Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны
БАҚ- ры азаматтардың жекелеген саяси құбылысымен оқиғаларды қабылдауына белсендi әсер етiп қана қоймай, оларды қоғамдағы жалпы саясатқа көзқарасын қалыптастырады халықтың белгiлi бiр мәселе бойынша саяси белсендiлігi болмаса, керенаулығы БАҚ-ның әлгi мәселенi ақпарат кеңiстiгiнде таратуға қай қырынан келуiне байланысты.
Қоғамдағы соңғы жылдары болып жатқан саяси-экономикалық өзгерiстерге байланысты БАҚ -ның журналистиканың мәнi, маңызы, қоғамдағы орны қызметерімен, принциптерiне жаңа көзқарастар қалыптасқаннын ескеру қажет. Пiкiрлер мен ойлардың сан алуандығы мақсат, талап, пiкiр қайшылығы, саяси және әлеуметтiк әр түрлi бағыт ұстанған ақпарат құралдарының маңызы артып отыр. Қоғам мүшелерiнiң рухани сұранысына таңдау мүмкiндiгi туды.
Яғни шын мәнiсiндегi ақпараттық қоғам принциптерi мен негiздерiнiң обьективтi алғышарттары толық қалыптасты деуге болады. Мәселен, Мәскеу университетiнiң профессоры Е.П.Прохоровтың пiкiрiнше журналистика бiрнеше мекемелер жүйесiнен құралатын қоғамдағы ерекше әлеуметтiк институттың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететiн кешендi қызмет жүйесi.
Бүгiнгi жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикасы үлкен өзгерiстердi басынан өткеруде. Демократиялық жаңғарулар тереңдетiлiп қоғамды жалпы трансформациялау процестерiнiң қажеттi шарттары тұрақтандырылуда. Осындай өтпелi кезеңде БАҚ-нық қоғамдық санаға әсерi ,саяси әлеуметтiк күйi айқын байқалып отыр.
Егемен елде болып жатқан барлық оқиғаларға ақпарат құралдары тiкелей араласа отырып, қоғамның басқа салаларымен бiрге ақпарат қызметi де өз рыныгона шықты.
Меншiктiң әр алуандығы ақпарат қызметiн заң және экономикалық статусы және саяси- әлеуметтiк көзқарасы бағыт арқылы жiктелуде.
Ақпарат қоғам дамуының барысында, әр түрлi өркениет өкiлдерi тарих тағылымы мен болашақты бағамдау мүмкiндiктерi жөнiнде ежелден ойланып келедi.
Жас мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтау мәселесi туындап отыр.
Әр халық өз мемлекетiнiң iшкi мәдениетiн шешуде өмiр салтын , әдет ғұрпын дамыта отырып адамзаттық өзара түсiнiсуiнiң кепiлi бола алатын планетарлық ынтымақтастықты естен шығармауы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |