыратады.

E) О2 бар жерде де, О2 жоқ жерде де тыныс алады.
$$$ 57

Стерилизацияның (зарарсыздандырудың) синонимы болып:

A) Дезинфекцияны.

B) Санытарлық тазалауды.

C) Бактериостатикалық өндеуді.

D) Химиялық зарарсыздандыруды.

E) Дератизацияны.
$$$ 58

Антибиотиктердің бактерияларға қарсы әсерін агарлы тостағанды пайдаланғанда айқындалады:

A) Газ пайда болады.

B) рН өзгереді.

C) Колония зоналарына енеді.

D) Колония айналасында ашық зоналар.

E) Өспейді.
$$$ 59

Мына процестің қайсысында АТФ көп бөлінеді:

A) Кребс циклінде.

B) Гликолизде.

C) Белоктар гидролизінде.

D) Ашуда.

E) Жануда.
$$$ 60

Генетикалық рекомбинацияның жетілген процесі болып саналады:

A) Трансформация.

B) Конъюгация.

C) Трансдукция.

D) Трансверсия.

E) Транскрипция.
$$$ 61

Микроорганизмдерді бояу үшін анилин бояуларын ұсынған:

A) Пастер.

B) Грам.


C) Клюйвер.

D) Левенгук.

E) Кох.
$$$ 62

Биохимиялық айналымды және тірі организмнің ауруын тудыратын қоздырғыш ретінде микроорганизмнің рөлін бірінші байқаған:

A) Левенгук.

B) Кох.


C) Бейеринк.

D) Пастер.

E) Виноградский.
$$$ 63

Талшықтар клетканың қай құрылымында бекітілген:

A) Цитоплазмалық мембранада.

B) Клетка қабырғасында.

C) Капсуласында.

D) Базальды денешіктерінде.

E) Мезосомасында.
$$$ 64

Бактериялардың ЦПМ-ның үстінгі жағынан таралатын жіңішке түзу көптеген жіпшелерді атайды:

A) Фибриллалар.

B) Кірпікшелер.

C) Капсулалар.

D) Фимбриялар.

E) Талшықтар (жіпшелер).
$$$ 65

Ашу процесін микроорганизмдер жүргізеді деп дәлелдеген:

A) Ивановский.

B) Пастер.

C) Виноградский.

D) Бейеринк.

E) Либих.
$$$ 66

Прокариот клеткасының жіпшелерінің негізгі массасын қай белок құрайды:

A) Тубулин.

B) Муреин.

C) Флагеллин.

D) Пилин.

E) Пептидогликан.
$$$ 67

Эндоспораның Ш-стадиясының қалыптасуына тән:

A) ЦПМ инвагинациясы.

B) Спора жамылғышының қалыптасуы.

C) Аналық клетканың өруі.

D) Проспораның қалыптасуы.

E) Кортекстің қалыптасуы.
$$$ 68

Микробтардың өсіп-өну теориясын зерттеп дайындаған:

A) В. Шапошников.

B) И. Работнова.

C) З. Ермольева.

D) Н. Иерусалимский.

E) А. Имшенецкий.
$$$ 69

Прокариоттың гендік ДНК материалының орналасқан жері:

A) Ядросында.

B) Нуклеоидта.

C) Рибосомада.

D) Нуклеотидта.

E) Плазмидада.
$$$ 70

Левенгуктің жетістіктеріне мыналар жатады:

A) Ауру микроорганизмдер көмегімен шақырылу теориясы.

B) Қарапайымдар мен бактериялардың таза культурасын бөліп алу.

C) Өздігінен көбею теориясын жоққа шығару тәжірибесі.

D) Микроскоп көмегімен микроорганизмдерді бақылау және жинақтау.

E) Клеткалық теорияны ашу.
$$$ 71

Өсуге тірі ұлпаларды (тканьдарды) қажет ететін микроорганизмдер:

A) Автотрофтар.

B) Менингококкалар.

C) Вирустар.

D) Туберкулез бацилласы.

E) Ішек таяқшасы.
$$$ 72

Микробиологияда тауық эмбриондары қолданылады:

A) Вирустарды өсіруде.

B) Риккетсияларды өсіруде.

C) Дрожжыларды өсіруде.

D) Вирус вакциналарын алуда.

E) Сальмонеллаларды өсіруде.
$$$ 73

Бактериялар репродукциясының (көбеюінің) негізгі формасы:

A) Митозды бөліну.

B) Бинарлы бөліну.

C) Бүршіктену.

D) Бөлшектену.

E) Спора түзу.
$$$ 74

Культураның таза күйін бөліп алу үшін қатты қоректік ортаны пайдалануды ұсынған:

A) Кох.

B) Пастер.

C) Флеминг.

D) Мечников.

E) Виноградский.
$$$ 75

«Стерилизация» мына ұғымды білдіреді:

A) Барлық тірі организмдерден тазарту.

B) Ауру тазартуға қабілеті жоқ деңгейге дейін микроб флорасын азайту.

C) Патогенді микроорганизмдердің барлық вегетативті түрін жою.

D) Микроорганизмдердің өсуін тежеу.

E) Спора түзуші микроорганизмді ғана жою.
$$$ 76

Кептіру мына процеске жатады:

A) Пастеризация.

B) Дегидратация.

C) Дезинфекция.

D) Стерилизация.

E) Гидратация.
$$$ 77

Топырақ суспензиясының (1:10) бактериялары 5 мин. аралықта қайнатқаннан кейінгі тірі қалатындар, олар:

A) Стрептококкалар.

B) Грам- оң спора түзуші бактериялар.

C) Ішек тяқшылары (мысалы E. coli).

D) Бактериялар бацилла тұқымдас.

E) Грам- теріс коккалар.
$$$ 78

Бактерицид эффектісін алуға мына процедураның қайсысын қолданады:

A) Автоклавтау.

B) Ультрафиолеттік сәулелеу.

C) Кептіру.

D) Лиофилизациялау.

E) Санитарлық жағдайды жақсарту.
$$$ 79

Азотты фиксирлеу – бұл:

A) Белоктан аммонидің түзілуі.

B) Белоктың газ тәрізді азотқа дейін қалыптасуы.

C) Газ тәрізді азоттың өсімдіктердің пайдалану түріне айналуы.

D) Нитраттық газ тәрізді азотқа дейін қалыптасуы.

E) Газ тәрізді азотты күрделі түріне айналуы.
$$$ 80

Май микроб көмегімен ыдырағанда пайда болады:

A) Глицерин.

B) Амин қышқылдары.

C) Спирттер.

D) Моносахаридтер.

E) Күкіртсутек.
$$$ 81

Бактериялардың азотты фиксирлеудегі алғашқы өнімдерінің бірі – ол:

A) Белок.

B) Витамин В12.

C) Аммоний.

D) Нитраттар.

E) Нитриттер.
$$$ 82

Нитрификация дегеніміз – ол:

A) Аммоний тұздарының нитрат және нитритке дейін тотығуы.

B) Нитриттердің газ тәрізді азотқа дейін қалыптасуы.

C) Атмосфера азотының клетка азотына қосылуы.

D) Азоттың фиксирленуі симбиотикалық тәрізді.

E) Нитраттың газ тәрізді азотқа дейін қалыптасуы.
$$$ 83

Сүт қышқылын өндірістік жолмен алуда микроорганизмдердің мына түрі пайдаланылады:

A) Гетероферментативтер.

B) Автотрофтар.

C) Гетеротрофтар.

D) Гомоферментативтер.

E) Сапрофиттер.
$$$ 84

Прокариоттың рекомбинациясы қай процестермен байланысты:

A) Репликация.

B) Мутация.

C) Репрессия.

D) Трансдукция.

E) Элонгация.
$$$ 85

Клетка компетенттілігінің дамуына қатысушылар:

A) ДНК.

B) Ауыр металл тұздары.

C) Протеин ерітуші ферменттер.

D) АМФ циклі.

E) РНК.
$$$ 86

Атмосфераның жоғарғы қабатында негізінен кездеседі:

A) Грам-теріс бациллалар.

B) Зең саңырауқұлақтар мен бактериялардың споралары.

C) Грам-оң коккалар.

D) Ашытқылар.

E) Азот фиксирлеу бактериялары.
$$$ 87

Екеуіне де пайдалы организмдер арасындағы қарым-қатынас – ол:

A) Комменсализм.

B) Паразитизм.

C) Анаэробиоз.

D) Мутуализм.

E) Антагонизм.
$$$ 88

Организмнің ауру шақыру қабілетін анықтаушы:

A) Патогенділік.

B) Вируленттілік.

C) Авируленттілік.

D) Шартты-патогенділік.

E) Токсигенділік.
$$$ 89

Препарат «аспалы тамшы» бактериялардың неменесін көруге пайдаланылады:

A) Талшықтарын.

B) Капсуласын.

C) Спораларын.

D) Қозғалысын.

E) Клетка қабырғасын.
$$$ 90

Пенициллин антибиотигінің бактерия клеткасына әсер ету механизмі болып саналады:

A) ДНК-ны алкилдеу.

B) Клетка қабырғасының синтезінің бұзылуы.

C) Клетка мембранасымен тікелей әрекеттесу.

D) Фоли қышқылының метаболитке қарсы әсерінің түзілуі.

E) Репликацияның бұзылуы.
$$$ 91

Көміртегінен бөлінген көмірқышқыл газ ретінде пайдаланатын бактерияларды атаңыз:

A) Гетеротрофтар.

