Құрастырушылар: з. ғ. д. С. К. Амандықова



бет1/5
Дата14.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәні бойынша

тест тапсырмалары «050301 - юриспруденция» мамандығы

гуманитарлық бағыт топтары үшін




Құрастырушылар: ____________з. ғ. д. С. К. Амандықова


______________ аға оқытушы Г. С. Омарбекова



____________аға оқытушы А. С. Бейсембеков

______________ аға оқытушы Қ. Қ. Садықова


Парақ саны 41

Тест тапсырмаларының саны 200

Қарағанды – 2006

$$$ 1


Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды көрсетіңіз:

A) адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынастар

B) мемлекеттік органдардың жүйесіне және өкілеттіктеріне қатысты қатынастар

C) мемлекеттің және қоғамның экономикалық негізін құрайтын қатынастар

D) мемлекетті және қоғамды ұйымдастыру негіздерін құрайтын қатынастар

E) мемлекет пен қоғамның саяси саласындағы қатынастар


$$$ 2

Конституциялық құқық мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды келесі әдістер арқылы реттейді:

A) диспозитивтік, императивтік, келісімдік

B) міндеттеуші, рұқсат беруші, конституциялық

C) міндеттеуші, рұқсат беруші, формальды-заңдық, статистикалық

D) салыстырмалы-құқықтық, функционалды, нақты-әлеуметтік

E) міндеттеу, тыйым салу, рұқсат беру, тану
$$$ 3

Конституциялық-құқықтық нормалар өзінің құрылымы бойынша ерекшелігі қандай?

A) уәкілдік беруші болып келеді

B) көбінесе норманың гипотезасы көрсетілмейді

C) көбінесе норманың санкциясы көрсетілмейді

D) тыйым салушы болып келеді

E) рұқсат беруші болып келеді
$$$ 4

Субъективтік құқықтарды бекітетін нормаларды көрсетіңіздер:

A) міндеттеуші нормалар

B) уәкілдік беруші нормалар

C) тыйым салушы нормалар

D) диспозитивтік нормалар

E) императивтік нормалар
$$$ 5

Конституциялық құқықтық норма өзінің заңдық күші бойынша:

A) ең жоғарғы норма болып табылады

B) императивті норма болып табылады

C) тыйым салушы норма болып табылады

D) диспозитивтік норма болып табылады

E) рұқсат беруші норма болып табылады
$$$ 6

Конституциялық-құқық ғылымында қолданылатын зерттеу әдісін көрсетіңіз:

A) императивтік әдіс

B) диспозитивтік әдіс

C) салыстырмалы-құқықтық әдіс

D) тыйым салу әдісі

E) рұқсат беру әдісі
$$$ 7

Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің негізін қандай құқық саласы құрайды?

A) қаржылық құқық

B) конституциялық құқық

C) мемлекет және құқық теориясы

D) азаматтық құқық

E) әкімшілік құқық
$$$ 8

Конституциядан кейін заңдық күші бойынша тұратын нормативтік-құқықтық актіні көрсетіңіз:

A) ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары

B) ҚР-ның конституциялық заңдары

C) Конституциялық заң күшіне ие Президенттің жарлықтары

D) Конституцияға өзгерту мен толықтырулар еңгізетін заңдар

E) ҚР-ның заңдары
$$$ 9

Атқаратын міндеттері (мақсаты) бойынша конституциялық-құқықтық қатынастар қалай жіктеледі?

A) уақытша және тұрақты

B) құқық орнатушы және құқық қорғаушы

C) жалпы және нақты

D) құқықтық және құқықтық емес

E) диспозитивтік және императивтік
$$$ 10

Төмендегілердің қайсысы конституциялық құқықтың субъектісі болып табылмайды?

A) халық

B) мемлекет және оның құрылымдық бөлімшелері

C) мемлекеттік органдар

D) ҚР-сының азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетел азаматтары

E) дебаттық және өзге клубтар
$$$ 11

Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзіне не жатады?

A) Конституциялық заңдар

B) Конституциялық Кеңестің қаулылары

C) Конституция

D) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары

E) халықаралық шарттар
$$$ 12

Әрекет ететін аумақтық шегі бойынша конституциялық құқықтың қайнар көздері қалай жіктеледі?

