13 ақпан – Бүкіләлемдік радио күні. Радионы А.С.Попов ойлап тапқан.
Қазір радио - ең маңызды байланыс құралы. Әрине біздің қолымыздағы телефон компьютер т.б. заттар радионың дәлірек айтқанда сымсыз байланыстың жетілдірілген түрі. 1896 жылға дейін телефондар сыммен ғана хабар жеткізілді. Осы жылы 24 наурызда Ресейдің физика-химия қоғамының мәжілісінде орыс ғалымы Александр Степанович Попов дүние жүзінде алғаш рет 250 метр қашықтықтан сымсыз радиогоамма арқылы "Генрих Герц" деген екі сөзді жеткізді. Ол бұдан бір жыл бұрын 1895 жылы 7 мамыр күні өзінің алыстан электр сигналдарын сымсыз қабылдауға мүмкіндік беретін аспап ойлап шығарғаны туралы баяндама жасады. Бұл күн дүние жүзілік мәдениет тарихына қазіргі адам баласы молынан пайдаланып отырған ең зор жаңа табыстардың бірі ретінде "радио күні " болып қалыптасты.
Поповпен бір мезгілде рабиобайланыс идеяларын дамытып , радиоаппаратура жасау мәселесімен италияндық ғалым Г. Маркони де шұғылданды. Ол 1897 жылы электромагниттік толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатындығы жөнінде патентті Поповтан бұрын алды.
1894 жылы Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын қондырғыларға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың жақсаратынын байқады. Осылай радиотаратқыштар мен радиоқабылдағыштың маңызды бөлігі болып табылатын "антенна" ойлап табылды. Антенна ашық тербелмелі контур болып табылады.
Александр Степанович Попов (1859- 1906)
Радионы ойлап тапқан автор ретінде әу баста Гильермо Маркони саналды. Көпшілік адамдар солай ойлап келді. Тіпті АҚШ-тың жоғарғы соты 1943 жылы радионы Тесла ойлап тапқанын дәлелдейтін айғақтарға көз жеткізгенде Марконидің патентіне шектеу салды. Тесла радиобайланысты қабылдау және байланыстыру тетігі бар толқынның бір бөлшегі ретінде таныстырды. Ол осы технологияны таныстыру салтанатын Ұлттық электр қуаты ассоциациясының алдында өткізді. Тесла 2 өнертабысының патентін 1897 жылы (US 645576 және US 649621) алды. 1904 жылы АҚШ-тың Патент беру бюросы шешімін өзгертіп, радионы ойлап тапқан автор ретінде патентті Маркониге берді. Көпшілік қауым бұл шешім Марконидің қаржы жөніндегі серіктестері Томас Эдисон мен Эндрю Карнегидің есімдерімен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты. Бұл беделді адамдар патент беретін комиссияның шешіміне барынша ықпалын тигізуі мүмкін деп болжанды. Екінші жағынан АҚШ үкіметі үшін патентке төленетін төлемақыдан қашуға оңтайлы шешім болды.
Достарыңызбен бөлісу: |