B) Автотрофтар.

C) Фототрофтар.

D) Галофилдер.

E) Карбофилдер.
$$$ 92

Микробтардың өсіп-өну теориясын зерттеп дайындаған:

A) В. Шапошников.

B) И. Работнова.

C) З. Ермольева.

D) Н. Иерусалимский.

E) А. Имшенецкий.
$$$ 93

Муреин немесе пептидогликан бактерия клеткасының қай бөлігінде шоғырланған:

A) Капсуласында.

B) Спорасында.

C) Клетка қабырғасында.

D) Талшықтарында.

E) Цитоплазмасында.
$$$ 94

Бөлшектеп зарарсыздандыруды кім ұсынды:

A) Пастер.

B) Кох.


C) Тиндаль.

D) Листер.

E) Либих.
$$$ 95

Қатаң анаэроб организмдерге жатады:

A) Термоацидофилдер.

B) Метаногендер.

C) Экстремальды галофилдер.

D) Ауксотрофтар.

E) Көк-жасыл балдырлар.
$$$ 96

Микробиологияда мына терминдердің қайсысы қолданылмайды:

A) Колония.

B) Культура.

C) Штамм.

D) Вариант.

E) Парад.
$$$ 97

Микроб культурасының экспоненциальды фазадағы өсу жылдамдығы:

A) Максимальды.

B) Тұрақты.

C) Тұрақты емес.

D) Минимальды.

E) Мүлде өспейді.
$$$ 98

0-200 С температурасында жақсы өсіп-өнетін бактерияларға жататындар:

A) Мезофилдер.

B) Психрофилдер.

C) Термофилдер.

D) Аэробтар.

E) Патогендер.
$$$ 99

Бактерияларды жоюға пайдаланатын агенттерге қолданатын терминдер:

A) Бактерицидті.

B) Бактериостатикалы.

C) Аллергиялы.

D) Гомеостатикалы.

E) Термотолерантты.
$$$ 100

Оттегі бар жерде де, жоқ жерде де өсе алатын бактерияларды атайды:

A) Облигатты бактериялар.

B) Факультативті анаэробтар.

C) Анаэробтар.

D) Микроаэробтар.

E) Қатаң аэробтар.
$$$ 101

Фагоцитоз теориясының негізін салушы кім болып саналады:

A) Клюйвер.

B) Пастер.

C) Мечников.

D) Шапошников.

E) Тимаков.
$$$ 102

Мына әдістердің қайсысы термиялық зарарсыздандыруға жатпайды:

A) Жалында қыздыру.

B) Құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру.

C) Қаныққан бу қысымымен зарарсыздандыру (автоклавтау).

D) Қайнату.

E) Сүзгіштену.
$$$ 103

В. Шапошниковтың негізгі ғылыми жетістігін атаңыз:

A) Азотфиксирлеуші бактериялардың атмосфера азотын фиксирлеу механизмін ашты.

B) Ашу процесінің табиғатын ашты.

C) Микроорганизмдерді культуралау үшін элективті қоректік ортаны ұсынды.

D) Шіріту және сүтқышқыл бактерияларының арасындағы антагонизмді дәлелдеді.

E) Физиологиялық екі фазалы ашу теориясын жарыққа шығарды.
$$$ 104

Бактериялардың +45 +750 С температурада жақсы өсетін түрін атаңыз:

A) Мезофилдер.

B) Термофилдер.

C) Аэробтар.

D) Психрофилдер.

E) Факультативтер.
$$$ 105

Автотрофты микроорганизмдер қалай қоректенеді:

A) Минералды заттардың ыдырауымен.

B) Жоғарымолекулярлы заттарды ыдыратады.

C) Ашу процесіне қатысады.

D) Фотосинтез процесін пайдаланады.

E) Паразитті қоректенеді.
$$$ 106

Қайсысы монотрих:

A) Талшықтар жоқ.

B) Бір талшығы бар.

C) Екі ұшында 2 талшықтан.

D) Бір жақ ұшында 2 талшық немесе одан көп.

E) Жан-жағында көп талшықтар.
$$$ 107

Левенгуктің негізгі қосқан үлесі:

A) Сәулелі микроскопты дамыту.

B) Клеткалық теория.

C) Шешекке қарсы иммунизациялау.

D) Тұмауға қарсы иммунизациялау.

E) Культураны таза күйінде бөліп алу әдісі.
$$$ 108

Ашу титрі бұл:

A) Сұдың кішкене көлемінің құрамындағы E.coli-дің қатысы.

B) Судың кішкене көлемін, құрамында глюкозасы бар қоректік ортаға еккен уақытта газдың пайда болуы.

C) 1 литр судағы барлық микроорганизмнің саны.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет