Реферат Әртүрлі ортадағы электр тогы Орындаған: Күзенбай А. Ж. Группа: МиФ 20-1 Тексерген : Салтанат



бет1/5
Дата12.03.2024
өлшемі86.42 Kb.
#495130
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Айгерім ЭМ реферат


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Е.А. Бөкетов атындағы университеті
Математика және ақпараттық технология факультеті

Реферат
Әртүрлі ортадағы электр тогы


Орындаған: Күзенбай А.Ж.


Группа: МиФ 20-1
Тексерген :Салтанат

Қарағанды 2023


Жоспар
Кіріспе
Газдардағы электр тогы
Жартылай өткізгіштегі электр тогы.
Вакуумдағы электр тогы
Металдардағы электр тогы
Электролиттердегі электр тогы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ
Физика курсынан денелердің белгілі бір жағдайларда электр зарядына ие болатындығы мәлім.Электр зарядының бар болуы зарядталған денелердің басқадай зарядталған денелермен өз ара әсерлесетіндігінен көрінеді. Шартты түрде оң және теріс деп аталатын екі тұрлі электр заряды бар.Бірдей таңбалы зарядтар бір-бірінен тебіледі, әр түрлі таңбалылары тартылады. Электр заряды белгілі бір элементар бөлшектер деп аталатындардың бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Элементар бөлшектердің барлығының да заряды абсолют шама бойынша бірдей болады.Оны элементар заряд деп атауға болады.Біз оны е әріпімен белгілейтін боламыз. Элементар бөлшектердің қатарына,мысалы, электрон, протон және нейтрон жатады.Осы бөлшектерден заттың атомдары құрылатындықтан ,электр зарядтары барлық денелердің құрамына етене кіретін болып шығады.Әдетте түрліше таңбалы зарядтардытасушы бөлшектер денеде бірдей мөлшерде болады да бірдей тығыздықпен орналасады.Бұл жағдайда дененің кез келген элементар көлемдегі зарядтың алгебралық қосындысы нольге тең және әрбір мүндай көлем нейтралды болады.Егер әйтеуір бір себеппен денеде бір таңбалы бөлшектердің артық санын туғызсақ,онда дене зарядталған болады.Сондай-ақ оң және теріс бөлшектердің жалпы санын өзгертпей-ақ, дененің бір бөлігінде бірдей таңбалы заядтар, ал екінші бөлігінде басқадай таңбалы зарядтар артық болатындай етіп, оларды қайта орналастыруға болады. Мұны металл денеге басқа бір зарядталған денені жақындату арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір зарядын элементар зарядтың жиынтығын құрылатындықтан, ол е-ге бүтін еселі болып табылады
. q= Ne
Алайда, элементар зарядтың кішкентайлығы сонша макраскопиалық зарядтардың мүмкін болатын шамаларын үздіксіз өзгереді деп қарастыруға болады. Электр зарядының жоғалуы және қайтадан пайда болуы мүмкін. Алайда әрқашан қарама-қарсы таңбалы екі элементар заряд бір мезгілде жоғалып немесе пайда болып отырады. Сондықтан электрлік изоляцияланған система зарядтарының жалпы қосындысы өзгерү мүмкін емес. Бұл тұжырымдау электр зарядының сақталуы заңы деп аталады. Егер зарядталған бөлшектер,иысалы, электрондар,дененің ішінде азды көпті еркін қозғала алатын болса, онда мұндай заттар электр тогын еркін өткізуге қабілетті болады. Қозғалыстары электр тогын туғызатын заряд тасмалдаушылар тек электрондар ғана емес,иондар, яғни өздерінен бір немесе бірнеше электрондарды жоғалтқан не қосып алған атомдар немесе молекулалар болуы мүмкін. Электр тогын өткізу қабілетіне сәйкес барлық заттар диэлектридтер, өткізгіштер және жартылай өткізгіштер болып бөлінеді. Идеал изаляторлар табиғатта болмайды. Барлық заттар болмашы аз тиәжрибе болса да электр тогын өткізеді. Алайда диэлектриктер деп аталатын заттар токты өткізгіштер деп аталатын зарядтан 10 -10 есе нашар өткізеді. Жартылай өткізгіштер деп ток өткізгіштік қабілеті бойынша өткізгіштер мен диэлектриктердің арасындағы аралық облысты толтырып тұрған заттардың кең тобын айтады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет