Реалийлердің КӨркемдік маңызы мен берілу тәсілдері айтмұханбетова А. С. Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



Дата01.07.2016
өлшемі46.5 Kb.
#170340
РЕАЛИЙЛЕРДІҢ КӨРКЕМДІК МАҢЫЗЫ МЕН БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ

Айтмұханбетова А.С.

Алматы қаласы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

PD.kafedra 96@

XVIII ғасырдың ортасында Англиядағы әдеби сахнадан роман жанрындағы дарынды жазушылар орын алды. Олар өз шығармаларында кәсіпқой саясаткерлер, журналистер мен оқымыстыларға қарағанда, ағылшын қоғамына саяси-әлеуметтік шындықты шебер аша білді.

Диккенс, Бронте Гаскель ханым сынды беделді жазушылар қатарындағы құрметті орындардың бірі Теккерейге де тиесілі болды.

Чарлз Джон Хаффам Диккенс 1812ж 7 қаңтарында Лендпортта дүниеге келген. 1805ж оның әкесі, Джон Диккенс (1785/1786-1851), қаржы басқармасында клерк лауазымын иемденеді. 1809ж ол Элизабет Барроуға үйленеді. Чарлз сегіз баланың ішінде екіншісі еді. Оқып, тоқуды Чарлз өз анасынан үйренеді, содан соң бастауыш мектепке барады.

Чарлз Диккенс пен Уильям Теккерей әлем әдебиетінде әлеуметтік сатира, сол кездегі ағылшын қоғамының буржуазиялық-аристократиялық билеуші топтарын шебер әшкерелеуші ретінде танылды. Жазушы-демократ шығармашылығының әлеуметтік-сыни бағыты оқырмандар назарын бірден өзіне аударса, әдеби сыншылар оның шығармашылығына теріс көзқарас білдірді.

Теккерейдің шығармашылық мұрасы уақыт сынынан өтіп, бүгінгі таңға дейін өмірлік маңызын жойған жоқ. Уильям Мейкпис Теккерей Үндістанның Калькута қаласында 1811ж дүниеге келді.

Уильям Теккерей – журналист, сықақшы, жазушы, баспагер. Сондықтан өз шығармасында ол он тоғызыншы ғасырдың қырқыншы жылдарындағы жұмысшы қозғалысына оспақ-әзілімен, өткір сынымен дем береді. Ол қоғамдағы жат құбылысты қуыршақ арқылы әжуалап отырады. Сондықтан да болар 1847 жылдың қаңтарынан 1848 жылдың шілдесіне дейін «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» айлық апталықта жарияланды.

Уильям Теккерей «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» атты романында: «романист бәрін де біледі» дейді. Расында да жаратылысынан дарынды жан қуыршақ кейіпкерлерімен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын қауымының сырын шертеді. Ол кейіпкерсіз роман дей отырып, адам баласының жаратылысынан біткен қасиетін ғажайып суреттейді.

Ч. Диккенс пен У.Теккерей өз романдарында реалий сөздерді көптеп қолданады. Әрине реалийлердің шығармада көп мөлшерде болуы авытордың жазу стилінің ерекшелігін көрсетеді деп ойлаймыз.

Қазақ әдебиеттануында көркем аударманың кенже қалып, терең жан-жақты зерттеу саласына айнала алмай келе жатқан бір арнасы – реалий сөздердің аударылуы, оның ішінде ағылшын прозасындағы мәдени реалийлердің қазақ тіліне аударылу жайы. Бүгінгі күнде ағылшын прозасының , ағылшын жазушыларының бірқатарының шығармалары қазақ тіліне аударылды. Бірақ, ағылшын прозасындағы мәдени реалиилердің қазақ тіліне аударылуы ғылыми зерттеу пәні дәрежесінде бүгінгі күнге дейін қазақ әдебиеттануында толық қалыптасып, даму сатысына өте алмай отыр. Себебі ағылшын шығармалары қазақ тіліне тікелей аударылмай, сатылы аударылып келеді. Бірлі-жарым зерттеу еңбектері осы бағыттағы алғашқы ізденістер қатарына жатады. Бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы қазақ әдебиеттануында жаңа бағыттың қалыптасып, дамуына алып келетіндігі анық [2,74б]. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ағылшын прозасындағы мәдени реалийлердің қазақ тіліне аударылуы бір емес, бірнеше ғылыми мекеменің көп жылдық зерттеу пәні бола алады. Мұндай зерттеулердің нәтижесі ағылшын прозасындағы мәдени реалийлердің әлемдік маңызы мен мәнін таныта бастайды. Сондықтан да ағылшын жазушыларының шығармаларындағы ұлттық ерекшелікті білдіретін сөздердің қазақ тіліне аударылуы арнайы сараптау мен саралау саласындағы зерттеулердің қазіргі аударматану ғылымы үшін зәрулігі өте жоғары. Көптеген ғалымдар реалий-сөздердің аударылу жолдарының әртүрлі тәсілдерін береді. Оның ішінде ең жиі қолданылатындары: транслитерация, транскрипция, калькалау, суреттеу, жақын баламасын беру және трансформациялық әдіс.

Сөзіміз дәлелді болу үшін жоғарыда айтылып кеткен аударма тәсілдерін қолдана отырып, көркем әдебиет мәтіндерінен реалий сөздерінің аударылу жолдарын нақты мысалдармен берік. Ч.Диккенстің «Оливер Твист» атты романы мен У.Теккерейдің «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» атты романындағы реалий-сөздерді негізге ала отырып, романдардың аудармаларымен салыстыру жұмыстары жасалды.


  1. Транскрипция әдісі (фонетикалық формасын беру, яғни естілуі бойынша жазу). Транскрипция аудармада ең жиі қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Транскрипция әдісі сондай-ақ қосымша түсіндіруді талап етеді.

Кей жағдайларда аудармашы оқырманның біліміне сенім артып, реалийлерді түсіндірмей транскрипция тәсілімен береді.

Ағылшын нұсқасы: “What is it?” inquired the beadle. [5,7]

Қазақ нұсқасында:

-Тамшы болғанда ненікі? –деді ақыры әуестік женген бидл.[3,14]

Орысшаға аударған Кривцова да бидл сөзін транскрипция әдісімен береді:

-Капельку чего именно? – осведомился бидл. [4,13]

Ағылшын түсіндірме сөздіктерінде бидл сөзіне келесідегідей түсіндірме береді: - Британиядағы шіркеу қызметкерлеріне тәртіпті сақтауға көмектесетін полиция қызметкері.

Оливер Твистің басынан кешкендері романында ағылшын реалийі «beadle» «бидл» деп транскрипция әдісімен берілгенін көріп отырсыздар алайда, ол ұлттық ерекшеліктегі реалий болып табылады.



  1. Транслитерация әдісі. Сөздің графикалық формасын беру. Бұл әдіс те транскрипция әдісі секілді аудармада жиі кездеседі және көбіне онамастикалық реалийлерді (топонимдер, антропонимдер), кейде географиялық атауларды аудару кезінде қолданады. Ч. Диккенс романында clerk деген ағылшын реалий-сөзі кездеседі. Аудармашы ағылшынның клерк реалий-сөзін транслитерация әдісімен берген. Ағылшын реалийінің коллориті толық сақталғанмен бұл сөз оқырманға түсініксіз болуы мүмкін. Себебі clerk – Батыс Еуропа елдеріндегі және Америкадағы кеңсе қызметкері екендігін барлығы біле бермейді. Ал sandwiches сөзі орыс, қазақ тілдеріне сандвич деп аударылыпты. Біздің ойымызша бұл дұрыс шешім себебі сандвич реалий-сөзі барлығына танымал тағам түрі және түсіндіруді талап етпейді.

  2. Калька әдісі, сөздің морфемалық бөлшегін аудару немесе толық сөзді аудару арқылы ұлттық колларитті сақтай отыра беру. Мысалы: Ч.Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері» романында автор тарихи реалийлерді көптеп қолданады және мынадай фразаны кездестіруге болады: «….Of this festive composition each boy had one porringer, and no more except on occasions of great public rejoicing, when he had two ounces and a quarter of bread besides». [5,12б] Заманбек Әбдешевтің ауждармасында былай берілген: «Әрбір бала осы тамаша қоймалжыңнан бір-бір табақ алатын, мерекелерде бұдан өзге екі жарым унция нан беретін». [3,19б]

Яғни, унция – 28.35граммға тең келетін өлшем бірлік. Аудармашы калька әдісін ұтқыр қолданған, алайда унция өлшем бірлігіне түсіндірме беріп кетсе нұр үстіне нұр болар еді.

  1. Жақын аудармасын беру. Реалийдің аударылып жатқан тілдегі реалиймен алмастырылуы. Бұл әдіс географиялық реаклийлерді (флора, фауна, мәдени өсімдіктер), этнографиялық реалийлерді (киім-кешек, тағам, дәрі-дәрмек), лақап аттарды, қоғамдық саяси реалийлерді беру кезінде жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы аударма тілінде немесе басқа ел мәдениетінде реалийлердің сәйкестігін табу әрдайым мүмкін бола бермейтіндігін көрсетеді. Мысалы ағылшын нұсқасындағы: «Send me a large cloak: a good warm one: it is bitter cold». [5,37б] Аудармасы: «Маған үлкен шекпен жіберіңіз- жақсы жылы шекпен болсын, өйткені сұмдық суық болып тұр ғой». [3,43б] Ағылшын «cloak» сөзі қазақшаға «шекпен» болып аударылыпты. Бұл сөзінің нақты аудармасы емес жақын аудармасы себебі ағылшындардың «cloak» деп отырғандары жеңі жоқ, ыиыққа жамылып жүретін сыртқы киім. Ал қазақтардың шекпені түсіндірме сөздіктерде былай берілген: шапан үлгісімен тігілген тыс киім. Ал шапанның жені болатындығы бәрімізге аян.Сонда аудармашы сөзінің жақын аудармасын ғана бере білген. Орыс нұсқасында оны «плащ» деп берген.

  2. Суреттеу, түсіндіру әдісі түпнұсқаның жақын аудармасын ғана береді және аударудың басқа жолдары жоқ кезде қолданылады. Транскрипция әдісі арқылы беруге келмейтін сөзді суреттеу әдісі арқылы беруге тура келеді. Түпнұсқа: «Mr. Bumble was at once instructed that Oliver Twist and his indentures were to be conveyed before magistrate, for signature and approval, that very afternoon». [5,18б]

Қазақша аудармасы: «Мистер Бамблге Оливер мен оның құжаттары сол күні қол қойғызу мен бекіту үшін сотқа жөнелтілуі керектігін дереу мәлім етті» [3,25б]

Орыс нұсқасы:

«Мистеру Бамблу немедленно объявили, что Оливер и его документы должны быть в тот же день преповождены к судье для подписи и утверждения». [4,24б]

Ағылшын сот жүйесінде «magistrate» дегендер жеңіл қылмыстық істерді қарайтын төменгі соттағы заң қызметкері. Аудармашы суреттеу әдісін қолданған және аударма өте сәтті шыққан.

Реалий аударманың ең қиын, күрделі құбылысы, аударма теориясының әлі зерттеліп бітпеген үлкен мәселесінің бірі. Реалийлерді кейде сол күйінде қалдыруға да, кейде сол тілге жақын, баламалы сөздермен алмастыруға да болады. Реалийлер ұлттық тілді жаңа ұғымдармен байытады, кейде басқа ұлттың төл тіліндегі қолданысқа енеді. Шығарманың ұлттық сипатын, түрін сақтап, ұлттық колоритін дәл, шынайы беру білу аудармашы таланттылығы ғана емес, дара суреткерлік болмысын байқатады. Аудармашы-суреткер автор талантына тең немесе асып түсетін шығармашылық тұлға деп саналады. Ұлттық әдебиетіміздегі аударма дәстүрін қалыптастырған Абай, Әуезов шын мәнінде суреткер-аудармашылар. Олар әлем әдебиетінің классикасынан аударма жасаудың алғашқы үлгісін, озық сипатын көрсетумен бірге, ұлттық тіл байлығын пайдаланудың шеберлігін дәлелдей білді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. М.: Русский язык, 1980.

2. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. М.: Русский язык, 1983.

3. Диккенс Ч. Оливер Твистің басынан кешкендері. ауд. Абдешев З. Астана, 2004.

4. Диккенс Ч. Приключения Оливера Твиста. пер. Кривцовой. Москва, 1992.



5. Dickens Ch. Oliver Twist. London, 1992.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет