Реферат қызылорда, 2012 ж



жүктеу 457.3 Kb.
бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі457.3 Kb.
  1   2   3
ӘОЖ 371.3:37016:53:373.5:371.25 Қолжазба құқығында

ИШАНОВА ҚАРЛЫҒАШ БИГАНИЕВНА


Бейінді оқытатын сыныптар мен мектептердегі физика пәні мұғалімінің әдістемелік бағыттарын зерттеу
6М011000 – Физика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

РЕФЕРАТ


Қызылорда, 2012 ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «физика және ФОӘ» кафедрасында орындаған.


Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. акадмеиялық профессор

Сапарходжаев П.И.

Ресми оппонент: п.ғ.д., А.А.Жолдасбеков

Диссертация 2012 ж « » сағат _____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 6 оқу ғимаратында (120014 Қызылорда қаласы, Жақаев 43)


Реферат 2012 жылдың _______________ таратылды.

Мемлекеттік аттестаттау Раимбаева Ж.С.

комиссиясының хатшысы

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014 Қызылорда қаласы, Байсейтова көшесі 100) танысуға болады.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Әлемдік тәжірибе XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Білім беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындау−қоғам талабы. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және  өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамассыз ету болып табылады. Бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамассыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.

Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі-бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға -шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болу талаптары бірінші кезекте тұрады. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рөлді мектеп атқарады. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы-үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,- деп атап көрсетіліп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды. Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр

оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз

бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. Жеке тұлғаны дамыту мәселелері-Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің[77] еңбектерін атауға болады. Бейіндік білім беру оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін ескере отырып, оқытуды саралау-даралау тұрғысынан қарауды ескереді. Саралап оқытудың теориялық негіздерін педагогикалық-психологиялық зерттеулерде А.Н.Леонтьевтің [36], Г.И.Щукинаның[76], Б.Г.Ананьевтің, А.А.Кирсановтың, Е.С.Разумовский [44], Э.Унттың [47],[48], С.А.Бударныйдың, А.М.Гельмонттың, Е.Л.Голанттың еңбектерін жатқызуға болады. Мектепте бағдарлы сараланған бағытта В.В.Гузеевтің, В.А.Монаховтың, М.Ж.Жадринаның[4], В.В.Фирсовтың, Т.Б.Захаровтың еңбектерінде көрініс тапты. Осылайша педагогика және психология әдебиеттерінде бейінді оқытуды саралау-даралау процесі, жеке тұлғаға бағытталуы қарастырылған.

Зерттеудің мақсаты: Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында бейіндік білім берудің құрылымы мен мазмұнын, енгізілуін негіздеу

Зерттеу нысаны: Бейіндік білім беруді ұйымдастырудың мазмұны мен формасын, мақсатын, міндеттерін ашу және әдістемелік бағыттарын зерттеу

Зерттеу пәні: Бейінді білім беретін мектептер мен сыныптарда физика пәні мұғалімінің әдістемелік бағыттарын зерттеу мәселесі

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бейінді оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, Қазақстанда бейінді білім беруді жүзеге асыру үшін әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда мектеп оқушыларының қабілетіне, бейіміне, дара ерекшеліктеріне және сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты толыққанды білім алуына жағдай жасалар еді, өйткені 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында бейіндік білім беруге, бейіндік және бейіналды оқытудың сабақтастығын, кәсіптік білім алуын қамтамассыз етуге және құзыреттіліктерін қалыптастыруға негіз болар еді.

Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды:

- 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында бейіндік білім берудің құрылымы мен мазмұнына талдау жасау

- Бейіндік білім беруді жүзеге асырудың күтілетін нәтижелерін анықтау

- Бейінді оқыту құрылымын іске асырудың үлгісін жасау.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007ж), Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа Жолдау, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамысының жобасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, мемлекеттік білім беру бағдарламалары мен тұжырымдамалары, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттары.

Зерттеудің әдістері: Жалпы ғылыми әдістер: талдау, жинақтау, қорытынды жасау. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-теориялық

әдебиеттерді, мектептің оқу-нормативті құжаттарын, тұжырымдамалар мен

оқу жоспарларын талдау; эксперимент жүргізу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

-Бейінді оқыту ұғымына ғылыми педагогикалық анықтама беріліп, оны

қалыптастырудың теориялық ерекшеліктері ескерілді;

-Бейінді оқытудың мазмұны, әдістемесі, құрылымы, формалары ұсынылды;

- Бейінді оқытуды енгізудің негізгі мақсаты мен міндеті анықталды;

-Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден бағдарлы сараланған білім беру компоненттері ұсынылды;

-Жалпы білім беретін орта мектептердің жоғарғы сатысына бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары енгізу эксперимент жүзінде дәлелденді.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы сараланған білім беру бойынша ұсынылып отырған тұжырымдама мен зерттеуден алынған нәтижелер

Зерттеу жұымысының практикалық мәні: оның нәтижелерін “Физика және астрономия” пәні бойынша Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу жоспарының вариативті компонентінің қолданбалы курстарын жүргізуге арналған бағдарламалар, Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдаралды дайындық пен бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды пайдалануымен анықталады.

Зерттеудің апробациясы: “Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері” философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытбек Сейсенұлы Сейсеновтың 70 жасқа толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға “Қашықтықтан оқыту технологиясы”, “Физиканы оқытуда тереңдетіп оқытатын мектептерде физика пәні мұғалімдерінің атқаратын негізгі міндеттері”, “Әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер мен сыныптар жүйесі” тақырыптарында мақалалар ұсынылды.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

1.Білім мазмұнын бағдарлы саралау жоғары сынып оқушыларының бейімділіктері мен қабілеттерін толығырақ ескеруге оқуларын әрі қарай жалғастыру үшін қажетті біліммен қаруландыруға бағытталған бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың құралы мен басты шарты болып табылады.

2.Мектептің жоғары сыныптарына бейіндік оқытуды енгізу қажеттілігі мемлекет пен қоғам тарапынан мектептегі білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптардан, республиканың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуынан туындаған заңды құбылыс болып табылады.

3.Жоғары сыныптарға арналған жаратылыстану пәндерінің мазмұны білім беру стандарттар талаптарын, пәнаралық байланысты, үздіксіздік пен сабақтастықты ескеру арқылы құрылады.

4.Оқу жоспарының вариативті компоненті оқу курстары мазмұнының

жетекші компоненті оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі болып табылады. Мұндай курстарды оқытуда оларға ақпараттық технологияларды кіріктіру арқылы білім беру ортасын құруға басымдық беріледі, оқушылардың оқу материалына қызығушылық танытуы, білім мазмұнының әлеуметтік мәнділігі, білім мазмұнының қолданбалы бағытталғандығы, кәсіпке бағдарлана құрылуы, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келу өлшемдері қолданбалы курс мазмұнын құрудың негіздері болып табылады.

5.Бейінді оқыту ақпараттық қоғам мен қазіргі заманғы технологиялар жағдайында өмірлік таңдап алған бағдарларын жүзеге асыра алатын,

шығармашылықпен дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Дисссертацияның негізгі мазмұны мен құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде: Бейінді оқытудың мазмұны, құрылымы, мақсаты құрастылырған, зерттеу идеясы, есебі, практикалық маңыздылығы ашып көрсетілген және жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Негізгі бөлімде: Бейінді оқытуды енгізудің негізгі мақсаты мен міндеті, бейінді оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формалары, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы оқыту бағдарлары, бейінді оқытудың өзекті мәселелрі мен маңыздылығы көрсетілген.

І-бөлімінде: Бейінді оқытудың өзекті мәселелері мен маңыздылығы, бейінді оқытуды енгізудің негізгі мақсаты мен міндеті, бейінді оқытудың ұйымдастыру үлгілері, 12 жылдық білім берудің мақсаты мен құрылымы берілген.

ІІ-бөлімінде: Гуманитарлық және жаратылыстану бағыттарындағы бағдарлы оқытудың тұжырымдамалары берілген. Сонымен қатар оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы бағдарлы пәндер тізімі, жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, базистік және типтік оқу жоспарлары, апталық-жылдық жүктемелері көрсетілген. Соған сәйкес қорытынды эксперимент жасалды.

Қорытындыда: зерттеудің қорытындылау эксперименті жүргізілді, қорғауға ұсынылған қағидалардың орындылығын дәлелдейтін және болжамды растайтын тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

І-тарауда: Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары», «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында тәрбиенің кешенді бағдарламасы» атты құжаттар дайындалып, оқу-тәрбие үдерісінен орын алды. Мәселен, дәстүрлі 3 сатылы мектептің екінші сатысы негізгі мектеп деп аталып,онда әр пәннен жүйелі білім беруді 9 жылмен шектеу міндеттелсе, соңғы сатысы – бағдарлы мектепке айналып, пәндерді оқушылардың таңдауына қарай тереңдетіп оқыту, ал қалған сабақты интегративті мазмұнда баяндап, саралап оқыту мүмкіндіктері ойластырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспарлары білім мазмұнының жалпы бағыттарын белгілеп, оқушыларды әлеуметтік сұранысын ескеріп, олардың ықыласы мен мүддесіне орай орта білімнің әртүрлі деңгейлерін енгізумен қатар, бағдарланған мектеп түрлерін де еркін таңдауларына, әрі алғашқы кәсіптік мамандықтарына жол ашады. Базистік оқу жоспары екі бөліктен тұрады:

1) инварианттық бөлік – қоғамдық мұраттарға сәйкес оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды, ұлттық және жалпы әлемдік мәдениетті меңгеруді қамтамассыз ету яғни тілді дамыту, математика, жаратылыстану, қоғамтану, көркем өнер, еңбек және дене шынықтыру сияқты пәндерді біріктірсе;

2) вариативтік бөлік – оқушылардың қызығушылығын, тұлғалық ерекшелігін ескере отырып жекелей дамуына жағдай жасау, болмаса, оқу уақытын ұлғайту мектептің түрі мен оқыту бағытына байланысты іске асады. Бұл бөліктер білім мазмұны жағынан бір-бірін толықтырып, мектептің оқу жоспарына сәйкес білім берудің үш түрін қамтиды: 1) жалпы орта білім берудің базалық ядросы болып табылатын міндетті компоненттер; 2) оқушылардың қалауы бойынша таңдау компоненттер; 3) элективтік арнайы курстар, факультативтік сабақтар болып бөлінді. Базистік оқу жоспары сонымен қатар жыл бойы жалпы және әр саты бойынша оқытудың ұзақтығы, мұғалімнің апталық сағаттық жүктемелерін, оқушыларды топқа бөлу, жекелей және сыныптан тыс жұмыстарды; факультативтік сабақтарды айқындады [50].

Жалпы білім беретін орта мектеп Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сай оқыту ұзақтығы 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған. 1 сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білм беру, бағдарламаларын кеңінен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиена мен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағытталған.ІІ саты – негізгі жалпы білім беру, оқыту ұзақтығы – 6 жыл, 5-10 сыныптар. Оқу пәндерін таңдау бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының вариативтік (өзгермелі) бөлігі кеңейтілді, бейіналды даярлық енгізілді. 2 саты аяқталғаннан кейін орта білім берудің 2 сатысында оқудың одан арғы бейімін таңдау үшін оқушылардың қабілеті мен дайындық деңгейі анықталады. 2 сатыдағы оқыту оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін және өткен материалдарды игеру деңгейін анықтау үшін олардың білімін орталықтандырылған тестілеу түріндегі аралық бақылаумен аяқталады.

ІІІ саты – жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, оқыту ұзақтығы – 2

жыл, 11-12 сыныптар. 11-12 сыныптарда оқушылардың техникалық және кәсіптік қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрлары мен мамандарын даярлауда кәсіптік білім беру. Ол үшін мыналарға: халықтың барлық жіктері үшін жоғары білікті техникалық және кәсіптік білім алуға қол жетімділікті қамтамассыз ету және олардың қызығушылығын арттыру; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының көп бейінді және көп функциялы желісін құру; кәсіби даярлықтың сапасын тәуелсіз бағалау, біліктілікті растау және беру жүйесін құру деп көрсетілген. Жалпы орта білім берудің 3 сатысының бағдарламалары білім берудің мазмұнын саралау, ықпалдандыру және кәсібиелендіру негізінде әзірленетін болады. Оқушыларды кәсіпке дейінгі тереңдетілген даярлауды жүзеге асыру үшін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу 3 сатының қағидасы жаңалығы болып табылады. 3 сатының оқушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабілетін дамытуға ерекше орын бөлінетін жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі беріледі. Жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру ұлттық бірыңғай тестілеумен аяқталады [51].

Бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.

Бейіндік білім берудің мақсаты: Оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу.Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады. Міндеттері:

- Жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

- Оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- Мектепте білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;

- Оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;

- Білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;

- Оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау. Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
9

19


Мақсаты. Оқушылардың қабілетіне, бейіміне, дара ерекшеліктеріне және сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты толыққанды білім алуына жағдай жасау

Міндеттері: 12 жылдық білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп оқытуды қамтамассыз ету; оқытуды саралау үшін жағдай жасау; бейіндік және бейіналды оқытудың сабақтастығын, кәсіптік білім алуын қамтамассыз ету.


12 жылдық мектеп құрылымы

Бастауыш мектеп

Орта мектеп

Жоғары мектеп

Бейіндік оқыту құрылымы

Бейіналды оқыту

Бір бейінді

Көп бейінді

Бейіндік оқыту

Бір бейінді

Бейіндік оқыту құрылымы

Мектепішілік бейіндеу

Желілік ұйым

12 жылдық мектептегі оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамассыз ету

Білім мазмұнын іріктеу

Оқу жоспарын құру

Вариативті инвариативті бөлік

Бейіндік пәндер

Қолданбалы курстар

Мемлекеттік білім беру стандарттары

Қосымша білім бағдарламаларымен қамтамассыз ету





Нәтижесі: Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды; Білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы; Білімді ізгілендіру; Әдіснамалық құрамның іргелілігі қамтамассыз етіледі; Оқу жүктемесінің көлемі оңтайландырылады; Оқушы алғашқы кәсіптік білімді меңгереді; жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді; Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту басымдықтары; Оқушы құзыреттілігін қалыптастырады.

Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асыру, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарлы оқыту – бұл оқушыны жоғарғы оқу орнына дайындауды орындау. Мемлекет әзірге 2 (жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық) бағытты анықтады. Бұған 12 жылдық оқытуға өткенде технологиялық бағыт қосылады. Бағдарлы оқыту типтері:

- Жеке бағдарлы мектеп – нақты бағдарды жүзеге асырады

- Көп бағдарлы мектеп – бірнеше бағдарлы оқытуды жүзеге асырады

- Жалпы білім беретін мектептер мен лецейлерде бағдарлы білім беру

- Лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде ұйымдастырылуы мүмкін.

Бағдарлы оқытудың негiзгi мiндетi бағдарлардың икемдi жүйесiн жасауға және мектептiң жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелермен үйлестiруге келiп саяды. Сонымен бiрге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай мiндеттердi де шешудi қамтамасыз етуi қажет :

- Жалпы орта бiлiм бағдарламасының жеке пәндерiн тереңдете оқыту ;

- Бiлiм мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке бiлiмдiк траекториясын құруға жағдай жасау ;

- Жалпы орта және кәсiби бiлiм арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.

Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары, болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады. Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi[10].

Бейіндік мектеп оқу жоспарына сәйкес мыналарды оқу қажет:

- Міндетті базалық пәндер;

- Таңдауы бойынша 4-тен кем емес бейіндік пән;

- Таңдау бойынша 3-тен кем емес элективтік курс;

- “Зерттеу және шығармашылық әрекет негіздері” арнаулы курсының модулі. Сонымен қатар 11-12 сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жиыны рұқсат етілетін жүктеменің 36 сағатынан аспауы тиіс[23].

Бейінді оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:

- базалық жалпы білім беретін пәндер;

- бағдарлы пәндер;

- қолданбалы курстар;

- таңдау курстары.

Мұндағы базалық жалпы білім беретін пәндер – барлық бағдарларда оқушылардың бәріне тегіс міндетті. 2002 жылғы МЖМБС бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта оқыту үшін мұндай пәндер саны 9, олар: математика, физика, химия, биология, география, өнер, технология, дене тәрбиесі, АӘД. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін базалық жалпы білім беретін пәндер саны 12: ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері, технология, дене тәрбиесі, АӘД.

Қолданбалы курстар – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді[16].

Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты: оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау

Міндеттері:

- оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;

- курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін

материалды өмірмен байланыстыру;

- қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі,

колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;

- жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.

Арнайы курс бағдарламалары құрылымы:

1.Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні

2.Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау

3.Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:

-курстың мақсаты;

-оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар;

-пәнаралық кіріктіру;

-кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;

-уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.

4.Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.

5.Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.

6.Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).

7.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

8.Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі)[17].

Ал таңдау курстары – оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті (жеке сабақтар, консультациялар және т.б.) есебінен жүзеге асырылады. Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс. Мысалы, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқыту бағдарлары:

- лингвистика

- филология

- тарихи-филология

- тарихи-құқықтану

-тарихи-қоғамтану [15] және т.б., ал жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқыту бағдарлары:

- математика

- физика-математика

- математика-экономика

- физика-технология

- биология-химия

- география-биология

- биология-экология

- экология-салауаттану және т.б [10].

ІІ-тарауда: Бағдарлы оқытудың тұжырымдамасы білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа моделі жағдайындағы мұғалімдердің мақсаттарын, міндеттерін, қызметінің құрылымдық – мазмұндық моделін, бағытын анықтайтын стратегиялық құжат болып табылады. Тұжырымдаманың мақсаты – бағдарлы оқытудың стратегиясы мен даму бағыттарын анықтау.

Міндеттері:

-Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім берудің нақты жағдайын анықтау;

- бағдарлы оқытуды енгізудің әлемдегі белгілі тәжірибелерін зерделеу;

-Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму деңгейін тежегіш факторларды айқындау;

- бағдарлы оқытудың құрылымын негіздеу;

-жаратылыстану-математикалық,қоғамдық

гуманитарлық,технологиялық бағыттардың мазмұнын анықтау;

- Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижені анықтау.

Біздің жағдайымызда ҚР МЖМБС 2003-2002 негізгі идеяларына сәйкес мектеп деңгейінде оқытуды бағдарлаудың төмендегідей екі түрі болуы мүмкі

а


Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптар


Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптар

) ә)

Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптар

және

Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптар

немесе

6 сурет - Монопрофилизация-полипрофилизация.

Бұндағы а) жағдайда жоғары сынып оқушыларын оқытудың бір ғана бағдары (монопрофилизация) туралы айтуға болады. Бұл кезде барлық 10-11 параллель сыныптар таңдалып алынған бір ғана бағдарлау бағыты бойынша, не жаратылыстану-математикалық, не қоғамдық-гуманитарлық бағдардағы оқыту бағдарламаларымен оқиды.

Ал, ә) жағдайында оқытудың бірнеше бағдары (полипрофилизация) туралы айтылады. Бұл кезде мектептің жоғары сатысындағы 10-11 параллель сыныптардың кейбіреулері қоғамдық-гуманитарлық, ал басқалары жаратылыстану-математикалық бағдардағы оқыту бағдарламалары бойынша оқиды.

Қазақстан жағдайында жалпы білім берудің оңтайлы әрі тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады.

Жалпы орта білім берудің ұсынылып отырған 4+6+2 құрылымы аталған кезеңдерге толығымен сәйкес келеді.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады.

1 саты – жалпы бастапқы білім беру (1-4 сынып – бастауыш мектеп).

2 саты – жалпы негізгі білім беру (5-10 сынып – негізгі мектеп).

3 саты – жалпы орта білім беру (11-12 сынып – жоғарғы мектеп).

12 жылдық мектептің 2 сатысында бағдарлы дифференциалды оқыту белсенді ендіріледі. Ол негізгі мектептің соңғы екі жылын (9-10 сыныпты) қамтиды және оқушыларды білім алуды колледждерде жалғастыруға дайындауды мақсат етеді.

12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында оқу толығымен тереңдетілген

бағдарлы дифференциациялану арқылы, оның ішінде оқушылардың жеке оқу бағдарламалары негізінде құрылады. 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында да оқушылардың бейіні мен қабілетін дамыту әртүрлі таңдауы бойынша курстарды (пәндерді) оқу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі) қамтамасыз етіледі. Бағдарлы сыныптарда бағдарлы (таңдамалы) курстар енгізіледі.

12 жылдық жалпы орта білім беру үздіксіз білім беру принципін сақтауға қолайлы жағдай жасайды, орта және жоғарғы кәсіптік білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей:

- арнаулы курстар болуы ықтимал:

- шығармашылық ойлауды дамыту;

- өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;

- есептеу жүйесі;

- есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері);

Айқындау курстарында бағдарлы оқытудың мазмұны мен әрекет ерекшеліктері айқын көрініс бергені дұрыс. Мысалы, химия-биологиялық немесе физикалық бағдарда оқушы осы бағдардың теориялық, практикалық және эксперименттік құрамдас бөліктерін меңгеруі қажет. Бұл жерде курстар экспериментальдық практикумдар, ізденіс зертханалары түрінде жүргізілгені тиімді. Мысалы, химиялық эксперимент.

Жаратылыстану-математикалық бағдар үшін оқушылардың таңдауына төмендегідей қолданбалы курстарды ұсынуға болады:

- логика;

- дифференциалдық теңдеулер;

- қолданбалы физика;

- радиотехника және электроника негіздері;

- математика және бағдарламалау;

- молекулярлық биология;

- биотехнология т.б.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтамасыз ету талаптары:

-Оқу-тәрбие әдістерін қайта қарау, мектеп пәндерін түйсіктік-ұйымдастырушылық деңгейде құрамдастыру;

- Ұлттық мәдениет, мәдени мұра мәселелерін (дистуттарды, пікірталастарды) сұбхаттасу қарым-қатынасы деңгейінде ұйымдастыру;

-Қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану, сонымен бірге оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру;

- Қосымша білім беру пәндерін ендіру.

Күтілетін нәтижелер

- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін құру

- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік жабдықталуының сапасын арттыру;

- Өз бетінше проблемаларды шешуге қабілетті, құзыретті, мол білімді, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ мамандарын даярлау;

- Болашақ мамандарды оқыту мен олардың болашақ қызметінің тығыз байланысын ізгілендіру мен ізгіліктендіру негізінде қамтамасыз ету;

- Мектеп түлегінің нақты өмірге бейімделу проблемасын шешу.


  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет