Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б. әртүрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл модельге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:
1. Инвестициялардың өсуі олардың жинақтан да жоғары болуына әкелсін. Мұндай жағдайда инфляция табыстың жалақыдан да тез өсуінен болады. Өйткені жалақының өсуі ұжымдық кемсімнің негізінде ғана іске асырылғандықтан. Жалақының тек тұтынылып, ал пайданың кейбір бөлігінің жинақталуы жинақтың өсуіне әкеледі, сөйтіп ол инвестицияны қуып жетеді.
2. Керісінше, егер инвестициялар жинақтан төмен болса, еңбек келісімі бойынша бекітілген жалақыға қарағанда тауар бағасы тез түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта орнайды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекетік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарларымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебінен ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Үшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориялары неокейнстік модельдерді сынау процесінде пайда болды. Осылайша кейнстік модельдің кейбір нағыз сезімтал белгілері алға тартылды /3/:
- Бұл модельдерде өндірістің өсімі жаңа капитал салымдарының функциясы ретінде қарастырылады, ал өсім пайдаланылмай қалған өндірістік күштерді пайдалану үшін жаңа жұмысшыларды тартумен де қамтамасыз етіледі.
- Модельдер өндірістің капитал сыйымдылығының өзгеріссіздігінен дәлелдейді, өндірістің екі немесе одан да көп капитал сыйымды әдістерінің арасында таңдауға мүмкіндік бермейді.
Бұл теорияның көренкті өкілдері американ экономисті Р. Солоу және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл бағыттың өкілдері өндіріс факторларының иелері шекті өніммен марапатталатын жағдайдағы еркін бәсеке тұпсырымына сүйенеді. Олардың пікірінше өндіріс факторларының бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер мысалы, капитал салымдарының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес, басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық прогресс, т.б. қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.
Өсудің қазіргі теорияларының еркшелігі – олар өсуді тепе-теңдіктің бұзылуы емес, қалыпты жағдай деп түсінуінде. Әңгіме, сұраныс пен ұысныс сәйкес болатын балансталған өсу туралы болып отыр.
Еркін бәсекеден тыс балансталған өсу шарты – тұрақты ақша жүйесі болып табылады. Сондықтан да неоклассикалық теорияның жақтаушылары мемлекеттің экономикаға араласуын тұрақтылықты бұзудың факторы ретінде қарастыра отырып, мемлекетік инфляциялық шығындарға қарсы шығады.
Неоклассикалық теория негізінде «алтын ғасыр» моделі жасалынды. Бұл модельде ұлттық табыстағы жинақ үлесі тұрақты деп қабылданады, өсу темпі техникалық прогресс пен өз алдына қызмет ететін халықтың көбеюіне тәуелді және тұтынудың өсуіне, әл-ауқаттың артуына тәуелді емес.
Неоклассикалық теорияда негізгі рольді өндіріс факторларының бар болуы және олардың тиімді пайдаланылуында потенциалды мүмкін өсу темпі проблемасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өндеу өнеркәсібінде өнім көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін шексіз ауытыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Кобб пен Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық байланыс орнатты.
Кобб-Дуглас функциясы экономикалық өсудің жекелеген факторларының ролін сандық бағалау жұмыстарына бастама болды. Ол екі бағытта жүзеге асады:
- өндіріс масштабына тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі алғышарттарынан бас тарту
- ұлттық табыстың өсуіне әсер ететін үшінші айнымалы ретінде, дербес фактор ретінде техникалық прогрестің әсерін ескеру.
Бұл зерттелер практикалық қызығушылық тудырады, алайда өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша «шекті өнімділік» теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.
Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ «кемімелі табыстылық заңына», «шекті өнім» категориясына негізделеді.
Неоклассикалық теорияның өкілдері өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі неоклассиктердің пікірінше, инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, оның негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі жатыр. Бұл тезисте олардың практикалық қолданысқа ұсынылуы да негізделеді. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге, шығындардың көбеюіне бағытталған мемлекеттің шараларына қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады.
Өсудің неоклассикалық теориясының «көтерілуі» олардың техникалық прогресті қамтуымен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы вариантында бұл теория ұлттық табысты бөлудегі өзгерістерді түсіндіре алмады. Оның өкілдері өндіріс факторларының өсу темпіндегі өзгерістерді олардың шеткі өнімдерінің өзгеруімен түсіндіреді. Бірақ та табысты бөлудегі қатынас бұрынғыша қалады. Егер өзгеріс болатын болса, онда «шекті өнімділік» заңы әсер етпейді. Олар бұған келіспейді. Сондықтан да олар ұлттық табысты бөлудегі пропорцияның бұзылуының себебі техникалық прогресс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Егер техникалық прогресс капиталды-интенсивті сипатта болса, онда капиталдың шекті өнімі мен пайда нормасы жалақыға қарағандатез өседі. Бұған тағы ресурстарды алмастыру икемділігінің әсері қосылады.
Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі варианты – монетарлық теория болып табылады. Бұл теориның авторлары М. Фридмен және Шварц 1869-1960 ж.ж. АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы қозғалыстар болып табылады және «ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі». Олардың ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Бірақ бұл теорияның осы тұжырымы нақты дәлелдеулерден шықпағандықтан, нақты практикаға жақындығы төмен.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының тамыры өнімді өткізу проблемасын ескермегендігінен тұрады. Бұл экономистер минималды шығындарда максималды пайда алу мүмкіндігіде өндіріс шығындарына назар аудара отырып, ұдайы өндіріс проблемасын бір жақты талдайды.Олар осы мақсаттарда жалақының төмендеуі өткізу шарты мен сұраныстың азаюына әкелетінін ескермейді. Бұл теория экономикалық дағдарыстарды ескермей, тұрақты тепе-теңдік концепциясына негізделгендіктен, нақты өмірден мүлдем алыс.
Неоклассикалық бағытты сынауда посткейнстіктер белсенді араласады. Мысалы, осы бағыттағы итальян экономисті Т. Сраффа еркін бәсекенің билік етуі туралы тезистің әлсіздігін алға тартады, неоклассиктердің ұлттық табысты «әділетті» болу және ресурстарды тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табуға ұмтылысын нәтижессіз дейді. Рикардоның құн теориясына сүйене отырып, Сраффа неоклассиктердің табысты бөлу, «шекті өнімділік», «шекті пайдалылық» теорияларын сынға алады.
Жалпы экономикалық өсу проблемалары ертеден бері экономистердің назарында болған. Солардың ішінен бес негізгі проблеманы атауға болады: /4/
-
Экономикалық өсу факторлары
-
Қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері
-
Экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі
-
Экономикалық өсудің тарихи тенденциясы
-
Тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары
Кез-келген державаның гүлденуінде немесе құлдырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған.
Ағылшын классикалық мектебінің экономикалық өсудің жекелеген маманданған теориялары болмады. Бірақ та ол ұлттық байлықтың өсу факторларымен және оның табысты болуымен арақатынасымен анықталады. Классиктердің бұл тақырып шеңберіндегі қысқаша тұжырымы келесідей: байлықтың өсімі өндіріс факторларының көлемімен және олардың өнімділігімен анықталады.
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыстық кезеңмен салыстырғанда басқаша дами бастады. 1950- жылдары көптеген батсы елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950-жылдың ортасынан бастап, экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол 1970-ж дейін жалғасты. Осы кезеңде басты рольді Р. Солоудың өсу моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын негізінен журанл мақалалары түрінде жариялады. Басты еңбектері: «Сызықты бағдарламалар және экономикалық талдау», және «Өсу теориялары». Солоу моделінің негізі оның «экономикалық өсу теориясына үлес» мақаласында салынған. Ол Харрод-Домар моделіндегі экономиканың тұрақсыздығының негізгі себебі өндіріс факторлары – еңбек пен капитал арасындағы қатаң арқатынасты сипаттайтын капитал сыйымдылығының тұрақты, белгіленген көлемі болып табылады. Мұндай жағдайда осы факторлардың бірі «жүктелмеген» болып қалады. Неоклассикалық теорияның принциптеріне сәйкес капитал мен еңбек арасындағы қатынас айнымалы болуы тиіс.
Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты. Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толмауына әкелді. Олардың жағдайына сәйкес экономикада ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы «шоктардың» немесе техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы нольге әкеледі. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ - нің өсуі технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әртүрлі бөліктерінде ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң қаларлық емес.
Дәстүрлі неоклассикалық модельге көңіл толмаушылық 1980-1990 ж.ж өсу темпінде ел аралық айырмашылықтарда қарыздық дағдарыстың тереңдеуімен күшейе түсті. Дәстүрлі теория бұл құбылыстарға қанағаттанарлық түсіндірмелер бере алмады. Неоклассикалық сызбада техникалық прогрестің себептерін көру мүмкін емес, себебі ол экономикалық субъектілердің шешіміне мүлдем тәуелді емес. Капиталдың тапшылығы 3-әлемде инвестициялардың жоғарғы рентабельділігіне әкеледі. Үлкен сыртқы қарыздары бар елдерге арналған Әлемдік Банк пен Халықаралық валюталық қормен құрылған инвестициялардың өсуіне еркін нарық құру саясаты бағытталады. Инвестициялардың өсуі, күтілгендей, өмір деңгейі мен еңбек өнімділігінің өсуін тудыруы тиіс. Алайда, сыртқы сауда мен ішкі нарықтың еркіндікте болуына қарамастан, көптеген дамушы елдер стагнациядан шыға алмады және жаңа шетел инвестицияларын тарта алмады, олар тіпті өз капиталының шетелге ағып жатқанын да тоқтата алмады. Кедей елдерден бай елдерге капитал құйылуларының мұндай табиғи емес бағыты өсудің жаңа теорияларының, соның ішінде, әсіресе эндогенді өсу теориясының пайда болуына әкелді. Оның пайда болуы даму теориясы аясында 90 ж. маңызды құбылыс болды.
Эндогенді өсу теориясы. Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің тұрақты артуын талдауға бағытталады.
Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің өсуін ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық алшақтықты түсіндіру болып табылады.
Эндогенді өсу модельдері сырт көрінісі бойынша неоклассикалық теорияға ұқсайды, бірақ қорытындылар жасауда олардан ерекшелінеді. Жалпы, эндогенді өсу модельдері неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады, және көбінесе капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффекттілерге көп көңіл бөледі. Техникалық прогреске көп көңіл бөлінсе де бұл модельде ұзақ мерзімде ол экономикалық өсудің жалғыз мүмкін себебі емес.
Дамуды жылдамдату үшін жинақтардың рөлін күшейте отырып, жаңа теория дәстүрлі теорияға қарсы шығатын бірқатар қорытындылар жасады. Ең алдымен сыртқы экономикалықбайланыстардың болмауынан елдер арасында өсу темпін автоматты түзету мүмкін емес – олар өзгеріссіз қалады және елде техникалық даму мен жинақтау деңгейіне тәуелді болады. Сонымен қатар бай және кедей елдерде жан басына шаққандағы табыстар мен ішкі жинақ нормалары біркелкі болмайды. Елде ұзақ мерзімді немесе уақытша тежелуінің асқынуы және елдің экономикалық артта қалуына әкеледі.
Эндогенді өсу моделінің ең қызық аспектісі – кедей елдерден бай елдерге жасанды капитал құйылымын түсіндіру, бұл өз кезегінде 1-ші және 3-әлем елдеріндегі табыстық алшақтықты күшейтеді. Инвестициялардыңпотенциалды жоғары рентабельділігі көбінесе адам капиталына (білім беру жүйесі), инфрақұрылым мен НИОКР-ға комплементарлы инвестициялардың төмен деңгейімен түсіндіріледі. Кедей елдер осы инвестиция түрлеріненсалыстырмалы тиімділігі аздарын шығарып тастайды. Жеке инвестор өзі үшін жоғарыда аталған сфераларға инвестиция салып, оған аз қолайлық келсе, онда ол инвестиция салудан бас тартады, яғни еркін рынок механизмі комплементарлы инвестициялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді.
Мұндай қосымша инвестициялар қоғамдық, сондай-ақ жеке пайда әкелетіндіктен, мемлекет ресурстарды бөлуді жақсарта алады, өз есебінен қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсетеді және бір уақытта жеке инвестицияларды ынталандырады. Сондықтан да эндогенді өсу модельдері даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары. Оның пайда болуы көбінесе 3-әлемде сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 ж.ж жүргізілген қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды. Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез келген ел өтуге тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу өзінің «Экономикалық өсу стадиялары» кітабында былай дейді: «Кез келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына 5 түсініктің бірінің көмегімен түсіндіріледі:
1.Дәстүрлі қоғам
2. Жылдам даму үшін жасалған алғышарттардың жетілуі
3. Өзін өзі ұстап тұратын өсуге ұмтылу
4. Технологиялық кемелденуге ауысу
5. Бұқаралық тұтыну арасы
Бұл стадиялар сипаттамалық өасиетке ие болумен қатар және қазіргі қоғам дамуының процестерін жалпылаумен қатар оларға өзіндік ішкі логика және жалғасушылық тән, осылайша олар экономикалық өсудің бір теориясын құрайды. Ростоу бойынша, барлық дамыған елдер тез дамудан өзін-өзі ұстап тұратын өсуге өту стадиясынан өткен. Ал дамушы елдер қазірде дәстүрлі қоғам немесе жылдам даму алғышартының жетілу стадиясында.
Жылдам дамуға өту үшін олар белгілі бір алғышарттарды орындауы қажет. Сондай басты шарттардың бірі – экономикалық өсуді жылдамдату мақсатында ішкі және шетелдік жинақтарды қозғалту.
Льюис моделі. Қазіргі жаңа экономикалық өсу теорияларының бірі – Нобель сыйлығының иегері А. Льюистің моделі болып табылады. 1950 ж. Ортасында құрылған Льюистің екі секторлы моделі 3-әлем елдерінің еңбек шығынды экономикасы үшін маңызды теория болды.
Льюис моделінде әлсіз дамыған экономика 2 секторадан тұрады:
-
Натуралды ауыл шаруашылығымен, жабық қайта қоныстандыруымен және еңбектің нөлдік шекті өнімділігімен сипатталатын дәстүрлі сектор. Мұндай жағдай Льюиске осы секторда шығынды жұмыс күші түсінігін енгізуге тура келді.
-
Әлсіз дамыған экономикада дәстүрлі сектормен қатар, жоғары өнімді қазіргі индустриалды сектор да бар, оған қалалық өнеркәсіп жатады. Қала өнеркәсібіне ауыл шаруашылығынан жұмыс күші ақырындап жылжи бастайды. Модельде ауылдан қалаға жұмыс күшінің миграциясына және индустриалды секторда жұмыспен қамту және өндірістің өсуіне үлкен мән беріледі. Индустриалды секторда миграция мен жұмысбастылық экономикалық өсуге тәуелді, ал ол өз кезегінде капитал қорлануымен және өнеркәсіпке инвестиция деңгейімен анықталады.Мұнда жалақы дәстүрлі сектордағы жұмысшының орташа табысын бірнеше есемейді. Оның пікірінше, қаладағы жалақы ауылдағыға қарағанда 30% -ке жоғары болу тиіс, өйткені олардың арасындағы мұндай алшақтық миграцияны яғни жұмыс күшінің ауылдан қалаға ауысуын ынталандырады.
Осы жұмыста қарастырылған негізгі теориялық бағыттардың, өкілдердің көзқарастары мен пікірлерін келесі негіздерде қорытындылауға болады:
- Харрод пен Домар экономикалық өсуді тек бір ғана факторға – капитал қорлануға тәуелді дейді. Харродтың пікірінше табыс көлемі 1-4% дейін өскен жағдайда табыстағы жинақ үлесі де 4 есеге ұлғаяды дегенді мүлдем елестетуге болмайды, яғни капитал қорлануы табысқа тәуелсіз.
- Неокейнстіктер бойынша, экономикалық тұрақтылыққа жетуде тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор, олардың алдындағы негізгі проблема -өткізу проблемасы, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе,онда экономика динамикалық тепе-теңдік жағдайда болады. Неокейнстіктің пікірінше ұлттық табыстың өсуі капитал қорлануының функциясы болып табылады. Олар экономикалық өсудің басты факторы – инвестициялар дейді.
- Неоклассиктер өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі – инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, осының негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге шығындардың көбеюіне қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады. Бұл теорияның монетарлық бағытының пікірінше, «ұзақ мерзімді» жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі. Ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Осы бағыттың көрнекті өкілі Р. Солоу: «пайыз ставкасы халық санының өсу темпі мен бүкіл экономикалық өсу темпіне тең болуы тиіс»
- Өсудің жаңа теориялары, соның ішінде эндогенді өсу теориясы неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады және капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффектілеріне көп көңіл бөледі. Экономикалық өсудің тежелуі – адам капиталына, инфрақұрылым мен НИОКР–ға инвестициялардың төмендігі. Олар даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
Льюис өзінің екі секторлы моделінде дәстүрлі сектордан индустриалды секторға өту мақсатында қала өнеркәсібінде (индустриалды) жалақыны 30% -ке дейін көтеруді ұсынады.
Жалпы экономикалық өсу проблемаларын былайша көрсетуге болады:
-
экономикалық өсу факторлары;
-
қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері;
-
экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі
-
экономикалық өсудің тарихи тенденциясы
-
тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары
Осымен, біздің міндетіміз жоғарыда аталған териялардың негізінде қазіргі кезде қоғамның әл-ауқатын көтеру мақсатында экономикалық өсуді жан-жақты қарастырып, позитивті жақтарын ескерген жөн. Әрине әрбір ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін басты тетіктерінің қызметін оңтайлы іске асыру оңай шаруа емес. Сондықтан да әлемдік тәжірибеге көңіл бөлу, жетістіктерге мән беру, алдағы уақытты тұрақты дамудың кепілі болып табылады.
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары
Қажеттіліктердің жоғарлауы, дәстүрлі ресурстарды пайдалану, халық санының өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы болып табылады.
Өздігінен экономикалық өсу қарама-қайшылықтарға толы. Сөйтіп өндірістің және материалды игіліктердің тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен өмір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге асыруға болады, ал өндірістің уақытша өсуіне ресуртарды жемқорлықты пайдаланудың нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді. Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді: өмір сүрі ұзақтығын көбейту, ауыруға шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды төмендету, білім беру менмәдениет деңгейін жоғарлату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мен тұтынудың рационалдылығы, әлеуметтік тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашалықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату, қылиысты төмендету, т.с.с.
Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.
Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:
-
Халық
-
Табиғи ресурстар
-
Капитал жинақтау
-
Техника
Сондықтан экономикалық даму жағдайында осы факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.
Экономикалық өсудің категориясы кез-келген шаруашылық жүйелер кезінде қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Экономикалық өсу – уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады /1/.
Экономикалық өсу уақыттың әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешуді белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің неғұрлым кең шеңберін қанағатттандыру мүмкіндігін білдіреді.
Экономикалық өсу бір-бірімен тығыз байланысты екі әдіспен анықталып, өлшенеді: белгілі бір уақыт аралығындағы айнымалы, не болмаса потенциалды ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде және белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңнің жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде екі анықтама да қолданыла береді. Мысалы, егер басты назар саяси әскери потенциалының мәселелеріне арналса, онда бірінші анықтама сәйкес келеді. Бірақ жеке елдермен аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде екінші анықтама сәйкес келеді. Сөйтіп Үндістанның ЖҰӨ-і Швейцарияның ЖҰӨ-інен 70%-нан асады, әйтсе де Үндістан Швецариядан халықтың өмір сүру деңгейі бойынша 60 есеге артта қалып отыр. Әдетте бұл анықтамалардың кез келгенінен экономикалық өсу пайызбен, өсудің жылдық қарқындарымен өлшенетіндігі шығады.
Ең жалпылама түрдегі экономикалық өһсу өндіріс пен оның факторларының (өнімділігінің) нәтижелерінің сандық және сапалық өзгеруін білдіреді.
Қазіргі кезде әртүрлі ұлттар, халықтар мен олардың үкіметтерімен жүргізілетін экономикалық талқылаулар мен пікір сайыстарда экономикалық өсу мәселелері алдыңғы қатарларда тұр. Нақты өндірістің өсіп келе жатқан көлемі кез-келген шаруашылық жүйе соқтығысатын мәселелерді: адамдардың шексіз қажеттіліктерін шектеулі ресурстар жағдайында қанағаттандыруды белгілі – бір дәрежеде шешуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық өсудің эксиенсивті және интенсивті түрлерін ажыратуға болады. Бірінші жағдайда қоғамдық өнімнің көбеюі өндіріс факторларының сандық көбеюінің: өндіріске еңбек, капитал (өндіріс құралдарын), жердің қосымша ресурстарын жұмылдырудың нәтижесінде жүзеге асады. Бұл кезде өндірістің технологиялық базасы өзгермейді. Өйткені дәнді дақылдардың неғұрлым үлкен көлемін алу мақсатында тың жерлерді жырту, электр станцияларын құру мен сатық жинайтын комбайындарды үлкен көлемде шығару үшін жұмысшылардың неғұрлым үлкен көлемін тарта беру – осының бәрі қоғамдық өнімді көбейтудің экстенсивті жолдарының мысалы. Экономикалық өсудің бұл типі кезінде өнімнің өсіміне жұмысшылар санын мен олардың мамандану құрамының сандық өсуінің және кәсіпорын қуаттылығының көбеюінің арқасында, сонымен қатар орнатылған жабдықтың көбеюінің арқасында қол жеткізуге болады. Нәтижесінде бір жұмысшыға есептегендегі өнім шығару бұрынғыдай қала береді.
Ал экономикалық өсудің интенсивті түрі кезінде қолданылатын еңбек, капитал мен басқалардың көлемі өзгеріссіз қала берсе де бастысы өнімділік тиімдлігінің жоғарлауы мен өндірістің барлық факторларын пайдаланудан түскен кері қайтарылымдықтың өсуі болып табылады. Мұнда негізгісі болып өндіріс технологияларының жетілуі, өндірістің негізгі факторларының сапасының жоғарлауы табылады. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің жоғарлауы. Бұл көрсеткішті бөлшек түрінде белгілеуге болады: ЕӨ= Е/Ө, мұндағы ЕӨ - еңбек өнімділігі, Е- натуралды немесе ақша түрінде өрнектелген жасалынған өнім, Ө - еңбек бірлігінің шығындары ( мысалы, адам – сағат).
Экономикалық өсудің интенсивті түрі неғұрлым тиімді және сапалы жасалынған өндіріс факторларының кең қолдануына негізделген өнім шығару ауқымының көбеюімен сипатталады. Өндіріс ауқымының өсуі неғұрлым жетілдірілген техникаларды, алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми жетістіктерін, аса үнемді ресурстарды, жұмысшылар мамандануын көтеруді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл факторлардың арқасында өнім сапасының жоғарлауына, еңбек өнімділігі мен ресурстарды жинақтаудың өсуіне, т.с.с. қол жеткізіледі.
ХХ ғасырда етек алған ғылыми-техникалық революция жағдайында батыстың индустриалды елдерінде дамудың артықшылықты үлгісі ретінде интенсивті экономикалық өсу мойындалды.
Экономикалық өсуді өндіріс пен олардың факторларының нәтижелерінің өзгерістерін көрсететін өзара байланысты көрсеткіштер жүйесінің көмегімен бағалауға болады. Нарықтық экономика жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіруді қамтамасыз ету үшін өндірістің 3 факторы қажет:еңбек, капитал және жер (табиғи ресурстар). Яғни Ү – жиынтық өнім еңбек – (L), капитал – (К), және табиғи ресурстар – (N) шығындарымен өрнектелетін функция /2/: Ү=f(L,K,N)
Экономикалық өсуді сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Олардың көмегімен өн.дірістің жекелеген факторларын қолданудың нәтижелілігі өлшенеді.
Экономикалық теорияда жиынтық ұсыныс жағындағы факторларды бөліп көрсетеді. Оларға:
А) табиғи ресурстардың көлемі мен сапасы
Б) еңбек ресуртарының көлемі мен сапасы
В) негізгі капиталдың көлемі
Г) ғылыми техникалық прогрестің деңгейі.
Жиынтық сұраныс факторларынан жоғарланған ұлттық өнімді сатуға байланысты және жиынтық сұраныстың барлық элементтері барлық көбейіп жатқан ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етілуі керек. Бұдан басқа жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу де жатады.
Факторлардың маңыздыларының бірі еңбек шығындары табылады. Бұл фактор біріншіден ел халқының санымен анықталады. Бірақ халықтың белгілі бір бөлігі еңбекке жарамдылар санына енгізілмейді және еңбек нарығына шықпайды, оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскерілер, т.б. жатады. Ал жұмыс істегісі келетіндер еңбек күшін құрайды. Бұдан басқа еңбек күшінің құрамында жұмыссыздар, сонымен қатар жұмыс істегісі келіп, бірақ оны таба алмай жүргендер көрсетіледі. Сөйтіп 1999 ж. АҚШ-та бүкіл халықтың жұмыс бастылары 52% құраған.
Әйтсе де еңбек шығындарын жұмысбастылар санымен өзгерту нақты жағдайды толық мөлшерде көрсетпейді. Еңбек шығындарының неғұрлым нақты өлшемі болып еңбек уақытының сомалық шығындарын ескеруге мүмкіндік беретін жұмыс істелген адам-сағат көлемдерінің көрсеткіштері табылады. Жұмыс уақыты шығындарының көбеюі бірқатар факторларға тәуелді: халық өсімдерінің қарқындарына, жұмыс істеу ықыласына, жұмыссыздық деңгейіне, зейнетақымен қамсыздану деңгейіне, т.б. Барлық факторлар уақыт аралығында және елдер бойынша экономикалық дамудың қарқындары мен деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды құра отырып өзгереді.
Сандық факторларымен қатар еңбек күшінің сапасы мен сәйкесінше өндіріс процесіндегі еңбек шығындарының сапасы маңызды рөл атқарады. Білім деңгейі мен жұмысшылар мамандануының жоғарлауынан еңбек өнімділігінің жоғарлауы жүреді. Ал бұл экономикалық өсудің деңгейі мен қарқындарының жоғарлауына себеп болады. Басқаша айтқанда еңбек шығындары жұмыс уақыты мен жұмысбастылар санының көбеюінсіз-ақ, тек еңбек күші сапасының жоғарлауы арқылы ғана ұлғая алады.
Экономикалық өсудің келесі маңызды факторы болып капитал табылады. Ол – құрылғылар, ғимараттар мен тауар қорлары. Негізгі капитал тұрғын қорды да енгізеді. Өйткенде үйлерде тұратын адамдар үйлер көрсететін қызметтерден пайда болады. Фабрикалық ғимараттар мен конторлар өз жабдықтарымен өндіріс факторлары болып табылады. Өйткені машиналардың үлкен санымен қаруланған жұмысшылар тауарларды көбірек шығарады.
Экономикалық өсудің тағы бір маңызды факторы – жер, нақтырақ айтсақ табиғи ресурстардың саны мен сапасы. Әртүрлі табиғи ресурстардың қорлары, құнарлы жерлердің болуы , жағымды да жайлы климат пен ауа-райлық жағдайлар елдің экономикалық өсуіне айтарлықтай салмақты үлес тигізетіні белгілі.
Әйтсе де, көлемді табиғи ресурстардың қолда болуы әр уақытта экономикалық өсудің жеткілікті факторы болып табылмайды. Мысалы, Оңтүстік Америка мен Африканың кейбір елдері табиғи ресурстардың көлемді қорларын иемдене отырып, әлі күнге дейін артта қалған елдер қатарында жүр. Бұл экономикалық өсуге ресурстарды үнемді де тиімді пайдалану ғана әкелетіндігін білдіреді.
Ғылыми – техникалық прогресс экономикалық өсудің басты құрылғысы. Ол өндіріс процесін жетілдіруді сипаттайтын бірқатар құбылыстарды қамтиды: технологияларды жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері мен нысандары. Ол берілген ресурстарды шығарылатын түпкі өнімді көбейту мақсатымен жаңадан алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде әдеттегідей жаңа, неғұрлым тиімді, пайдалы салалар пайда болады. Тиімді өндірістің көбеюі, ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде қалыптасып келе жатыр.
Мемлекет экономикалық өсуді реттеуде маңызды рөл атқарады және ол бұлпроцесті ынталандыру үшін қандай тиімді шараларды қолданатындығын қарастыру қажет:
-
Кейнсиандықтар экономикалық өсуді сұраныс факторларының көзқарасы жағынан ғана қарастырады. Олар әдетте өсу қарқындарының төмендігін ЖҰӨ-нің қажетті өсімін қамтамасыз етпейтін жиынтық шығындардың болжанбайтын деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар капи –тал салымды ынталандыратын құрал ретінде пайыздың төмен ставкаларын («арзан ақшалар» саясатын) насихаттайды. Ал қажет болған жағдайда капитал салымның жоғарғы деңгейі инфляцияға әкелмес үшін үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектеу үшін бюджетті-қаржылық саясат қолданылуы мүмкін.
-
Кейнсиандарға қарама-қайшы «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары экономикалық жүйенің өндірістік потенциалын көтеретін факторларға сүйенеді. Әсіресе, олар жинақтау мен капитал салымдарға ынталандыратын, еңбек сіңіру мен кәсіпкерлік тәуекелділікті мадақтайтын құрал ретіндегі салықтардың төмендетілуіне шақырады. Кейнсиандықтар көбінесе қысқа мерзімді мақсаттарға, атап айтқанда нақты ЖҰӨ-нің жоғарғы деңгейін сақтап отыруға, жиынтық шығындарға әсер етуге назар аударса, «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары толық жұмысбастылық пен өндірістік қуаттардың толық қамтылуы кезінде қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз ететін факторларға сүйене отырып, ұзақ мерзімді мәселелерді қарастырады.
-
Әртүрлі теориялық бағыттардың экономистері экономикалық өсуді ынталандырудың басқа да мүмкін болатын әдістерін ұсынады. Мысалы, кейбір ғалымдар экономикалық өсуді ынталандыру үшін өнеркәсіп құрылымындарының қалыптасуында үкімет өзіне тікелей белсенді қатысушы рөлін алатын индустриалды саясатты үгіттейді.Сонымен қатар үкімет жоғары өнімділікті салалардың дамуын тездететін және төмен өнімділікті салалардан ресурстардың қозғалысын жылжытатын шараларды жүзеге асыруға жол береді. Білім беруге бағытталған шығындар да жұмыс күші сапасының жоғарлауы мен еңбек өнімділігінің өсуіне де ықпал ете алады.
Экономикалық өсуді ынталандырудың мүмкін болатын әдістерінің көптігі мен қиыншылықтарына қарамастан экономистердің барлығы экономикалық өсу қарқындарының көбеюі оңай мәселе еместігі мен капитал сыйымдылық пен жинақтарға бейімділік реттеу шараларына оңай берілмейтіндігі туралы ортақ ой – пікірді бөліседі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей келесідей қорытындыны айтуға болады:
-
Экономикалық өсуді жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің өсуі немесе потенциалды ЖҰӨ-нің өсуі ретінде анықтауға болады. Ол ішкі және халықаралық әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу үшін қолданылатын өндіріс өсімін қамтамасыз етеді.
-
Экономикалық өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи және еңбек ресурстары, капитал, технологиялар.
-
Экстенсивті өсу кезінде жұмыссыздық жеңгейінің қысқаруына қол жеткізіледі және өсу қарқындарын жоғарлатуға үмкіндік беретін толық жұмысбастылыққа жету. Бірақ ол уақытша құбылыс, өйткені толық жұмысбастылық жағдайы жыл сайын толықтандырыла алмайды және келесі жылы өсу қарқыны өзгеріссіз қалады.
-
Дамудың экстенсивті түрінде жұмысшылардың көбісі жоғары маманданбаған.
-
Экстенсивті өсу көбінесе тоқыраушылық сипатқа ие. Іс-жүзінде техникалық прогресс жоқ, өндірістік негізгі қорлар моральді және физикалық тозады, жұмысшылардың қор қаруландырылуы төмендейді.
-
Дұрыс салықтық және инвестициялық саясат кезінде мемлекет экономикалық өсуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Жоғарыдғы мәселелерді қарастыра келе дамудың экстенсивті жолы өзін сарқып бітті. Жаңа, әлі даму үстіндегі экономикалық қатынастар жағдайында экономикалық жаңа өрлеуге жол бермей тек қайшылықтарға әкеледі. Сондықтан объективті түрде экономикалық өсудің үлгісін ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына қою керек. Бірақ интенсивті жолдың өзі экстенсивтіден туындағанын ұмытпау керек. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына негіз құрып, экстенсивті өсу жолы бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылықтарының дамуына үлкен үлесін енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |