ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
«ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІК «ЕУРАЗИЯ СУ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
УДК 504. 064
Мемлекеттік тіркеу №
Инв. №
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау вице-министрі
__________________Ысқақов М.Н.
«___»_________________2012 ж.
2011 ЖЫЛҒА ШЕКАРААРАЛЫҚ СУ АҒЫНЫН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ
№ 001 Бағдарлама «Қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының орнықты дамуына ауысуын қамтамасыз ету бойынша қызметтер»
(2012 жылдың 22 қазанынан ҚР ҚОҚМ-ң № 07-1-191 шарты)
«Еуразия су орталығы» ҒӨБ» АҚ
Бас директоры Б.К.Бекнияз
|
|
Астана 2012 жыл
|
|
ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ
Ғылыми жетекшілер:
География ғылымдарының кандидаты _________________ С.К.Ахметов
РЕФЕРАТ
Есеп беру 153 бет, қосымшалар 74 беттен.
КЕЛІСІМШАРТ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ, СУ РЕСУРСТАРЫ, ЕУРОПАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯСЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ТАРАПТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ, ШЕКАРААЛЫҚ ЫҚПАЛ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕҢДЕРІ, АРАЛ, «КАЗГИДРОМЕТ» РМК.
Ұлттық баяндамада 2000 жылдан бастап (Қазақстанның Конвенцияға қосылуы кезінен) шекарааралық су ағынын және халықаралық өзендерін қорғау және пайдалану бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясын жүзеге асыруда Қазақстанның қатысуы талданған. Еліміз үшін трансшекаралық өзендердің ағып түсуі мәселесі өте көкейтесті екені білінеді. Қазақстанның жетекшілігімен бұл сұраққа үңіле назар аударылған, Қазақстан шекарааралық өзендерді пайдалану сұрақтары бойынша көршілес елдермен екі және көп тарапты келісім жасасқан, осы облыста заңнаманы жетілдіруге, байқау жүйесін жаңғырту және мәліметтерді жіберуге көп назар аударады, Конвенцияның орындалуын аймақтық деңгейде және БҰҰ ЕЭК көлемінде өз қатысуын жетілдірген. Бұл баяндаманың қорытындысында әрекеттің одан әрі бағыты бойынша сипаттама беріледі.
Баяндаманы дайындау үшін БҰҰ ЕЭК сайтының Су Конвенциясы бөлімінде: http://www.unece.org/env/water/ мәліметтер қолданылған (шешімдер, министрлердің өтініштері, баяндамалар, есеп берулер), нормативтік-құқықтық актілер түрлері, соның ішінде Қазақстан Республикасның Экологиялық кодексі, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің және «Казгидромет» РМК-ң аталған мекемелердің ресми Интернет-ресурстарында жиі жарияланатын есептері және бюллетень түріндегі ақпараттары.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
GIWA – (Global International Waters Assessment) Халықаралық сулардың жағдайын ғаламдық бағалау
|
АҚ – Акционерлік қоғам
|
ШҮШК – Шығыс Үлкен Шу каналы
|
ШЕКОА – Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері
|
ЕОСБ – Еуропа одағының Су бастамасы
|
ХДСҰ – Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы
|
ЕСД – Еуропа су директивасы
|
ЕО – Еуропа одағы
|
БҰҰ ЕЭК – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы
|
ТҮКШ – тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
|
СЛИ – судың ластану индексі
|
АСХҚ ЖК – Аралды сақтау Халықаралық қорының Жетекші Комитеті
|
СРББ – Су ресурстарымен біріктірілген басқарылым
|
ҚЭҚА – Қолданбалы экологияның қазақстандық агенттігі
|
ҚХР – Қытай Халық Республикасы
|
ТК – Тараптар Конференциясы
|
ҮҮСК – Үкімет аралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы
|
ҚР ҚОҚМ – Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігі
|
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі
|
СБХО – Су бағалау бойынша Халықаралық орталық
|
ССҰД – Су саясаты бойынша ұлттық диалог
|
ҒЗИ – Ғылыми-зерттеу институты
|
БҰҰ – Біріккен Ұлттар ұйымы
|
ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
|
АТАБ – Арал теңізі алабының даму Бағдарламасы
|
БҰҰДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
|
ҚР – Қазақстан Республикасы
|
ОААЭО – Орталық Азия үшін аймақтық экологиялық орталық
|
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
|
БҰҰАБ – Орталық Азия үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы бағдарламасы
|
АҚШ – Америка құрама штаттары
|
ТСРБ – Трансшекаралық су ресурстарын басқару
|
ААҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түліктік және ауылшаруашылық ұйымы
|
ОА – Орталық Азия
|
МДМ – Мыңжылдықтың даму мақсаты
|
БҰҰ АТМЭӘК – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тұнық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы
|
ЮНЕСКО – Білім, ғылым және мәдениет бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы
|
МАЗМҰНЫ
|
Бет.
|
РЕФЕРАТ
|
3
|
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
|
4
|
КІРІСПЕ
|
7
|
1
|
Су конвенциясы Тараптары кеңесінің шешімдерін және олардың Қазақстандағы Конвенция дамуына әсер етуін талдау
|
9
|
2
|
БҰҰ ЕЭК Хатшылығы және донор-елдерінің қолдауымен Орталық Азия және Қазақстанда өткізілетін Су Конвенциясы бойынша шараларда Қазақстанның қатысуы
|
52
|
3
|
Қазақстанда Су Конвенциясын өткізу
|
67
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
77
|
ҚОСЫМША А
|
80
|
ҚОСЫМША Б
|
84
|
ҚОСЫМША В
|
100
|
ҚОСЫМША Г
|
107
|
ҚОСЫМША Д
|
126
|
ҚОСЫМША Е
|
127
|
ҚОСЫМША Ж
|
129
|
ҚОСЫМША И
|
130
|
ҚОСЫМША К
|
131
|
ҚОСЫМША Л
|
136
|
ҚОСЫМША М
|
144
|
ҚОСЫМША Н
|
151
|
КІРІСПЕ
Қазақстан шекарааралық су ағынын және халықаралық көлдерді (Су конвенциясы) қорғау және пайдалану бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы Конвенциясына (БҰҰ ЕЭК) 1992 жылдың наурызында Хельсинки (Финляндия) қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңымен қосылған.
Қазақстан үшін бұл Конвенцияның аталған Су конвенциясынан кейін маңыздылығы күмән келтірмейді. Айтарлықтай, Қазақстанға шалағайлық су ресурстарының жартыға жуығы шектес мемлекеттерден түседі. Еліміздің ірі өзендері (Ертіс, Іле, Сырдария, Орал және т.б.) шекарааралық болып табылады.
Қазақстанның үкіметі су ресурстарын, соның ішінде шекарааралық су ресурстарын пайдалану және қорғау сұрақтарына үлкен назар бөледі. Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Стратегия 2050» Қазақстан халқына өз Жолдауында XXI ғасырдың ғаламдық оң мәселеге судың өткір тапшылығын жатқызды. Ол бұл мәселенің геосаяси көрінісі бар екенінің ескертті, және де біз шекарааралық өзендерінің су ресурстарын пайдалану маңызды мәселесімен қақтығыстық. Қазақстанның Президенті аталған сұрақ қатты күрделіленген болса да саясаттандыру мүмкін емес деп атап өтті.
Осыған байланысты шекарааралық су ағындарын пайдалануда күрделі сұрақтарды шешуде халықаралық тәжірибе мен білімге сүйену өте маңызды. Бұл шекарааралық су ресурстарын пайдалануда ең өткір үкімет аралық мәселелерді шешу үшін жалпы құқық тұғырнамасын құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан қолда бар халықаралық құқық құжаттарының құқық әлеуетін қолданды, көбінде көршілес елдермен үкімет аралық келісімдерді дайындау кезінде трансшекаралық су ағындарын және халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану туралы Конвенцияны. Мысалы, көбінде Су конвенциясының принциптері мен тәсілдемелеріне сүйене трансшекаралық су ресурстарын пайдалану және өорғау бойынша Қазақстан мен Ресейдәі арасында Келісім дайындалды, сонымен қатар Шу және Талас өзендерінде үкімет аралық пайдаланудың су шаруашылығы құрылысын пайдалану туралы Қазақстан және Қырғыз Республикасы арасындағы Келісім.
Көпжақты дәрежеде, Орталық азия елдері дәрежесінде Су конвенциясы бөгеттер қауіпсіздігі, өндірістік апаттар және трасншекаралық алаптарда климат өзгерісіне бейімделумен байланысты сұрақтарда ілгерілеуге жетуге ықпалын тигізді. 2012 жылдың 28 нен 30 қараша мерзімінде Римде (Италия) өткен Су конвенциясы Тараптарының Алтыншы Конференциясының шешімінің негізінде келер жылдың ақпан айынан трансшекаралық су ағындарын және халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясы БҰҰ ЕЭК аумағына кірмейтін елдердің қосылуы үшін ашылады, яғна Ковенция ғаламдық болады. Осымен траншекаралық суларды пайдаланудағы үкімет аралық күрделі мәселелерін шешуге оның рөлі мен маңыздылығы ұлғаяды.
Жоғарыда айтылғандардың есебімен және бұл баяндама Қазақстанда Су конвенциясын орындау бойынша бірінші Ұлттық баяндама екенін ескере отыра, мұнда Қазақстанда 2011 жылда трансшекаралық өзендерге өткізілген шаралар ғана бейнеленбеген (жұмыстың атауы қажет ететіндей), сонымен қатар Қазақстанның Конвенцияға қосылу кезеңінен қазіргі уақытқа дейінгі жүзеге асыруына қатысуы талданған. Бұл Су ковенцясын жүзеге асырудағы еліміздің жетістіктерінің тізімімен қатар болашақта проблемалық аумақтарға мемлекеттік органдар мен қоғамдықтың зейінін аударуға жасалынған.
-
Су конвенциясы Тараптары кеңесінің шешімдерін және олардың Қазақстандағы Конвенция дамуына әсер етуін талдау
20 жылдан астам мерзімде Су конвенциясын жүзеге асыру негізінде көп жиналыстар өткізілген, сол жиналыстарда оның орындалуына қалайда болса әсер еткен шешімдер ұлттық деңгейде және де БҰҰ ЕЭК деңгейінде, сонымен қатар ғаламдық деңгейде қабылданды. Қабылданған шешімдер сөзсіз Су конвенциясының Қазақстанда орындалуы барысында әсер етті.
Біздің еліміз Конвенцияға 2000 жылдың 23 қазанында ғана қосылғандықтан, аталған Ұлттық баяндамаға 2000 жылдан бастап өткізілген жиналыстар туралы мәліметтер еңгізілген. Қажет болған жағдайда алдағы өткен жиналыстарға сілтеме беріледі, бірақ олар туралы нақты мәліметтер баяндама мәтінің ауырлатпау үшін және оның көлемін арттырмау үшін келтірілмейді. Одан әрі бұл бөлімде 2000 жылдан орын алған барлық өткізілген жиналыстар талдауы көрсетілмейді. Тек Конвенцияның өткізілуіне нақты әсер ететін және соның барысында Конвенцияның орындалуы бойынша қосалқы органдардың құрылуына,тематикалық Жұмыс және Мақсатты топтары тәрізді шешімдер қабылданған жиналыстар ақпараттары көрсетіледі.
Жиналыстар туралы мәліметтер оқиғаның логикалық дәйектілігін сақтап қалу үшін хронологиялық тәртіпте келтірілген.
2000 жылда өткен жиындар, және олардың шешімдері.
Су конвенциясы жүзеге асуының бастапқы мерзімінде 2000 жылды қоса есептегенде, алайда қол қойылған мерзімнен 9 жыл өтсе де көп жиналыстар өткізілмеген. Конвенция бойынша қызмет, жүзеге асырудың бұрынғы қарқынымен салыстырғанда анағұрлым қарапайым болды. Солай болса да, қалай болғанда да, Конвенцияның институционалды нығаюына қатысты шешімдеріне назар аударған жөн.
Бұл шешімдер Нидерландыда 2011 жылдың 5-8 қыркүйегінде өткен мониторинг және бағалау бойынша Бірінші жиында қабылданған. Бұл жиында мониторинг және бағалау бойынша Жұмыс тобы құрылған, ішкі суларды және ағынды суларды тазалауды басқару бойынша Нидерланд институтында әсіресе маңызды суларды бағалау бойынша Халықаралық орталығын (СБХО) құру шешімі қабылданды. Жиын барысында сонымен қатар трансшекаралық өзендерді және трансшекаралық жер асты сулары мониторингі және бағалауы бойынша Нұсқау мақұлданды.
2011 жылда өткен жиындар, және олардың шешімдері.
2000 жылға қарағанда 2011 жылы әлдеқайда көп жиындар өткізілді. Сөзсіз, олардың барлығын сипаттаудың қажеттілігі жоқ. Алайда, келесілерге зер салған жөн:
2011 жылы 8-10 қарашада Бухарестте (Румыния) өткен ауыз сумен жабдықтау көздері тәрізді, жер асты суларын қорғау семинары.
Жалпы, бұл тек семинар болды, оның барысында тек жалпы ұсыныстар қабылданды. Алайда, семинардың өзіндік тақырыбына назар аударған маңызды. Ол жер асты суларына қатысты, яғни жүзеге асуы барысында Су конвенциясы жер асты суларын кейін пайда болатын пікірталастарды кішкене озып өзінің қызметі саласы ретінде қарастырды.
Өзен алаптарын басқарудағы тәсілдемесі және құралдары бойынша семинар: Еуропалық Су Директивасын жүзеге асырудан алынған тәжірибе (2011 жылдың 15-16 қазаны, Братислава, Словакия).
Семинар су экожүйесі жағдайын қорғау және жетілдіру, кейінгі нашарлауын ескерту бойынша негізгі әдістердің Нұсқауын дайындауда ЕО тәжірибесін қолдану жайында болды. Бұл Нұсқау 2000 жылы 23-25 наурызда Гаагада (Нидерланды) өткен Су конвенциясының Тараптарының Екінші Конференциясының шешімін орындау негізінде жетілдірілген.
Семинар тәсілдеме көзқарасымен Конвенция құжаттарын дайындауда қажет. Атап айтқанда, семинар бұл Нұсқауға алаптар тәсілдемесінде су ресурстарын біріктірілген басқару, жағдай негізінде экожүйе жағдайын талдау, сонымен қатар су қоймасы/су ағыны биологиялық параметрлері, сонымен қатар су ресурстарын пайдалануда нәтижелілікті жоғарылат үшін экономикалық құралдарды қолдануға қатысты Еуропа су директивасының (ЕСД) тәсілдеме түрлерін еңгізуді ұсынды. Мұнан былай Конвенцияның басқа да әдістемелік құжаттамаларын дайындағанда, жасаушылар ЕО тәжірибесіне жиі ұстанатын болады. ЕО аумағы көптеген айқындамада БҰҰ ЕЭК басқа бөлігін оздырғанын ескере отыра, жалпы бұл тәжірибе осы күнге дейін өзін ақтайды.
Траншекаралық өзен алаптарында судың өндірістік қауіпсіздігі және қорғауы бойынша халықаралық семинар және тәжірибе (2011 жылдың 3-5 қазаны, Венгрия)
Семинар өндірістік апаттардың трансшекаралық әсері бойынша Конвенция Подписанттарының Жетінші сессиясын орындауда өткізілді (1998 жылдың 13-15 мамыры). Жиында өндірістік апаттар бойынша Конвенция және Су конвенциясы үшін жоғарғы дәрежедегі эксперт тобын құру ұсынылды.
Бұл маңызды шешім осы күнге дейін екі конвенцияның да сәйкес шараларын біріктіреді және синегризмді қамтамасыз етеді.
Су ресурстарын басқаруда қоғамдықтың қатысы бойынша семинар (2001 жылдың 18 қыркүйегі, Гаага, Нидерланды).
Бұл семинар туралы ақпарат Баяндамада тек қана қоғамдықтың оның дамуында Су конвенциясында қатысуына қандай назар аударатынын көрсету үшін жазылған. Қазіргі таңда бірде - бір маңызды жиын, конвенция Бюросы мәжілісі және Мақсатты топтар мәжілісін қоспағанда қоғамдық өкілдерінің қатысуысыз өткізілмейді.
Мониторинг және бағалау бойынша Жұмыс тобының екінші жиыны (2001 жылдың 5-7 қыркүйегі, Финляндия)
Жиында трансшекаралық өзендері бойынша пилотты жоба бойынша Бағалау баяндамасы мақұлданған.
Жиын біз үшін Орталық Азия аймақтары туралы бірінші рет ескертілулер кездескендігімен маңызды. Көбінде бұл Құра, Солтүстік Донец және Тобыл өзендеріның алаптары бойынша пилоттық жобаларды өткізу қажеттілігімен жасалады. Тобыл өзені бойынша жоба Қазақстан және Ресей қатысуымен ТАСИС жобасы жырағында орындалатын болады. Бұл жоба нәтижесі туралы нақты ақпарат келесі бөлімде көрсетіледі. Жиын суларды бағалау бойынша Халықаралық орталыққа (СБХО) трансшекара сулары мониторингімен байланысты сынама алу бойынша техникалық жазбахатты дайындауды тапсырды.
Бұл жиын сонымен онда ААҰ біріккен Бағдарламасы, ЮНЕСКО және Халықаралық гидрология ассоциациясы болып саналатын трансшекаралық су ресурстары Басшылығы (ТСРБ) бағдарламасы өкілдері қатысқандығымен есте қалды. Бұл Бағдарлама өкілі мониторинг және бағалау бойынша Жұмыс тобына және Халықаралық су бағалау орталығына әлемнің басқа нүктелерінде жер асты сулары мониторингі және бағалау бойынша басқарылымды дайындауға, оқыту курстарын ұйымдастыруға, басқа да аймақтық экономикалық комиссиялармен ақпаратпен алмасуға, заңнама, бар келісімдер мен шарттар бойынша ақпарат таратуға ықпал жасау туралы ұсыныс жасады. Бұл БҰҰ ЕЭК басқа да халықаралық ұйымдар мен елдер қызығушылық көрсететінің білдіретін маңызды сәт. Негізінде, бұл Су конвенциясына арнайы ғаламдық міндеттерді өзіне алуға ұсынылған бірінші ұсыныс.
Су және денсаулық мәселелері бойынша бірінші жиын (2001 жылдың 14-15 мамыры, Будапешт, Венгрия)
Жиында Қазақстанға қатысты екі шешім қабылданды. Біріншісі, жиын қоршаған ортаны бағалау және дамыған елдерде өзен алаптарында ғана тез бағалау әдісі (GIWA) бойынша денсаулық қауіпін бағалауды өткізу, сонымен қатар көп кәсіпорындары бар басқа да өзен алаптарында да өткізу қажеттілігін атап өтті. Мұндай бағалауды, мысалы Дон және Тобыл алаптарында өткізу ұсынылды. Бірақ бұл әдіснаманы бағалау өткізбей тұрып аталған өзен алаптарына бейімдеу қажет.
Екіншіден, жиын Халықаралық денсаулық сақтау ұйымын (ХДҰ) және оның еуропалық өкілдерін Каспий аймағы тәрізді, мұндай бағалау бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілген басқа аймақтарда қолдану мүмкіндігін үйренуді сұрады.
2002 жылы өткен жиындар, және олардың шешімдері.
Су және денсаулық мәселелері бойынша Жұмыс тобының Екінші жиыны. (2002 жылдың 28-29 қазаны, Будапешт, Венгрия)
Мәнісінде, трансшекаралық су ағындарын және халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясына су және денсаулық мәселелері бойынша Хаттамаға қол қойылған елдердің екінші жиыны. Ол Тараптар Конференциясы деп аталмайды, өйткені Хаттама әлі күшіне енген жоқ.
Бұл Жұмыс тобының мәжілісі мазмұнды бөлігінен басқа, біз үшін бірінші рет онда веб-сайтта мәжіліс материалдарының орыс тілінде түсіру өажеттілігі туралы сұрағы көтерілгендігімен маңызды. Бұл Жұмыс тобының мәжілісіне дейін Су конвенциясының барлық мәжілістерінің материалдары және оның Хаттамалары веб-сайтқа тек ағылшын тілінде енгізілетін. Сонымен қатар мәжілісте мәжіліс қатысушыларының географиялық өкілдіктерін кеңейту үшін синхрондық аудармамен қамтамасыз ету сұрағы көтерілді.
Мәжіліс барысында су және денсаулық мәселелері бойынша Хаттама Тараптары Конференциясының Бірінші сессиясын 2004 жылы 22 нен 24 маусым мерзімінде Будапештте (Венгрия) қоршаған орта және денсаулық Министрлерінің Төртінші Конференциясына орайластырып өткізу шешімі қабылданды.
Мониторинг және бағалау бойынша Жұмыс тобының Үшінші мәжілісі (2002 жылдың 3-5 қазаны, Хельсинки, Финляндия)
Мәжілісте Су конвенциясын жүзеге асыруда маңызды сұрақтар қарастырылды, соның ішінде таңдалған трансшекаралық алаптарда пилотты жобалардың жүзеге асуы. Көбінде, БҰҰ ЕЭК туралы ескерту Құра, Солтүстік Донец және Тобыл өзендері бойынша ТАСИС жобасының Техникалық тапсырысында ресми көрсетілмесе де, мониторинг және бағалау бойынша Жұмыс тобы өз мүшелері арқылы олардың дамуында қатысады. Сонымен, ТАСИС жобасымен түйісу орнату механизмі орнатылады.
Сонымен, мәжілісте Хатшылық және ғаламдық су әріптестігі өкілі Қарқынды даму Саммитінде көрсетілген Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия (ШЕКОА) елдері үшін ЕО Су бастамасын үндендірді. Осы бастама негізінде кейіннен ШЕКОА елдерінде, соның ішінде Қазақстанда су ресурстарын және су жабдықтауын және су бұрғыштарын біріктірілген басқару жөнінде су саясаты бойынша Ұлттық диалогтар өткізілді.
2003 жылы өткен жиындар, және олардың шешімдері.
Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азияда трансшекаралық су әріптестігі бойынша семинар (2003 жылдың 31 наурызы-1 сәуірі, Мәскеу, Ресей)
Семинар тек бір сұраққа арналды – бұл халықаралық және ұлттық агенттіктер , соның ішінде Ресей Федерациясының табиғат ресурстары Министрлігінің қолдауымен БҰҰ ЕЭК әзірлеген «Жаңа тәуелсіз мемлекеттерде трансшекаралық су әріптестігі» аналитикалық құжатының жобасын талқылауға арналды. Құжат жобасы сонында КС-3 ұсынылды және мақұлданды.
Бұл ТМД мамандарымен Су конвенциясын жүзеге асыру барысындағы әзірленген сирек құжаттың бірі. Бұл ТМД елдері мамандары Су конвенциясы құжаттары жобасын дайындауға қатыспайтындығын білдірмейді. Соңғы жылдары олар барлық материалдарды дайындауға қатысады. Алайда, ТМД мамандарының, сонымен қатар Ресейдің деңгейі мұндай жұмыстарда жетекші рөл алуға өте әлсіз. Ерекшелік өте жиі және де тек заңнамалық құжаттардың жобасын дайындау сұрағы бойынша.
Мониторинг және бағалау бойынша Жұмыс тобының Төртінші жиыны (2003 жылдың 12-13 қыркүйегі, Нидерланды).
Мәжілісте трансшекаралық өзендер бойынша пилотты жобаның орындалуы нәтижелері талқыланды. Көбінде, Құра, Солтүстік Донец, Тобыл және Припять траншекаралық өзендерінің мониторингі және бағалауы бойынша Нұсқаудың жақсаруы бойынша ТАСИС жобасының ұсыныстары тартылды. Бұл өзендер бойынша ТАСИС жобасы қорытындылары батыс Еуропаның төрт пилотты жобалары сияқты болды.
Сонымен қатар жер асты трансшекаралық сулары, өзендері және эстуарлары мониторингі бағалауы нәтижесі талқыланды.
Хатшылық мәжіліс қатысушыларын өндірістік апаттар трансшекаралық әсері және су және денсаулық мәселелері бойынша Хаттамасы бойынша Конвенциямен әріптестігі дамуын хабардар етті.
Хатшылыө сонымен қатар мәжіліс қатысушаларына Тараптардың Үшінші Конференциясына ШЕКОА 12 елдері үшін «Қарқынды даму мақсатында сулар бойынша стратегиялық әріптестік» бойынша ЕО бастамасына үлес бола алатын құжат жобасын тартты.
Осымен, осы мерзімнен бастап Су конвенциясын жетілдіруде басты назар ШЕКОА елдеріне, яғни Қазақстанға да бөлінеді.
Су конвенциясы Тараптары Конференциясының Үшінші сессиясы (2003 жылдың 26-28 қарашасы, Мадрид, Испания).
Тараптар Конференциясы көп маңызды сұрақтарды қарастырды, бірақ солардың ішіндегі ең маңыздысы Швейцарияның ратификация, қабылдау, бекіту және қосылу туралы Конвенцияның 25 бабына түзетулер еңгізу ұсынысы болды. Өйткені бұл түзету өте маңызды. Ол баяндамаға қосымша тіркелген. [Қосымша А].
Конвенция Тараптары талқылау барысында Швейцарияның ұсынысын қолдады. Олар аталған түзетуді 2003 жылдың 28 қарашасында консенсус негізінде Конвенцияға қабылдады.
Бұл Тараптар Конференциясы сессиясында Конвенция Хатшылығы ШЕКОА елдерінде трансшекаралық суларды басқару кешенді жүйесін дайындау бойынша әрекеттер Бағдарламасын ұсынды. Әрекеттер Бағдарламасы «Сулар бойынша стратегиялық әріптестіктің қарқынды даму мақсаты» бастамасына үлес болды, ол ЕО елдерінің және ШЕКОА елдерінің қарқынды дамуы бойынша Халықаралық Саммитте ұысынылды.
Тараптар Конференциясы әсерлер Бағдарламасын мақұлдады және Мадрид декларациясының 10 бөлімінде көрсетілген «Сулар бойынша қарқынды даму мақсатының стратегиялық әріптестігі» одан әрі дамуына және жүзеге асуына белсенді қатысуға қаулы етті [Қосымша Б].
Тараптар Коференциясы сонымен қатар су ресурстарын кешенді басқару бойынша құрамдас ретінде ШЕКОА елдері үшін Экологиялық стратегияның одан әрі дамуына белсенді қатысуын қаулы етті, әсіресе су ресурстарын кешенді басқару бойынша жаңа Жұмыс бағдарламасы негізінде (Мадрид декларациясының 11 бөлімі).
Жоғарыда айтылғандай, Тараптар Конференциясында Мадрид декларациясы қабылданған болаты. Бұл Су конвенциясы бойынша қызметтің негізгі орта және көпмерзімді мақсаттары мазмұндалатын маңызды құжат.
ТК-3 өз қызметтері жөнінде сол кезде Нидерландыда болған суды бағалау бойынша халықаралық орталық есеп берді. Орталық есебінен сол мерзімде оның негізгі қызметі Еуропа аумағында шоғырланғаны жөнінде шешімге келуге болады. Орталық Азия аумағына келсек, онда СБХО 2002 жылы 7-9 қазанда Орталық Азияның мемлекеттік органдары өкілдіктері Еуропа елдерінің кейбір министрліктері және мекемелеріне су ресурстарын пайдалану және қорғау сұрағы бойынша танысу сапарын ұйымдастыруменшектелді.
Құқықтық сқрақтар бойынша Тараптар Конференциясының Су конвенциясы Жұмыс топтары сессиясы мерзімі арасында Қазақстан және Қырғызстанға Шу және Талас өзендері алаптары үшін үкімет аралық келісімді дайындауға көмек көрсетлігенін атап өту маңызды.
КС-3 жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі БҰҰ ЕЭК-ң халықаралы және ұлттық агенттіктердің, Ресей Федерациясының табиғат ресурстары Министрлігін қосқанда қолдауымен дайындалған «Жаңа тәуелсіз мемлекеттерде трансшекаралық су әріптестігі» аналиткалық құжатын қатысушыларға ұсыну болып табылады. Жалпы, Су конвенциясы Тараптар Конференциясының Үшінші сессиясында ШЕКОА елдері бағытында өызметтің маңызды қозғалысы байқалды. Бұл ШЕКОА елдерінде трансшекаралық суларды басқарудың кешенді жүйесін дайындау бойынша әрекеттер Бағдарламасын және 2004 жылдан 2006 жылдар мерзімінде Ковенция жұмысы Жоспарында өз бейнесін тапқан «Қарқынды даму мақсатында сулар бойынша стратегиялық әріптестік» бастамасын мақұлдауда көрсетілді.
Бұл мәжілісте бірінші рет Қазақстан өкілдері қатысты, бірақ олар кіріспе сөзбен де сөйлемеді. Алға ұмтыла, бұл үрдіс 2009 жылғы шейін әлі де көп жылдар қаралатынын айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |