Реферат жеңіл өнеркәсіпті техникалық реттеудің негізгі аспектілері Дайындаған: Баспақова Аружан Тексерген: Онлабекова А


Жеңіл өнеркәсібі және сәйкестігін растау



бет2/5
Дата07.12.2022
өлшемі29.74 Kb.
#466701
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жеңіл өнеркәсіпті техникалық реттеудің негізгі аспектілері МӨЖ Ару (1)

2.1 Жеңіл өнеркәсібі және сәйкестігін растау
Жеңіл өнеркәсіп өнімі адамды туғаннан бастап қоршайды. Ол пайдалану үшін қаншалықты қауіпсіз екендігі, кейде тіпті адамның өмірі де оған тәуелді болуы мүмкін. Сондықтан тауарлардың сапасына ең қатаң талаптар қолданылады.
Техникалық регламентті әзірлеудің қазіргі тәртібі, қауіпті және зиянды тауарлардың сатылымға түсуін болдырмауға мүмкіндік берді. Бұл КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы».
Бүгінгі күні кеден одағының сертификатын алған өндіруші, оның өнімдері тұтынушылар үшін мүлдем зиянсыз екеніне кепілдік береді. Барлық өндірушілер үшін жеңіл өнеркәсіптің техникалық регламенті бірінші қабат деп аталатын киімдерге, яғни адам терісіне тиетін өнімдерді міндетті түрде сертификаттауды талап етеді. Олар: іш киім, шомылу киімдері, корсеттер және оларға ұқсас тауарлар; жаймалар, көрпе тыстары, матаның кез келген түрінен жасалған жастыққаптар; шұлықтар; күннен сақтайтын қалпақтар мен кепкалар, орамалдар, мойынорағыштар; жеке бас пайдаланатын заттар.
Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қалған түрлеріне техникалық регламент тек сәйкестік декларациясын толтыруға рұқсат береді. Оған тек кейде ғана теріге тиетін немесе оған мүлдем қатысы жоқ өнімдер жатады. Оларға аяқ киім және сыртқы киім, сондай-ақ галантерея және былғары мен теріден жасалған заттар жатады. Сондықтан жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттін әзірлеу тәртібі, бірінші кезекте тұтынушылардың денсаулығын сақтау жоспарында оған қойылатын міндетті талаптарды көздеді. Осы Техникалық регламент тоқыма материалдарына; киім және тігін және трикотаж бұйымдарына; машиналық өндіріс тәсіліндегі кілем жабындары мен бұйымдарына; былғары галантерея, тоқыма-галантерея бұйымдарына; киіз, фетр және тоқыма емес материалдарға; аяқ киімге; үлбір және үлбір бұйымдарына; былғары және былғары бұйымдарына; жасанды былғарыға қолданылады.
Егер техникалық регламентті мұқият зерттесе, онда адам үшін қандай критериялар бойынша белгілі бір тауардың қауіпсіздігі анықталатынын білуге болады.
- Заттарды жарылуға, бекітпенің бекітігіне, соққыға, бүгудің беріктігіне және өзге де механикалық әсерлерге зерттеу.
- Техникалық регламентке сәйкес шығарылған тауар материалдарының химиялық құрамы зерттелуі, тауардың неден жасалғандығы, заттың улағыштығы және оның ауаға, суға немесе адам терісіне түсуінің мөлшері анықталуы тиіс
- Техникалық регламент өнімнің биологиялық сапасынада соңғы рөлге қоймаған. Бұл гигроскопиялық және ауа өткізгіштігі, статикалық электрдің пайда болуы, уыттылық және бояу төзімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет