Зертханалық -тәжірибелік жұмыс №2
Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің ортасында файлдармен және папкалармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін үйрену, сонымен қатар жұмыс столының құрылымымен танысу.
Тапсырма:
Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:
1. Windows жұмыс столының құрылымын үйрену.
2. Дискте файлды іздеу шарттарын меңгеру.
3. Жұмыс столында папка құру.
4. Жұмыс столындағы папканы дискке көшіру.
Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Компыотерді қосқан кезде автоматты түрде Windows ХР операциялық жүйесі жүктеледі. Экранда келесі элементтерден түратын Windows ХР столы деп аталатын қолданушы интерфейсі пайда болады.
-
Пиктограммалар — суреттер кескінделген кнопкалар. Суреттер берілген кнопканы басқанда орындалатын әрекет үғымын білдіреді. Олар көбінесе экранның оң жақ жоғары бүрышында орналасады. Пиктограммалар программаларды тез жүктеу үшін қолданылады. Жүмыс столында пиктограммалар көп болуы мүмкін немесе мүлде болмауы да мүмкін.
-
Белгішелер. Белгіше екі бөлімнен түрады:
-
сурет,
-
жазу.
Белгішелер әртүрлі программаларды тез жүктеу үшін қолданылады, сонымен қатар әртүрлі сервистік функцияларды орындайды.
Менің компьютерім - қатты және иілгіш дисктердегі файлдар мен папкалармен жүмыс істеуге мүмкіндік береді, атап айтқанда көшіру, жою, көру, компыотер ресурстарын көрсету.
Желілік қоршау - желіде жұмыс істеуді іске асырады, яғни жергілікті есептеу желісіне қосылған компыотерлердегі файлдар мен папкалармен жүмыс істеуге болады.
Себет— мәліметтерді уақытша сақтауга жөне мәліметгерді қажет кезіиде қайтадан қалпына келтіруге арналған.
Norton Commander — операциялық жүйе қабықшығы. Windows 98 сияқты файлдармен жүмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ мұнда жеңілдетілген түрде қарапайым қолданушы интерфейсіне ие.
Іnternet Ехрlогег - броузер-программа, Интернет желісінде тармақтар бойынша іздеуге арналған.
Жоғарыда көбінесе кез-келген компьютерде белгілі-бір тәртіппен орналасқан белгішелерді сипаттадық.
- Іске қосу батырмасы. Бұлда әртүрлі программаларды жүктеуге
арналған. Іске қосу кнопкасын басу кезінде әртүрлі программалар
орналасқан есеп тақтасы ашылады. Сонымен қатар, Іске қосу кнопкасы
арқылы жұмыс столының параметрін және оның элементтерін өзгертуге
болатын басқару тақтасына енуге болады.
-
Сағат — нақты уақытты көрсететін жұмыс столының элементі.
-
Тіл ауыстырғыш — тілдерді қосу үшін қолданылады.
Жұмыс столын жөндеу үшін тышқанның сол жақ кнопкасымен Іске қосу кнопкасын басыңыз. Содан кейін Баптау командасын таңдаңыз. Бұдан кейін жөндеуге арналған әртүрлі объекттер бар терезе пайда болады:
Экран — экран параметрлерін: фон, белгіше түстерін өзгерту, заставка параметрелерін өзгертугс болады.
Экран фонын таңдау үшін экранды жөндеу терезесіндегі Фон салғышын басу керек. Содан кейін фон ретінде таңдап алуға болатын суреттер тізімі пайда болады. Қажетін таңдап, оны ортаға, оң жақ нсмесе сол жақ бұрышқа орналастыру керек. Содан кейін ОК кнопкасын басу керек. Экранда сіз таңдап алған фон орнайды.
Заставка — экранның жанып кетпеуінен сақтандыратын арнайы программа. Пернетақтадан ешқандай белгі түспегендіктен арнайы энергия сақтау ресурсы іске қосылады. Жүмыс столында әртүрлі кескіндер пайда болады. Осылардың біреуін орнату үшін экран жөндеу терезесіндегі Заставка салғышын басыңыз. Заставка ретінде қолдануға болатын бейнелер мен эффект тізімі пайда болады. Керек бейнені таңдап алып, заставканы алдын-ала көру үшін Көру кнопкасын басыңыз. Сонымен қатар заставканың шығу уақыт аралығын белгілеңіз. Барлық параметрді орнатқаннан кейін ОК кнопкасын басыңыз.
Көркемдеу - жүмыс столындағы объектілердің түстер параметрін орнатады. Схема — түстік гамманың схемасы алынады, Элемент — жұмыс орнында түс орнату қажет элемент таңдап алынады. Түсті орнату Элемент пиктограммасымен қатар орналасқан Түс пиктограммасының көмегімен орнатылады. Сәйкес орнатуларды таңдап алғаннан кейін ОК копкасын басу керек.
Жөндеу - экранның рұқсат етілген мүмкіндіктерін, сонымен қатар түстер жинағын таңдау үшін қолданылады. Ол үшін экранды жөндеу терезесінде Жөндеу салғышын басыңыз. Содан кейін шағын монитордың кескіні пайда болады, төменде монитордың түрлері келтірілген. Түстер жинағы терезесінде түстер жинағының түрі таңдалады, ал Экран аумағы терезесінде рұқсат етілген мүмкіндік орнатылады. Ең жоғары 1024x768 пиксель. Сәйкес режимді орнатқаннан кейін ОК кнопкасын басу керек.
Эффект — жүмыс столындағы белгішелердің сыртқы түрлерін, олардьщ формасы мен өлшемдерін өзгерту үшін қолданылады.
2. Дискте файлды іздеу
Сонымеп қатар Іске қосу кнопкасының көмегімен файлдарды және папкаларды іздеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін Іске қосу кнопкасын басып, іздеу жолын таңдаңыз. Бұл жолды таңдаған кезде қандай папкалар мен файлдарды іздеу керек туралы Windows XP терезесі пайда болады. Сонымен қатар іздеу жүретін жолды көрсету керек. Егер іздеу жолы қиын болса, онда Обзор кнопкасын басыңыз, сол кезде іздеу жол мүмкіндігі көрсетіледі. Сәйкес параметрлерді орнатқаннан кейін Табу кнопкасын басыңыз, файлды көру терезесінде таңдалған шартты қанағаттандыратын барлық файлдар пайда болады.
Файлды іздеу үшін мынандай шаблондарды қолдануға болады:
-
"*.*" - шаблоны кеңейтуі әртүрлі файлдарды іздеуді білдіреді.
-
"ивс." – кеңейтуі әртүрлі ивс атты файлды іздеуді білдерді.
-
*.*doc кез-келген файлды doc кеңейтілуі іздеуді білдіреді.
Егер сіз файлдың атын толық есіңізге түсіре алмасаңыз, файл атының алгашқы символдарын енгізуге болады. Файлды көру терезесінде аттары көрсетілген символдардан басталатын файлдар пайда болады.
-
Жұмыс столында папка жасау үшін тышқанның оң жақ
кнопкасын басыңыз. Қосымша меню пайда болады, менюден Жасау командасын таңдап, оны тышқанның сол жақ кнопкасымен басыңыз. Жұмыс столында портфель бейнесінде пиктограмма пайда болады, яғни бұл жасалған папка. Оның төменгі жағындағы төртбұрыштың ішінде папканың аты.
-
Жұмыс столынан С дискісіне папканы көшіру үшін Менің
компьютерім атты иконканы тышқанның сол жақ кнопкасымен басыңыз, содан кейін С дискісін басыңыз. Тышқан курсорын жүмыс столындагы папкаға апарып, тышқанның сол жақ кнопкасын басып, оны жібермей курсорды Менің компьютерім терезесіне әкеліңіз. Курсормен бірге папкаңызда көшеді.
Тапсырма:
Тапсырма 1. Жұмыс столында «Информатика» папкасын құрып оны D: дискісіне көшіріңіз. «Мои документы» папкасындағы барлық мәтіндік текстерді іздеңіз.
Тапсырма 2. Жұмыс столында «Информатика» папкасын жасап, оны D: дискісіне көшіріңіз. Компьютердің дискісіндегі барлық WMF-файлдарын іздеңіз.
Тапсырма 3. Жұмыс столында «Кітапхана» папкасын жасап, оны D: дискісіне көшіріңіз. «Менің құжаттарым» атты папкасындағы барлық Word құжаттарын іздеңіз.
Тапсырма 4. Жұмыс столында «Экран» папкасын жасап, оны D: дискісіне көшіріңіз. JPG кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 5. D: дискісіне «Компьютер» папкасын құрып, оны жұмыс столына алып келіңіз және com кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 6. Жұмыс столында «Студент» папкасын жасап, оны D: дискісіне көшіріңіз, zip кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 7. Жұмыс столында «Ақпараттық жүйе» папкасын құрып, оны D: дискісіне көшіріңіз.
Тапсырма 8. Жұмыс столында «Қарағанды» папкасын құрыңыз. Gif кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 9. «Астана – бас қала» папкасын құрыңыз және jpg кеңейтуіндегі файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 10. «КЭБП КЭУК» папкасын құрыңыз және xls кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 11. Жұмыс столында «Әлем СҮ» папкасын құрып, оны D: дискісіне көшіріңіз. bmp кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 12. Жұмыс столында «Мамандық» папкасын жасаңыз, оны D: дискісіне көшіріңіз. dll кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсрыма 13. Жұмыс столында «Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындары» папкасын құрыңыз, оны D: дискісіне көшіріңіз. Html кеңейтуіндегі барлық файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 14. Жұмыс столында «Windows» папкасын құрыңыз, оны D: дискісіне көшіріңіз. sys кеңейтуіндегі файлдарды іздеңіз.
Тапсырма 15. Жұмыс столында «Excel» папкасын құрыңыз. Оны D: дискісіне көшіріңіз. xls кеңейтуіндегі файлдарды іздеңіз.
WINDOWS - тың стандартты қосымшалары.
Достарыңызбен бөлісу: |