A) Конституциялық заңдар және органикалық заңдар

B) конституциялық әдет-ғұрып және конституциялық келісімдер

C) мемлекеттік органдар мен референдумда қабылданған заңдар

D) жалпы ұлттық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері

E) заң шығарушы билікпен және атқару билігімен шығарылған заңдар
$$$ 13

Конституциялық құқық ғылымындағы зерттеу әдісіне қандай әдіс жатпайды?

A) тыйым салу әдісі

B) статистикалық әдіс

C) салыстырмалы-құқықтық әдіс

D) социологиялық әдіс

E) жүйелі талдау әдіс
$$$ 14

Конституциялық құқық субъектілеріне белгілі бір әрекеттерді жасауға тиістілігін бекітетін нормаларды көрсет:

A) тыйым салушы нормалар

B) рұқсат беруші нормалар

C) міндеттеуші нормалар

D) уәкілдік беруші нормалар

E) императивтік нормалар
$$$ 15

Конституциялық құқық ғылымының пәнін не құрайды?

A) адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі

B) мемлекеттік органдардың жүйесі мен өкілеттіліктері

C) конституциялық-құқықтық нормалар

D) конституциялық құқықтың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуінің заңдылықтары

E) конституциялық құқықтың реттеу әдістері
$$$ 16

Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы жатпайды?

A) Президент жарлықтары

B) Үкімет қаулылары

C) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері

D) Парламент заңдары

E) Мәжіліс және Сенаттың регламенті
$$$ 17

ҚР Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беретін орган:

A) Парламент

B) Үкімет

C) Конституциялық Кеңес

D) Жоғарғы Сот

E) Мәжіліс
$$$ 18

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының келесідей көпшілік дауысымен енгізіледі:

A) елу пайызымен

B) жартысымен

C) төрттен үшінің көпшілік дауысымен

D) бестен төртінің көпшілік дауысымен

E) төрттен екісінің көпшілік дауысымен
$$$ 19

Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

A) Республикалық референдумда

B) Үкіметпен

C) Жоғарғы Сотпен

D) Конституциялық Кеңеспен

E) Сенатпен
$$$ 20

Қазақстан Республикасы Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын бөлім:

A) адам және қоғам

B) адам және азамат

C) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі

D) жалпы ережелер

E) адам және жеке тұлға
$$$ 21

Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды:

A) 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдуммен

B) 1993 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдуммен

C) 1998 жылы қазан айындағы конституциялық реформамен

D) 1995 жылы ҚР Президентімен

E) 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Парламентімен
$$$ 22

Конституцияның мызғымастығының кепілі болып табылады:

A) Президент

B) Конституциялық Кеңес

C) Жоғарғы Кеңес

D) БҰҰ


E) Парламент
$$$ 23

Конституцияда көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық заңдар қабылданады:

A) Маслихаттарда көпшілік дауыспен

B) Әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісімен

C) Сенат депутаттарының жартысымен

D) Мәжіліс депутаттарының жартысымен

E) Жоғарғы Сотпен
$$$ 24

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері бастама алады:

A) Конституциялық заңдардан

B) ҚР Президентінің Жарлықтарынан

C) ҚР Конституциясынан

D) Сот прецеденттерінен

E) ҚР Үкіметінің қаулыларынан
$$$ 25

1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент:

A) заң шығарушы билік басшысы

B) Жоғарғы Кеңес басшысы

C) мемлекет және атқарушы билік басшысы

D) заң шығарушы және атқарушы билік басшысы

E) сот билігінің басшысы
$$$ 26

Алғаш рет Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға негіз болып табылды:

A) Қазақ ССР-ң 25 қазандағы мемлекеттік егемендігі туралы Декларация

B) 1993 жылғы ҚР Конституциясы

C) Кеңестік шарт

D) ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң (16. 12. 1991ж. )

E) БҰҰ-ның Жарғысы
$$$ 27

1998 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі:

A) өзгертілген жоқ

B) 4 жылдан 5 жылға ұзартылды

C) 5 жылдан 6 жылға ұзартылды

D) тек кейбір депутаттардың мерзімі ұзартылды

E) 2 жылдан 3 жылға ұзартылды
$$$ 28

Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бөліну қағидасы алғаш рет бекітілді:

A) ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңында (16. 12. 1991ж. )

B) 1993 жылғы Конституцияда

C) 1995 жылғы Конституцияда

D) Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда (25. 10. 1990ж. )

E) Кеңестік Шартта
$$$ 29

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қабылданды:

A) 25 қазанда 1990 жылы

B) 30 тамызда 1995 жылы

C) 16 желтоқсанда 1991 жылы

D) 7 қазанда 1998 жылы

E) 16 желтоқсанда 1990 жылы
$$$ 30

Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды?

A) 16 желтоқсанда 1991 жылы

B) 30 тамызда 1995 жылы

C) 7 қазанда 1990 жылы

D) 25 қазанда 1990 жылы

E) 25 қазанда 1991 жылы
$$$ 31

1991 жылғы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң бойынша Конституцияның соттық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ететін жоғарғы органды көрсет:

A) ҚР Жоғарғы Кеңесі

B) ҚР Президенті

C) Конституциялық Кеңес

D) Прокуратура

E) ҚР Конституциялық Соты
$$$ 32

1993 жылғы Конституцияға сәйкес Жоғарғы Кеңестің өкілеттік мерзімі:

A) анықталмаған

B) 4 жыл


C) 5 жыл

D) 6 жыл


E) 4 жыл 6 ай
$$$ 33

Конституциялық құрылым дегеніміз не?

A) мемлекеттің конституциясымен немесе конституциялық құқық актілерімен бекітілген және қорғалатын әлеуметтік, экономикалық және саяси-құқықтық қатынастар жүйесі

B) тек қана саяси-құқықтық қатынастар жүйесі

C) белгілі бір құқықтық қатынастар

D) Конституциямен анықталған, бірақ құқықтық тұрғыда қорғауды талап етпейтін қоғамдық қатынастар жүйесі

E) мемлекетті құқықтық тұрғыда басқарумен байланысты қатынастар жүйесі.
$$$ 34

Конституциялық құрылым келесі қатынастар жүйесін қамтиды:

A) әлеуметтік, экономикалық

B) саяси, халықаралық, ұлтаралық

C) әлеуметтік, экономикалық, саяси-құқықтық

D) азаматтық, халықаралық, экономикалық

E) әлеуметтік, саяси, азаматтық
$$$ 35

Конституциялық құрылымның қағидаларын көрсетіңіз:

A) халық билігі, мемлекеттік егемендік, біртұтастық, биліктің бөлінуі, құқықтық үстемдігі, идеологиялық және саяси әралуандығы

B) заңдылық, биліктің бөлінуі, соғысты болдырмау, мемлекеттік тілден басқа өзге тілдерді мемлекет территориясында мойындамау

C) біртұтастық, құқықтың үстемдігі және бір идеологияның басым болуы

D) халықаралық құқық қағидаларының барлығы тарайды

E) конституциялық құрылым қағидаларды айқындауды немесе бөліп көрсетуді талап етпейді
$$$ 36

Экономикалық жүйенің қағидаларын көрсетіңіз:

A) экономикалық жүйені реттеудегі мемлекеттің үстемдігі

B) меншіктің әр алуандығы және заңмен қорғалуы, еркін кәсіпкерлік, заңмен реттелген бәсекенің болуы және тағы басқалар

C) экономикада консервативтік позицияның болуы

D) әлеуметтік жүйенің негіздері тарайды

E) жоспарлы экономиканың кейбір қағидалары және нарықтық экономиканың барлық қағидалары тарайды
$$$ 37

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды кім енгізеді:

A) ҚР Парламент

B) ҚР Қорғаныс Министрі

C) ҚР Президент

D) ҚР Сыртқы істер министрлігі

E) ҚР-ның төтенше жағдай жөніндегі министрлігі
$$$ 38

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің қайнар-көзі :

A) Халық

B) ҚР Президенті

C) ҚР Парламенті

D) ҚР Үкіметі

E) ҚР Конституциялық Кеңесі
$$$ 39

Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып саналады?

A) Президенттік

B) федеративтік

C) конфедерация мүшесі

D) монархиялық

E) азаматтық қауымдастық
$$$ 40

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан:

A) жоғарғы моральдық - этикалық қағиданы ұстайтын мемлекет

B) саяси қызметте жоғары мәдениеттегі мемлекет

C) діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген

D) заң мемлекеттен жоғары тұруды мойындаған мемлекет

E) қоғамның ерекше құқықтарын мойындайтын мемлекет
$$$ 41

Территориялық құрылысы жағынан Қазақстан Республикасы қандай мемлекет түріне жатады?

А) парламенттік

В) конфедерациялық

С) президенттік

D) федеративтік

Е) унитарлық (біртұтас)
$$$ 42

Халық билігін жүзеге асыру нысандары:

А) Республикалық референдум және сайлау

В) отырыстар

С) мемлекеттік органдарға өз билігін жүзеге асыруды беру

D) дөңгелек столдар

Е) еркін шерулер
$$$ 43

Діни институттардың мемлекеттік институттардан бөлінуі қандай мемлекеттерге тән?

A) зайырлы мемлекеттерге

B) демократиялық мемлекеттерге

C) құқықтық мемлекеттерге

D) клерикалды мемлекеттерге

E) геократиялық мемлекеттерге
$$$ 44

ҚР мемлекеттік рәміздері қатарына не жатады?

A) ҚР Конституциясы

B) ҚР территориясы

C) ҚР картасы

D) ҚР қолданатын мөрлері

E) ҚР мемлекеттік елтаңбасы, Туы, Әнұраны
$$$ 45

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға жауаптарды қандай тілде береді?

A) ыңғайлы тілде

B) мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде

C) ағылшын тілінде

D) орыс тілінде

E) ауызша береді
$$$ 46

Мемлекетке тән барлық элементтердің тәуелсіз мемлекет белгілеріне сәйкес келуі қалай аталады?

A) мемлекеттік сәйкестілік

B) мемлекеттік егеменділік

C) мемлекеттік тәуелсіздік

D) ұлттық егемендік

E) халық егемендігі
$$$ 47

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі:

A) орыс тілі

B) орыс және қазақ тілі

C) қазақ тілі

D) келісім шартта көрсетілген тіл

E) халықаралық құқықтағы қолданылатын тіл
$$$ 48

Қазақстан Республикасында демократияның келесі түрлері бекітілген:

A) ашық демократия

B) шектелген демократия

C) өркениетті демократия

D) президенттік демократия

E) өкілетті және тікелей демократия
$$$ 49

Қазақстан Республикасының азаматтығын беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді кім қабылдайды?

A) ҚР-ның Үкіметі

B) ҚР-ның Парламенті

C) ҚР-ның Президенті

D) ҚР-ның Жоғарғы Соты

E) тиісті әкімшілік-аумақтық әкімияттар
$$$ 50

Әлеуметтік-экономикалық құқықтар тобына жататын құқықты көрсетіңіз:

A) өмір сүру құқығы

B) ар-ождан бостандығы құқығы

C) ақпаратты алу және сөз бостандығы құқығы

D) енбек ету, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы

E) жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы
$$$ 51

Адам құқықтары өз мазмұны бойынша қалай жіктеледі?

A) адам және азаматтарға қатысты құқықтар

B) бірінші, екінші және үшінші топтың құқықтары

C) жеке, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар

D) негізгі және қосалқы құқықтар

E) ажырамас құқықтар
$$$ 52

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін қандай элементтер құрайды?

A) құқықтар мен бостандықтар

B) тек қана құқықтар

C) тек қана міндеттер

D) міндеттері және азаматтылығы

E) құқықтары, бостандықтары және міндеттері
$$$ 53

Қосазаматтық Қазақстан Республикасында:

A) барлық азаматтарға берілуі мүмкін

B) рұқсат етілмеген

C) Сыртқы Істер министрлігінің келісімімен беріледі

D) ҚР Үкіметінің келісімімен беріледі

E) тек-қана ТМД-ға кіретін мемлекеттер азаматтарына рұқсат етіледі
$$$ 54

Азаматтықтан айырылуға негіз болып табылмайды:

A) егер тұлға адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса

B) ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса

C) ҚР-сы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса

D) басқа мемлекеттің қауіпсіздік, полиция және өзге де мемлекеттік органдарына қызметке тұрса

E) Мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданбаса
$$$ 55

Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі міндетті көрсетіңіздер:

A) ҚР-сы Конституциясын және заңдарын сақтау

B) басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу

C) Қазақстан Республикасын қорғау

D) заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу

E) енбек ету міндеті
$$$ 56

Санкциясыз жеке тұлғаны қанша уақыттан аспайтын мерзімге ұстауға болады?

A) 10 сағат

B) 24 сағат

C) 36 сағат

D) 72 сағат

E) бір тәулік
$$$ 57

Жеке тұлғаның саяси құқықтарына жатпайды:

A) сайлау құқығы

B) сайлану құқығы

C) Республикалық референдумға қатысу құқығы

D) мемлекет ісін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу құқығы

E) еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді өз қалауы бойынша таңдап алу құқығы
$$$ 58

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылмайды:

A) ҚР-сы алдында өтелмеген міндеттемелері болса

B) кәмелет жасқа толмаған азамат болса

C) ҰҚК-нің қызметкері болса

D) сот үкімі бойынша жазаны өтеп жүрсе

E) азаматтықтан шығу ҚР-ның мемлекеттік қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе
$$$ 59

Тұрғын үйге қол сұқпау құқығын адам құқықтарының қандай тобына жатқызамыз?

A) еңбек ету құқықтарына

B) экономикалық құқықтарға

C) саяси құқықтарға

D) конституциялық құқықтарға

E) құқықтық қағидаларға
$$$ 60

Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негізіне не жатпайды?

A) ҚР-да тууы бойынша

B) ҚР-ның азаматтығына қабылдау

C) ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша

D) ҚР-ның азаматымен некеге тұру

E) ҚР-сы азаматын асырап алу
$$$ 61

Қазақстан Республикасында шетел азаматтары ретінде кімдер танылады?

A) ҚР-ның азаматтары емес тұлғалар

B) өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатынына қатысты дәлелі бар шетел азаматтары

C) басқа мемлекеттің азаматы болып табылатынына қатысты дәлелі жоқ адамдар

D) ҚР-ның азаматы емес және де басқа мемлекеттің азаматы екендігі туралы тиісті дәлелдері бар адамдар

E) ҚР-ның азаматымен некеге отырған адамдар
$$$ 62

Саяси баспана беру мәселесін кім шешеді?

A) ҚР Парламенті

B) ҚР Президенті

C) ҚР Үкіметі

D) ҚР Сыртқы Істер министірлігі

E) ҚР Конституциялық Кеңесі
$$$ 63

ҚР-да азаматтығы жоқ адамдар ретінде кімдер танылады?

A) ҚР-ның азаматтары емес тұлғалар

B) өзінің басқа мемлекеттің азаматы болуына қатысты дәлелі жоқ тұлғалар

C) ҚР-ның азаматы емес және де басқа елдің азаматы болуына қатысты дәлелі жоқ тұлғалар

D) басқа елдің азаматтылығына қатысты тиісті дәлелі бар тұлғалар

E) бұрын ҚР-ның азаматымен некеде тұрған тұлғалар
$$$ 64

Ар-ождан бостандығы қандай құқықтар тобына жатады?

A) жеке бастың құқықтарына

B) экономикалық құқықтарға

C) әлеуметтік құқықтарға

D) азаматтық құқықтарға

E) саяси құқықтарға
$$$ 65

Президенттің кезекті сайлауы қай уақытта өткізіледі:

A) қаңтар айының бірінші жексенбісі

B) желтоқсан айының соңғы тоқсаны

C) қазан айының бірінші жексенбісі

D) наурыз айының бірінші жексенбісі

E) желтоқсан айының бірінші жексенбісінде
$$$ 66

Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне кірмейтін орган:

A) орталық сайлау комиссиясы

B) территориялық сайлау комиссиясы

C) округік сайлау комиссиясы

D) аудандық сайлау комиссиясы

E) учаскелік сайлау комиссиясы
$$$ 67

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау тәртібі:

A) жанама

B) тікелей

C) төте

D) басым көпшілік дауыс жинау арқылы



E) сайлаушылардың 2/3 дауысын жинау арқылы
$$$ 68

Орталық сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі:

A) 5 жыл

B) 3 жыл


C) 10 жыл

D) 1 жыл


E) 2 жыл
$$$ 69

Президенттікке кандидат келесі жағдайда сайланды деп есептеледі:

A) сайлауға қатысқан сайлаушылардың 50%-тен астам дауысын жинаса

B) сайлауға қатысқан кандитдаттардаң ең көп дауыс жинаса

C) сайлаушылардың жалпы санының 50% дауысын жинаса

D) сайлауға қатысқандардың 2/3 дауысын жинаса

E) басқа кандидаттарға қарағанда қөп дауыс жинаса
$$$ 70

Округтік сайлау комиссиялары неше мүшеден құрылады?

A) 5 мүшеден

B) 7 мүшеден

C) 10 мүшеден

D) 12 мүшеден

E) 15 мүшеден
$$$ 71

Әр сайлау учаскесінде сайлаушылардың саны қанша болу керек?

A) 5 000 сайлаушылардан көп емес

B) 2 000 сайлаушылардан көп емес

C) 5 000 сайлаушылардан артық

D) 3 000 сайлаушылардан көп емес

E) 3 000 сайлаушылардан көп
$$$ 72

Сайлау бюллетеньдері сайлау комиссияларына қандай уақытта беріледі?

A) сайлауға дейін 10 күн қалғанда

B) сайлауға дейін 14 күн қалғанда

C) сайлауға дейін 1 күн қалғанда

D) сайлауға дейін 3 күн қалғанда

E) сайлау күнінде
$$$ 73

ҚР Президентін сайлау нәтижесі туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында қашан жариялану керек?

A) сайлау өткізілген күннен бастап 14 күннен кем емес мерзімде

B) сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кем емес мерзімде

C) сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кем емес мерзімде

D) сайлау өткізілген күннен бастап 5 күннен кем емес мерзімде

E) сайлау күнінен кейінгі күні
$$$ 74

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру тәртібі:

A) саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар

B) саяси партиялардың ұсыныстары негізінде әкімияттар

C) әкімнің ұсынысы негізінде маслихаттар

D) тиісті маслихат

E) әкімдер дербес түрде
$$$ 75

Сайлау округтерін кім құрады:

A) Орталық сайлау комиссиясы

B) тиісті әкімият

C) тиісті мәслихат

D) әкімнің шешімімен

E) Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары
$$$ 76

Сенат депутаттарын сайлау кезіндегі қайта дауыс беру қашан өткізіледі?

A) алғашқы дауыс беруден кейін 7 күн ішінде

B) алғашқы дауыс беруден кейін 5 күн ішінде

C) алғашқы дауыс беруден кейін 3 күн ішінде

D) алғашқы дауыс берілген күні

E) мүлдем өткізілмейді
$$$ 77

Мәжіліс депутаттығына кандидаттықты ұсыну қай уақытта өткізіледі?

A) сайлауға дейін 3 ай мерзімде

B) сайлауға дейін 1 ай мерзімде

C) сайлауға дейін 60 күн ішінде, 40 күн қалғанға дейін

D) сайлауға дейін 40 күн ішінде

E) сайлауға дейін 20 күн ішінде
$$$ 78

Республика Президенттігіне кандидаттарды тіркеуді кім жүзеге асырады

A) округтік сайлау комиссиясы

B) аумақтық сайлау комиссиясы

C) учаскелік сайлау комиссиясы

D) Орталық сайлау комиссиясы

E) Әділет Министрлігі


Каталог: files -> OMKO -> Baza testovyh zadanii
Baza testovyh zadanii -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Baza testovyh zadanii -> Қазақстан республикасының Ғылым және ғылым министрлігі
Baza testovyh zadanii -> Тест тапсырмалары
Baza testovyh zadanii -> Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрлігі халықаралық қатынастар тарихы
Baza testovyh zadanii -> Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрлігі халықаралық қатынастар тарихы
Baza testovyh zadanii -> Қазақстан Республикасы Ѓылым және Білім министрлігі
Baza testovyh zadanii -> Аға оқытушы Г. Т
Baza testovyh zadanii -> Тест тапсырмалары
Baza testovyh zadanii -> «информатика»
Baza testovyh zadanii -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік е. А. БӨкетов атындағЫ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет