ӘОЖ 631.5:635.611(262.83)
Қолжазба құқығында
Искакова Аида Балтабаевна
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРАЛ ӨҢІРІНДЕ АУДАНДАСТЫРЫЛҒАН ҚАУЫН СОРТТАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ АГРОТЕХНИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
РЕФЕРАТ
Ауылшаруашылық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Мамандығы 6М080100 - Агрономия
Қызылорда, 2013 ж
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Жаратылыстану және аграрлы технологиялар
институтының «Ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы» кафедрасы
және Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтында жасалды.
Ғылыми жетекші: а.ш.ғ.д. доцент, Ә.М.Тоқтамысов
Ресми оппонент: а.ш.ғ.к., В.С.Тян
Қорғау өткізіледі « ___» мамыр 2013 ж сағат ________
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде
(мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы
№4 оқу ғимараты Жаратылыстану және аграрлы технологиялар
институтының «Ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы»
кафедрасы)
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде
Ғылыми техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Бақша дақылдары Қазақстан Республикасында барлық дерлік облыстарда өсіріледі, бірақ оларды тауарлы өндіру және өсіру, жоғарғы сапалы өнім алумен оны шетке шығару мүмкіншілігі үшін өте қолайлы өңірлерде шоғырланған. Қазақстанда бақша дақылдарын өндірудің негізгі тауарлы аймақтары мына облыстар болып табылады. Оңтүстік Қазақстан – 15,0 мың.га, Қызылорда – 7,1 мың.га, Шығыс Қазақстан – 4,3 мың.га, Атырау – 10,0 мың.га.
Негізінен қауын өндірісі Қызылорда облысында дамыған, ал басқа облыстарда қарбыз өнімі басым. Адам тұтынуының белгіленген медициналық нормаларына (жылына 21-26 кг) сәйкес, өзіндік өндіру есебінен облыс халқын қауынмен қамтамассыз ету үшін 16-17 мың тонна өнім өндіру қажет. Дегенмен қазіргі уақытта жыл сайын 100 мың тонна өсіруде, өйткені Қызылорда қауындары ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие.
Сонымен қатар өндірушілер пісіп жетілу мерзімдері әртүрлі – сақталымды, өнімнің жоғарғы дәмді қасиеттермен тасымалға шыдамды, нарық жағдайында бәсекеге қабілетті сұрыптар шығаруы қажет.
Бұл бағыттағы ғылыми зерттеу жұмысы Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ жүргізілуде. Жылудың молшылығы, әрі өңірдегі ашық құрғақ ауа-райының басымдылығы әлемдік ассортименттің дәмдік қасиеттері бойынша үздік, осы дақыл сұрыптарын өсіруге қолайлы жағдай жасалған. Негізінен облыста қауын өсіруді дамытудың үлкен перспективасы бар.
Сонымен бірге басқа да Орта Азия республикаларының бақша өнімдерін тауарлы өнім өндіру мен салыстырғанда, Қызылорда облысы өте қолайлы географиялық орында тұрғанымен анықталады және де теміржол жолдарына жақын, олардың сыртқы рынокқа шығарылуы мүмкіншілігі мол.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қауын өсіру Қызылорда облысындағы басты салалардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында ерте пісетін - әңгелек, жазғы - Әміре, күзгі – Торлама және күзгі-қысқы – Қара күләбі және Қалайсан сұрыптары өсіріледі. Сонымен қатар Қазақстанның солтүстік өңірлері мен Ресейге шығарылатын, коммерциялық мүдде болып саналатын сұрыптарды өсіреді.
Сырдария деңгейінің соңғы жылдары төмендеуі негізгі дақыл саналатын күріш егісінің көлемін шектеуге алып келді. Осыған байланысты облыс тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында суды аз қажет ететін бақша, картоп және көкөніс дақылдарын егудің маңыздылығы артты.
Облыс негізінен сыртқа шығарылатын қауын өндірісімен айналысатын аймақ. Қазіргі таңда бұл аймақ атақ даңқын жоғалтып отыр. Жергілікті сорттармен жұмыс аз жүргізіледі. Көптеген бағалы сорттар жоғалып біткен.
Қызылорда облысының климаттық жағдайы және табиғи-ресурстық әлеуеті бақша дақылдарын өсіруге қолайлы әрі жеткілікті. Дегенмен, қолда бар мүмкіндіктер толығымен пайдаланылмай келеді. Табиғаттың жоғары сапалы қауындарды өсіруге берген құнды мүмкіндігін пайдалана отырып және сорттардың жоғары сапасын қалпына келтіру бойынша, жоғары әрі тұрақты өнім алу технологиясының негізгі агротехникалық мәселерін шешуге қатысты жұмыстар жүргізу қажет. Бұл бағытта пісіп-жетілу мерзімі әртүрлі, заманауи нарық жағдайында бәсекеге қабілетті қауын сұрыптарын шығару, мұның барлығы тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Зерттеу мақсаты – Арал өңіріндегі экологиялық жағдайларда аудандастырылған қауын сорттарының сорттық агротехникасын зерттеу
Зерттеу міндеттері:
– Егу әдісін анықтау
– Сырдария сортының оңтайлы егу мерзімін анықтау
– Сырдария сортының өсіп-өну кезеңінің егіс мерзіміне әсерін зерттеу
– Қауын дақылының өсіп-өну кезеңімен шаруашылық құнды қасиеттерінің, егу мерзімі мен егу әдісіне әсерін анықтау.
Практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижесінде Сырдария қауын сортының оңтайлы егіс мерзімі мен қауын өсірудегі тығыз орналасуы жүргізілген.
Жаңашылдығы:
Арал өңірі экстремалды табиғи-климаттық жағдайында аудандасқан Сырдария қауын сортының егу мерзімі мен егу әдістерін бірінші рет Сырдария сорты бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп отыр.
Тәжірибе нысаны – қауын (Cucumis melo L.,)
Аудандасқан сорттар: Ангелек, Сырдария
Арал өңіріндегі суармалы егіншілік жағдайындағы аудандастырылған қауын сорттарының сорттық агротехникасын зерттеу жұмыстары 2012 жылдары далалық тәжірибелер жүргізілді. Тәжірибе жүргізу барысында белгілі әдістемелер (Б.А.Доспехов,1985) және Қызылорда облысында ауыл шаруашылығын жүргізу жөніндегі ұсыныстар пайдаланып қолданылды.
Осыған орай тәжірибе Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығының «Төртқұлақ» жер учаскесінде суармалы егістің топырақ-климаттық жағдайларына төзімді қауынның жаңа сортының агротехникасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.Егістік тәжірибе жұмыстары ескі айдалған бақша дақылдары егілген жерде жасалған. Тәжірибе алаңында орташа тұздалған, саздақ механикалық топырақ құрайды. Алғы дақылы – тыңайған жер.Тәжірибелік далалық зерттеулер Қызылорда облысының орта табиғи-экономикалық аймағында жүргізілді: бақша дақылдарымен (қауын) – Қарауылтөбе қыстағынан батысқа 6-7 км.
Жұмыс нәтижелерінің жариялануы. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы мен мазмұны төменде көрсетілген баспаларда жарияланды:
-
Тоқтамысов Ә.М., Искакова А.Б., «Арал өңірінде қауын егістігінде арамшөптердің түр құрамы» Білім, Ғылым, Инновация: Өзекті мәселелері мен даму жолдары III Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Жас ғалымдар альянсы қоғамдық бірлестігі, Қызылорда 2012. - 475-477 б
-
Искакова А.Б., Токтамысов А.М. Влияние сроков посева районированных сортов дынь на урожайность и продуктивность в условиях Приаралья // Материалы IX международной научно-практической конференции 27.02.2013 – 05.03.2013. Прага, 2013. – С. 42-46
-
Искакова А.Б., Продуктивность районированных сортов дыни в зависимости от схемы посева в экстремальных условиях Приаралья. Баспада, 2013. – 3-бет
Диссертациялық жұмыстың құрылымы және мөлшері. Диссертациялық жұмыс нормативтік сілтемелер, қысқартулар, кіріспе, 3 бөлімнен, қорытынды, қолданылған ғылыми әдебиеттер тізімінен құралып, компьютерлік теріммен 80 бетке жазылды. Онда 16 кесте мен 22 сурет берілген. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 64 атаудан тұрады.
-
Зерттеудің әдістемелері мен нәтижелері
Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық облысының шаруашылықтарында, ең кең тараған қауын сорттары өндірісте пісу мерзіміне, дәмдік сапасына және ауруға төзімділік жағынан негізгі құнды шаруашылықтардың барлық көрсеткіштеріне сәйкес келе бермейді. Әсіресе, ерте пісетін сорттар жеткіліксіз.
Ангелек сорты. Қызылорда облысының жергілікті сорты. Жемісі кішкентай(0,5-1,5 кг), дөңгелек-сопақша пішінді. Жемісінің сырты жылтыр, әлсіз сигменттелген, торсыз. Түсі – қызғылт-сары. Сырт бейнесі – жолақтары сары түсті. Қабығы орташа қатты, ақ жұмсақ етті. Қабығының жуандығы – орташа, тәтті, шырынды, борпылдақ түкті, толық жетілу кезінде алмұрт дәмді. Тұқымның тығыздығы орташа. Қағанағының тығыздығы орташа, ұяның жартысына жуығы құрғақ толтырылған, ашық-қызғылт сары түсті.
Сорт тез пісуімен және өнімділігімен қызықтырады. Қауынды тасымалдауға және сақтауға келмейді, тек жергілікті тұтынуға арналған.
Сырдария сорты. Тура және кері сортаралық жергілікті пішінде және Алматы беломясистая сортының келесі жеке және тұқымдық таңдау әдісімен алынған. Жемісі дөңгелек. Барлық қабығының жуандығы көлденең қимада орташа. Тұқымның көлемі орташа. Жапырақ алақаны әлсіз, күңгірт жасыл түсті. Селекциялық жетістіктің белгілері Арал өңірінің табиғи-климаттық жағдайында ерте пісу, жоғары дәмдік қасиеті, жемістің сақталғыштығымен ерекшеленеді.
Зерттелетін Сырдария сортының сипаттамасының анықтамасы үшін Ангелек стандарт сортпен салыстырылды. Талдаудың нәтижесінде өсіп-өну кезеңі 67-83 күн құрап, стандартпен салыстырғанда 2 күнге кеш екені анықталды. Сыналған сорт жемісі шар тәрізді, жемістің салмағы 0,6-0,8 кг-ға көп, құрғақ еріген зат 1% көп және жеміс еті жуандығы 0,2-0,6 см-ге үлкен, стандартты сорттың өнімінен 20 центнерге артық.
Сырдария сортының стандарт Ангелек сортына қарағанда өсіп-өну кезеңі аз, жемістің массасы үлкен, жұмсақ етінің жуандығы, құрғақ заттаң болуы және өнімі жағынан айырмашылығы бар (1-кесте).
1 – кесте. Сырдария қауын сортына сипаттама
Көрсеткіш
|
Өлшем бiрлiгi
|
стандарт
|
Сырдария
|
Өсіп-өну кезеңі
|
күн
|
69-75
|
67-73
|
Жеміс пішіні
|
-
|
шар тәріздес
|
шар тәріздес
|
Жеміс салмағы
|
кг
|
1,2-1,4
|
1,8-2,2
|
Етінің қалыңдығы
|
см
|
3,8-4,5
|
4,0-5,1
|
Құрғақ еріген зат
|
%
|
6-7
|
7-8
|
Өнімі
|
ц/га
|
150-180
|
170-200
|
Аудандасқан қауын сортының егістіктегі тұқым сапасын анықтау үшін Қаз АгроЭкс зертханасында тазалығына, қуаттылығына, өнгіштігіне және 1000 дәннің салмағына тәжірибелер қойылды.
Талдаудың нәтижесінде 100 % тазалықпен 25-сәуірде егілген стандарт Ангелек сорты мен Сырдария сортының өнгіштігі 91,8-92,0 %, өсімдік қуаттылығы 88,2-88 %, ал сәйкесінше барлық 1000 дәннің салмағы 58,2-57,1 г. 10 – мамырда егілген вариантта қауынның тұқымдың 99,9-100 % тазалығында зертханалық өнгіштігі 91 % құраса, сәйкесінше өсімдіктің қуаттылығы 87,5-88,3 %, ал 1000 дәннің салмағы 53,0-42,5 г. Ал үшінші вариантта 25-мамырда 99,7-100 % тазалықпен, өнгіштігі 91,5-92 %, өсімдік қуаттылығы 86-86,4 %, 1000 дәннің салмағы 47,4-48,3 г болды.
Осыған сәйкес тұқымның ұрықтық сапасы 100 % тұқымның тазалығында пайыздық өнгіштігі Ангелекте 91,8 % және Сырдарияда 92,0 % -ға жоғары, ал 1000 дәннің салмағы ең көп Ангелекте 58,2 г және Сырдарияда 57,1 г (2 – кесте).
2 – кесте. Аудандасқан қауын сорттарының егістіктегі тұқым сапасы және олардың зертханалық өнгіштігі, 2012 ж
№ нұсқа
|
сорт
|
Зертханалық талдау
|
Тазалығы, %
|
өнгіш-тігі,%
|
өсімдік қуаттылығы, %
|
1000 дәннің салмағы, г
|
25 сәуір
|
Ангелек (St)
|
100
|
91,8
|
88,2
|
58,2
|
Сырдария
|
100
|
92,0
|
88,0
|
57,1
|
10 мамыр
|
Ангелек (St)
|
99,9
|
91,0
|
87,5
|
53,0
|
Сырдария
|
100
|
91,0
|
88,3
|
42,5
|
25 мамыр
|
Ангелек (St)
|
99,7
|
91,5
|
86,0
|
47,4
|
Сырдария
|
100
|
92,0
|
86,4
|
48,3
|
Аудандасқан қауын сортының тіршілік кезең ұзақтығына егін мерзімінің әсері зерттелді. Егу мерзімінің үш нұсқасы берілді – 25 сәуір, 10 мамыр және 25 мамыр.
25 сәуірде егілген стандарт Ангелек сортының өскіні 7-күні шықты, яғни өсімдіктің шанақтану кезеңі 25-күні болды, ал жемісі 12-күні пайда болса, пісіп-жетілу кезеңі 64-күні сәйкесінше өсіп-өну кезеңі 71 күнді құрады. Ал Сырдария сорты дәл осы егу мерзімінде өскіннің пайда болуы 9-күні шықты, шанақтану 26-күні, жемісінің пайда болуы 13-күні, ал пісіп-жетілуі 66-күні болды, жемісінің өсіп-өну кезеңі 73 күнді құрап, 2 күнге стандарт сортынан ерте өсіп жетілетіні байқалады. 10-мамырда егілген нұсқада екі сортта өсіп-өну кезеңі 69 күн болды. 25 мамырда егілген нұсқада пісіп-жетілу кезеңі Ангелек сортында 59-күнде, өсіп-өну кезеңі 66 күн болды, ал Сырдария сортының 67 күн өсіп-өну кезеңіне 60-күні пісіп-жетілу кезеңіне аяқ басты.
Зерттеуде анықталғандай, аудандасқан қауын сорттарының ең ұзақ өсіп-өну кезеңі 25 сәуірде егілген нұсқада, стандарт Ангелек сорты 71 күн, ал Сырдария 73 күнді құрады. Зерттелген үш егіс мерзімінің нұсқасының ең қысқасы өсіп-өну кезеңінің Ангелек 66 күн және Сырдария сорты 67 күнді құраған, 25 мамырдағы егіс мерзімі болып отыр (3 – кесте).
3 – кесте. Егу мерзімінің қауын сортының вегетациясына әсері, 2012 ж
№ нұсқа
|
Сорт атауы
|
Тіршілік кезеңінің басталу уақыты
|
егін
|
өскін
|
шанақтану
|
гүлдеу
|
Жеміс салу
|
Пісіп-жетілу
|
Өсіп-өну кезең,күн
|
баст
|
толық
|
ата. гүл
|
ана. гүл
|
25 сәуір
|
Ангелек (St)
|
25.04
|
03.05
|
10.05
|
21.05
|
20.05
|
26.05
|
02.06
|
06.07
|
71
|
Сырдария
|
25.04
|
04.05
|
11.05
|
21.05
|
20.05
|
26.05
|
02.06
|
07.07
|
73
|
10 мамыр
|
Ангелек (St)
|
10.05
|
16.05
|
21.05
|
30.05
|
03.06
|
10.06
|
16.06
|
18.07
|
69
|
Сырдария
|
10.05
|
15.05
|
20.05
|
28.05
|
02.06
|
11.06
|
16.06
|
18.07
|
69
|
25 мамыр
|
Ангелек (St)
|
25.05
|
02.06
|
09.06
|
14.06
|
22.06
|
29.06
|
04.07
|
01.08
|
66
|
Сырдарья
|
25.05
|
02.06
|
08.06
|
14.06
|
21.06
|
28.06
|
03.07
|
02.08
|
67
|
Егістік мерзімі аудандасқан қауын сорттарының фаза аралық кезеңдердің өту ұзақтығына маңызды әсер етеді.
25 - сәуірде егілген Ангелек және Сырдария сорттарының бірдей 13 күндей өту ұзақтығығында өнгіштігінің айырмашылығы 1 күн, демек өскін мен шанақтану аралығындағы кезең Ангелекте 11 күннен кейін, ал Сырдарияда 9 күннен кейін болды. Сәйкесінше жеміс салғанша және жемістің пісіп жетілуіне дейін 42-41 күн өтті.
10 - мамырдағы егістіктің бұл нұсқасында Ангелек сортында өскін 11 күннен кейін, ал Сырдария 10-күні шықты. Ангелек сорты 9-күні, ал Сырдария 8-күні шанақтану кезеңінде 1 күн айырмашылық болды. Жемістің пісіп-жетілуі 33-31 күндері болды.
25 - мамырда егілген Ангелек сортының 8-күні, ал Сырдария сортының 7-күні өскіндері пайда болды. Бұл егін мерзіміндегі нұсқада гүлдеу кезеңінде 7 – 6-күні 1 күн айырмашылық болғаны бақыланған. Жемістің пісіп-жетілуі 25-28 күннен кейін болды.
25 мамырдағы егістік схемасында өскін 2 есе ертерек пайда болғаны, ал 25 сәуір мен 10 мамырдағы егістік мерзімінің нұсқасымен салыстыра келгенде жемістің пісуі Әңгелек пен Сырдария сорттары 10-6 күндей ертерек екені анықталған (4 – кесте).
25 мамырда егу мерзімі көрсеткендей, Әңгелек сортының жемісінің ең кіші салмағы – 1,2 кг; 25-сәуірде – 1,3 кг; ең үлкен жемістің салмағы 10-мамырдағы егін мерзімінде – 1,5 кг. Сәйкесінше Сырдария сортының ең кіші жемісінің салмағы 25 мамырдағы егін мерзіміндегі нұсқада – 1,4 кг, ал 25-сәуірде – 1,5 кг. Ең үлкен жеміс салмағы 10 мамырда – 1,8 кг құрады.
Зерттеулерді талдай келе, 10 мамырдағы егістік нұсқасындағы Ангелек пен Сырдария сорттарының жемісінің салмағы және саны бойынша 25-сәуір мен 25-мамырдағы егіс мерзімінің нұсқасына қарағанда көбірек болды.
Демек, Ангелек пен Сырдария сорттарынан жоғары өнім алу үшін ең қолайлы мерзім 10-мамыр болып отыр (5 – кесте)
5 – кесте. Егу мерзімінің қауын сорттарының өнімділігіне әсері, 2012 жыл
№ нұсқа
|
Сорт
|
Жемістің саны, дана/саны
|
Жемістің салмағы, кг
|
|
|
25 сәуір
|
Ангелек (St)
|
2,7
|
1,3
|
Сырдария
|
2,9
|
1,5
|
10 мамыр
|
Ангелек (St)
|
3,1
|
1,5
|
Сырдария
|
3,3
|
1,8
|
25 мамыр
|
Ангелек (St)
|
2,6
|
1,2
|
Сырдария
|
2,9
|
1,4
|
Қауын дақылының өліп қалмауға егіннің мерзімдері маңызды әсер етеді. Ең көп өскін 10-мамырда егілген мөлдекте Сырдария сортында – 68 өсімдік, ал Ангелекте – 66,8 өсімдік болды.
Қорытындылай келгенде зерттеулерде аудандасқан қауын сорттарының егу мерзімі 25-сәуірде – 172,4 ц/га, 25-мамырда – 196,2 ц/га. Ал ең жоғары өнім 10-мамырда – 326,8 ц/га. Сәйкесінше салыстыра келе 25-сәуірге қарағанда – 154,4 ц/га-ға көп болды. Салыстырмалы түрде Сырдария сортының өнімі 25-сәуірде – 219,0 ц/га, ал 25-мамырда – 322,8 ц/га. Ең көп өнім 10-мамырда – 440,5 ц/га-ға жетіп, 25-сәуірдегі нұсқадан 221,5 ц/га-ға және 25-мамырдан – 117,7 ц/га-ға артық болғаны анықталды.
Демек, Ангелек пен Сырдария қауын сорттарынан жоғары өнім алуға 10-мамырдағы егін мерзімі қолайлы болып отыр (6 – кесте).
6 – кесте. Егу мерзімінің аудандасқан қауын сорттарының
жемісінің өніміне әсері, 2012 ж
№ нұсқа
|
сорт
|
Мөлдек ауданының есебі, 80 м 2
|
өсімдік, дана
|
жеміс дана/мөлдек
|
өнімділік, кг/мөлдек
|
Жемістің өнімділігі, ц/га
|
өскін
|
Тұқымды сирету
|
Жиын-терін алдында
|
25 сәуір
|
Ангелек (St)
|
62,4
|
3,7
|
39,3
|
106,1
|
137,9
|
172,4
|
Сырдария
|
63,2
|
3,4
|
41,7
|
116,8
|
175,2
|
219,0
|
10 мамыр
|
Ангелек (St)
|
66,8
|
1,3
|
58,1
|
174,3
|
261,4
|
326,8
|
Сырдария
|
68,0
|
1,0
|
61,2
|
195,8
|
352,4
|
440,5
|
25 мамыр
|
Ангелек (St)
|
68,0
|
2,6
|
50,3
|
130,8
|
157,0
|
196,2
|
Сырдария
|
68,0
|
2,2
|
53,0
|
148,4
|
258,2
|
322,8
|
Экономикалық тиімділіктің Ангелек пен Сырдария сорттарының 25 сәуір, 10 мамыр, 25 мамырдағы егін мерзіміне әсерін анықтау мақсатында тәжірибе жүргізілді.
Өнім бірлігінің бірдей бағада 2000 мың теңге/ц және өндірістің өндірістік шығымдылығы 98,6 мың теңге/га болғанда, 10 мамырдағы егін мерзімінің Ангелек сортынан 1 га-дан 326,8 центнер өнім жиналды. Бұл 25 сәуір мен 25 мамырдағы егін мерзіміндегі өнімге қарағанда жоғары болды. Ең аз өнім 25 сәуірде – 172,4 ц/га, ал 25 мамырда – 196,2 ц/га. Сәйкесінше өндірістік өнімнің құны 344,8 мың. теңге және 392,4 мың. теңгені құрап, 10 мамырдағы егін мерзімінен аз болды. 10 мамырдағы егін мерзіміндегі өткізілген өнімнен пайда 555 мың теңге, ал тиімділігі 500,62 %. 25 сәуірдегі егіннен пайда – 246,2 мың.теңге тиімділігі – 200,49 %, 25 мамырда – 293,8 мың теңге, тиімділігі – 200,97 % құрады. Ал Сырдария сортында ең аз өнім 25 сәуірде 219 ц/га, ал 25 мамырда 322,8 ц/га. Сол кезде 10 мамырда өнім 440,5 ц/га қамтыды.
Сәйкесінше өткізілген өнімнен келген пайда, сонымен қатар тиімділік 25 сәуір, 25 мамырдағыны 10 мамырмен салыстырғанда төмен екені байқалды. Зерттеулерде егін мерзімі аудандасқан қауын сорттарының өсірудегі тиімділігіне айтарлықтай әсер ететіні анықталды.
Сонымен бірге Ангелек пен Сырдария сорттарынан жоғары өнім, пайда және тиімділік 10 мамырдағы егін мерзімінен алынғаны анықталды (7 – кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |