Реферат диплом жұмысы: «Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде»


ΙΙ-бөлім.ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері



бет3/4
Дата12.06.2016
өлшемі331.5 Kb.
#130461
түріРеферат
1   2   3   4

ΙΙ-бөлім.ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері

2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін

индустриялы-инновациялық саясаты

Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы «Силикон аңғарының» пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Үндістан, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та 4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жетікілікті, АҚШ-та бұл көрсеткіш – 11 ай .

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриялы парктер/ айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға «қолайлы орта» жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991 ж. – 2587, 1992 ж. – 9678, 1996 ж. 13722, 2000 ж. – 20796.

Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдардың ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндетіғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.

Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90-шы жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмысссыздық деңгейі 1991 ж. 3,5 % -дан 1993 ж. 20 %-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж. жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті – Финляндияны дамыған елдердің қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.

1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.

Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуышикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінгенг ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриялық-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж. шілде айында ҚР Президентінің Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы заң күшіне енді.

Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айырлмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екендігі мәлім. ХХ ғасырдың 50-60-шы ж.ж. дамыған елдер қолға алған мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.



  1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;

  2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлуде мемлектетті емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт – зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.

  3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибеге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну;

Мемлекетті қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшін оған көп мөлшерде қаржы қажет. Осы мәселе қазір елімізде күрделі мәселелердің бірі болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.

Бұл мәселелердің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.

Жапонияда инновацияларға ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.
Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады.

Мемлекет


Құқықтық-нормативтік жағынан Бюджеттен немесе басқа

қаматамасыз етеді көздерден қаржыландырады

Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99 %-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдаудың мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.

Мемлекттік деңгейде кәсіпорындарға мынадай қолдау көрсетеді:


  1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсіпорындарға кеңес беретін комиссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.

  2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;

Оны 59 филиалы бар мемлекттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау» туралы Заңнан бастап «Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар» туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды.

Жапонияда орталық банктер кредиттің 47%-ын, ал жергілікті коммерциялық банктер 100% кредиті шағын және орта кәсіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар «жеңіл қарыздар» деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.

Шет елдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екендігіне көз жеткіздік, енді еліміздег инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және жалпы инновациялық дамудың ерекшеліктеріне тоқталайық.

Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 ж. бастап елімізде бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдердің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан да ЖІӨ көлемі де 1990 ж. салыстырғанда 1995 ж. 40%-ға дейін азайды.

Ал ЖІӨ-нің 0,5%-ға өсуімен экономикалық дағдарыс кері бұрылып экономикалық жандану кезеңіне өттік. Осы жылдардағы ЖІӨ көлеміне назар аударсақтек қана 2003 жылы 1993 жылғы деңгейге жеткен екенбіз. Сонымен қатар елімізде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемі 0,9%-ды құрап отыр. Ал индустриялы-инновациялық саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесі 0,6%-ға дейін кемиді екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖІӨ-нен бөлінетін қаржы 1,7%-ға дейін өсуді жоспарлап отыр. Егер бұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлінетін қаржы Францияда – 45 %, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.

Еліміздегі стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖІӨ-нің құрылымының болжамы стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесі. (%)

Еліміздегі инновациялық саланы мемлекеттік қолдауды ҚР-ның «Инновациялық қызмет» туралы Заңынан көруімізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:



  1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламаларды жасау.

  2. Мемлекттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.

  3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.

  4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру.

  5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.

  6. Мемлекттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қамтамасыз ету.

  7. Отандық инновацияларды шетелге шығару.

Елімізде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институттары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институттары бар.

Алдыңғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретінде посткеңестік елдерде инновация екінші деңгейдегі жоспар болып келді. Бірақ әлемдегі дамыған елдер тәжірибесі және отандық тәжірибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығына көз жетті. Міне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгерді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлттық академия ғалымдарымен кездесуінде атап өткендей, «елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт келіп жетті» деп атап көрсетті.

ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау және іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:



  • ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.

  • Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т.б.

  • Қаржылық институттар: банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация және Даму банкі.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде экономикада кәсіпкерлік қызмет даму үстінде. Кәспкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік рыноктық жүйеде толыққанды қызмет ету үшін кәсіпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған тауарлары мен қызметтері бәсеке қабілетіне ие болады. Бірақ бүгінде отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі мардымсыз болып, соның салдарынан отанды тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі әлсіз екендігі белігілі.

Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттілігі туындап отыр, ол қаржыларды ЖІӨ-нің құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткені елімізде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсіресе әлеуметтік салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бірден-бір көзі инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.

Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру және іске қосуды қаржыландырудан бастады. Осы орайда Үкімет «ҚР космос саласының 2005-2007 жылдардағы дамуы» деген мемлекттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде, оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру және радияциялық техниканы пайдалана отырып, шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.

Индустриялық саясат дегеніміз мемлекттік бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

Яғни еліміз осы мәселелерді шешіп жоғары бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан», «Бәсекеге қабілетті экономика» және «Бәсекеге қабілетті халық» деген Қазақстан халқына Жолдауында, еліміз үшін өзекті мәселелердің бірі Индустриялы-инновациялық стратегияның негізгі бағыттарын атап көрсетті.

Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.

Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялық даму стратегиясының мақсаты мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.

Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.

Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.



Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:

  • экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;

  • әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;

  • ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;

  • ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);

  • өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;

  • кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;

  • мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы;

  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;

  • ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;

  • ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

  • мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;

  • экономиканың өңдешуі секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;

  • ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.

  • Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония елдерде бұл көрсеткіш – 0,22 - 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4 -0,6; Канада мен Қытайда – 0,8 - 1,2 киловатт сағатты құрайды.

Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері:

  • өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;

  • өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;

  • кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;

  • ғылымды көп қажет ететін жәнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;

  • сапаның әлемдік стандартына көшу;

  • дүниежүзілік ғылым – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.

Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:

І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;

ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;

ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.

Күтілетін нәтижелер: Индустриялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8 – 9,2 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-нің көлемін 3,5 – 3,8 % еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8 – 8,4 %-ға дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді. ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5 – 1,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекі мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен саясатын жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін Стратегияның тиісті бөлімдеріне импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған саясатты іске асыру жөніндегі шет елдердің тәжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың әр қилы түрлері мен кезеңдері, сондай-ақ әлемдік рыноктарда бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіншілік беретін факторлар келтірілген.

Қорытындылай келе, индустриялы шараларды атқаруымыз керек:


  • елдегі инновациялық -инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту;

  • мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдьық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;

  • индустриялы – инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;

  • отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;

  • инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.

2.2 Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру


Қазақстан өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру бағытында, шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен комбинаттар салу кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес Одағының ірі шикізат базасы болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті, өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық және әлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық тіршілігін сақтап қалу болатын. Сол себепті осы жылдары, керісінше, экономиканың шикізат бағыттылығы одан әрі күшейе түсті.

Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы меншік қатынастарын қатйа құру процестері, ғаламдық интергацияның күшеюі және ұлттық экономиканың ашық болуы отандық кешен шеңберінде әртүрлі меншіктік формалары, оның ішінде шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындарға жағдай жасалды.

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және орналастыру болып табылады.

1. Қазақстанда өндіністің шоғырлануы аса жоғары болып табылады. Республиканың ірі кәсіпорындарының қатарында жүзге жуық салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне көлемдері, кәсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы және басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы корпоративтік сектордың жектілікті дәреэжеде дамымағандығына және аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік құрылымның 4 тұрақты типі айқын көрінуде. Корпорация типтеріне:

- ұлттық және мемлекттік компаниялар (15-ке жуық);

- акционерлік қоғамдар, мемлекетпен құрылған және жеке жобалар бойынша жекешелендірілген бірлестіктер;

- жеке корпорациялар, нарықтың өзін-өзі құру әдісімен құрылған бірлестіктер (10-ға жуық);

- ТҰК-лардың қазақстандық бөлімдері.

Компаниялардың салалық шоғырлануын талдау кезінде барлық инвестициялардың 80-90 %-ы өндіруші салаларға түсетіні көрінеді, ал ірі капитал салымдарын талап ететін тамақ, жеңіл, микроэлектроника, фармацевтика, табиғат қорғау технологиялар, тұрмыстық электротехника сияқты перспективалы салалардағы шетелдік секторының қатысуы мүлде жоқ немесе минималды деңгейде ғана болып отыр.

Сонымен жоғарыда атап сипаттағандай шоғырландыру барлық ірі саналатын кәсіпорындардың өндірісі бір жерге топтасу процесін көрсетеді. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынның көлемінің ұлғаюымен және саладағы жалпы өнімнің өндірудегі кәсіпорындардың үлесінің өсуімен анықталады. Өндірісті шоғырландыру, қоғамдық ұйымдастыру өндірістің басқа формаларымен тығыз байланыста болады. Жоғарғы деңгейдегі шоғырланудың міндетті шарты жаңа сапалы технологияларды қолдану, мамандандыруды, кооперациялауды, ұтымды форамларын іске асыру болып табылады.

Өндірісті шоғырландырудың мәні кәсіпорындардың көлемін нығайтуда – абсолютті шоғырландыруды және де жалпы өнеркәсіптік саладағы өндіріс көлемін әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар арасында бөлуде айқындалуын салыстырмалы шоғырлануды атайды.

Өндірістік шоғырландыру үш негізгі формада іске асады:


  • әмбебап түрдегі кәсіпорындардағы әрқилы өндірісінің шоғырлануы;

  • айрықша кәсіпорындардағы біртекті өнімдерді өндірудегі шоғырландыру;

  • бір кәсіпорын ішіндегі өндірісінің өзара байланысын үйлестіру негізіндегі шоғырландыру.

Бірінші шоғырландыру формасы машина жасауда сипатталса, екінші барлық өндіруші өнеркәсіп салаларына, құрылыс материал өнеркәсібіне де, кейбір тамақ өнеркәсібіне тән. Үшінші – металлургия, химия және тамақ өнеркәсібінде көрінеді.

Айрықша бағыттағы ірі кәсіпорын және комбинат – бұл екі прогрессивті шоғырландыру формасы, жоғарғы өндіріс тиімділігін қамтасыз етеді.

Өнеркәсіпті нығайту процесіндегі негізгі бағыт шоғырландыру мен орталықтандыру формасы ретінде көрінеді. Шоғырлану өндірістік қорлану есебінен өнеркәсіптің дамуын көрсетеді. Ол жаңа ірі кәсіпорындардың құрылуы және қайта қалыптасуы, кеңейтуі арқылы іске асады. Өте тиімді өнеркәсіптің шоғырлану формасы орталықтандыру болып табылады. Бұл жеке тәуелсіздігін жоғалтпауына байланысты өз бетінше жеке кәсіпорындардың бірігуінен ірі шаруашылық есептегі өндірістік кешеннің құрылуын білдіреді. Әрекеттегі кәсіпорындар базасының төңірегіндегі өндірістік бірліктің құрылуы - өндірістік шоғырлануды күшейтудегі ең қарқынды, тез апаратын жолы. Бұнда жаңа қажетті құрылысты, жаңа қуаттылықты енгізудегі ірі капитал салымдарын қажет етпейді.

Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде және қалай іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық және ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру болып бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың үлесін арттыру және агрегаттары мен машиналардың өнімділік техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін айтады. Агрегаттық шоғырландыруда ҒТП тікелей бейнеленеді, өнеркәсіптің барлық салалрында іске асады және тек интенсивті жолмен дамиды. Ал, технологиялық шоғырландыру цехтарды нығайтуда, кәсіпорын құрамын өзгертуде, техниканың сапасын жетілдіру есебі ретінде қол жеткізеді және де бір типті жабдықтардың санын көбейту жолымен айқындалады. Келесі, ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру өндірісі, өндірістік бірлесудің құрылуымен және ұсақ кәсіпорынның әкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз кезегінде оларды реконструкциялау және техникалық қайта қарулану базасында кәсіпорынныңи бірігуіндегі өндіріс шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет.

Өнеркәсіптегі өндірістің шоғырлану тиімділігі – кәсіпорын мен өндірістің көлемінің ұлғаюы нәтижесіндегі өнімді даярлаудағы техника экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруын қамтиды. Ірі өндірістік қуаттылықтың, материалдар мен еңбек ресурстарының бір ортаға жинақталуы, құрал-жабдықтарды, шикізат пен материалдарды және жұмысшы күшін қамтитын барлық негізгі өндіріс элементтерін үнемді және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осының негізінде еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге негіз болады.


  1. Маманданудың экономикалық тиімділігі – бұл өндірістің техникалық

деңгейі мен ұйымдастырушылық жоспарлы шаралардың нәтижесі. Ұйымдастырушылық – жоспарлы шаралардың тиімділігі еңбек өнімділігінің өсімі мен өнім бірлігіне келетін шартты жоспарлы шығындарды азайту арқылы жүзеге асырылады. Маманданудың экономикалық нәтижесінің негізіг үлесі өндірістің техникалық деңгейі мен өнім сапасын жоғарылатуға келеді. Тиімділікті жоғарылатудың бұл екі бағыты бір уақытта әрекет етеді.

Мамандану – қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылатуыш маңызды фактор болып табылады, өйткені ол жаңа жоғары өнімді техниканы кең түрде қолдануға және өндірісті механизациялау мен автоматизациялауға жол ашады, оның жаппай өндірісте қолданылуын экономикалық негіздейді, себебі, бұл еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасын күрт жоғарылатады.

Яғни, мамандану ғылыми-техникалық процесті дамытады.

Маманданудың рационалды даму қоғамдық өндірісті жетілдірудің барлық жақтары мен оның тиімділігін жоғарылатуға үлкен әсерін тигізеді. Маманданудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылады:



  1. Өнім өндіруге ағымдағы шығындар мен оны тұтынушыларға жеткізудің тасымалдау шығындарын үнемдеу;

  2. Капитал салымдарын үнемдеу және оның қайтарылу мерзімі;

  3. Өнім өндірудің мамандануынан жылдық экономикалық әсер.

Маманданудың экономикалық тиімділігі бірқатар факторлармен

анықталады:



  • Мамандану өнім өндірісі үрдісін ұсақ операцияларға бөлу үшін жағдай жасайды, олардың әрқайсысы технологиялық үрдіс жолы бойынша орналасқан жұмыс орындарында бекітіледі;

  • Мамандану өндірістік үрдісті бөлу арқылы өндірісті кешенді механизациялау мен автоматизациялауға тиімді құралдар енгізуге жағыпмды жағдай жасайды;

  • Мамандану қызмет ететін құралдарды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әрбір жоғары технологиялық машина ең үлкен қуатты жұмыс істеуі үшін, оның унификациясы, типизациясы мен стандартизациялаудың негізінде құрылымдық және технологиялық біркелкі өнім шығаруы тиіс.

Машина өнімділігі жоғары болған сайын, ол өндіруге маманданған өнім өндіру жаппай бола түсу қажет;

  • Мамандандырылған кәсіпорындарда өндірістің техникалық деңгейі әмбебап өндіріске қарағанда анағұрлым жоғары;

  • Мамандану кәсіпорынның өндірістік құрылымын, яғни негізгі, қосалқы және қызмет етуші цехтар мен шаруашылықтар санын, барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Технологиялық біркелкі өнімнің номенклатурасы тар болған сайын (яғни өндіріс неғұрлым терең мамандандырылған сайын), соғұрлым құрамына аз құрылымдық бөлімшелер кіретін болады;

  • Маманданудың әсерінен тұтынушылар және жабдықтаушылармен тұрақты байланыс пайда болады, яғни материалды-техникалық қамсыздандыру мен өткізу жеңілдей түседі. Мамандандырылған кәсіпорын үшін кооперация бойынша жеткізілетін шикізаттың, материалдардың және қосымша өнімдердің шектелген номенклатурасы қажет болады;

  • Өндірістің мамандануы шағын бизнестің дамуы мен тұрақтануына жағдай жасайды.

Маманданудың дамуы тек жағымды әсер ғана емес, кері әсерін де тигізеді. Мамандандырылған өндірістің барлық артықшылықтарына (жетілген

техника мен технологияларды қолдану, өндірістік циклдың азаюы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы, кадрлар квалификациясының жоғарылауы, стандарттау мен унификациялаудың дамуы, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, яғни кәсіпорынның бәсекелестігін арттыру) қарамастан, ол нарық жағдайына шамадан тыс тәуелді болады. Тар мамандандырылған кәсіпорын шығаратын өнімге сұраныс ауытқыған кезде, оның тұрақтылығы мамандандырылмаған кәсіпорынға қарағанда төмен болып келеді. Сұраныс өзгеруі мен бағаның төмендеуінен болатын шығындар тәуекелін төмендетуге деген өндірушілердің талпынысы өндірістің диверсификациясы тенденциясына әкелді.

Мамандану мен кооперациялаудың кемшіліктеріне келесілерді жатқызу

керек:


  • кооперациялау радиусының артуына байланысты өнім бірлігіне тасымалдау шығынының артуы;

  • жұмыстағы монотондық, сондықтан осы жағдайдың жұмысшыға кері әсерін азайту шараларын қолдану керек.

Жоғарыда келтірілген жағымды және кері әсерлерді мамандануды жоспарлау және дамыту кезінде, ең тиімдінұсқаны табу мақсатымен ескеру керек.

Маманданудың дамуы - өнеркәсіптің қарқынды түрде өсуі мен жетілдірудің маңызды шарты болып табылады. Ірі сериялы және жаппай бірегей өнім шығаратын, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жоғары өнімді мамандандырылған жабдықтар мен технологияларды қолданатын маманданған кәсіпорындардың экономикалық артықшылығы – материалды ресурстар мен еңбек құралдарын қолдану тиімділігі, жұмысшылардың еңбегінің өнімділігі мен квалификациясының артуы, өзіндік құнның төмендеуі мен пайдалылықтың өсуі, капитал салымдарының артуы.

Жоғарыда қарастырылған салаларда мамандану айқын көрініс тапқан. Қазақстанда маманданған салалар бір-бірінен өте алыс орналасқан. Алайда дайын өнімнің жаппай және ірі сериялық өнділуі оның өндіру шығындарын төмендетуі соншалықты, бұл кооперацияланған байланыстар мен тұтынушыларға алыс тасмалдауларды ақтайды. Зауыттардың терең мамандануы тиімді емес тасымалдауларды жүзеге асыруға әкеледі. Бұл тасымалдаулар қазіргі машина жасау өнеркәсібінің ұйымдасу жағдайында қажет болып келеді. Ал машина жасау саласының түпкілікті өнімін шығару машина жасаудың өзіндік салаларының, халық шаруашылығының, барлық экспорттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл өнімді тұтынушылар мемлекеттің түпкірлерінде орналасқан, сондықтан осы өнімді тұтынушыларына жақын орналастыру экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады. Соңғы жылдары машина жасау кәсіпорындардың санының өсу тенденциясы байқалады, бұл машина және жабдықтар саласындағы шағын кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болады.

Республикадағы ең ірі машина жасау бағыты – тракторлық және ауыл шаруашылық машиналарын жасау. Осы саладағы дағдарыстан шығу үшін бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында шет елдік кәсіпорындармен байланыстар жасау, басты өндірушілермен біріге отыра, ауыл шаруашылық нарық франчайзингін ұйымдастыру керек. Отандық компанияларды бірлескен технологиялық процеске біріктіру арқылы шығындарды азайту, республиканың машина жасау және жөндеу кәсіпорындарында кооперациялық байланыстарды кеңейту. өйткені өндірістік бірлестіктерді құру мамандануды дамыту және жетілдіруге өз үлесін қосады.

Мұнай-газ жабдықтарын жасау өнеркәсібінің мақсаты – жағымды жағдайларды жасау, өнімнің бәсекелес жағдайын арттыру. Ол үшін протекционизм мен отандық ең тиімді проектілерге инвестициялық және несиелік көмек көрсету.

Қорытындылай келе, мамандану және оның салдары ретіндегі кооперациялау экономикаға тиімді әсерін тигізетіндігін айтуымыз керек, сондықтан маманданған кәсіпорындар санын экономикалық тиімділікке сәйкес арттыру саясатын қолдауымыз керек.

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарты, қоғамдық ұйымдастырудың жетілдіру нышанының бірі орналастыру болып табылады. Өнеркәсіптік орналастыру – бұл өнеркәсіптік кәсіпорынның кеңістіктегі бөлінуі және аумақтық экономикалық аудандардағы еңбек бөлінісінің бір формасы. Өнеркәсіптік өндірісті орналастыру үдерісі тек экономикалық қана емес әлеуметтік-саяси міндеттер шешімді – қала мен ауылдың арасындағы теңсіздігін жою, елдің артта қалып қойған аудандарын экономикалық даму деңгейіне көтеру, жоғарғы маман кадрларды өсіру болып табылады.

Өнеркәсіптегі орналастырудың басты қағидасы өнеркәсіптік өндірісті шикізат көздеріне жақындату, тұтыну аудандарына қажетті өнімдерінің өндірісінде қоғамдық еңбек шығынын төмендету болып табылады. Әрбір аумақтық шикізат факторын есептеуде қорларды, шикізат пайдалануының экономикасы мен сапасын, отын және энергетикалық ресурстарын терең зерттеуді талап етеді.

Өндірістің тиімділігіне сайып келгенде орналастыру мәселесінде табиғи-экономикалық, ээкономикалық-саяси факторлары міндетті түрде басты себепшісі болады. Еңбек ресурстарын, техникалық-экономикалық факторына ҒТП әсерін атауға болады.

2.3 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі


Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздеріең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастыылады, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.

Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 жылдан бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдекрдің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды.

Егер, өткен шаққа көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар қарқынмен дамып, жүйелі іске аса бастады. Айталық машина құрылысындағы өндірістік процестерді автоматтандыру деңгейінің елеулі артуы 40-50-ші жылдар сандық бағдарламалық басқару (СББ) жүйелерінің пайда болуымен және олармен металл кесуші станоктарға орнатумен байланысты.

70-80-ші жылдары СББ бар станоктардың негізінде автоматтандырылған бағдарламалау жүйелері орнатылған икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) түрінде алғашқы салыстырмалы кішігірім өндірістер құрыла бастады.

Қазақстанның станок-құралдық өнеркәсібі негізгі қор құрайтын сала ретінде өнеркәсіптің ғылыми-техникалық прогресі мен өнімнің бәсеке қабілеттілігіне жетудің негізі болып табылады. Станок жасау дамуының деңгейінен мемлекеттің технологиялық және де ақырында экономикалық қауіпсіздік дәрежесі тәуелді. Осы саланың даму бағыттары оның өнімдерін металл өңдеуде және мәшіне құрылысында1, өнім ішкі және шетел нарықтарында бәсеке қабілеттілігін арттыруда болашақ технологияларын ендіру үшін тиімді пайдалану шарттарынан анықталады.

Станок жасау саласының қор құраушы рөлі өнім шығару көлемініңЖІӨ артуы мен өнеркәсіптік өндіріспен салыстырғанда өсуінің жоғары қарқындарын анықтайды, оның сапасына жоғары талаптар қояды.

Экономиканың әлемдік дамуы келешекте мәшіне құрылысының келесідей салалары приоритетті дамиды: ғарыштық және авиациялық техника, автомобиль құрылысы,тұрмыстық және шаруашылық техникасын өндіру, энергетикалық мәшіне құрылысы және т.б. Бұл өнім түрлеріне қойылатын негізгі талаптар: жоғары сенімділік, сапа мен дизайн, сонымен қатар бөлшектерін жасау тиянақтылығы, төмен материал, энерго, еңбек шығындары, жасап шығарудың салыстырмалы қысқа циклі, қолайлы, экономикалық негізделген баға.

Осыған сәйкес приоритетті салаларда өндірілетін техниканың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тиіс станок жасау өнеркәсібінің өнімдеріне қойылатын талаптар: тапсырыс берушіге жабдықтарды жеткізуде өндіріс проблемаларны кешенді шешу (алдыңғы қатарлы техника немесе «ноу-хау», жиынтық жеткізу, ақпаратты қамсыздандыру), оптималды өнімділік, өңделетін бөлшекті жасаудың үздіксіздігі, сенімділік, жоғары тиянақтылық, ұзақ мерзімді, минималды қолданушылық шығындар, төмен материалды және еңбек шығындары, бәсекеге қабілетті баға, сервистік қызмет етудің жөнге салынуы.

Дүние жүзіндегі мәшіне құрылысының дамуын зерттеу металл өңдеу технологияларында үлкен өзгерістер күтілуде, алдымызда станоктардың дамуының «үшінші толқыны» келе жатыр. Қазіргі кезеңде технологиялардың дамуына тән тенденциясы технологиялық жүйелердің қайта құрылуы мен интеграциясы болып табылады. Олар өз кезегімен әр салада тым күрделі, кең және тым мамандырылған. Әрқашанда адам қуатты технологияны басқара алмау жағдайының тәуекелі бар.

Осыған сүйеніп техникалық дамудың келесідей бағыттары болжамданады:



  1. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен және автоматтандырылған жабдықтардың (өңдеу орталықтарының, икемді өндірістік модульдердің, икемді өндірістік жүйелердің және т.б.) негізінде құрылған өндірістерді қолдануды кеңейту;

  2. ірі өндірістік сипаты бар салалар үшін шығындарды төмендетіп, өндірісті елеулі арттыруда өңдеу талаптарына бейімделудің өңдеуші орталықтар құрылады. Мұндай салаларда арнайы жабдықтарды қолданудың елеулі дәрежесі тоқтатылады;

  3. өңдеуші мәшінелердің құрылымындағы тиімді өзгерістер орын ауыстыруда, осі бойынша үдеуіде, шпиндель айналымының жиілігінде, шапшаңдату мен тежеу уақытынан, құрал мен өңделетің бөлшектің орын ауыстыру тездігінде байқалуға тиіс. Станоктардың тез жұмыс істеуніе сызықтық жетектерді, жаңа материалдарды, сызықтық подшипниктерді, лазерлік жүйелерді, жылдамдық аутқуын жөндеу үшін байланыс датчиктерін қолданудың арқасында қол жеткізуге болады;

  4. келешектің станоктары өндірістьің қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды екінші реттік қайта өңдеу сияқтыжаңа талаптарына сай болады. Құралдарды матеиралдародың жаңа түрлерінен (синтетикалық алмаздар, керамиканың жаңа түрлерін, құрамында кобальты бар болат) өндіу дамиды. Бөлшектреді жасаукдың дәстүрлі емес технологоиялары (мысалы, арқылы жасау) дамы маңызды болады;

  5. келешектіңғ станоктарына ашық конфигурациялы сандық басқару жүйелері, опеациялық жүйелер мен графикалық интерфейсті үш өлшемді бавғдарламаларды қолдану анықтаушы әсер етеді. Басқару жүйелері өндіріс жағдайнына бейімделдуді жәнек жоғарғы тиянақтылықты қамтамасыз етуде аппараты бөліктің және математикалық қамсыздандырудың жоғары икемділігіне ие болады;

  6. болашақтағы күрделі жабдықтарджа жұмыс істеу үшін жоғары мамандалған қызметкерлер керек, ал ол арнайы шаралар кешенін қажет етеді.

Әлемдік тәжірибе бойынша өзіндік станок құрылыс дамуы мемлекеттің маңызды приоитетінің бірі. Қазіргі даму кезеңінде негізгі мақсаттарының бірі жоғары технологияларының жетістіктерін қолдану, күрделі ғылыми өнімдеерді құру болып табылады. Икемді өндірістік жүйеленржді өндіруме байцланысты маңызды ұйымдастырушылық техникалық шешімдер 2000 жылдыңғ басынан сынақты компьютерлі интеграцияланған өндірістерді (КИӨ) көзделді. Олар бұйымның өмір сүру циклінің: маркетинг, бұйымды құру, технологиялық процестерді құру, материалды қпамсыздандырылуы мен өндірісін дайындау, өнімді жасап шығару, ноны өткізу, икемді өндірістік жүйелерді іске кірісітіру процесінде қыщзмет ету мен пайдаланудан шыққаннан кейін жоюдың барлық мәселелерін шешекді. Бізлдің ойымызша КИӨ құрумен кешіктіру Қазақстанның технологиялық және тұтастай экономикалық қауіпсізілдігіне ұқатер тудырады.

Компьютерлді интеграцияланған өндірістер бпарлық КИӨ-ге ортақ үш ерекшекліңктерімен сипатталады. Біріншіден, бұл икемдіңлік. Яғни, жабдықтардың минималды ттоқтап тұруымен, өнімнің тұрақиты сапасы мен оның нарық жағдайында бәсекеге қабілеиттілігін қамтамасыз ете отырып бұйымның бір түрінен екіншішісін өндіруге көшудің мүмкіндігі. Екәінші ерекшелік – ақпараиттық технологиялар негізінде интеллекуалды есептерді шешетін, функционалдаудың оптималы режимін таңдайтын, кемшіліктерді тауып, оларды жоятын және т.б. мүмкңндңктерң бар «ойлайтын» мәшінелердің жаңа класы. Үшіншісі - өндірісті, мркетингті және ндірісті дайындауды (конструкторлық және технологиялық) ұйымдпастыратын күрделі интеллектуалды процестерді автоматтандырылыған түрде жүргізу.

Ғылыми және техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын жоғарғы деңгейлі иекмділігі мен автоматтандыроылуы бар КИӨ мәшіне құрылысында автоматтандырылған зауыт (АЗ) атауына ие болды.

Мәшіне құрылысы саласы АЗ-да қажеттігін анықтайтын басты факторлар:



  1. өнімнің әр түріне тұтынушылардың тілектерінің дербесмтігінің артуы. Оларды уақытында қанағаттандыру тек өндіріс жоғары икемді болғанда мүмкін, ал оған тек бұймының өмір сүру циклін басқарудың барлық функцияларын автоматтандыру арқылы қол жектізуге бюолады.

  2. сапаға талаптардың қатаң болуы (өнімді сертификаттау тәжірибесінің кеңеюі және сапаның халықаралық стандарттарын ендіру). Бұл сауалдарды қанағаттандыру тек өндірістің барлық фазаларында технологиялық процесті автоматтандырылған бақылауы бар бағдарламалық басқару жабдықтарын пайдалану көмегімен мүмкін;

  3. технологиялық процестің автоматтандырылуы тек жоғары деңгейде болғанда ғылыми өнімге деген қажеттіліктің өсуі.

Автоматтандырылған зауыттың өндірістік жабдықтары әр түрлі технологиялық қызметтері бар икемді өндірістік жүйелер болып табылады. Осы жабдықтардың барлығы материалды және ақпараттық ағымдармен бітұтас өндірістік-ақпараттық АЗ кешеніне байланысқан.

Өндірісті басқарудың автоматтандырылу және ақпараттандырудеңгейінің жоғары болуы АЗ қызмет ететін адамдарға да – операторларға, инженерлерге, бухгалтерлерге, ғылыми жұмысшыларға және т.б. талаптарды өзгертеді. Автоматтандырылмаған өндіріске қарағанда аз физикалық күш жұмсаумен мұнда шешім қабылдау жауапкершілігі мен қажеттілігіне байланысты психологиялық ауыртпалық туындайды.

КИӨ-тің артықшылықтары оларды әр түрлі бұйымдарда жасау үшін: мәшіне құрылысы мен өнеркәсіптік роботтарды жасау және жеңіл өнеркәсіпте қолданудың кең аясын алдын-ала анықтады. Экономиканың көптеген салаларында КИӨ құрудың халықаралақ тәжірибесі әдістемелік бағыттары бойынша, ақпараттық ағымдарда құру қағидалары мен материалды ағымдарды ұйымдастыру бойынша бұл өндірістердің көп ұқсастықтары бар.

Кең технологиялық номенклатуралық станоктарды жасап шығаратын әлемдік алдыңғы ұатарлы фирмалардың тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстан өнеркәсібіндегі актуалдық мәселелерді шешуде қазіргі автоматтандырылған зауыттарды тәжірибелі түрде қолдану жөн.

Оларды Қзазақстанда құрудың мақсаттары:


  1. Осындай жүйелерді құрудың тәжірибесін алу, қазақстандық мәшіне құрылысы саласының техникалық деңгейін елеуле түрде арттыру үшін ғылыми-техникалық базасын құру.

  2. Мәшіне құрылысында да, өнеркәсіптің басқа салаларында да пайдалануға жарамды жаңа бәсекеге қабілетті бұйымдарды, материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, бағдарламалық-математикалық қамсыздандыруды, ұйымдастырушылық-техникалық құрылымдарды, білім базаларын құру.

  3. Еңбектің қоғамдануы. Жаңа дәуірді СББ бар компьютерлер мен технологиялық жабдықтарды қолдануға негізделген автоматтандырылған зауыттарда қоғамдалған процестерді пайдалану. Мұндай СББ кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктері бар және акүрделі профессионалды білімдерді талап етеді және өз кезегімен бұл жұмыстарға жастарды тартады.

Автоматтандырылыған зауытты құру елеулі дәрежеде нақтылы шарттардан тәуелді. Ал бұл шарттар зауыт өніміне қойылдатын талаптармен, өндіріс көлемімен, басқа өндірістер мен жабдықтаушылармен кооперация деңгейімен, зауыттың қадлалық немесе басқа территорияда орналасуымен және т.б. факторлармен анықталады.

АЗ ұйымдасу құрылымының негізінде келесідей қағидалар жатыр:



  1. өндірістің толық жете мамандануы және кең кооперация;

  2. технологиялардың операциялардың интеграциясы мен өңдеу және жинаудың жиынтық технологиясын қолдану;

  3. басқарудың орталықтандырылмауы мен ақпаратпен қамтамасыз етілуі;

  4. өндіріс объектілерін рационалдау.

Сонымен қатар, АЗ құрудың жаңа қағидаларына ұйымдастыру мен басқарудың біртүтас функцияға бірігуі тән. Жалпы түрде автоматтандырылған зауыт бұл жабдықтаушы бұйымдар, буындар мен агрегаттарды өндірісі бар кооперациялық және ақпараттық байланыстар желісімен қосылған автономды басқарылатын икемді компьютерлі-интеграцияланған кәсіпорын.

Әрине, КИӨ пайдаланудан белгілі бір тиімділік болады:



Экономикалық эффект. АЗ құру туралы шешім қабылдау, ең алдымен, стратегиялық тиімділіктермен байланысты, бірақ бірқатар жағдайларда оларды сәйкесінше есептермен дәлелдеуге қиын. Әртүрлі кәсіпорындардың, әсіресе АЗ-ң инновациялық түрінің қызметінде инновациялық түрінің қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығу мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығып кетуі мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кәсіпорындардың инновациялық қызметі нарықтық экономика жағдайында ерекше мәнге ие болды. Өйткені бәсекелестердің әрекеттері тауарлардың сапасын арттыруға, олардың ассортиментін кеңейтуге, өзіндік құнын төмендетуге мәжбүр етеді.Бұл шаралар міндетті түрде шығындарды қажет етеді, ал олардың өз кезегімен орны басылуы тиіс. Осыған байланысты әрбір капитал салымы экономикалық негізделген болуы тиіс, яғни инвестор салынған қаражаттар қайтарылады деп сенуі қажет. Бірақ АЗ жағдайында инновациялық қызметтің табысы тек пайда, рентабельдік қайтарымдылық сияқты экономикалық критерийлердің көмегімен бағалана алмайды. АЗ үшін тиімділікті бағалаудың мұндай бағыты шектелген болып табылады. Себебі таза экономикалық тиімділікпен қатар басқа да эффекттер де (саяси, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) болады.

Бүкіл өндірістік процеске қатысты инновацияларды табыс өсуінің немесе шығындар төмендетуінің көрсеткіштері бойынша бір сәтте өлшеу қиынға түседі. Өндірістік процестің рационалдауы жарамсыздық көлемін төмендетуде, өндірістік процестің уақытының қысқаруында, өнім сапасының артуында, өндірістің икемділігі мен тұрақтылығының өсуінде, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян әсерінің төмендеуінде айқындалады.

Жоғары технология объектісін – АЗ құру – елеулі ивестияларды қажет етеді. Ал, оларда, өз кезегімен, өндірісті құру кезеңінде және қайта құрылымында белгілі бір шешімдермен байланысты экономикалық тәуекел болады. Осы себептен Қазақстанда АЗ құруда тәуекелді қысқарту мақсатымен мемлекеттік қолдау қажет.

Әлеуметтік эффект. АЗ ендіруде негізгі өгерістер «адам-мәшіне» жүйесінде өтеді: адам ой генерациясы, варианттарды бағалау, шешімдерді бағалау, техникалық қызмет көрсету функцияларын атқаруды жалғастырады, ал варианттардың айқындалуы аналитикалық дайындалуы, оптимизация мен шешімдерді жүзеге асыруға командалар беру ЭЕМ-ге жіберіледі. Өндірілген өнімде тек сандық және сапалық өзгерістер болып қоймай, адам еңбегінің мазмұнының өзі өзгереді. Ал бұдан кейін жеке тұлғаның да, бүкіл қоғамның да өмірінде өзгерістер болады.

Ең алдымен бұл – маманның квалификациясының өзгеруі, оның жауапкершілігінің артуы, себебі жұмысшының еңбегі инженер еңбегіне теңеледі. Ғылыми жабдықтарда қызмет етуде инженер-наладчик мамандығы ендіріледі. Күрделі жабдықтардың (ИӨК және т.б.) наладчигі қызмет етуші жабдыққтарда бұйымдарды өңдеу үшін басқару бағдарламаларын өздері құрады, ол тек бір мәшінені ғана емес, мәшінелер жүйесін басқаруы тиіс.

АЗ түрлі өндірістерге өтудің маңызды әлеуметтік жетістік – қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартып, бос уақытын арттыру. Бұл келешекте жұмыс күшін қысқарту, квалификацияны тұрақты түрде жоғарылатып тұру, төлемді демалыстардың ұзақтығын арттыру үшін мүмкіндік береді.

КИӨ өндірістік қызметте физикалық және ой еңбектерінің үйлесуін қамтамасыз етеді. КИӨ құру, ақпараттық және жаңа өндірістік технологияларды, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын ендіру тек өндіріс өнімділігі мен тиімділігінің артуына ғана алып келмей, адамның еңбегінің шығармашылық бастау рөлінің өсуіне көмектеседі.

Бірақ, КИӨ кезеңінің басталуы адамдарға тек тиімділікті әкеп қана қоймай, бірқатар әлеуметтік проблемаларды туғызады:


  1. АЗ өмір циклінің барлық элементтері бойы автоматизация деңгейінің артуы қызмет етуші жұмысшылардың квалификациясына жаңа талаптар қояды. АЗ құруда кадрларды дайындауға шығындар зауттың жалпы құнынан 10 %-ын құрайды, жоғары білімі бар жұмысшылар үлесі 50 %-ға дейін жетеді.

  2. АЗ дамуы зауыт мамандарын даярлауға және қайта даярлау үшін өзіндік зерттеуші және оқытушы кадрларды құруды талап етеді. АЗ жағдайында мамандықтары үйлестіруге және квалификациясын қайта-қайта жоғарылатуға тура келеді.

  3. Квалификация еңбекті бағалаудың жалғыз критерийі болмайды, өйткені еңбек коллективті болады. Еңбекті бағалаудың жаңа критериийлері пайда болады, мысалы, мамандықтарды үйлестіруге, еңбектің коллективтілігінің қабіелеттілігіне байланысты. Онда әр қызметкер бпасқаның орнын алмастыра алады. Осы критерийлерді қанағаттадыратын еңбек қызметкерлердің квалификациясына қойылатын талаптарды анықтайды.

  4. АЗ профессионалды-квалификациялық құрылымды қайта құру процесі күрделі құбылыс. Оның өзіндік шектері мен тенденциялары бар: кейбір жағдайларда еңбектің интеллекуалдылығы жүзеге асырылады, басқаларында керісінше,физикалық функциялардың рөлі артады.

  5. Персоналды қайта оқытудың, оны өндірістік жағдайларға бейімдету проблемаларынан басқа, АЗ жұмысының маңызды аспектісі бар: компьютерлендірумен байланыстыжаңа өндірістік операциялардың пайда болуы. Олар жұмысшы әрекеттерінен қатаң тиянақтылықты қажет етеді. Физикалық еңбекпен байланысты зорлануы сезім органдарына, жүйке жүйесіне ықпал етумен алмасады. Нәтижесінде АЗ қызметкерлерінің еңбек жағдайлары нашарланып, өндірістік травматизмнің жаңа нысандарының алғышарттары пайда болады. Адамның өндірістік ортадағы өзгерістерге бейімделу проблемасын барынша кемітуге тырысып, мамандар эргогмика құралдарына сүйенеді, «адам-мәшіне» жүйесінде адамның өзінде туындайтын шектемелерді есептеудің тәсілдерін іздейді.

  6. КИӨ дамуы өзінен-өзі еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтандыруына алып келмейді. Бүгінгі автоматизация деңгейі үшін әлеуметтік мәселе – жұмыссыздықтың бірнеше мамандықтар бойынша еңбек күшіне қанағаттандырылмаған сұраныспен қатар тұруы. АЗ қызметкекрлеріне қойылатын талаптардың бірі ЭЕМ саласында білімдермен қатар, өндірістік процесте үнемі болып жататын өзгерістерге бейімделу қабілеттілігі.

АЗ құруда автоматтандырылған мәшіне жүйесінде адам еңбегінің қоғамдану мәселесі тәжірибелік сипатқа ие болуда. Әсіресе, адамның анатомиялық, физикалық, экологиялық және психологиялық мінездемесіне ерекше көңіл бөлінеді. Компьютерлендіру нәтижесінде жұмыс орындарында ақпараттың көлемі кеңейтіледі, ал бұл технологиялық және ұйымдастырушылық процестерді және т.б. басқаруда белсенді басқаруға мүмкіндік береді.

Тәжірибенің көрсетуі бойынша, технологиялық, экологиялық ұйымдастырушылық және адамның өзара әрекеттесуінің нәтижесінде ғана жаңа технологияларды ендіру табысты деп есептеледі. Еңбектің қоғамдану тек жағымсыз жағдайларды жою, стресс болуын төмендету ғана емес, сонымен қатар жұмыстың жетілдіруін, әр қайсысының еңбегін жеке ұйымдастыруды, яғни еңбек бақыт әкелетіндей етіп жағдай жасауды көздейді.

Еңбектің қоғамдануы – АЗ құру жолында шешілуге тиісті негізгі мәселелердің бірі. Қазіргі өндірісте адамға жағымсыз әсер ететін көздер – психологиялық және ой ауыртпалығы: шу, бірқалыптылық, операцияларды тез орындау, ақпараттың үлкен көлемдерін аналитикалық өңдеу, түнгі сменадағы жұмыс және т.б. Сонымен қатар жаңа факторлардың пайда болуы – адамның басқа жұмысшылардан әлеуметтік бөлінуі. Бұл кезде оператор техникамен бірге қалады да, ол өзінің бірге істейтін қызметкерлерімен араласа алмайды. Сонымен қатар, техникалық кемшіліктер де болуы мүмкін, мысалы видеотерминал құрылысы адамның визуальды тітіркенуін туғызады да, жұмыстың тиімділігін және тиянақтылығын жоғалтуға алып келеді.

Жоғарыда айтылғандай, еңбектің қоғамдануы санитарлық-гигиеналық жағдайлары да, қауіпсіздіктің дамыған техникасын ендіруді де қамтиды. Ол үшін мәліметтер банкісін ұйымдастыруға және еңбекпен денсаулыққа жасалатын жағдайлардың, еңбек тартымдылығы арасында тәуелділіктерді бекітуге, профессионалды аурулар, олардың техникалдық шешімдер мен ұйымдастырушылық шараларға әсері саласында негізделген зерттеулер жүргізуге назар аудару қажет.



Экологиялық эффект. АЗ маңызды проблемалардың бірі қоршаған орта мен өндірісте қызмет ететін адамдардың денсаулығын қорғау болып табылады. Соңғы жылдары экология мәселелері бойынша қатты көңіл аударуы өнеркәсібі дамыған елдерде заң шығаруда байқалады. ЕО елдерінде және АҚШ-та адам денсаулығына технологиялық жабыдқтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған көптген нормативтік актілер қабылдаған.

АЗ құруда ауа бассейнін қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. АЗ қыметіне байланысты атмосфераны ластаудың көздері технологиялық жабдықтардың жұмыс істеуінде шығатын зиянды заттар: түрпілі және металды шаң, еріткіштер булары, бояулар аэрозольдер, майлы-суытқыш сұйықтық (МСС) булары болып табылады. Осы себептен де АЗ жобасын құруда зауытты қоршайтын территорияны ағаштардың «қорғаушы» түрлерімен көріктендіруге көзделеді. Сонымен қатар зауытта қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға айқын қауіпті технологияларды қолданбайды. Ал егер мұндай процестер қажет болса, онда қосымша экологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді.

Өндірістік мекемелерде максималды экологиялық тиімділікті қамтмасыз ету үшін отандық АЗ жобаларда келесідефй қағидалар болды:


  1. материалдардың қалдықтарын минималдауды қамтамасыз ететін технологияларды қолдану, қалған қалдықтарды қайта өңдеу;

  2. технологиялық жабдықтарды істейтін жұмысшыларды ММС кесуден, булар мен аэрозольдерден кабинеттерді қорғау;

  3. технологиялық материалдардың (су және т.б.) шығындарын қысқарту;

  4. өнімді бояуда ауа мен қызметкерлерді қорғау шаралары.

Қорытындылай келе, Қазақстанның АЗ пен ИӨЖ құру бойынша тәжірибесі қызығушылық тудырады. Егер оған қазір назар аудармаса, осы саланың орны толытырылмай, мемлекеттің болашағы тек импортқа тәуелді болады.

Қазір Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр. Бұл таңдау оның онжылдықтарағ тағдырын шешеді. Мұндай таңдаудың қажеттігі ішкі және сыртқы факторлармен шартталған. Бүгінгі таңда экономика қайта қалпына келу фазасына келді. Бірақ жоғары макроэкономикалық берген даму импульстері салыстырмалы айтқанда таусылды. Экономикалық өсудің ішкі көздерін іздеу қажет. Олардың арасынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру, отандық өнім өндірісін және ішкі және сыртқы нарықтарда сатуды кеңейту. Ал бұл технологиялық өзгерістерсіз мүмкін емес. Ал бқұл қазір күрделеніп келе жатқан мәселелерді шешудің амалы. Егер Қазақстан бұл процеске қосылудан бас тартса, ол әлемдік ғылыми-техникалық прогрестен артта қалып, қуатты жоғары технологиялы шетелдік трансұлттық компаниялар үшін табиғи шикізат пен өткізу нарығының көзі ретінде бақылауынан тәуелді болуы ықтимал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет