Редакция алқасы құрамында белгілі шетел (Германия, Польша, Ресей) ғалымдары енгізілген. Журналға халықаралық индекс issn берілген



Дата04.03.2016
өлшемі37.68 Kb.
#38661
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «БҚМУ Хабаршысы» ғылыми журналына өздеріңіздің ғылыми зерттеулеріңіздің материалдарын жариялауға шақырады.

«БҚМУ Хабаршысы» ғылыми журналына жариялауға білім мәселелеріне қатысты ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар гуманитарлық, жаратылыстану, экономикалық, өнертану, техникалық ғылымдар, сонымен бірге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері мазмұнын құрайтын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар қабылданады.

Журнал 2000 жылдан бастап жылына 4 рет шығады, мақалалар тоқсанның соңғы айының 1-не дейін қабылдайды (№1 (қаңтар-наурыз) 1.03.13ж. дейін, №2 (сәуір-маусым)1.06.13ж. дейін, №3 (шілде-қыркүйек) 1.09.13ж. дейін, №4 (қазан-желтоқсан) 1.12.13ж. дейін). Жинақ ҚР Қоғамдық келісім және ақпарат, мәдениет министрлігінің келісімімен 01.12.1999ж. тіркеліп, №971- Ж куәлігі берілген. Жинақ филология және педагогика ғылымдары бойынша диссертациясының негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен ғылыми басылым тізіміне енді.

Редакция алқасы құрамында белгілі шетел (Германия, Польша, Ресей) ғалымдары енгізілген. Журналға халықаралық индекс ISSN берілген.

Журналға бағытталған мақала (компьютерлік мәтін көлемі 8 беттен аспайтын) USB - жинағышы, CD-R дискімен (мәтіннің қолжазба түрінде, 1,0 интервалымен, 11 шрифтісінен кем емес және бір данасы А4 формат қағазында) берілуі керек.

Суреттегі берілген барлық әріп және сандық белгілер ең басты және сурет астындағы мәтінде түсіндірілуі қажет. Мәтін мұқият тексерілген және редакцияланған болуы қажет. Сканерленген мәтіндер, грамматикалық қателері бар мақалалар жинаққа енгізілмейді.

«БҚМУ Хабаршысы» ғылыми жураналына дайындық кезінде материалдарды жариялауға автор туралы мәлімет көрсетілуі қажет (аты-жөні, (толық), ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, мекен-жайы, электрондық почтасы, тел.), ӘОЖ нөмірі, ішкі немесе сыртқы рецензиясы, аңдатпа, мақала тіліндегі түйін сөз, әдебиеттер. Қолданылған әдебиеттер тізімі соңына ТАӘ., мақала атауы, түйіндеме, түйін сөз (мемлекеттік тілдегі мақалада орыс және ағылшын тілінде, басқа тілдегі мақалада мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілінде), төленген түбіртек көшірмесі болуы керек (мақала жариялау құны 4500 теңге, университет қызметкерлеріне 2500 теңге). Мақала эксперттік комиссия бекіткен ғылыми-техникалық Кеңестің эксперттік тұжырымдамасынан кейін жарияланады.

Банк реквизиттері: ҚР Халық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Орал қаласы ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БИН 000340002393, («БҚМУ Хабаршысы» ғылыми жураналына жариялау үшін)

Мақалалар мен өтініштер, жарнасының төленгені жөнінде түбіртек мына мекен-жайда қабылданады: БҚО, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Студенттік көш., 1, №8 оқу ғимараты, 2-қабат, 210-каб.

Толық ақпарат алу үшін Ғылым және коммерцияландыру департаментіне хабарласа аласыз. 8(7112)260368, 8(702)7903797,8(705)3283446. Электрондық пошта:nauka-wksu@mail.ru.


Мақала жазу үлгісі:

ӘОЖ № 372.857

Кайсагалиева Г.С. - б.ғ.к., М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Уалиахметова Ж.Н. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты

e-mail: syly_88@mail.ru

ЖОО-ғы биология мамандығы студенттерінің ақпараттық технологияны пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері

Аннотация. Мақалада қазіргі заманға сай сапалы білім берудегі озық технология, оқытудың белсенді әдістері, әр студенттің ғылыми жұмысын дұрыс ұйымдастыруы, ақпараттық құрылғыларды тәжірибе жүзінде қолдануы баса назарға алынған.

Кілттік сөздер: Білім, ақпарат, технология, интерактивті тақта, ауыр металдар, токсинділік, биология.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы айрықша [1, б.6]. .........................................................................................................

Әдебиеттер


  1. Гавердовский Ю. К., Лисицкая Т. С.,. Разин Е. Ю, Смолевский В. М. Спортивная гимнастика (мужчины и женщины). – М.: Советский спорт, 2005. – с. 420.


Кайсагалиева Г.С. Уалиахметова Ж.Н.

Информационная технология обучения как основа научно – исследовательской работы учащихся высших учреждений по специальности биология.

Данная статья посвящена роли информационно – коммуникативных технологий при изучении научно – исследовательской работы учащихся высших учреждений. В статье рассматриваются методы исследования тяжелых металлов с помощью компьютерных программ.



Ключевые слова: знание, информация, технология, интерактивная доска, тяжелый металл, токсичность, биология

Kaisagalieva G.S. Ualiahmetova Zh.N.

Information technology of training as a basis scientifically – research work of pupils of the higher establishments on a speciality biology.

This article focuses on the role of information and communication technologies at studying scientifically – research work of pupils of the higher establishments. In article methods of research of heavy metals by means of computer programs are considered.



Key words: кnowledge, the information, technology, interactive board, heavy metal, toxicity, biology
Материалдар белгіленген тәртіп бойынша сай келмесе, жариялауға қабылданбайды. Қолжазба редакция көзқарасын білдірмейді және авторларға кері қайтарылмайды.


Құрметті әріптестер!

Редакция авторлардың аумағының кеңеюіне және түрлі ғылыми мектептер зерттеулерінің жариялануына қызығушылық танытады. Қазіргі заман ғылымының мәселелері алаңдататын ғалымдарды, мамандарды қарым-қатынасқа шақырамыз. Біздің журнал туралы әріптестеріңіз арасында ақпарат таратқаныңыз үшін

Сізге алғыс білдіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет